1-5 сандары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

1-5 сандары

Материал туралы қысқаша түсінік
5- ке дейін реттік санауды бекіту; цифрды заттың санымен сәйкестендіруге үйрету; затарды салыстыру дағдыларын арттыру; 1 цифрының баспаша жазуымен таныстыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектепалды даярлық тобына арналған ұйымдастырылған

оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлім: Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру.

Тақырыбы: 1- 5 сандары

Мақсаты: 5- ке дейін реттік санауды бекіту; цифрды заттың санымен сәйкестендіруге үйрету; затарды салыстыру дағдыларын арттыру; 1 цифрының баспаша жазуымен таныстыру.


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің

іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңберге тұрып, бәрі хормен «Талапты баланы» айтады.

Мен талапты баламын,

Дайын дәптер қаламым.

Санап, жазып үйренем.

Жақсы білім аламын.

Балалар шаттық шеңберге тұрып, бір- біріне жылы лебіздерін айтады.

Ұйымдастыру-іздестіру

  • Балалар заттарды аталған тәртіппен орналастыра отырып, олардың арасындағы кеңістіктік қатынасты айқындайды: алдында, кейін, артында, арасында. Тапсырма: «Ойыншықтарды бірінші матрешка, екінші қоян, үшінші аю болатындай орналастырыңдар. Қуыршақты екінші және үшінші нөмірлер арасына қойыңдар...». «Қуыршақ нешінші тұр? Аю ше? Барлығы неше ойыншық? Қоянның алдында не тұр? Қоян реті бойынша нешінші?»

  • «Қағып ал» доппен ойын жүргізіледі. Балалар қатарға тұрады да, санап шығады. Жүргізуші кімге доп лақтырса, сол адам реттік нөмерін айтады. Реттік нөмерді жүргізуші атауға да болады. Мысалы,ол «алтыншы» деп айтқанда, алтыншы тұрған бала бір қадам алға аттап, «Мен алтыншы!» деп жауап береді.


1 тапсырма

Суретте толық боялмаған көрініс берілген. Заттың қайсысы нешеуі боялмағанын санаймыз. Сандар қандай цифрмен белгіленген? Бұл цифрларды үлестірмелі материалдан табыңдар. Парта үстіне қойыңдар. Соңына қарай ретімен орналыстырыңдар. Санап, санын салыстырамыз: 1 күн, 2 түйе, 3 тау, 4 гүл, 5 құс. Құс түйеден көп, тау гүлден кем. Суретті толық бояту.


2 тапсырма.

  • Суретте қай зат бірден? Екіден? Үштен? Түрлі түсті қарындаштармен бастырып шық. Бұл заттарды қандай топтарға бөлуге болады? Топтарды бір сөзбен ата.

  • Құрал- саймандар.

  • Ойыншықтар

  • Аспаптар

  • Жемістер.


Сергіту сәті.

Қорбаңдаған аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп- теріп алайық.

Қалтамызға салайық.


3 тапсырма.

Жемісі аз тарелканы қызыл түске, ал жемісі көп тарелкені көк түске бояу қажет. Жеміс саны тең тарелканы сары түске боя.


4 тапсырма.

Бірліктерді тауып, бастыр. Торкөздерге үзік сызықпен берілген 1 цифрларын жүргізіп шық.

Балапан есеп дәптерін толтырады.


Балалар заттарды аталған тәртіппен орналастыра отырып, олардың арасындағы кеңістіктік қатынасты айқындайды.



Балалар қатарға тұрады да, санап шығады.






Бұл цифрларды үлестірмелі материалдан табады.










Түрлі түсті қарындаштармен бастырып шығады.



Тәрбиешімен бірге қимыл- қозғалысты қайталайды.








Жемісі аз тарелканы қызыл түске, ал жемісі көп тарелкені көк түске бояйды.

Рефлексивті – түзетушілік

Сабақты қорытындылап, алған білімдерін бекіту. Сабаққа белсене қатысқан балаларды мадақтап, ынталандыру.

Сұрақтарға жауап береді. Алған білімдерін ортаға салады.


Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: 1-5 аралығында санайды.

Нені игерді: 1-5 аралығындағы сандар реттілігін игереді.

Нені біледі: 1 цифрын жаза алады. Түстерді ажыратады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.01.2019
798
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі