1 -сынып. Математика . ҚМЖ

Тақырып бойынша 31 материал табылды

1 -сынып. Математика . ҚМЖ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып ұстаздарына арналған ҚМЖ (қысқа мерзімді жоспар) жинақталған.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Түсінік хат

Тақырыптық - күнтізбелік жоспар келесі нормативтік құжаттар негізінде құрылды: «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» (ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы; «Қазақстан Республикасында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 8.11.2012 ж. № 500 бұйрығы, ҚР Оқу-ағарту министрінің 18.08.2023 ж. №264 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен(1-қосымша)); «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндер, таңдау курстары мен факультативтер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығы, ҚР Оқу-ағарту министрінің 16.09.2022 ж. №399 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен(26 -қосымша)); «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік ережелерін бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығы, ҚР Оқу-ағарту министрінің 13.04.2023 ж. №96 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен «Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесін бекіту туралы» (ҚР БҒМ 22.05 2020 ж № 216 бұйрығы, ҚР Оқу-ағарту министрі м.а. 22.05.2023 ж. №140 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен, жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 03.07.2023 ж. № 194 бұйрығымен); «2023-2024 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хаты, Бұлдырты жалпы орта білім беретін мектебінің 2023 жылғы 31 тамыздағы №1 педагогикалық кеңес шешімі.

«Математика» пәнінің мақсаты мен міндеттері:

«Математика» пәні бастауыш білім берудің мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға маңызды үлес қосады.

Математика бойынша бастапқы білім сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамытады, зерттеу және қарым-қатынастың, математикалық білімді өмірде қолданудың алғашқы дағдыларын қалыптастырады.

Математиканың бастапқы курсын оқып үйрене отырып, оқушылар талдау, синтездеу, жіктеу, салыстыру, себеп-салдарлық қатынастар мен заңдылықтарды анықтауды үйренеді, түрлі заттар мен қоршаған орта құбылыстарын сипаттау үшін математикалық тілдің негіздерін игереді, білім мен іс-әрекет тәсілдерін меңгереді, мұның барлығы жинақтала келе оқи білуге негіз болады.

Бастауыш математиканың кезең-кезеңге бөлініп, жүйелі түрде берілген, қоршаған ортадағы заттардың мөлшерлік қатынастары мен кеңістіктегі формаларын сипаттаудан тұратын оқу курсының негізгі мақсаты – оқушылардың математикалық таным негіздерін меңгеруіне және тиісті дағдыларын қалыптастыруына мүмкіндік жасау.

Бұл оқу пәні математиканы қоршаған ортаны бейнелеу мен түсіну тәсілі ретінде қабылдауды дамытуға бағытталған және оқушылардың қабылдауы мен танымын кеңейтуді, математика ғылымына қызығушылығын талап етеді. .

Бастапқы математикалық білімнің негізгі мақсаттарына сәйкес, оқу пәні бірқатар міндеттерді айқындайды. Атап айтқанда:

логикалық ойлауды, кеңістіктік елестетуді және математикалық терминдерді пайдалану біліктілігін дамыту;

оқу және тәжірибелік проблемаларды шешу, арифметикалық алгоритмдерді пайдалану, геометриялық салулар мен математикалық зерттеулер жүргізу қабілеттерін дамыту;

сын тұрғысынан ойлауды, шығармашылық қабілеттерді дамыту;

математиканы әлемді суреттеу, модельдеу және түсіну тәсілі ретінде қабылдау;

өзінің математикалық білімі мен біліктерін басқа пәндерді меңгеруде, күнделікті өмірде қалай пайдалану керектігін түсіну;

білуге құштарлық, мақсаттылық, жауапкершілік, сенімділік және тәуелсіздік сияқты тұлғалық қасиеттерді дамыту;

түсінудің, түсіндірудің, талдаудың, синтездің, жүйелеудің, қолданудың және суреттеудің когнитивтік дағдыларын дамыту;

коммуникативтік және әлеуметтік дағдыларын, топпен жұмыс істеу және өз көзқарасын білдіру, басқа адамдардың пікірін құрметтеу, көшбасшылық қасиеттерін көрсету, өз жұмысын жазбаша және ауызша түрде таныстыру дағдыларын дамыту;

ақпаратты іздестіру және таңдау, өз уақытын басқару, өзін-өзі реттеу дағдыларын дамытуға негізделген.


«Математика» пәнін оқытуға 1 сыныпта 132 сағат бөлінген.


Оқулық авторлары: Ә.Б. Ақпаева, Л.А.Лебедова, М.Ж.Мыңжасарова. Т.В.Лихобабенко. Алматыкітап баспасы 2021ж
















Математика

Аптасына: 4 сағат, барлығы: 132 сағат.

р/с№

р/с№

Ауыспалы тақырып

Сабақтардың тақырыбы

Оқыту мақсаттары

Сағат саны

Мерзімі


Ескерту

І тоқсан 1 - Бөлім: «Өзім туралы», «Менің мектебім» тақырыптары аясында

1

1

Сандар және цифрлар

Заттарды санау / Менің туған күнім

1.1.1.1**натурал сандардың құрылу жолын түсіну, 10 көлемінде тура және кері санау, натурал сандар қатарындағы орнын анықтау

1

01.09


2

2

Заттар тобын салыстыру / Менің отбасым

1.5.2.3 сандардың қосындысы мен айырмасын/сандарды салыстыру (артық/кем), көршілес сандарды, сандық аралықтарды, сандар қатарын көрсету үшін сан сәулесін қолдану;

1

04.09


3

3

1 саны және цифры / Менің бөлмем

1.1.1.1**натурал сандар құрылу жолын түсіну, 10 көлемінде тура және кері санау, натурал сандар қатарындағы орнын анықтау;

1.5.2.1 цифрды саннан ажырату, көрнекі түрде бір таңбалы сандарды түрлі тәсілдермен: нүктелер жиынтығымен, таяқшалармен және сан сәулесінде көрсету

1

05.09


4

4

2 саны және цифры. 2 санының құрамы / Менің сыныбымда

1.1.1.3** біртаңбалы сандардың құрамын анықтау

1.1.2.3** 1 санының қасиетін қолдану


1

07.09


5

5

3 саны және цифры. 3 санының құрамы / Мектептің спорт алаңында

1.1.1.2** біртаңбалы сандарды және 10 санын оқу, жазу және салыстыру;

1.1.1.3** біртаңбалы сандардың құрамын анықтау;


1

08.09


6

6

Қосу және азайту / Менің мектептегі достарым

1.1.2.5** ондықтан аттамай бір таңбалы сандарды ауызша

қосу және азайтуды орындау;

1.1.2.3** 1 санының қасиетін қолдану

1

11.09


7

7

Қосу және азайту / Мен мектепке барамын

1.1.2.5** ондықтан аттамай бір таңбалы сандарды ауызша

қосу және азайтуды орындау;

1

12.09


8

8

4 саны және цифры. 4 санының құрамы / Серуенде

1.3.3.1 сан сәулесінде белгіленген нүктелердің бір-біріне қатысты орналасуын анықтау.

1.5.2.2** "+", "-", "=", "≠", ">", "<" таңбаларын қолдану;

1

14.09


9

9

5 саны және цифры. 5 санының құрамы / Менің оқу құралдарым

1.1.1.3** біртаңбалы сандардың құрамын анықтау;

1.5.2.1 цифрды саннан ажырату, көрнекі түрде бір таңбалы сандарды түрлі тәсілдермен: нүктелер жиынтығымен, таяқшалармен және сан сәулесінде көрсету;

1

15.09


10

10

5-ке дейін санау / Бірге санаймыз

1.1.1.3** біртаңбалы сандардың құрамын анықтау;

1.5.2.4 қосу мен азайту амалдарының компоненттері атауларын өрнектерді оқу мен жазуда қолдану

1

18.09


11

11

Сандар және цифрлар

0 саны және цифры. 0-ді қосу мен азайту / Мектеп автобусы

1.1.2.5** ондықтан аттамай бір таңбалы сандарды ауызша

қосу және азайтуды орындау;

1.5.2.4 қосу мен азайту амалдарының компоненттері атауларын өрнектерді оқу мен жазуда қолдану

1

19.09


12

12

6 саны және цифры / Мектептегі концерт

1.5.2.3 сандардың қосындысы мен айырмасын/сандарды салыстыру (артық/кем), көршілес сандарды, сандық аралықтарды, сандар қатарын көрсету үшін сан сәулесін қолдану;

1

21.09


13

13

6 санының құрамы / Санауды үйренемін

1.1.1.2** біртаңбалы сандарды және 10 санын оқу, жазу және салыстыру;

1.1.1.3** біртаңбалы сандардың құрамын анықтау;

1

22.09


14

14

7 саны және цифры / Мектеп кітапханасы

1.5.2.3 сандардың қосындысы мен айырмасын/сандарды салыстыру (артық/кем), көршілес сандарды, сандық аралықтарды, сандар қатарын көрсету үшін сан сәулесін қолдану;

1

25.09


15

15

7 санының құрамы

Мектеп кітапханасы

1.1.1.3** біртаңбалы сандардың құрамын анықтау;

1.3.3.1 сан сәулесінде белгіленген нүктелердің бір-біріне қатысты орналасуын анықтау.

1

26.09


16

16

8 саны және цифры / Мектеп асханасы

1.1.1.2** біртаңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру;

1.5.2.2** "+", "-", "=", "≠", ">", "<" таңбаларын қолдану

1

28.09


17

17

8 санының құрамы / Мектеп асханасы

1.1.1.3** біртаңбалы сандардың құрамын анықтау;

1.5.2.3 сандардың қосындысы мен айырмасын/сандарды салыстыру (артық/кем), көршілес сандарды, сандық аралықтарды, сандар қатарын көрсету үшін сан сәулесін қолдану;

1.5.1.2** сандарды, заттарды, тауардың құнын салыстыру кезінде қолданылатын ұғымдарды пайдалану

1

29.09


18

18

9 саны және цифры / Көркем еңбек сабағы

1.1.1.2** біртаңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру;

1.5.2.4 қосу мен азайту амалдарының компоненттері атауларын өрнектерді оқу мен жазуда қолдану

1

02.10


19

19

9 санының құрамы / Әліппе сабағы

1.1.1.3** біртаңбалы сандардың құрамын анықтау;

1.3.3.1 сан сәулесінде белгіленген нүктелердің бір-біріне қатысты орналасуын анықтау

1

03.10


20

20

10 саны / Менің сыныбым

1.1.1.2** біртаңбалы сандарды және 10 санын оқу, жазу және салыстыру;

1.5.1.2** сандарды, заттарды, тауардың құнын салыстыру кезінде қолданылатын ұғымдарды пайдалану.

1

05.10


21

21

10 санының құрамы / Дене шынықтыру сабағы

1.1.1.3** біртаңбалы сандардың құрамын анықтау

1.4.3.1** 10-ға дейінгі сандар тізбегін және кері ретпен сандар тізбегін құрастыру

1

06.10


22

22


10 көлеміндегі сандарды қосу және азайту / Күзгі кеппешөп

1.1.1.3** біртаңбалы сандардың құрамын анықтау;

1.4.3.1** 10-ға дейінгі сандар тізбегін және кері ретпен сандар тізбегін құрастыру

1

09.10


23

23

10 көлеміндегі сандарды қосу және азайту / Күзгі кеппе шөп

1.1.2.5** ондықтан аттамай біртаңбалы сандарды ауызша қосу

мен азайтуды орындау.

1.1.2.1 қосу амалын ортақ элементтері жоқ жиындардың бірігуі, азайтуды жиынның бөлігін ажыратып алу ретінде түсіну;

1

10.10










24

24

1В Геометриялық фигуралар

Фигуралар. Нүкте. Сызықтар / Менің сиқырлы қарындашым

1.3.1.1 геометриялық фигураларды: нүкте, түзу, қисық және сынық сызықтар, тұйықталған және тұйықталмаған сызықтар, кесінді, сәуле, бұрышты бір-бірінен ажырату және атау;

1.3.2.3 жазық фигуралардың модельдерінен және бөліктерінен композиция құрастыру;

1

12.10


25

25

Фигуралар. Сәуле. Кесінді / Менің сиқырлы қарындашым

1.3.1.2 жазық фигураларды (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш)/кеңістік фигураларды (куб, шар, цилиндр, конус, пирамида, тікбұрышты параллелепипед) тану және қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіру;

1

13.10


26

26

Заттар мен фигуралардың қасиеті / Менің айналамдағы заттар

1.3.2.5 заттардың кеңістікте (оң жақта, сол жақта, жоғарыда, төменде, үстінде, астында, арасында, алдында, артында) орналасуын анықтау;

1.3.2.3 жазық фигуралардың модельдерінен және бөліктерінен композиция құрастыру;

1

16.10


27

27

1С. Шамалар мен өлшем бірліктері

Ұзын, қысқа, кең, тар / Мектеп формасын өлшеймін

1.3.2.4 геометриялық фигуралар арасындағы негізгі қатынастарды анықтау (үлкен-кіші, жоғары-төмен, кең-тар, жуан-жіңішке, қалың-жұқа)

1.4.1.2 жиындарды элементтерінің белгілері (нысандардың түсі, пішіні, өлшемі, материалы, әрекеті) бойынша жіктеу

1

17.10


28

28

Ұзындықты өлшеу. Сантиметр / Менің оқу құралдарым

1.1.3.1** ұзындық см, дм шамаларын ажырату, оларды өлшеу үшін өлшемдер мен құралдарды таңдау, өлшемдер жүргізу;


1

19.10


29

29

Дециметр / Мектепте отбасым туралы айтамын

1.1.3.3** ұзындық (см, дм) салыстыру және шамалар мәндерімен қосу мен азайту амалдарын орындау

1

20.10


30

30


Ауыр, жеңіл. Килограмм / Өнім жинауға көмектесемін

1.1.3.2** өлшем бірліктерін: масса (кг) қолданып, шамаларды өлшеу;

1

23.10


31

31

Литр / Үй шаруасына көмектесемін

1.1.3.2** өлшем бірліктерін: көлем (сыйымдылық) (л) қолданып, шамаларды өлшеу;

1.5.2.2** "+", "-", "=", "≠", ">", "<" таңбаларын қолдану;

1

24.10


32

32

Шамаларды өлшеу / Менің мектептегі және үйдегі жұмысым

1.1.3.2** өлшем бірліктерін: ұзындық (см, дм) / масса (кг) / көлем (сыйымдылық) (л) қолданып, шамаларды өлшеу;


1

26.10


33

33

Шамаларды өлшеу / Менің мектептегі және үйдегі жұмысым

1.1.3.2** өлшем бірліктерін: ұзындық (см, дм) / масса (кг) / көлем (сыйымдылық) (л) қолданып, шамаларды өлшеу;


1

27.10


ІІ тоқсан Ортақ тақырыптар: «Менің отбасым және достарым», «Бізді қоршаған әлем»

2А. 10 көлеміндегі сандарды қосу және азайту


34

1


Қосудың ауыстырымдылық қасиеті / Достарыммен бірге спортпен шұғылданамын

1.1.2.3 қосудың ауыстырымдылық қасиетін, 0-дің қасиетін қолдану

1

06.11


35

2

2 санын қосу және азайту / Ең жақын досым

1.1.2.4 біртаңбалы сандарды ондықтан аттамай қосу кестесін құру, білу және қолдану;

1.1.2.3 қосудың ауыстырымдылық қасиетін, 0-дің қасиетін қолдану


07.11


36

3

3 санын қосу және азайту / Менің ата-анам

1.2.1.1** санды өрнектерді (қосынды, айырма) ажырату, құрастыру, жазу және оқу

1

09.11


37

4

2, 3 сандарын қосу және азайту / Менің атам мен әжем

1.1.2.4 біртаңбалы сандарды ондықтан аттамай қосу кестесін құру, білу және қолдану;

1.1.2.3 қосудың ауыстырымдылық қасиетін, 0-дің қасиетін қолдану

1

10.11


38

5

4 санын қосу және азайту / Достарыммен серуендеймін

1.2.1.1** санды өрнектерді (қосынды, айырма) ажырату, құрастыру, жазу және оқу

1

13.11


39

6


5 санын қосу және азайту / Менің мектептегі досым

1.1.2.4 біртаңбалы сандарды ондықтан аттамай қосу кестесін құру, білу және қолдану;

1.1.2.3 қосудың ауыстырымдылық қасиетін, 0-дің қасиетін қолдану

1

14.11


40

7

Қосу және азайту / Достарыма көмектесемін

1.2.1.1** санды өрнектерді (қосынды, айырма) ажырату, құрастыру, жазу және оқу

1.5.2.4 қосу мен азайту компоненттері атауларын өрнектерді оқу мен жазуда қолдану

1

16.11


41

8

6 санын қосу және азайту / Менің үй жануарларым

1.1.2.4 біртаңбалы сандарды ондықтан аттамай қосу кестесін құру, білу және қолдану;

1.1.2.3 қосудың ауыстырымдылық қасиетін, 0-дің қасиетін қолдану

1

17.11


42

9

7 санын қосу және азайту / Отбасы

1.1.2.4 біртаңбалы сандарды ондықтан аттамай қосу кестесін құру, білу және қолдану;

1

20.11


43

10

8, 9 сандарын қосу және азайту / Қалай достасуға болады?

1.5.2.2** "+", "-", "=", ">", "<" белгілерін қолдану;

1.5.2.4 қосу мен азайту компоненттері атауларын өрнектерді оқу мен жазуда қолдану

1

21.11


44

11

10 санынан азайту / Менің парталас көршім

1.1.1.1** нөл санының құрылу жолын түсіну;

1.1.2.4 біртаңбалы сандарды ондықтан аттамай қосу кестесін құру, білу және қолдану;

1

23.11


45

12

10-ға дейінгі сандарды қосу және азайту / Достарыммен бірге санаймын

1.5.2.2** "+", "-", "=", ">", "<" белгілерін қолдану;

1.1.3.3** ұзындық (см, дм)/

масса (кг)/көлем (сыйымдылық) (л) салыстыру және шамалар мәндерімен қосу мен азайту амалдар орындау;

1

24.11


46

13

Ондықтармен санау / Достарыммен ойнаймын

1.1.1.4 санаудың ірі бірлігі – ондықты құрастыру, 100-ге дейін ондықтармен санау, жазу және салыстыру

1.5.2.2** "+", "-", "=", ">", "<" белгілерін қолдану;

1

27.11


47

14

Ондықтарды қосу және азайту / Анама көмектесемін

1.1.1.4 санаудың ірі бірлігі ондықты құрастыру, 100-ге дейін ондықтармен санау, жазу және салыстыру

1.1.2.5** ондықтарды ауызша қосу және азайтуды орындау.


1

28.11


48

15

Ондықтарды қосу және азайту / Анама көмектесемін

1.1.2.5** ондықтарды ауызша қосу және азайтуды орындау

1

30.11


49

16

Сандарды қосу және азайту / Әкеме көмектесемін

1.1.2.4 біртаңбалы сандарды ондықтан аттамай қосу кестесін құру, білу және қолдану

1.1.2.5** ондықтарды ауызша қосу және азайтуды орындау;

1

01.12


50

17

Сандарды қосу жән азайту / Отбасымен бірге демаламыз

1.2.1.1** санды өрнектерді (қосынды, айырма) ажырату, құрастыру, жазу және оқу;

1.5.2.2** "+", "-", "=", ">", "<" белгілерін қолдану;

1

04.12


51

18

Сандарды қосу және азайту / Отбасылық мерекелер/

1.2.1.1** санды өрнектерді (қосынды, айырма) ажырату, құрастыру, жазу және оқу;

1.5.2.4 қосу мен азайту компоненттері атауларын өрнектерді оқу мен жазуда қолдану

1

05.12


52

19

Сандар, фигуралар тізбегі / Қала, ауыл. Мекенжай

1.4.3.2 іс-әрекет және табиғат күйінің тізбектілігін анықтау/сандар, фигуралар, ойыншықтар, түрлі түсті моншақтар тізбектерін құру және тізбектегі заңдылықтың бұзылуын табу

1

07.12









53

20

2В. Сандар мен заңдылықтар

2, 4, 6, 8, 10 сандарының жартысы/ Қазақстан қалалары

1.1.1.5** тәжірибе арқылы 2, 4, 6, 8, 10 заттың жартысын табу

1.1.2.5** ондықтарды ауызша қосу және азайтуды орындау;

1.1.2.1 қосу амалын ортақ элементтері жоқ жиындардың бірігуі, азайтуды жиынның бөлігін ажыратып алу ретінде түсіну.

1

08.12


54

21

Басқатырғыштар мен ребустар / Бау-бақшада не өседі?

1.4.2.2** бірдей цифрлар мен фигуралардан тұратын басқатырғыштар, есептер, ребустар шешу

1

11.12


55

22

Басқатырғыштар мен ребустар / Бау-бақшада не өседі?

1.4.2.2** бірдей цифрлар мен фигуралардан тұратын басқатырғыштар, есептер, ребустар шешу

1.4.3.1** 100 көлеміндегі сандар, суреттер, фигуралар, символдардан тұратын тізбектердің заңдылықтарын анықтау;

1

12.12


56

23

Тізбектер / Табиғаттағы тізбек

1.4.3.2 іс-әрекет және табиғат күйінің тізбектілігін анықтау /сандар, фигуралар, ойыншықтар, түрлі түсті моншақтар тізбектерін құру және тізбектегі заңдылықтың бұзылуын табу.

1

14.12


57

24

2С. Шамалар мен өлшембірліктері

Геометриялық фигураларды өлшеу / Саябақ

1.3.1.3 геометриялық фигуралардың (үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш) қабырғаларын өлшеу және салыстыру;

1.1.3.2** өлшем бірліктерді (ұзындық (см, дм) қолданып өлшеу;

1.3.2.2 берілген ұзындығы бойынша кесінді сызу

1

15.12


58

25

Уақыт. Сағат / Менің қызығушылығым

1.1.3.3** уақыт (сағ) салыстыру және шамалар мәндерімен қосу мен азайту амалдар орындау;

1

18.12

15.12



59

26

Өлшеу / Үй жануарлары және жабайы жануарлар

1.1.3.2** өлшем бірліктерді (ұзындық (см, дм)/масса (кг)/көлем (сыйымдылық) (л) / уақыт (сағ) қолданып өлшеу;

1.1.3.3** ұзындық (см, дм)/ масса (кг)/көлем (сыйымдылық) (л)/ уақыт (сағ) салыстыру және шамалар мәндерімен қосу мен азайту амалдар орындау;

1

19.12


60

27

Шамаларды өлшеу / Жыл мезгілдері

1.1.3.4 уақыт өлшем бірліктерін: уақыт/сағ олардың арақатысына сүйеніп түрлендіру.

1.1.3.2** өлшем бірліктерді (ұзындық (см, дм)/масса(кг)/көлем (сыйымдылық) (л) қолданып өлшеу;

1

21.12


61

28

Пысықтау / Менің қызығушылығым

1.1.3.1** ұзындық/масса/көлем (сыйымдылық)/уақыт шамаларын ажырату, оларды өлшеу үшін өлшемдер мен құралдарды таңдау, өлшемдер жүргізу;

1.1.3.3** ұзындық (см, дм)/ масса (кг)/көлем (сыйымдылық) (л)/ уақыт (сағ) салыстыру және шамалар мәндерімен қосу мен азайту амалдар орындау;

1

22.12


62

29

Пысықтау / Қыс келді

1.1.3.1** ұзындық/масса/көлем (сыйымдылық) шамаларын ажырату, оларды өлшеу үшін өлшемдер мен құралдарды таңдау, өлшемдер жүргізу;

1.5.2.2** "+", "-", "=", ">", "<" белгілерін қолдану;

1

25.12


63

30

Пысықтау / Үлкен қалада

1.1.3.3** ұзындық (см, дм)/ масса (кг)/көлем (сыйымдылық) (л)/ уақыт (сағ) салыстыру және шамалар мәндерімен қосу мен азайту амалдар орындау;

1

26.12


64

31


Қорытындылау / Дүкенде

1.4.2.2** бірдей цифрлар мен фигуралардан тұратын басқатырғыштар, есептер, ребустар шешу

1

28.12


ІІІ тоқсан Ортақ тақырыптар: «Саяхат», «Салт-дәстүр және ауызәдебиеті»


65

1


Қосу және азайту – өзара кері амалдар / Саяхаттауға шығамыз

1.1.1.2** біртаңбалы сандарды салыстыру

1.1.2.2 қосу және азайту өзара кері амалдар екенін түсіну, қосу және азайту амалдары компоненттері мен нәтижелері

арасындағы байланысты анықтау;

1.1.2.3 қосудың ауыстырымдылық қасиетін қолдану

1

08.01


66

2


Қосу және азайту / Пойызбен саяхатқа шығу

1.1.2.2 қосу және азайту өзара кері амалдар екенін түсіну, қосу және азайту амалдары компоненттері мен нәтижелері

арасындағы байланысты анықтау;

1.5.1.5 қосу мен азайтудың белгісіз компоненттерін табуға берілген есептерді талдау және шығару, кері есептер құрастыру және шығару.

1

09.01


67

3

Есеп / Ұшақпен саяхатқа шығу

1.5.1.1**есепті сызба, сурет, қысқаша жазба түрінде модельдеу/есепті шешу үшін тірек сызбасын таңдау;

1

11.01


68

4

Есептер шығару / Әртүрлі елдерге ұшақпен саяхат

1.5.1.3** қосынды және қалдықты табуға берілген есептерді талдау және шығару/кері есеп құрастыру және шығару;

1

12.01


69

5

Есептер шығару / Велосипедпен саяхатқа шығу

1.5.1.1**есепті сызба, сурет, қысқаша жазба түрінде модельдеу/есепті шешу үшін тірек сызбасын таңдау;


1

15.01


70

6


Кері есептер / Велосипедпен саяхатқа шығу

1.5.1.5 қосу мен азайтудың белгісіз компоненттерін табуға берілген есептерді талдау және шығару, кері есептер құрастыру және шығару

1

16.01


71

7

Есептер шығару / Атпен саяхатқа шығу

1.5.1.1**есепті сызба, сурет, қысқаша жазба түрінде модельдеу/есепті шешу үшін тірек сызбасын таңдау;

1.5.1.5 қосу мен азайтудың белгісіз компоненттерін табуға берілген есептерді талдау және шығару, кері есептер құрастыру және шығару

1

18.01


72

8

Есептер шығару / Қазақстанның қалаларына саяхат

1.5.1.1**есепті сызба, сурет, қысқаша жазба түрінде модельдеу/есепті шешу үшін тірек сызбасын таңдау;

1.5.1.3** қосынды және қалдықты табуға берілген есептерді талдау және шығару/кері есеп құрастыру және шығару;


1

19.01


73

9

Есептер шығару / Нұр-Сұлтан қаласына саяхат

1.5.1.1**есепті сызба, сурет, қысқаша жазба түрінде модельдеу/есепті шешу үшін тірек сызбасын таңдау;

1.1.1.2** біртаңбалы сандарды салыстыру.

1

22.01


74

10

Есептер шығару / Қалаға саяхат жасау

1.5.1.1**есепті сызба, сурет, қысқаша жазба түрінде модельдеу/есепті шешу үшін тірек сызбасын таңдау;

1.5.1.5 қосу мен азайтудың белгісіз компоненттерін табуға берілген есептерді талдау және шығару, кері есептер құрастыру және шығару

1

23.01


75

11

Есептер шығару / Қалаға саяхат жасау. Саябақ

1.5.1.4 санды бірнеше бірлікке арттыру, кеміту, айырмалық салыстыруға берілген есептерді талдау және шығару, кері есептер құрастыру және шығару;

1

25.01


76

12

Кері есептер/ Саяхат әуежайдан басталады

1.5.1.4 санды бірнеше бірлікке арттыру, кеміту, айырмалық салыстыруға берілген есептерді талдау және шығару, кері есептер құрастыру және шығару;

1.5.1.5 қосу мен азайтудың белгісіз компоненттерін табуға берілген есептерді талдау және шығару, кері есептер құрастыру және шығару

1

26.01


77

13

Есептер шығару / Автокөлікпен саяхат

1.5.1.3** қосынды және қалдықты табуға берілген есептерді талдау және шығару/кері есеп құрастыру және шығару;

1.5.1.4 санды бірнеше бірлікке арттыру, кеміту, айырмалық салыстыруға берілген есептерді талдау және шығару, кері есептер құрастыру және шығару;

1

29.01


78

14

Әртүрлі есептер шығару / Ауылға саяхат

1.5.1.3** қосынды және қалдықты табуға берілген есептерді талдау және шығару/кері есеп құрастыру және шығару;

1.5.1.5 қосу мен азайтудың белгісіз компоненттерін табуға берілген есептерді талдау және шығару, кері есептер құрастыру және шығару

1

30.01


79

15

Есептер шығару / Жорыққа шығамыз

1.5.1.3** қосынды және қалдықты табуға берілген есептерді талдау және шығару/кері есеп құрастыру және шығару;

1.5.1.4 санды бірнеше бірлікке арттыру, кеміту, айырмалық салыстыруға берілген есептерді талдау және шығару, кері есептер құрастыру және шығару;

1.5.1.5 қосу мен азайтудың белгісіз компоненттерін табуға берілген есептерді талдау және шығару, кері есептер құрастыру және шығару

1

01.02


80

16

Есептер шығару / Атам мен әжемнің ауылында

1.5.1.1**есепті сызба, сурет, қысқаша жазба түрінде модельдеу/есепті шешу үшін тірек сызбасын таңдау;

1.5.1.5 қосу мен азайтудың белгісіз компоненттерін табуға берілген есептерді талдау және шығару, кері есептер құрастыру және шығару

1

02.02


81

17

Қорытындылау / Атам мен әжемнің ауылында

1.5.2.2 "+", "-", "=", "",

">", "<" таңбаларын/ цифрларды, ( ) белгісіз сан символын қолдану.

1.5.1.5 қосу мен азайтудың белгісіз компоненттерін табуға берілген есептерді талдау және шығару, кері есептер құрастыру және шығару

1

12.02


82

18

Есептер құрастыру және шығару / Өзенге бару

1.5.1.5 қосу мен азайтудың белгісіз компоненттерін табуға берілген есептерді талдау және шығару, кері есептер құрастыру және шығару.

1.1.1.2** біртаңбалы сандарды салыстыру.

1

13.02


83

19

Өзіңді тексер!

1.5.1.3** қосынды және қалдықты табуға берілген есептерді талдау және шығару/кері есеп құрастыру және шығару;

1.5.1.4 санды бірнеше бірлікке арттыру, кеміту, айырмалық салыстыруға берілген есептерді талдау және шығару, кері есептер құрастыру және шығару;

1

15.02


84

20

3В. Шамалар. Уақытты бағдарлау

Жыл мезгілдері, айлар, апта күндері / Дәстүрлі мерекелер

1.1.3.5 уақытты циферблат бойынша 12 сағаттық форматта анықтау/уақыт өлшем бірліктерін (минут, сағат, күн, апта, ай, жыл) ажырату;

1

16.02


85

21

Уақыт. Сағат. Минут / Сүйікті ертегілеріміз

1.1.3.1** уақыт шамаларын ажырату, оларды өлшеу үшін өлшемдер мен құралдарды таңдау, өлшемдер жүргізу;

1.1.3.2** өлшем бірліктерді: уақыт (сағ) қолданып өлшеу

1

19.02


86

22

Шамаларды өлшеу / Ертегілер

1.1.3.1** уақыт шамаларын ажырату, оларды өлшеу үшін өлшемдер мен құралдарды таңдау, өлшемдер жүргізу;

1.1.3.2** өлшем бірліктерді: уақыт (сағ) қолданып өлшеу

1

20.02


87

23

Шамалар / Наурыз

1.1.3.1** уақыт шамаларын ажырату, оларды өлшеу үшін өлшемдер мен құралдарды таңдау, өлшемдер жүргізу;

1.1.3.2** өлшем бірліктерді: уақыт (сағ) қолданып өлшеу

1

22.02


88

24

Өзіңді тексер!

1.1.3.1** уақыт шамаларын ажырату, оларды өлшеу үшін өлшемдер мен құралдарды таңдау, өлшемдер жүргізу;

1.1.3.2** өлшем бірліктерді: уақыт (сағ) қолданып өлшеу

1

23.02


89

25

3С. Теңдікжәнетеңсіздік. Теңдеу. Қосукестесінқолдану. Есепте

Санды және әріпті өрнектер / Наурыз мерекесінің қонақтары

1.2.1.1 санды және әріпті өрнектерді (қосынды, айырма)/теңдік және теңсіздікті ажырату,құрастыру, жазу және оқу;

1.2.1.4 қосу және азайту жағдайында

0-дің қасиетін әріпті өрнек түрінде: a+0=a, a-0=a көрсету;

1

26.02




90

26

Әріпті өрнектер / Ауылдағы Наурыз мерекесі

1.2.1.1 санды және әріпті өрнектерді (қосынды, айырма)/теңдік және теңсіздікті ажырату,құрастыру, жазу және оқу;

1

27.02


91

27

Теңдік және теңсіздік / Қазақстан халықтарының ұлттық киімдері

1.2.1.1 санды және әріпті өрнектерді (қосынды, айырма)/теңдік және теңсіздікті ажырату,құрастыру, жазу және оқу;


1

29.02


92

28

Санды өрнектерді салыстыру / Қазақстан халықтары

1.2.1.5 жақшасыз әріпті/санды өрнектерді салыстыру

1

01.03


93

29

Белгісізі бар теңдік / Қолөнер шеберлерінің көрмесі

1.2.2.1 теңдік және теңсіздікті, теңдеуді, тура және тура емес теңдік пен теңсіздікті айыра білу


1

04.03


94

30

Теңдеу / Халық ансамблі және аспаптар

1.2.2.2 таңдап алу әдісі және қосу мен азайту амалдарының байланысы негізінде теңдеулерді шешу

1

05.03


95

31

Теңдеу / Фольклорлық ансамбльдің концертіне барамыз

1.2.2.2 таңдап алу әдісі және қосу мен азайту амалдарының байланысы негізінде теңдеулерді шешу

1.2.1.1 санды және әріпті өрнектерді (қосынды, айырма)/теңдік және теңсіздікті ажырату,құрастыру, жазу және оқу;

1

07.03


96

32

Теңдеу / Қазақ – қонақжайхалық

1.2.2.2 таңдап алу әдісі және қосу мен азайту амалдарының байланысы негізінде теңдеулерді шешу

1

11.03


97

33

Санды және әріпті теңдіктер / Достарға арналған кәдесыйлар

1.2.1.2 әріптің берілген мәніндегі бір амалды әріпті өрнектің мәнін табу;

1.2.1.3 қосу мен азайту арасындағы қатынасты әріпті өрнектер түрінде: а+b=c, c-a=b, c-b=a көрсету және қолдану;

1

12.03


98

34

Өрнектер. Теңдеулер / Жайлауға қонаққа барамыз

1.2.2.2 таңдап алу әдісі және қосу мен азайту амалдарының байланысы негізінде теңдеулерді шешу

1.5.2.2 "+", "-", "=", "≠", ">", "<" белгілерін/цифрларды қолдану, ( ) белгісіз сан символын қолдану

1

14.03


99

35

Есептер шығару. Шамалар / Таза ауада ұлттық ойындар ойнаймыз

1.2.2.1 теңдік және теңсіздікті, теңдеуді, тура және тура емес теңдік пен теңсіздікті айыра білу;


1

15.03


100

36

Есептер шығару және теңдеулер шешу / Ертегілер оқығанды жақсы көреміз

1.2.2.2 таңдап алу әдісі және қосу мен азайту амалдарының байланысы негізінде теңдеулерді шешу

1

18.03


101

37


Қайталау

1.2.2.1 теңдік және теңсіздікті, теңдеуді, тура және тура емес теңдік пен теңсіздікті айыра білу;

1.2.2.2 таңдап алу әдісі және қосу мен азайту амалдарының байланысы негізінде теңдеулерді шешу


19.03


IV тоқсан Ортақ тақырыптар: «Тағам мен сусын», «Дені саудың – жаны сау»

102

1


11-ден 20-ға дейінгі сандар / Пайдалытағамдар

1.1.1.1** 11-20 көлемінде тура және кері санау, натурал сандар қатарындағы орнын анықтау;

1.4.3.1** 20-ға дейінгі сандар тізбегін және кері ретпен сандар тізбегін құрастыру

1

01.04


103

2

11-ден 20-ға дейінгі сандар / Пайдалы және зиянды тағамдар

1.1.1.2** 11-ден 20-ға дейінгі сандарды оқу, жазу және салыстыру;


1

02.04


104

3

11-ден 20-ға дейінгі сандардың құрамы / «Жеуге жарамды – жеуге жарамсыз» ойыны

1.1.1.3** 20 көлемінде сандардың разрядтық құрамын анықтау, разрядтық қосылғыштарға жіктеу;


1

04.04


105

4


Қосу және азайту / Қысқа азық дайындаймыз

1.1.2.5 20 көлеміндегі біртаңбалы мен екітаңбалы сандарды ауызша қосу және азайтуды орындау

1

05.04


106

5

20-ға дейінгі қосу және азайту / Сүт өнімдері

1.4.3.1** 20-ға дейінгі сандар тізбегін және кері ретпен сандар тізбегін құрастыру

1

08.04


107

6

20 көлеміндегі сандар / Көгөністер

1.1.2.5 20 көлеміндегі біртаңбалы мен екітаңбалы сандарды ауызша қосу және азайтуды орындау.

1

09.04


108

7

11-ден 20-ға дейінгі сандар / Көгөніс қалай өседі?

1.1.1.2** 11-ден 20-ға дейінгі сандарды оқу, жазу және салыстыру;


1

11.04


109

8

20-ға дейін 2-ден топтап санау / Жемістер

1.1.1.5** 20-ға дейінгі сандарды 2-ден топтап тура және кері санау


1

12.04


110

9

11-ден 20-ға дейінгі сандар. Сандарды салыстыру / Саяхатқа алатын тағамдар

1.1.1.2** 11-ден 20-ға дейінгі сандарды оқу, жазу және салыстыру;


1

15.04


111

10

Монеталардың құны. Баға /

Азық-түлік сатып аламын

1.1.3.6 1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг,20 теңгелік тиындармен түрлі төлем жасау

1

16.04


112

11

Монеталардың құны. Баға / Ақша санап үйренемін

1.1.3.6 1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг,20 теңгелік тиындармен түрлі төлем жасау.

1.5.1.4 санды бірнеше бірлікке арттыру, кеміту, айырмалық салыстыруға берілген есептерді талдау және шығару, кері есептер құрастыру және шығару;

1

18.04


113

12


Сатып алу және ақша қайтару / Азық-түлік сатып аламын

1.5.1.6 қосу мен азайтуға берілген есептерге қатысты таңдаған амалдарын негіздеу, шығару әдісін түсіндіру.

1

19.04


114

13

Қымбат, арзан / Жеміс пен көгөніс сатып аламын

1.1.3.6 1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг,20 теңгелік тиындармен түрлі төлем жасау

1.4.3.1** 20-ға дейінгі сандар тізбегін және кері ретпен сандар тізбегін құрастыру.

1

22.04


115

14

Ұсақтау және төлем жасау / Мектеп асханасында

1.1.3.6 1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг,20 теңгелік тиындармен түрлі төлем жасау.

1.5.1.3 қосынды және қалдықты табуға берілген есептерді талдау және шығару, кері есеп құрастыру және шығару;

1

23.04


116

15

Ұсақтау және төлем жасау / Көгөніс сатып алуға барамын

1.1.3.6 1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг,20 теңгелік тиындармен түрлі төлем жасау.

1.1.2.5 20 көлеміндегі біртаңбалы мен екітаңбалы сандарды ауызша қосу және азайтуды орындау.

1

25.04


117

16

Есептер шығару / Дастарқан жаямын

1.5.1.4 санды бірнеше бірлікке арттыру, кеміту, айырмалық салыстыруға берілген есептерді талдау және шығару, кері есептер құрастыру және шығару;

1

26.04


118

17

Кестелер мен пиктограммалар / Жеміс пен көгөніс – пайдалы тағам

1.5.2.5 деректерді жинақтау, жүйелеу және толықтыру/қолда бар материалдарды пайдаланып, кестелер, пиктограмма мен диаграммалар құрастыру

1

29.04


119

18

Кестелер мен пиктограммалар / Отбасында тиімді тамақтану

1.5.2.5 деректерді жинақтау, жүйелеу және толықтыру/қолда бар материалдарды пайдаланып, кестелер, пиктограмма мен диаграммалар құрастыру

1

30.04






120

19

4В. Жиын және логика элементтері

Диаграммалар / Пайдалы өнім – денсаулық кепілі

1.5.2.5 деректерді жинақтау, жүйелеу және толықтыру/қолда бар материалдарды пайдаланып, кестелер, пиктограмма мен диаграммалар құрастыру

1

02.05


121

20

Өзіңді тексер!

1.5.2.5 деректерді жинақтау, жүйелеу және толықтыру/қолда бар материалдарды пайдаланып, кестелер, пиктограмма мен диаграммалар құрастыру

1

03.05


122

21

Есептер / Спорт денсаулыққа пайдалы

1.4.2.2** сәйкестік пен ақиқаттықты анықтауға берілген қарапайым логикалық есептерді шығару.

1.5.2.5 деректерді жинақтау, жүйелеу және толықтыру/қолда бар материалдарды пайдаланып, кестелер, пиктограмма мен диаграммалар құрастыру

1

06.05


123

22

Есептер / Жеміс пен көгөніс – салауатты тамақтанудың негізі

1.4.2.1 тұжырымдардың ақиқаттығын немесе ақиқат еместігін анықтау;

1.4.1.1 екі жиынның бірігуін және жиыннан оның бөлігін айырып алуды диаграмма арқылы көрнекі түрде кескіндеу

1

07.05

06.05

185 бұйрық

25.08.2023ж

124

23

Жиын / Жақсы әдеттер

1.4.1.3 жұп құру арқылы нысандар жиындарын салыстыру, тең жиындарды, бос жиындарды анықтау;

1

10.05


125

24

Кесінді сызу / Велоспорт

1.3.2.1 түзу, тұйықталған және тұйықталмаған және қисық, сынық сызықты жазықтықта/қарапайым жазық геометриялық фигураларды (үшбұрыш, төртбұрыш) нүктелі қағазда кескіндеу;

1.3.2.2 берілген ұзындығы бойынша кесінді сызу;

1

13.05


126

25

Кесіндіні сызу / Балаларжәне спорт

1.3.2.3 жазық фигуралардың моделдерінен және бөліктерінен композиция құрастыру;

1.3.2.4 геометриялық фигуралар арасындағы негізгі қатынастарды анықтау (үлкен-кіші, жоғары-төмен, кең-тар, жуан-жіңішке, қалың-жұқа)

1

14.05


127

26

Логикалық есептер / Дене мүсінін қалай дұрыс сақтау керек?

1.4.4.1 қоршаған ортадағы заттардан «екі-екіден» комбинациялар жиынын құрастыру


1

16.05


128

27

Есептер шығару / Мектептегі таңғы ас

1.4.4.1 қоршаған ортадағы заттардан «екі-екіден» комбинациялар жиынын құрастыру


1

17.05


129

28

4С Нысандардың орналасуы және бағыты

Есептер шығару / Шахмат, дойбы ойнаймыз

1.4.4.1 қоршаған ортадағы заттардан «екі-екіден» комбинациялар жиынын құрастыру

1.1.3.1 ұзындық/масса/көлем (сыйымдылық)/уақыт шамаларын ажырату, оларды өлшеу үшін өлшемдер мен құралдарды таңдау, өлшемдер жүргізу;

1

20.05


130


29

Геометриялық фигуралар / Спорт түрлері. Гимнастика

1.3.1.2 жазық фигураларды (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш) және кеңістік фигураларды (куб, шар, цилиндр, конус, пирамида, тікбұрышты параллепипед) тану және қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіру

1.3.2.1 түзу, тұйықталған және тұйықталмаған және қисық, сынық сызықты жазықтықта/қарапайым жазық геометриялық фигураларды (үшбұрыш, төртбұрыш) нүктелі қағазда кескіндеу;

1

21.05


131

30

Сен не білесің?

1.5.2.5 деректерді жинақтау, жүйелеу және толықтыру/қолда бар материалдарды пайдаланып, кестелер, пиктограмма мен диаграммалар құрастыру.

1

23.05


132

31

Не үйрендің? / Сүйікті ертегілерден

1.5.1.4 санды бірнеше бірлікке арттыру, кеміту, айырмалық салыстыруға берілген есептерді талдау және шығару, кері есептер құрастыру және шығару;

1

24.05




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.00.2024
490
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі