«Балбөбек-2014»балабақшасы.
Қойшыбаева Бақыт Хамитбековна
меңгеруші.
Сабақтың
мақсаты: Балалардың 1-ден 5-ке дейін
ауызша санап есептей білуге сандарды тура және кері санауға.
Геометриялық пішіндер, кеңістікті бағдарлау танымдық қабілеттерін
дамыту.
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру,
көрсету, дидактикалық ойын.
Көрненілім: геометриялық пішіндер
,суреттер.
Сабақ
барысы: 1) Ашық
алаң,
жылулық
шеңбері.
Тәрбиеші: Балалар енді орнымызға
отырайық.
2) -
Балалар қазір қай мезгіл?(көктем)
-
Көктемде ауа-райында қандай өзгерістер болады?(күн жылынады,
ағаштарға жапырақ шығады, құстар ұшып келеді т.б)
- Қазір
көктемнің нешінші айы?(үшінші ай)
- Апта күндерін
сұрау.
Осы кезде есік қағылып
Дымбілмес келеді.
Дымбілмес: - Сәлеметсіздер ме балалар,
мен сендермен ойнайын деп келсем сендер не істеп
отырсыңдар?
Балалар: Біз сабақ оқып
отырмыз.
Дымбілмес: Сабақ деген не өзі? Ол қандай
болады?
Тәрбиеші: Онда бізбен бірге отыр,
балалар 1-ден-5-ке деиін санап береміз бе?(Ия)
Дымбілмес: Сандар деген не? Өзі ол қандай
болады?
Тәрбиеші: Балалар сандардың қандай
болатынын Дымбілмеске көрсетейік? (балалар сандарды
көрсетеді)
Тәрбиеші: Балалар енді біз
Дымбілмеске (көп, аз ұғым ) мына көбелектердің қайсысы көп,
қөайсысы аз екенің айтып берейікші?
(Планиграфпен жұмыс)
Мен мына
суреттерде не тұрғанын, қалай тұрғанын білмей тұрмын сендер
көмектесіңдер? (суретпен жұмыс)
Дымбілмес: Рахмет, балалар, сендер
шаршадыңдар ма? Мен де шаршадым. Қане бір серіліп
алайықшы.
Сергіту:
Тербеледі
ағаштар,
Алдымыздан жел
есіп
Кіп-кішкентай
ағаштар,
Үп-үлкен боп
өседі.
Тәрбиеші: Мына суретке қараңдаршы, нені
көріп тұрмыз?
Балалар: Пішіндер.
Тәрбиеші: Дұрыс. Ал кім маған үшбұрышты
тауып көрсетеді? (жауабы)
Ал төртбұрышты көрсетші?
(жауабы)
Дымбілмес: Пішіндер әдемі болатын екен
ғой?
Тәрбиеші: Дымбілмес біздің балалар
есептеу біледі. (логикалық есептер шығарады).
-
Аулада екі үйрек
Қорада бір үйрек
Барлығы қанша үйрек?
(үш)
2) Қорада бір
үйрек
Бір үйрек жығылды
Бір үйрек жығылды
Қалғаны қанша үйрек?
(бір)
3) Қолымда бір
алма
Табақта екі алма
Барлығын қосқанда
Болады неше алма?
(үш)
Тәрбиеші: Балалар енді ойын
ойнайық.
Дидактикалық ойын «Ұқсас
суретті тап», «Не артық»
Дымбілмес: Сабақ деген не екенін енді
түсіндім. Балалар сендерге рахмет, сау болыңдар!
Қорытынды: - Балалар бізге қонаққа кім
келді? (Дымбілмес)
Біз оған
не айттық, көмектестік пе? (Ия)
Сабақтың тақырыбы: Көкте гүлі
Қызғалдақ
Сабақтың мақсаты:
Көктем
мезгілі жайында білімдерін бекіту. Сурет салу машақаттарын
жетілдіру. Таза және әдемі салуға тәрбиелеу.
Сабақ
түрі: Қорытынды
сабақ.
Көрнектіліктер: Гүлдің суреті. Дайын гүлдің
суреті.
Сабақ
барысы: Шаттық шеңбері. Балалар
бір-біріне тілектер айтады.
Арайлап таң атты
Алтын сәуле
таратты
Жарқырайды
күніміз
Жарқырайды
даламыз
Т: - Балалар, қазір жылдың қай
мезгілі?
Б: - Көктем
мезгілі.
Т: - Көктем мезгілінде қандай
өзгерістер болады?
Б: - Балалар өзгерістері туралы
айтады.
Т: - Көктем мезгілінде қандай
гүлдер өседі?
Б: - Қызғалдақтар, бәйбішектер
және т.б.
Осы кезде есік қағылып
қоян келеді. Өтініш айтады.
Қоян: Балалар, мен гүлдің суретін
сала алмаймын, анама сыйлайын деп едім маған көмектесесіңдер
ме?
Б: -
Көмектесеміз.
Т: - Балалар, олай болса біз
қоянға қызғалдақ гүлін салып берейік.
-
Қызғалдақтың түсі қандай болады?
(қызыл)
-
Ал сабағы мен жапырақтары қандай түсті?
(жасыл)
-
Жапырақ қызғалдақтың қай жерінде өседі?
(балалардың жауабы)
Т:
- Салып
көрсету.
Жеке
жұмыс: Бояу барысында жеке көмек
көрсету.
Рефлекция:
-
Біз бүгін не салдық? (қызғалдақ)
-
Кімге көмектестік?
(қоянға)
-
Қызғалдақтардың ішінен ең әдемісін таңдап
көрейікші.
-
Жарайсыңдар, бәрінің қызғалдақтарың маған ұнады.
Сендер өте әдемі салдыңдар. Қоян, саған ұнады ма?
Енді бізге кім гүлдер туралы тақпақ айтып бере
алады (балалар тақпақ айтады).
Т:
Олай
болса қызғалдақтарымызды қоянға берейік анасына апарып
сыйласын.
Қоян:
Рахмет,
балалар, сендер маған көп көмектестіңдер, сау
болыңдар.