400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«№19 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ қамқоршы кеңесі отырысы

Материал туралы қысқаша түсінік
мектептерде ұйымдастырылған қамқоршылық кеңес отырысы туралы ақпарат.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«№19 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

қамқоршы кеңесі отырысы

8.02.2019ж. күні қамқорш кеңесі отырысы өткізілді.

Күн тәртібінде:

  1. Аз қамтылған және көп балалы отбасыларға көмек көрсету

  2. «Жүректен жүрекке» акциясына қатысу

  3. Оқушылардың жолдағы қауіпсіздігі.

  4. Қорытынды аттестаттау

  5. Әртүрлі/ Разное.

Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Доскужанов Асемхан Серканович мектепте аз қамтылған және көп балалы отбасыларға көмек көрсету акциясы өте дұрыс ұйымдастырылғанын қолдады. Акцияның мақсаты - көп балалы, тұрмысы қолайсыз отбасылардың балаларына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсету.

Бүгінгі таңда өрт қауіпсіздігін сақтамаудың салдарынан қайғылы оқиғалар көбеюде. Сондықтан, ата-аналарға балаларын қараусыз қалдырмауларын қатаң ескерту керек. Себебі, от  үй мүлкін жояды, тұрғын үйлер жанып және бұзылады, адамдар зардап шегеді.
Өрттердің шығу себебі әртүрлі: электр сымының қысқаша тұйықталуы, жедің шамадан тыс жүктелуі, газды, жылыту пештерін дұрыс қолданбау. Өрттер табиғи және авария салдарынан болуы мүмкін, бірақ өрттердің көп бөлігі адамның байқаусыздығынан немесе дұрыс мән бермеу себебінен болады (өрт қауіпсіздік ережелері сақтамау, төсекте темекі шегіп жатып ұйқыға кету, лақтырылған темекі қалдықтары, балалардың отпен ойнауы және т.б.)

Балаларымыз күн сайын жаяу жүргінші жолағы жоқ жерден жалғыз өтуге мәжбүр. Бұл бала өміріне өте қауіпті. Ата-ана бала қауіпсіздігін сақтауды ең бірінші орынға қою керек.Күн сайын еліміздің қалаларында, ауылдарында автокөліктер саны өскен сайын жол апаттары да арта түсуде. Оның себептері: көптеген оқушылар жолда жүру ережесін сақтай білмеуінде. Олар көбіне ереже талабын бұзып, асығыстық жасап, жүгіріп өтуге ұмтылады. Осындай оқиғаларды болдырмас үшін мектепте мұғалім, үйде ата-ана балаға үнемі жолда жүру ережесін ескертіп отыруы міндетті. Жол көлікпен қатынасатын оқушыға ата-анасы жол қиылыстарынан өтуді, көлік толық тоқтағанда түсіп, мінуіне болатынын, өз аялдамасын дұрыс білуін, бөтен көлікке отырмауын ескеріп отырғаны жөн.

Жусупов Айбол Отегенович сөйледі: Білім алушыларды қорытынды аттестаттау - тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін олардың меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім. Орта білім беруде білім алушыларды қорытынды аттестаттау мемлекеттік бітіру емтихандары нысанында жүзеге асырылады. Жалпы орта білім берудің оқу бағдарламасын меңгерген барлық мектеп бітірушілер төрт міндетті және бір таңдау пәні бойынша емтихан тапсырады. Ана тілі және әдебиетінен (мектептің оқыту тілі) эссе нысанынжа жазбаша емтихан. Қазақстан тарихынан ауызша емтихан.Алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтихан.Таңдау бойынша пәндерден тестілеу. Физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы әдебиет, шетел тілі, информатика. Эссе жазуға – 3 астрономиялық сағат, алгебра және анализ бастамаларына – 5 астрономиялық сағат. Қазақстан Тарихы пәні бойынша ауызша емтихан.

Қамқоршылық кеңес мүшелері тарапынан сұрақтар қойылып, сұрақтарына жауаптар алынды.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
17.04.2019
691
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі