1-10сандары мен цифрлары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

1-10сандары мен цифрлары

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға 1-10саны мен цифры туралы түсініктеме беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ересек «Бота» тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Нұр-Сұлтан қаласы

23 «Алтын бесік»

Балабақшасы

Тәрбиеші: Бохай Р

Білім беру саласы «Таным» Пәні: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.
Өтпелі тақырып: «Электроника әлемі» Тақырыбы: 10 саны (жасалуы, жазылуы). Жай мысалдар мен есептер құрастыру.

Мақсаты:
Тәрбиелік: Еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық:
10 саны 1 және 0 цифрымен жаза алу, логикалық қабілеттерін дамыту;

Оқыту: 10 санымен және оның жазылумен таныстыру; тура және кері санау дағдыларын жетілдеру;
Педагогикалық технологиялар: АКТ, ойын технологиясы, денсаулық технологиясы, восемьерка технологиясы

Ресурстармен қамтамасыз ету: 0 - ден10 - ға дейінгі кеспе цифрлар. Мақта қыз бен мысық ертегісінің суреттері.
Билингвалдық компонент:
он,десять, тен.
1. Ұйымдастырушылық кезеңі:
Ұйымдастырылыған оқу қызметінің барысы:
Психологиялық дайындық. Бір - біріміздің қолымыздан ұстап алақан жылуы арқылы жылы лебімізді білдірейік.
- Балалар мына ағаштың басында неше торғай отыр екен?
- 9 торғай
- Осы 9 торғайға 1 торғай келіп қосылды неше торғай болды?
- 10 торғай болды.
- 10 саны екі таңбалы сан. 10 саны екі цифр арқылы жазылады. 1және 0 сандарымен. 9 саны бір таңбалы санның ең үлкені.

2.Негізгі бөлім  
-
Балалар қандай ертегілермен таныстық?
- Енді көзімізді жұмып ертегілер еліне саяхатқа шығып келейік.
Көзімізді ашайық, ертегілер еліне келдік. Мақта қыз бен мысық ертегісін еске түсірейік.
Кіріспе әңгіме: Мысық қатықты төгеді, мақта қыз мысықтың құйрығын кесіп алады.
- Апа құйрығымды берші?- деп жалынады.
Қыз: Сен менің тапсырмаларымды орындасаң мен сенің құйрығыңды қайтып беремін - дейді.
Мысық келіседі.
- Балалар, мысыққа көмектесеміз бе, тапсырмаларын орындаймыз ба?
- Көмектесеміз, орындаймыз.

1-тапсырма: 1 Сиырдың тапсырмасы: 0 - ден 10 - ға дейін тура, кері санау.
2. Ағаштың тапсырмасы: Ағаштың басында 10 жапырақ ілініп тұр еді, кенетен жел тұрып 5 жапырақ жерге түсіп қалды. Ағашта неше жапырақ қалды? «5»
3. Қ
ыздардың тапсырмасы: Оң қолыңда неше саусақ бар, сол қолыңда ше?
Сонда екі қолыңда неше саусақ болады?
«10»

Сергіту сәті:
Сыңғыр, сыңғыр сырғалар
Құлағымда сырғалар
Оң қолымда білезік
Сол қолымда білезік
Саусағымда сақина
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10
Отырайық тып - тыныш

3-тапсырма:
4. Дүкеншінің тапсырмасы: 3 санының көршісі кім екен? «2 4»
5.
Тауықтың тапсырмасы: Мына есептерді шығар 5+4, 2+3, 0+3
6. Тышқанның тапсырмасы: Мына сандардың арасындағы жоғалған санды тапшы « 0,... 2,...,... 5,..., 7, 8,..., 10»
Сөйтіп мысық мақта қыздың барлық тапсырмасын орындап шықты.
Мақта қыз риза болып мысықтың құйрығын қайтып берді.
Енді балалар саяхаттан өз тобымызға қайтайық.
Орындарына жайғасады.

4-тапсырма: восемьерка технологиясын пайдаланып
10 санын құрастыру.
10 санын дәптерге жазу, дәптердегі тапсырмаларды орындау.
 Ойын.« Мен қандай санмын?»

Шарты: Таңдап алынған санның қай сан екенін көмекші сөздер арқылы табу.


5-тапсырма: «Келісемін -келіспеймін» деп аталады. (10 санына байланысты)
1. Сен келісесін бе 10 саны 1 таңбалы сан?(Жоқ, мен келіспеймін,өйткені 10 саны 2 таңбалы сан.
2. Сен келісесін бе 10 саны 10 бірліктен тұрады? (Жауап)
3. Сен келісесін бе 10 саны 5 санынан аз?(Жоқ, мен келіспеймін,өйткені 10 саны 5 санынан көп).

4. Сен келісесін бе 9 санынан кейін 10 саны тұрады?(Ия,мен келісемін, өйткені 9 санынан кейін 10 саны тұрады.

3.Қорытынды

-Балалар біз бүгін қандай санмен таныстық ?
-10 саны қалай жазылады?
-Кім маған 1-10 дейін сандарды атап шығады?
орытындылау (Балаларды мадақтау)



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.02.2021
333
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі