400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

1-ден 5-ке дейін сандар

Материал туралы қысқаша түсінік
Тура және кері санау. Суреттер арқылы 5 санымен таныстыру. Кеңістікті бағдарлау. Түрлі тапсырмалар арқылы геометриялық пішіндер жөнінде білімдерін бекіту. Ой-өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту. Ұсақ саусақ бұлшық еттерін жетілдіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «1-ден 5-ке дейінгі сандар»

Мақсаты: Тура және кері санау. Суреттер арқылы 5 санымен таныстыру. Кеңістікті бағдарлау. Түрлі тапсырмалар арқылы геометриялық пішіндер жөнінде білімдерін бекіту. Ой-өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту. Ұсақ саусақ бұлшық еттерін жетілдіру.

Күтілетін нәтиже:

Балалар көру және есту арқылы есте сақтай алады. Ересек адамның талаптарын қабылдай алады және зейін қойып тыңдайды. Ұсақ және жалпы моторикасын дамытуға арналған жаттығуларды жасай алады.Топ ішінде, жұппен және ұжыммен бірлескен іс-әрекетке түсе алады.

Көрнекіліктер: Бейнетаспадан қысқы орман көрінісін тамашалау, қысқы көрініс, тәулік бөліктері, аңдардың суреттері, пішіндер, математикалық планшет, Дьениш құралдары, 5-6 бөліктен тұратын қима суреттер,кеңістікті бағдарлаудың суреттері, оқу құралдары, музыкалық сүйемелдеу.

Әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ-жауап, дамытушы ойындар, саусаққа арналған жаттығулар.

Ұйымдастыру кезеңі:

  1. - Таңертең тұр.

  2. - Шынығып бекі,

  3. - Жина күш.

  4. - Сабындап жу бет.

  5. - Сүртін тез.

  6. - Үйді жина жалпы.

  7. - Киін енді.

  8. - Асыңды жеп іш.

  9. - Дайындал киініп.

  10. - Бақшаға сен бар.

  • Бейнетаспадағы қыс мезгілін тамашалау.

  • Осындай суық күндердің бірінде ормандағы, аңдар тоңып, ағаштардың діндерін барып паналапты. Тиін ағаш қуысына жаңғағын жинап алмапты. Ал аю өзінің апанында ұйықтап жатыр екен.

Аңдар ормандағы алыста тұрған бір үйді көреді. Сол үйге барып жылынғысы келеді. Сол үйге бару үшін жолдағы ағаштарда әр аңға тапсырмалар берілген. Тапсырмаларды орындау үшін, көмекке Аққала келеді.

Сәлем Аңдар.

Сәлем балалар.

Мен аңдардың тоңып тұрғанын біліп келдім. Аңдарға жылыну үшін, сендердің көмектерін керек. Көмектесесіңдер ме?

  • Бірінші ағаштың дінінде қандай аңды көріп отырсыңдар?

  • Тиін.

Тиінге берілген тапсырма.

  • Жылдың қай мезгілі?

  • Қыс ерекшіліктерін айтыңдар.

  • Не жауады? Қар қандай?

Қасқырға берілген тапсырма.

  • 1-5 дейін тура, кері санау.

  • Қонжықтарды сана, қайсысы көп, аз?

  • Үстел үстіндегі балалардың жолақшада орындауы.

Логоритмикалық жаттығу «Саусақтар»

Қоянға берілген тапсырма.

  • Тәулік бөліктерін атап беру.

  • Суреттен тауып көрсету

Екі аққалалардың айырмашылықтарын табу, қанша айырмашылық тапсаңдар,сонша дөңгелекті санап көрсетіңдер.

Түлкіге берілген тапсырма.

  • Тіктөртбұрыш үстінде пішіндерді орналастыр.

  • Тіктөртбұрыштың тура ортасына (дөңгелек) орналастыр. Оң жағына (үшбұрыш) орналастыр, сол жағына (шаршыны) орналастыр.

Сергіту сәтті:

Айналада ұшып жүр,

Ақ мамық қар себелеп.

Қалт- құлт еткен бейне бір,

Сірә, ақ қанатты көбелек.

Сөз - сөйлем мағынасына қарай қимыл-қозғалыстар жасау.

Орталыққа бөлу.

Манипулятивтік орталық.

Бірінші топ тапсырмалары:

  • Математикалық планшетте аңдарды үлгі бойынша құрастыру.

«Жолақшада аңдарды санау,теңестіру»

  • Дьениш құралдарынан бейне құрастыру.

Екінші топ тапсырмалары:

  • Аңдар бейнесін үлгіге қарап құрастырып, тіршілігін айтып беру.



Қорытынды:

Аңдардың ормандағы үйге кіріп, тату-тәтті өмір сүріп жатқандарын, қандай тапсырмаларды орындап барып кіргендерін айтып қорытындылау.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 ақпан
571
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі