400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

1 – кіші тобына арналған Дене шынықтырудан квест – ойын, «Қуыршаққа арналған моншақ»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды интеграциялық сабақ арқылы берілген тапсырмаларды дұрыс орындауға үйрету. Дене шынықтырудың алғашқы элементтерін динамикалық жаттығулар арқылы жасап, бекіту. Балаларды қайырымдылыққа, адалдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Әулиекөл ауданының әкімдігінің Аманқарағай «Бөбек» балабақшасы МКҚК











1 – кіші «Ақбота» тобына арналған

Дене шынықтырудан квест – ойын
























Тәрбиеші: Дюмбаева А.В.



2015-2016 оқу жылы

«Әулиекөл ауданының әкімдігінің

Аманқарағай «Бөбек» балабақшасы МКҚК 18 қараша 2015 жыл


1 кіші «Ақбота» тобына

арналған оқу жұмыстарын ұйымдастырудың

ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТАСЫ


БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ: Денсаулық

БӨЛІМІ: Дене шынықтыру

ТАҚЫРЫБЫ: «Қуыршаққа арналған моншақ»

МАҚСАТЫ: Балаларды интеграциялық сабақ арқылы берілген тапсырмаларды дұрыс орындауға үйрету. Дене шынықтырудың алғашқы элементтерін динамикалық жаттығулар арқылы жасап, бекіту. Балаларды қайырымдылыққа, адалдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

ҚОЛДАНЫЛАТЫН КӨРНЕКІ ҚҰРАЛДАР: ойыншықтар, доп.

БИЛИНГВАЛЬДЫ КОМПОНЕНТ: моншақ-бусы, қуыршақ-кукла, қоян-заяц, аю-медведь, түлкі-лиса.


ОҚУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ КЕЗЕҢДЕРІ

ТӘРБИЕШІНІҢ ІС-ӘРЕКЕТІ

БАЛАЛАРДЫҢ ІС-ӘРЕКЕТІ



Мотивациялық-қозғаушылық

Балалар шаттық шеңберге тұрады:

Сәлем дейміз құстарға,

Сәлем дейміз аңдарға

Сәлем дейміз апайға

Сәлем дейміз қонақтарға


Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды, дұрыс орындауға тырысады.






Ұйымдастырушылық-ізденістік

Қызығушылық ояту.

- Балалар, қараңдаршы мына жерде үй тұр екен. Сол үйдің ішінде біреу жылап жатқан сияқты. Барып білейікші.

Үйшіктен жылап жатқан дауыс шығады. Балалар жақындап барады. Үйшікте қуыршақ отырады.

- Балалар, қуыршақтың әдемі моншағы болыпты. (үлестірмелі суреттен көрсету). Оны ормандағы аңдар келіп алып қойыпты. Біз қуыршаққа көмектесеміз бе?

-Ендеше орманға шығып, аңдарды іздейік. Орманға жету үшін шынығып алайық.


Аяқпенен топ-топ-топ

Ал қолыңмен хлоп-хлоп-хлоп

Бір оңға, бір солға.

Секірейік кел мында.


-Енді жерде жатқан белгілермен орманға жүрейік.

Жерде жатқан іздерге басып жүреді.

Алдарында бұтаны көреді, оның арасында қоян отырады.

- Балалар, қоян бізге егер тапсырмамды орындасаңдар мендегі моншақтарды беремін дейді.


Қоянның тапсырмасы:

«Кім жылдам»

Шарты: балалар шашылып жатқан доптарды тез жинап алу керек.


«Ұзын құлақ сұр қоян»- сергіту сәтін орындайды.

Балалар тапсырманы орындағасын қоян оларға моншақтардың бір бөлігін береді.

-Енді әрі қарай жүрейік.

Алдарынан аю шығады.


Аюдың тапсырмасы: Сылдырмақтармен би билеу.


Сергіту сәті

Ормандағы аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп-теріп алайық,

Қалтамызға салайық.


Аю моншақтардың бір бөлігін береді.

-Балалар әрі қарай жүрейік.

Келесі бұтаның астынан Түлкі шығады.

Түлкінің тапсырмасы: «Нысанға тигіз»

Доптарды шеңберге тигізу.


Сергіту сәті:

Қу түлкі топ-топ бас,

Міне былай топ-топ бас.

Қу түлкі қолың соқ

Міне былай қолың соқ.

Жүр түлкім билей ғой,

Міне былай билей ғой.


Түлкі қалған бөлікті береді.

-Балалар енді тауып алған моншақтарды Қуыршаққа апарып берейік. Берілген іздермен қайта артқа қайту.


Тәрбиешіні мұқият тыңдайды, тапсырманы бұлжытпай орындауға тырысады.


Тәрбиешіні мұқият тыңдайды.


-Иә






Тәрбиешімен бірге қимылдарды қайталайды.





Белгілер бойынша жүреді.






Тапсырманы орындауға тырысады.





Сергіту сәтін орындайды.






Тапсырманы орындауға тырысады.


Сергіту сәтін орындайды.






Тапсырманы орындауға тырысады.





Сергіту сәтін орындайды.






елгілер бойынша жүреді.


Рефлексиялық - түзетушілік

Қорытынды бөлім:

Моншақтарды алып, Қуыршаққа алып келу.

Балалар қуыршаққа моншақтарын қайтарады.


Күтілетін нәтиже:

Орындайды: тапсырмаларды орындауға тырысады.

Түсінеді: берілген белгіге көңіл аударып, қимыл-қозғалысты белгі бойынша

орындау керектігін.

Қолданады: жаттығулар орындау кезінде шапшаңдық, мұқияттылық тәрізді

сапаларды.

Тәрбиеші: Дюмбаева А.В.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 наурыз
800
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі