1- қыркүйек Тәуелсіздік жетістіктері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

1- қыркүйек Тәуелсіздік жетістіктері

Материал туралы қысқаша түсінік
1- қыркүйек Тәуелсіздік жетістіктері атты сынып сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мерзімі:

1-қыркүйек, 2021жыл

3 «А» сынып жетекшісі:

К.Ж.Агибаева

Тақырыбы:

Тәуелсіздік жетістіктері

Мақсаты:

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл толуына байланысты осы жылдар ішінде жеткен жетістіктерімен таныстыру. Балалардың Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту. Елдің әрбір азаматының жасампаздық әлеуетін жүзеге асыру үшін жағдай жасай отырып, еңбексүйгіштік және жауапкершілік қасиеттерін нығайту.

Ресурстар:

ҚР Рәміздерінің суреті, интерактивті тақта, слайд, шарлар, суреттер.

Әдістері:

Түсіндіру, сұрақ-жауап, топпен жұмыс

Тапсырмалар:

Топтық, ұжымдық



Барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының әрекеті

Хор

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындау.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындайды.

Ұйымдастыру кезеңі

- Сәлеметсіздер ме, балалар.

Жаңа оқу жылы құтты болсын!

«Блиц турнир» әдісі арқылы миға шабуыл жүргізу. Оқушылардың көзі жұмулы болады. Мұғалім тақтадағы суреттерге сипаттама береді. Білім алушылар мұғалімнің сипаттамасына қарай қандай сурет екенін анықтап, бүгінгі тақырып туралы болжам жасау керек.

«Блиц турнир» әдісі арқылы мұғалімнің сипаттамасына қарай қандай сурет екенін анықтап, бүгінгі тақырып туралы болжам жасайды.

Түсіндіру, ой қозғау

Бүгінгі сынып сағатымыздың тақырыбы «Тәуелсіздік жетістіктері» деп аталады.

Бүгінгі тәрбие сағатымыз Қазақстан Республикасының тәуелсіздік мерекесіне арналады. Қазақстан өзін тәуелсіз ел ретінде жариялады. Биыл Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл. «Тәуелсіздік жетістіктері» атты тәрбие сағатымыз халқымыздың тәуелсіздікке жету жолындағы ерлік күресі мен қазіргі Қазақстанның жетістіктеріне арналады.

Еліміздің Рәміздері туралы не білесіңдер, балалар? Гимн, Елтаңба, Ту туралы сұрау, түсіндіру.

Тұңғыш Президентіміз кім?

Елбасы Н.Ә.Назарбаев

Қазіргі таңдағы Президентіміз кім?

Қ.К.Токаев

(Оқушылардың жауабын тыңдау.)


Тақырыппен танысады, сұрақтарға жауап береді.

Жаңа ақпараттар

Қазақстан жетістіктері:

1991 жылы 1-желтоқсанда Қазақстан Республикасының президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

  • 16-желтоқсанда Қазақстан Республикасы тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет деп жарияланды.

  • 2-қазанда Байқоңырдан «Союз-ТМ-13» кемесімен ғарышқа қазақтың тұңғыш ғарышкері Әубәкіров Тоқтар Оңғарбайұлы ұшты.

  • 29-тамызда ҚР президенті Н.Ә Назарбаевтың жарлығымен Семей полигоны жабылды.

1992 жылы 4-маусымда ҚР мемлекеттік Рәміздері қабылданды.

1994 жылы Талғат Мұсабаев «Союз ТМ6» ғарыш кемесімен ғарышқа ұшты.

1993 жылы 15-қарашада ұлттық валюта – теңге айналымға енгізілді.

  • 1995 жылы 30-тамызда еліміздің Ата Заңы жаңа Конституция қабылданды.

  • 1997 жылы 10-желтоқсан Ақмола қаласы Астана болып жарияланды.

  • ҚР «Тіл туралы» заңы қабылданды.

  • Білім заңы қабылданды.

2018 жылы Димаш Құдайберген «I m singer» байқауына қатысып, Қазақстанды әлемге танытты.

2019 жылы 9-маусымда Тәуелсіз Қазақстан тарихында екінші президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев сайланды.

Бұл Тәуелсіз Қазақстанның 30 жылдағы жеткен жетістіктері.

Жаңа ақпараттар алады. 30 жылдағы жеткен жетістіктерге шолу жасайды.


2021 жылы...

- ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл.

- Семей ядролық полигонының жабылуына 30 жыл.

- Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл.

- Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл.

- Дина Нүрпейісованың туғанына 160 жыл.

- Әлихан Бөкейхановтың туғанына 155 жыл.

- Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл.

- Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл.

- Ақселеу Сейдімбектің туғанына 80 жыл.


2021 жылдағы атаулы күндермен танысады.




Тәуелсіз сөзіне ассосиация құру. Қазақстан

Т – тату

Ә – әділ

У -

Е – еңселі

Л – лайықты

С – саналы

І – ізетті

З – зайырлы мемлекет.


Топтық жұмыс

1-топ: Бұрынғы заманда бір ел пайда болыпты... Топ әрі қарай ертегіні ойша жалғастыруы керек.

2-топ: Қазақстанның Тәуелсіздігіне 30 тілек құрастырып жазу.

3-топ: «Ауылым – алтын бесігім» тақырыбында сурет салу.

Топтар бір-бірін бағалап, кері байланыс беріп отырады.

Топтық жұмыс орындайды.

«Пазл құрастыру»

Оқушыларға қиылған суреттер беріледі. 1 – топ: Туды, 2 – топ: Елтаңбаны, 3 – топ: Гимнді құрастырады.


Әр топ пазл құрастырады, қорғап шығады.

Кері байланыс

Кері байланыс «Таңдау» әдісі


Мен сабақ ... болды деп ойлаймын.

қызықты

қызықсыз

Мен сабақта ... үйрендім.

көп нәрсені

үйренгенім аз

Мен басқаларды ... тыңдадым.

мұқият

зейінсіз

Мен пікірсайыстарға ... қатыстым.

жиі

сирек

Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ...

ризамын

риза емеспін


Оқушылар кері байланыс береді.

Қорытынды

Балалар, біз - тәуелсіз қазақ елінің ең жас жеткіншектеріміз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиісті екенімізді естен шығармайық. Осымен бүгінгі тәрбие сағатымыз аяқталды. Сабақ соңында «Көк тудың желбірегені» әні орындалады.

Сабақты қорытындылайды, патриоттық ән айтады.











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.00.2023
367
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі