400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

1 – кіші «Ақбота» тобына арналған тіл дамытудан квест – сабақ «Не қалай дыбыстайды?»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға үй жануарларының түрлері мен олардың қалай дыбыстайтынын туралы алған білімдерін бекіту. Балалар бойында жаңаршылық, қолғанаттық дағдыларды қалыптастыру. Балаларды адамгершілікке, жануарларға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Әулиекөл ауданының әкімдігінің Аманқарағай «Бөбек» балабақшасы МКҚК



1 – кіші «Ақбота» тобына арналған

тіл дамытудан квест – сабақ


Shape1



















Тәрбиеші: Дюмбаева А.В.










2015-2016 оқу жылы

Әулиекөл ауданының әкімдігінің

«Аманқарағай «Бөбек» балабақшасы МКҚК 5 ақпан 2016 жыл


1 кіші «Ақбота» тобына

арналған оқу жұмыстарын ұйымдастырудың

ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТАСЫ


БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ: Қатынас

БӨЛІМІ: Тіл дамыту

ТАҚЫРЫБЫ: «Не қалай дыбыстайды?»

МАҚСАТЫ: Балаларға үй жануарларының түрлері мен олардың қалай дыбыстайтынын туралы алған білімдерін бекіту. Балалар бойында жаңаршылық, қолғанаттық дағдыларды қалыптастыру. Балаларды адамгершілікке, жануарларға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

ҚОЛДАНЫЛАТЫН КӨРНЕКІ ҚҰРАЛДАР: презентация, үй жануарларының суреттерін

БИЛИНГВАЛЬДЫ КОМПОНЕНТ: үй жануарлары-домашние животные, ат-лошадь, сиыр-корова, ит-собака, мысық-кошка

СӨЗДІК ЖҰМЫС: үй жануарлары


ОҚУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ КЕЗЕҢДЕРІ


ТӘРБИЕШІНІҢ ІС-ӘРЕКЕТІ


БАЛАЛАРДЫҢ ІС-ӘРЕКЕТІ

Мотивациялық – қозғаушылық

Балаларды жартылай шеңберге отырғызып, шаттық шеңбер жасау


Сәлем дейміз құстарға

Сәлем дейміз аңдарға

Сәлем дейміз достарға

Сәлем дейміз апайларға



Балалар тәрбиешінің соңынан қайталап, қимыл-қозғалыспен көрсетеді.


Ұйымдастырушылық –ізденістік

Ғажайып сәт:

-Балалар бізге бүгін қонаққа әже мен ата келіпті. Олар өз жануарларын жоғалтып алыпты. Бүгін бізден көмек сұрап келіпті, (1 слайд) .

- Әже мен атаға көмектесеміз бе?

-Ол үшін үй жануарларын еске түсірейік

(презентация көрсету)

Жануарларды көрсете отырып, олардың атауларын айтқызу.(слайдтар)

- Осылардың бәрін «үй жануарлары» деп атайды.


Билингвальды компонент: үй жануарлары-домашние животные, ат-лошадь, сиыр-корова, ит-собака, мысық-кошка



Сөздік жұмыс: үй жануарлары



Саусақ жаттығуы: «Қуырмаш»



- Енді сендермен жануарларды іздеуге шығайық. Ол үшін серігіп алайық.


Сергіту сәті:

Бір, екі, үш деп

Алақанды соғамыз.

Жоғары-төмен қараймыз,

Орнымызды табамыз.


  1. «Ненің дауысы?» дидактикалық ойыны. Шарты: берілген түрлі-түсті үйлерден үй жануарларының даусын ести отырып, оларды тауып айту. Балаларға жануарлардың дыбыстауын қайталату.


Тыныс алу жаттығуы:

Жел гулейді у-у-у

Құйын келіп билейді зу-зу-зу

Қатты-қатты жел соқты гу-гу-гу

Жапырақтар қол соқты –ду-ду-ду


–Жарайсыңдар балалар! Енді жануарлар сендермен тығылмақ ойнағылары келіп тұр. Ол үшін қазір біз «Не жоқ?» ойыны ойнаймыз.

Шарты: берілген үй жануарларының бірін тығып, қайсысы жоқ екенін тапқызу.




Балалар қызығушылық танытып, мұқият тыңдайды.





Презентацияны қарай отырып, үй жануарларын атауға тырысады.






үй жануарлары-домашние животные, ат-лошадь, сиыр-корова, ит-собака, мысық-кошка сөздерін қайталайды.


үй жануарлары тіркесін қайталайды.


Саусақ жаттығуын жасайды









Сергіту сәтін орындайды.





Ойынға жаппай қатысады. Үй жануарларының дауыстарын тыңдай отырып, оларды атайды.






Тыныс алу жаттығуын орындайды.








Ойынға жаппай қатысады. Шарт бойынша тығылып қалған жануарды атайды.


Рефлексиялық - түзетушілік

- Балалар, біз әже мен атаға үй жануарларын тауып беруге көмектестік. Қане, оларды тағы бір рет қайталап шығайықшы, қандай үй жануарларын білеміз?

-Жарайсыңдар, әже мен ата сендерге өз алғыстарын білдіріп сыйлық ала келді. Енді әжемен және атамен қоштасайық.

Балаларды мадақтау.


Балалар сұрақтарға жауап береді. Атамен және әжемен қоштасады.


КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ:


Орындайды: сәйкестендіру тапсырмасын дұрыс;

Түсінеді: үй жануарларының түрлері мен олардың қалай дыбыстайтынын

Қолданады: үй жануарларын дыбыстарынан тануды.



Тәрбиеші: Дюмбаева А.В.











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
17 наурыз
870
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі