Диктанттар
жинағы
(9-11 сыныптар
үшін)
Құрастырған: Кизембева.
А.Б
Тараз – 2017
АЛҒЫ СӨЗ
Тіл үйретуде (оқу, тыңдау, жазу, тілдесу) жазу әрекетін дұрыс
қолдану оқушының тілді нәтижелі меңгеруіне зор септігін тигізеді.
Жазу жұмысын орындау барысында оқушылар әрі тыңдау, әрі оқу, әрі
сөйлеу әрекеттерін атқарады. Сондықтан жазу жұмыстары тіл үйрету
әрекеттерінің барлық түрін қамтитын кешенді тәсіл болып
табылады.
Жазу жұмыстарының түрлері сан алуан. Олар: жазбаша орындалатын тапсырмалар мен жаттығулар, диктанттар, мазмұндама, шыгарма жұмыстары, реферат, т.б.
Бұл жинақта диктанттардың түр-түрлеріне арналған мәтіндер ұсынылып отыр. Оқу бағдарламасына сай диктанттардың түрі мен көлемін, уақыт мөлшерін қажеттілігіне қарай мұғалім өзі анықтайды. Үйрену диктанттарына арнайы сағат бөлінбейді. Олар күнделікті сабактың белгілі бір бөлігінде, 3—20 мин уақыт аралығында жүргізіледі.
Диктанттың қай түрі болсын, жазу барысында оқушы сөйлеу әре-кеттеріне жаттығады және сол арқылы мұғалім оның оқу бағдар-ламасын меңгеру сапасын анықтай алады.
Диктанттардың мынадай түрлері ұсынылады:
-
Түсіндірме диктант. Ол мұғалімнің айтуымен жазылып, соңынан түсіндіріледі. Диктанттың бұл түріне тақтаны да пайдалануға болады. Тақтаға шыққан оқушы жазып болғаннан кейін, мұғалім тапсырманың орындалуын бүкіл сыныпты қатыстыра отырып тексереді. -
Терме диктант. Окушыларға белгілі бір мәтін ұсынылып, соның ішінен я фонетикалық, я лексикалық немесе грамматикалық тапсырмаларға сай сөздерді теріп жазуға тапсырма беріледі. -
Өздік диктант. Диктанттың бұл түрінің де өткенді қайталап, тіл ұстартуда маңызы зор. Оқушылар өткен тақырыптарға байланысты сөздер мен сөз тіркестерін, сөйлемдер мен жатталған тақпақтарды, естеріне түсіріп, өздігінен ойланып отырып жазады. Мұғалім өздік диктантты қай күні болатынын, нені қайталап келу керектігін оқушыларға алдын-ала ескертіп қояды. Сонда оқушылар үйден шала жаттаған өлең, жұмбақты, нақыл сөздерді, жаңылтпаштар мен ережелерді пысықтап келетін болады.
4. Шығармашылық
диктантта оқушылар тақтаға жазылған жеке сөздер мен
сөйлемдерді қатыстырып, сөйлем немесе шағын мәтін құрайды. Тақырып
қойып, ойларын өз сөздерімен жазу талап етіледі.
5. Еркін
диктантта оқушылар өздері оқыған мәтіндерінің мазмұнын өз
сөздерімен айтып жеткізеді немесе мұғалім мәтінді алдымен өзі оқып
шығады да, мазмұнын оқушыларға айтқызады. Содан кейін оқушылар оны
өздігінен жазуға кіріседі. Мұнда мәтін сөздерін толық сақтап жазу
міндет емес.
6. Сөздік
диктантта жеке сөздердің мағынасын терең түсінуі мен оның
дұрыс жазылуын меңгеруі көзделеді. Онда оқушыларға орфографиялық
немесе фонетикалық жағынан ауырлық келтіріп жүрген сөздерге ерекше
назар аударылады.
7. Диктанттың ендігі бір түрі — бақылау диктанты. Бақылау диктантында мәтіндік құрылымы мен құрамы толық сақталып орындалады. Бақылау диктантын арнайы сабақ ретінде жүргізуге болады. Онда оқушы оқу бағдарламасының ағымы бойынша тиісті мақсатқа сай (орфографиялық, пунктуациялық, т.б.) бүкіл сабақ бойы диктант жазып, өзінің дайындық деңгейін көрсетеді. Оның көлемі — орташа оқу мәтінінің 40 пайызындай. Мысалы, 1-сыныпта — 30—40 сөз, 2-сыныпта — 50 сөз, 3-сыныпта — 60 сөз, 4-сыныпта — 70 сөз, 5-сыныпта — 80 сөз, 6-сыныпта — 90 сөз, 7-сыныпта —100 сөз, 8-сыныпта — 110сөз, 9-сыныпта —120сөз, 10-сыныпта — 130 сөз, 11-сыныпта — 140 сөз.
Еркін диктант
БІРЖАН ӘНДЕРІ
Біржан Дожағұлұлы тендесі жоқ әнші, әрі сазгер, әрі ақын болған.
Бала кезінен ән салып, аты шыға бастайды. Жиырма жасында ән
шығарған.
1865 жылы ұлы акын Абаймен кездеседі. Бұл кездесу оның саз-герлік, әншілік, ақындық өнерінің дамуына әсер етеді.
Біржан салдың нәзік лирикасы тындаушысын бірден баурап алатын болған. Оның лирикалық туындылары: "Ақ тентек", "Айтбай", "Біржан сал", "Көкек", "Ғашығым", "Алтын балдақ", т.б.
Біржан сал шығармашылығында жүйрік ат елеулі орын алады. Жел жетпейтін жүйрік Ақсеркеш, Телқоңыр, Сұржорға, Бурылтай — Біржан салдың лирикалық әндерінің кейіпкерлері.
Біржан салдың "Ләйлім шырақ", "Көлбай—Жанбай", "Ақ тентек" сияқты шығармалары достық, әзілге, назға толы.
Біржан сал — заманның озбырлығына асқақ әнімен қарсы тұрған суреткер. Оның "Жанбота", "Адасқақ" әндері сол заманның азулы өкілдеріне қарсы кектен туған. ("Ақ желкен" журналынан.)
(109 сөз.)
Грамматикалық
тапсырма:
«Сазгерлік» сөзіне фонетикал талдау жасаңдар
Түсіндірме
диктант
МОМЫШҰЛЫНЫҢ КІТАБЫ
Александр Бектің "Волоколамск тас жолы" кітабы бүкіл дүние жүзінің көп елдерінде басылып шықты. Ол — ағылшын, француз, неміс, итальян, испан, грек, фин, араб тілдеріне аударылды. Финляндияда, Кубада әскери академияда арнаулы сабак ретінде өтеді.
Подполковник Мұқан Омарбаев Ташкент каласындағы Рахимов станциясының маңында тұрады. Ол екеуміз төрт жыл майданда бірге болдық. Ол — менің сонау соғыстан бері арамыздан қыл өтпеген ескі досымның бірі. Осыдан 2-3 жыл бұрын Ташкентке соқтым. Мұқан елдің хал-жайын сұрап, мәз-мейрам болып қалды.
-
Бауыржанның халі қалай? — деді ол бір сөздің ретінде. — Көріп жүресің бе? -
Көремін. Аман-есен. -
Менде Бауыржанның "Москва үшін шайқас" дейтін кітабы бар, — деді подполковник. — Сендерді сағынған сайын сол кітапты бір оқып қоямын. Ал енді бұл — нагыз ерлік кітабы ғой, шіркін! Сонымен бірге мен оны адалдықтың, арлылықтың, адамгершіліктің, отаншылдықтың жарғысы деп білемін.
Грамматикалық
тапсырма:
«Адалдықтың, жарғысы, әскери» сөздерді сөз құрамына қарай
талдаңдар.
Бақылау диктант
ШОҚАН УӘЛИХАНОВ
Шоқан (толық аты — Мұхамед-Қанапия) Көкшетау облысының Құсмұрын бекінісінде дүниеге келген. Оның әкесі Шыңғыс — Абылай ханның шөбересі, Ресей патша әскерінің полковнигі, қазақ сұлтаны. Отбасында үлгілі тәрбие алады, сауат ашып, сурет салуды үйренеді.
Шоқан 1853 жылы Омбы қаласындағы кадет корпусын бітіреді. Оның араласқан адамдары Г.П. Потанин, Н.Ф. Аненский, П.П. Се-мёнов-Тяньшанский, Ф.М. Достоевский сияқты көрнекті тұлғалар болды. Уәлиханов Батыс Сібір генерал-губернаторлығында қызмет етеді. Ғылым академиясы мен Орыс География қоғамы жұмыстарына белсене араласады. Ол Орта Азия, Қазақстан, Шығыс Түркістанды аралай жүріп, осы жерлерді мекендеген халықтардың тарихы мен мәдениетіне байланысты құнды мәліметтерді жазып алды. Тарихшы публицист, географ, музыка танушы, археолог, этнограф, саяхатшы Шоқан Уәлиханов туған халқы үшін көп еңбек етті, оның салт-дәстурін, әдет-ғұрпын, дінін, тілін және тұрмыстық ерекшеліктерін зерттеді. Оның аса маңызды еңбектері: «Қырғыздар туралы жазбалар», «Қыргыздағы шамандық іздер», «Қырғыз шежіресі», «Жоңғария очерктері», т.б. Шоқан Уәлиханов Алтынемелдегі Көген-Тоған елді мекеніне жерленген. Оның туғанына 150 жыл толу мерейтойы қарсанында мемориалды кешен салынды. (141 сөз.)
Тапсырма: Жатыс септігінде тұрған сөздерді теріп
жазыңдар.
Бақылау диктанты
ТАЗАЛЫҚ
Ішкен тамақтарымызбен бірге асқазан, ішектерімізге микроб түсуі де
мүмкін. Олай болса, тамақ
дайындағанда, оны
ішкенде,
тазалық сақтаудың маңызы өте зор.
Тамак ішер алдында қол жууды ұмытпаңдар, оны әдетке айнал-дырыңдар.
Шыбын, тарақан, тышқан сияқты жәндіктер де өте
қауіпті. Шыбын ұшып жүріп кез келген жерге қонады. Шыбын қоқыс
салынған, тамақтың қалдығы жиналған жәшіктер, мал қораларының
маңайында жүреді. Шыбын қонған жерлерінен қанатына, бауырына лас
микробтарды жұққызады да, екінші бір жерге қонғанда, микробтарды
сонда тастап, жүрген жерлерін ластап, ауру туғызады. Шыбын—зиянды
жәндік. Сол сияқты — тарақан, тышқандар да шаң-тозаң, лас жиналған
жерлерде болады. Олар да аяқтарына жабысқан микробтарды
тасымалдаушылар деп есептеледі. Сондықтан үйде шыбын, тарақан,
тышқан, түрлі ұсақ жәндіктердің болмауы үшін күрес жүргізіңдер.
Үсті-бастарыңды таза ұстап, беті-қолдарыңды уақтылы жуып, үнемі қол
орамал ұстап журуді әдетке айналдырыңдар. Тамақ ішкен ыдыс-аяқтарды
дереу жуып қою керек. Азық-түлік және ыдыс-аяқтар жабық ұсталуы
тиіс. ("Денсаулық" журналынан.)(135
сөз.)
Грамматикалық
тапсырма:
Алтыншы сөйлемді сөйлем мүшесіне қарай талдаңдар.
Түсіндірме
диктант
ҮНЕМШІЛДІК
Үнемшілдік дегеніміз — сараң болу емес. Сараң адамдар табысын ешқашанда біреумен бөліспейді. Олар тіпті өздерінің үлестерін кейде жасырады. Өзгелерді ешқашан мақтамайды.
Сараңдық дегеніміз — жақсы қасиет емес. Сараң болу дегеніміз — болашаққа кең өріс ашудың орнына, қолында бар нәрсені жасырып, тәуекелге бел буа алмау.
Үнемшілдік ұғымы тәуекелдікке байланысты.
Теледидар алдынан аулақ кетіп, болашақта саған көп пайда әкелетін
іспен айналысу үшін өз еркіңді бағындыра білу — тәуекелдік.
Үнемшілдік дегеніміз — сенің өз уақытыңды дұрыс
ұйымдастырып, ойға алғанның барлығын болмаса да, көпшілігін
тындырып тастауға үлгеру үшін, күшіңді шапшаң, жұмсай білуді де
білдіреді. (85сөз)
Тапсырма: Көмектес септігінде тұрған сөздерді теріп
жазыңдар.
Бақылау диктанты
БАЛУАНДАР
... Бұрын мұндай күшке кездеспеген түйе балуанның ашудан бетіне түгі шықты. Нұрмағамбетті езіп тастауды ойлаған ол, денесінің әр тұсынан ұстап еді — темірге тигендей батпады. Бұлтыңдап ойнаған бұлшық еттері уысын кейін серпіп жіберді. Денесін қапсыра көтеруге келтірмейтінін көрген соң, түйе балуан құшағын айқастырып алып, олай да, бұлай да бұрады. Кейде ұршықтай үйіріп алып та кетті, бірақ қалай сілтесе де тік түсетін бір тамаша!
Ызаланған түйе балуанның самайынан тері, аузынан көбігі ақты. Енді жағадан алып үйіруге ойлаған кезде, Нұрмағамбет оның ішіне кіріп кетіп, түйедей денесін иыққа салып, арқалай жөнелді. Сол қалыппен бұлқынған балуанды босатпай, арқалап жүріп, үйіріп-үйіріп сылқ еткізіп шалқасынан тастап кеп жіберді. Құлаған балуанның салмағынан жер солқылдағандай болды. Нұрмағамбет ор қояндай ойнақтап, халыққа қарай жайнаңдай жөнелді. Түйе балуан жығылған орнынан тұра алмай калды. (С. Мұқанов. «Балуан Шолақ».) (11Зсөз.)
Грамматикалық
тапсырма:
«Күшті» сөзіне синоним сөздерді жазыңдар.
Бақылау диктанты
ЖІБЕК ЖОЛЫ
Жібек жолы біздің заманымызға дейінгі II ғасырдан бастап керуен жолы ретінде қолданыла бастады. Қытай мен Батыс елдерін байланыстыратын бұл жол — Жетісу.
Сауда жолының бойын (б.з.д.) VIII—VII ғасырларда көшпелі және жартылай көшпелі сақ тайпалары мекендеген. Біздің заманымызға дейінгі I ғасырдың соңында мұнда Рим әйнегі және ақшасы, Қытай жібегі, айнасы мен жалтыр ыдыстары, еуропалық, ирандық мүліктер келіп жеткен.
Осы кезеңде Шу, Талас және Сырдария өзендерінің бойларында Тараз сияқты түрлі қалалар мен кенттер (қалашықтар) пайда болды. Оларды салған жергілікті егіншілікпен айналысатын халықтар еді.
VII ғасырда Жібек жолы бұрынғыдан да жандана түсті. Жетісуда қалалар көбейді. Жібек жолының бойында Суяб, Испиджап сияқты ірі орталықтар, елді мекендер пайда болды.
Жібек жолы XIV ғасырға дейін өмір сүрді. Содан
кейін болған соғыстар қалалардың қирауына, елдердін азып-тозуына
әкеліп соқтырды. Теңіз жолдарының ашылуы да Жібек жолының
мән-маңызын әлсірете түсті. (127
сөз.)
Грамматикалық
тапсырма:
Мәтіннен жалқы есімдерді теріп жаз.
Еркін диктант
АҚСҮЙЕК
Ай сүттей жарық түндерде, жаздыгүні қыз балалар мен ер балалар
араласып, «ақсүйек» ойынын ойнайды. Мал келіп, қораланып болғаннан
кейін, күзет түрінде ауыл шетінде ойын басталады. Ойынға ертеде ірі
қараның жілігі пайдаланылған. Соған орай ойын да "Ақсуйек"
аталган.
Жиналғандар екі топқа бөлінеді. Бастаушы ақсүйекті әуелетіп лақтырады. Басқалар ай сәулесіне шағылыса жарқылдаған ақсүйек-тен көз алмай, қай шамаға түскеннін бақылайды. Ақсүйек жерге түскен соң, бастаушы: «Ал іздеңдер!» — деп бұйырады. Бәрі іздейді. Ақсүйекті тапқаны: «Мен таптым!»— деп айқайлайды да, ақсүйекті жоғары көтереді. Содан соң сөреге қарай жүгіре жөнеледі. Қарсыластары оны ұстап алулары тиіс. Ұсталып қалса, ақсүйекті соған береді. Ол әрі қарай жүгіреді. Сөйтіп, ақсуйекті қай топтың ойыншысы сөреге жеткізсе, сол топ жеңеді. Қарсы топтағылар жеңілген есебінде ән салып береді, күй тартады, т.б. өнер көрсетеді. Ойын кезінде басқа сүйекті пайдалануға болмайды. ( «Қазақтың ұлттық ойындары» кітапшасынан.)(124 сөз.)
Тапсырма: Қыстырма сөздерді белгілеңдер.
Түсіндірме
диктант
КҮЙШІ ТӘТТІМБЕТ
Тәттімбет Қазанғапгұлы — күйші, сазгер. Ол Қарағанды облысы, Егіндібұлақ ауданында туған.
Тәттімбеттің қырықтан астам күйі бар. Олар: «Қосбасар», «Сар-жайлау», «Сылқылдақ», т.б.
Тәттімбеттің «Саржайлау» күйі табиғаттың әсем суретін көз алдыңа елестетеді. Күй табиғаты лиризмге толы. Тәттімбет күйлерінде, негізінен, өмір, тағдыр, алыс арман, үміт пен өкініш баяндалады.
Оның шығармасының ең биік шыңы — «Көкейкесті» күйі. Бұл күйді өзі науқастанып жатқанда көңілін сұрай келген ел азаматтарына арнап тартқан. «Көкейкесті» — өте күрделі шығарма. Тәттімбет күйлерінің әркайсысының шығу тарихы бар.
1855 жылы наурыздың 24-інде Ресей патшасы II
Александрдың таққа отыру тойында Тәттімбет өнерпаз ретінде Арқа
казақтарының өкілдерімен бірге Петербургке барады. Осы сапарында
Петербургтің өнер сүйер қауымының назарын аударып, күміс медальға
ие болады. («Ақ желкен»
журналынан.) (101 сөз.)
Тапсырма: «Қауымының» сөзін буынға бөліп
жазыңдар
Өздік диктант
НАУРЫЗ
Наурыз – қазақтың шын мағынасындағы ұлт мейрамы. Наурызды қазақтан
басқа Күншығыс жұрттарының көбі, мәселен, Үндістан, Иран, Ауған,
Бұхар, Кавказ Түркістандықтар да мейрам етеді. Бірақ бәрін
салыстырғанда, Наурызды біздің қазақтың мейрам етуі – айрықша
сыйымды, артықша дәлелді. Неге десеңіз, наурыздың ескіше 9-ында,
жаңаша 22-сінде күн мен түн теңеледі, қыс өтіп, жаз жетіп, шаруа
кенеледі. Қыс бойы жатқан табиғаттың, жанды-жансыздың тірілуі
кімнің болса көңіліне шаттық беретін анық.
(М. Дулатов.) (61 сөз)
Тапсырма: Бітеу буынды сөздерді теріп
жазыңдар
Бақылау
диктанты
ОРМАН «САНИТАРЫ»
Тоқылдақ — орманның қанатты достарының бірі. Бұл құс ағашқа өрмелеп тіршілік етуге бейімделген. Тұмсығы қашау сиякты, табандары қысқа, тырнақтары ішіне қарай кіріп, ал сыртқы саусағы арт жағына қарай қайырылып тұрады. Қашау рөлін атқаратын тұмсығының жәрдемімен олар ағаштарды ойып, ұя жасайды және ағаш қабығының астындағы ұсақ жәндік, шыбын-шіркейлерді теріп жейді. Күз бен қыста оларға қылқан жапырақты ағаштардың жаңғағы, бүрі жем болады. Орманшылар тоқылдақты орман "санитары" деп атайды. Өйткені, олардың біреуі тәуліғіне 700-ге жуық зиянкестерді құртады. Сонымен қатар тоқылдақтар тек зиянкес жәндіктері бар ағаштардың діңін ғана ойып, сонда ұя салады. Мұның өзі орманшыға қандай ағаштың зақымданғанын және оларды сақтап қалуға дереу шара қолдану керектігін дер кезінде ескертеді.
Халық айтатын: «Ит — аңшы үшін, тоқылдақ — орман
үшін» деген сөздің мәні осыдан шықса керек. Алматы қорығында бұл
құстың саны жылдан-жылға артып келеді. Табиғат
байлықтарын қорғауға алудың нәтижесі деп осыны айтуға
болады.
(«Зерде»
журналынан.) (134 сөз.)
Грамматикалық
тапсырма:
Асты сызылған сөздерді сөз құрамына талдаңдар.
Бақылау диктанты
ТАРИХ АҚТАДЫ
Ахмет Байтұрсынов 1872 жылы бұрынғы Торғай облысы, Торғай уезінде туган.
Ахмет Байтұрсынов еңбек жолын бала оқытудан бастаған. Қар-қаралыда оқытушы болып жүріп, патша үкіметінің отарлау саяса-тына қарсы шығады. Сол үшін оны түрмеге жабады. 12 жыл айдауда жүреді. Бірақ ол алған бетінен қайтпайды. Барлық жастық, саналы өмірін халқын отарлықтан құтқаруға сарп етті. Бас көтеруге, бостандық үшін күресуге шақырады. Үгіт жүргізеді.
Ахмет Байтұрсынов қазақ әдебиеті мен мәдениетін зерттеуші, Қазақстан ғылымын алғашқы ұйымдастырушылардың бірі болды.
«Ұлтшыл, халық жауы» деген жала жабылып, сталиндік режімнің құрбаны болды.
Ахмет Байтұрсыновты тарих ақтады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының Тіл білімі институтына Ахмет Байтұрсынов есімі берілді.
(Р. Сыздықова.) (95 сөз.)
Грамматикалық
тапсырма: 3
сөйлемге морфологиялық талдау жасаңдар.
Терме диктант
ҒЫЛЫМ ТАППАЙ МАҚТАНБА
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге,
Бес нәрседен қашық бол
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдында,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ-
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой-
Бес асыл іс, көнсеңіз.....
(Абай.)
(50сөз)
Тапсырма: Өлеңнен жақсы және жаман мінезді көрсететін
сөздерді теріп жазыңдар

Каталог: wp-content -> uploads -> lessons
lessons -> Қысқа мерзімді
жоспарлау
lessons -> Оқушыларға векторлардың скаляр
көбейтіндісі туралы түсінік беру, оған байланысты есептерді
шығаруға үйрету
lessons -> Қазақстан Республикасының
Конституциясы туралы мағлұмат
lessons -> Сабақтың тақырыбы : германия
Сабақтың мақсаты
lessons -> 1 тақырып: Молекулалық биология
пәніне кіріспе «Молекулалық
биология»
lessons -> Сабақтың мақсаты: Білімділік :
Оқушылардың сабаққа болған қызығушылықтарын арттырып білімділігін
көтеру
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Логарифмдер және
оның қасиеттеріне есептер шығару. Сабақтың
мақсаты
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Металдар мен
бейметалдар. Химиялық элементер жай заттар Сабақтың мақсаты: Жаңа
білім
lessons -> Сабақтың тақырыбы: «Модель және
модельдеу»
lessons -> Сабақ жоспары (Өңделген оқулық
бойынша жасалған) Алматы 2010
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1-4 сынып диктанттар жинағы

шағым қалдыра аласыз