Материалдар / 1-5 сандары туралы өткенді пысықтау
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

1-5 сандары туралы өткенді пысықтау

Материал туралы қысқаша түсінік
үлгі бойынша және аталған сан бойынша санауды үйрету ; қағаз бетінде бағдарлау қабілетін арттыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қаңтар 2021
340
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Авторы:Турагалдинова Гульмира Алимбековна

Алматы облысы, Алакөл ауданы, Ақши ауылы,

«Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» КММ «Күншуақ» шағын орталығының тәрбиешісі



Білім саласы: «Таным»

Бөлімдері: ҚМҰҚ

Тақырыбы: « 1, 2, 3, 4, 5 сандары туралы өткенді пысықтау.

Мақсаты: 1-ден 5-ке дейінгі сандар туралы өткенді пысықтау; үшбұрыш, төртбұрыш сияқты геометриялық пішіндер туралы өткенді пысықтау;үлгі бойынша және аталған сан бойынша санауды үйрету ; қағаз бетінде бағдарлау қабілетін арттыру.Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.Қамқорлыққа,ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Қажетті құралдар: Киіз үй ,бес саусақ бейнеленген макет,балалардың әрқайсысында кесте, үлестірмелі материалдар, сандар.

Әдіс тәсілдер: түсіндіру, көрсету,Воскобовичтің әдістері және мозаика әдістерін пайдалану, мадақтау.




Әрекет

кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотива-

циялық-

қозғау-

шылық

Шаттық шеңбері:

Қайырлы таң көздерім ояныңдар

Қайырлы таң құлағым ояныңдар

Қайырлы таң қолдарым ояныңдар

Қайырлы таң барша қонақтар!

Қайырлы таң достарым!




Шаттық шеңбері:

Қайырлы таң көздерім ояныңдар

Қайырлы таң құлағым ояныңдар

Қайырлы таң қолдарым ояныңдар

Қайырлы таң барша қонақтар!

Қайырлы таң достарым !


Балалар өлең мазмұнына қарай жаттығу жасайды.




Ұйымдас-

тыру-

шылық-

ізденістік

Ойын:«Тез ойлан» деп аталады.

Мақсаты:балалардың тез ойлау қабілеттерін арттыру.Ойын шарты: балаларға сұрақ қойылады.

-Біз қай республикада тұрамыз?

-Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

- Жақында қандай мереке болады?

-Көктем мезгілінде неше ай бар?

- Балалар барлығымыз топқа бөліну үшін мына геометриялық пішіндер салынған сиқырлы сандықшадан қалаған пішінді таңдап алып,сол бойынша орындарымызға отырайық.



-Жарайсыңдар, балалар ,бүгінгі күнге сендерге сәттілік тілеймін,олай болса өткен оқу қызметімізді есімізге түсірейік.

-Біздің оң қолымызда неше саусақ бар? Сол қолымызда неше саусақ бар?

-Ия,дұрыс айтасыңдар.

-Сендер өткен оқу қызметінде қандай санмен таныстыңдар.Өте жақсы.

-Балалар мен бүгінгі оқу қызметін

ерекше етіп өткізгім келіп тұр.Біз Қазақстан мемлекетінде тұратындықтан,Тәуелсіз мемлекет болғандықтан,киіз үйден бастағым келіп тұр.

-Балалар бұл киіз үй ерекше, оның ішінде де сыртында да өте қызықты тапсырмалар бар сендер орындауға дайынсыңдар ма?

-Жарайсыңдар!


1-тапсырма.

-Алдымен балалар тақтаға назар аударайық, бұл жерде не көріп тұрсыңдар?

-Иә,онда барлығымыз осы өткен сандарымызды санап шығайық.Енді кері санайық.

-Өте жақсы ,балалар.

-Ал киіз үйдің сыртына назар аударайық, бұл жерде сандарды ретімен қоюға кім шығады?

-Енді осы сандарды тура және кері санайық.

Жарайсыңдар, балалар ,өте жақсы.


-Осы сандар туралы бізге кім «Cанамақ» айтып береді?






-Балалар, осы санамақ бойынша сендердің алдарыңа бес саусақ бейнеленген макет қойылған.Саусақтың үстіңгі бетіне рет ретімен отбасы мүшелерін қойып шығыңдар.

Біз беске дейінгі сандарды пысықтадық.

Балалар шаршаған боларсыңдар,бойымызды бір сергітіп алайық.


Сергіту сәті:

1-дегенде тұрайық

2,3,4- алақанды ұрайық

Оң жаққа бұрылып

Сол жаққа бұрылып

5 дегенде асықпай

Орнымызды табайық.


2-тапсырма

-Балалар мына киіз үйдің ішкі жағына назар аударайық, сендер не көріп тұрсыңдар?

-Дұрыс осы кесте барлықтарыңыздың алдарыңызда бар және осы кестеге орналастыратын геометриялық пішіндер де алдарыңызда бар.Кестемен жұмыс жасамас бұрын алдымен оң және сол жағымызды есімізге түсірейік.

Балалар барлығымыз оң қолымызды көтерейік.

Енді сол қолымызды көтерейік

-Сендер оң және солды жақсы меңгерген екенсіңдер..

-Ендеше балалар мен сендерге сұрақ қоямын сендер кестеге пішіндерді орналастырасыңдар?

- Бір бала тақтаға шығып орналастырсын.

1) 1-ші қатардағы кестеге оң жақтан 2-ші торкөзіне үшбұрыш орналастырамыз.Жарайсыңдар өте жақсы.

2)Енді 2 ші қатардағы кестенің сол жағынан 1ші торкөзіне сопақша орналастырамыз.

3) 3-ші қатардан оң жақтан 4-ші торкөзіне төртбұрышты орналастырамыз.

4)Ал енді 4-ші қатардағы кестеге сол жақтан 3-ші торкөзіне дөңгелек орналастырамыз.

Дұрыс балалар сендер оң және сол жақты өте жақсы білесіңдер.


3-тапсырма.

Балалар мына геометриялық пішіндердің қуысын бұрандалармен толтыру қажет.Барлығымыз бірлесіп орындайық.


Балалар ойынға қызығушылықпен сұраққа жауап береді.



-Қазақстан

- Тәуелсіз Мемлекет

-Көктем

- 22 наурыз Ұлыстың ұлы күні мерекесі.

-Үш ай бар: наурыз, сәуір, мамыр.


Балалар үшбұрыш, төртбұрыш, шеңбер сияқты пішіндердін бірін таңдап ,сол белгі бойынша топқа бөлініп орындарына отырады.






-Бес саусақ



-5 саны









-Иә









1 2 3 4 5

5,4,3,2,1


Бір бала тапсырманы орындауға тақтаға шығады.


1,2,3,4,5

5,4,3,2,1



Бас бармағым –атам, үйдің данасы

Балаң үйрек- әжем, ошақ анасы

Ортан терек- әкем, отау панасы

Шылдыр шүмек- шешем, шаңырақ ажары

Кішкене бөбек-мен, бәрінің базары.


Балалардың алдына бес саусақтың макеті мен отбасы мүшелерінің суреттері қойылады.

Балалар мұқият тыңдап, тапсырманы орындайды.









Балалар қимыл қозғалыс жасайды.















Балалар оң қолын көтереді


Балалар сол қолын көтереді






Бір бала тақтаға шығып, киіз үйдің ішіндегі кестені толтырады.

Басқа балалар орындарында отырып тапсырманы орындайды.













Балалар бірлесіп геометриялық пішіндердің қуысына бұрандаларды орналастырады.



















Рефлек-сиялық-

түзету-

шілік

Балалар өте жақсы.

Балдай тәтті балалармыз,

Айтқан тілді аламыз.

Ойынменен өседі,

Ойымыз бен санамыз.

Қол ұстасып бәріміз,

Жарасады сәніміз!- деп бүгінгі оқу іс әрекетін аяқтаймыз.


Тәрбиеші балаларды мадақтайды.

Балалар өз көңіл-күйлерін білдіреді.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!