400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

1 -наурыз Алғыс айту күні

Материал туралы қысқаша түсінік
Алғыс айту күніне жасалған сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

КММ «Амангелді орта мектебі»












Тақырыбы:

1 - наурыз - алғыс айту күні



Сынып: 5-8 сыныптар






Мұғалімдер: Смаилова С.А.

Нурхина Б.М.

Қабдыкәрім Ж.

Исаева А.Б.











2018 жыл


Тәрбие сағатының тақырыбы: 1 - наурыз - алғыс айту күні

Жалпы мақсаты: 1) 1 - наурыз - алғыс айту күні еліміздің президенті

Н. Ә. Назарбаевтың жарлығымен жарияланғанын және алғыс кімге, не үшін айтылатынын айқындау мақсатын көздеді. Оқушылар ата - анаға мәпелеп асырағаны үшін, мұғалімге білім - тәрбие бергені үшін, Отан соғысы ардагерлеріне жеңіс үшін, жалпы кез - келген жақсылықпен көмекке алғыс айтылатыны туралы ой - өрісін кеңейтіп білімін тереңдету;

2) Мемлекет басшысының «Мәңгілік Ел» жалпыхалықтық идеясын зерделеу және қазақ халқының алатын орнын сол идеяны жүзеге асырудағы рөлі арқылы оқушылардың бойында Отанына деген патриотизмін тәрбиелеу, рухани - адамгершілігін қалыптастыру;

3) Білім алушылардың этносаралық және мәдениетаралық байланыс жағдайларында тағаттылығы мен қарым - қатынас жасау біліктілігін дамыту.

Күтілетін нәтиже: Өз Отанының патриоты, білімге құштар және рухани - адамгершілік қасиеттері бар еңбекқор жеке тұлғаны қалыптастыру.

Сабақты өткізу әдістері: Миға шабуыл, топтық жұмыс

Ұсынылған ресурстар: Үлестірмелі материал, плакаттар, сызбалар, маркерлер, кеспе қағаздар.


Кіріспе
«Орынын тап» ойыны 
Оқушыларға әріптер беріледі. Осы әріптердің артында жұмбақтар жазылған. Олардың жауаптары тақтада ілінеді. Әріптерді дұрыс жауаптардың орнына орналастыра отырып, сабақтың тақырыбы ашылады.

  
Шаңырақ – күн, 
Уықтары - нұр, шашқан. 
Екі пырақ, көк аспанға ұласқан. 
Жарқырайды темірқазық жұлдызы, 
Жол көрсетіп, алға бас - деп, Қазақстан! (Герб) 
Ыстық дейді оны оттан, 
Патриот оны ұнатқан. 
Оңбайды бұл өмірде, 
Адам оны жоғалтқан. (Отан) 
Баспана көшпендіге өте ыңғайлы, 
Әдемі мекен екен, жанға жайлы. 
Тентектік істеп қойсаң, әке - шешең, 
Сені тағы бұрышқа қоя алмайды. (Киіз үй) 
Егіз қайың, 
Бой - бастары тең өскен. 
Іске дайын, 
Бұтақтары бес - бестен. (Қол) 
Бір малға екі бала мінгеседі, 
Айлап - жылдап түспестен күн кешеді. (Түйе) 
Тұмсығымен ояды, 
Ағаш құртын жояды. (Тоқылдақ) 
Қиналмай тауларды, орманды, 
Теңізді, дария, жондарды, 
Ауылды, қаланы, халықты..., 
Ойлап тап, көтерген алыпты. (Жер) 
Тау, қыр, жазық, өзен, көл – 
Қабырғада биік тұр. 
Нансаң, кел, өзің көр – 
Бір қағазға сыйып тұр. (карта) 
Емес ол кітап та, дәптер де, 
Жүреді бірақ та портфельде. 
Көрсетіп ондағы бағаңды, 
Қуантып қоясың ағаңды. (күнделік) 
  
Негізгі бөлім. «Миға шабуыл»  Тақырыптың мақсатын түсіндіру. Әңгімелесу


1. Ризашылық дегеніміз не? 
2. Алғыс дегенді қалай түсінесіңдер? 
3. Өздерің қандай жағдайда алғыс айтып көрдіңдер?

Топқа бөлу.
Нұсқау: 3 түсті стикерлер бойынша топқа бөлу.
1-топ. Алғыс пен ризашылық дегенді қалай түсінесіңдер?
2-топ. Адам өзінің ризашылығын, алғысын қандай сөздермен білдіреді?
3-топ. Сендерге кім қандай жағдайда алғыс айтты?

ІІІ. Негізгі бөлім. 

Ризамын бүгінгі күнге,
Ризамын ата - анама,
Ризамын қасымда бірге жүрген сыныптастарыма,
Ризамын саған!
Ризамын, ризамын!,

Ризашылық - адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезімі.

Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай - ақ оның ойы мен іс - әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.

Ризашылық ұғымымен тағы қандай ұғымдар байланысты? Адамдар арасындағы ынтымақты қарым - қатынастың орнауы әр адамның өзіне және қоршаған ортасына тікелей байланысты. Сондықтан «Ризашылық» атты Қазақстан елінің барлық оқушылары мен отбасылары қатысатын акциясы өткізіледі. Осы акция төңірегінде көмекті қажет ететін балалар мен ересек адамдарға ақшалай, тұрмысқа қажет құралдар мен киім - кешек түрінде көмек көрсетіледі. Осы акцияның негізін салушы Сара Алпысқызы.

Бүгін – Рақмет айту (Thanksgiving Day) күні. Күннің халықаралық дәрежесі жоқ, мұны АҚШ және Канада халықтары қараша айының әрбір төртінші бейсенбісінде атап өтеді. Көз алдыңызға америкалық бақытты отбасылардың дастарқан басына жиналып, дәмді бәліштер мен күрке тауық етін жеп отырған сәті келді ме? Алайда, бұл мереке дастарқанмен ғана шектелмейді. Мерекенің ешбір дінмен байланысы жоқ, адамдар тек қана әрбір күн сайын не үшін рақмет айту керек екендігін ойланады.

Атаулы күн алғаш рет 1621 жылы ағылшындық колонистердің бастамасымен тойланған. Қыс мезгілі өте ауыр болып, адамдар аштыққа ұшырағандықтан губернатор Уильям Брэдфорд қол астындағылардың көңіл-күйін көтеру үшін Алғыс айту күнін белгілейді. Айналадағы басқа да көршілер бұл дәстүрді жылы қабылдап, қаһарлы қысты аман-есен өткереді. Рақмет айту күнінің басты нышандарының бірі – түйе тауық. Себебі, ағылшындық колонистер мерекені алғаш тойлағанда орманда атылған төрт түйе тауықты жеген екен.

Кейіннен, яғни, 1789 жылы Джордж Вашингтон Рақмет айту күнін "Ұлттық мереке" деп жариялайды. 
Бұл күні барлық отбасы міндетті түрде дастарқан басына жиналып, туыстарына жақсылық жасауға асығады, жақындарын қуанту үшін түрлі тосын сыйлар ойлап табады. Қаладағы метроларда ерекше үстелдер орнатылып, адамдар ақша, азық-түліктерін қайырымдылыққа әкеліп қояды. ХVІІ ғасырдан келе жатқан әр түрлі киімдерді киген тұрғындар шеруге шығып, думанды кештер ұйымдастырады.

Әрине, мереке біздің менталитетке сай емес деушілер табылар. Дегенмен, жылдың бір күнінде не үшін рақмет айту керек екенімізді ойлана жүрсек артық етпейтін секілді. Көптеген адамдар материалдық жағынан толық қамтамасыз етілген болса да, алғыс айта білмегені үшін рухани кедей болып қалып жатады.

Қазақстан халқы Ассамблеясының "Мәңгілік Ел: бір ел - бір тағдыр" тақырыбымен басталған ХХІІ сессиясының ашылу салтанатында сөз сөйлей отырып, Назарбаев халықтардың түгелдей жер аударылғанын еске алды.

"Сталин режимінде әр жылдары, өздеріңіз білетіндей, халықтар түгелдей жер аударылды. Оларды вагондардан ауылдарға тастап кете берді, олардың еш дүниесі болған жоқ. Сол уақытта бұл далада өздері мұқтаж бола отырып, оларды саман үйлеріне қабылдаған қазақтар, қазақ отбасылары ғана өмір сүрді", - деді Президент.

Назарбаев отбасының жер аударылғандарды қабылдап алғанын еске алды. "Саманнан жасалған екі бөлмелі там үйде тұрған біздің отбасы үш баласы бар жанұяны қабылдап алды. Көз алдымда әрқашан, әрқашан олардың бөлменің бір бұрышына жиналғанын елестете беремін, олар қорқып тұрды - киімдері жыртылған, аш, тозып кеткен. Олар біздің отбасыда өмір сұрді, жұмыс істей бастады, өмір бойы алғыс айтып өтті. Мен оның балаларымен дос болдым", - деді ол.   
"Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнінде - 1 наурызда, басқа уақытты қойса да болады - барлық ұлттың бір-біріне және осы адамдарды қабылдаған, аяушылық білдірген  қазақтарға алғыс айту күні деп белгіленсе  әділетті болар еді", - деді Қазақстан Президенті. 
 Сонымен, рақметке лайықты кімдер? Тізімді бірге құрайық! Бастысы – алғыс айта білу...

Анаға – өмір сыйлағаны үшін, 
Әкеге – қорған болғаны үшін, 
Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін, 
Сөзге – жанды жылытатыны үшін, 
Күнге – шуағы мен назары үшін, 
Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы үшін, 
Досқа – құшағы мен иығы үшін, 
Әжеге – ыстық алақаны үшін, 
Суға – тіршілік көзі болғаны үшін, 
Жерге – махаббаты мен бар болғаны үшін, 
Отқа – жылулығы үшін..


Проблемалық сұрақ: «Жақсылық жасаудың біз үшін қандай пайдасы бар? Біз неліктен басқаларға жақсылық жасауымыз қажет?»

Видео ролик. «Жақсылығың қайтар өзіңе»

Қорытындылау 
- Балалар, жылы сөз, қайырымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңыздар. «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын есте сақтаңдар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңдер және Табиғат – Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар. 

«Автограф» ойынын ойнату. Әр оқушыға артына қағаз бекітіледі. Осы қағазға басқа оқушылар тілектерін жазуы қажет. 







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 желтоқсан
623
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі