«М.Маметова атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ-нің
9 «А» сыныбында тәрбие жұмысы бойынша
2025-2026 оқу жылындағы 2-тоқсан есебі
2025-2026 оқу жылындағы 9 «А»
сыныбының тәрбие жұмысының
есебі:
Сыныпта 12 оқушы бар. Бір оқушы үйден
оқытылады. Сыныпта 5 ұл бала, 7 қыз бала. Оқу озаты - 1 оқушы,
екпінді - 8 оқушы, 3 оқушы қанағаттанарлық сапа көрсетті. 2 тоқсан
есеп бойынша 75 пайызбен аяқтады. Оқушылар өте алғыр, белсенді.
Барлық жарыстарға қатысып, үнемі жүлделі орындар алады. Айта
кетсек, пәндік олимпиадаларда Мұратбекұлы Ақниет қатысып жүлделі 3
орынға ие болып, мадақтау қағазымен
марапатталды.
2025 оқу жылында жыл басында сынып оқушыларын адалдыққа, еңбекке, өз Отанын құрметтеуге тәрбиелеу, патриоттық сезімдерін оятып, жан-жақты, білімді, сауатты, мәдениетті жеке тұлға тәрбиелеу мақсатында тәрбие жұмысы 8 бағыт бойынша жасалып бекіттірілді. Жоспарланған жұмыстар уақытылы өткізілді. Атап айтсам:
«Мектеп-мейірімді
мекен» атты ашық тәрбие сағаты өткізілді
Тәрбие сағатының жалпы мақсаты: Оқушыларды өз елінің патриоты
болуға және рәміздерді қадірлеп, қастерлеуге тәрбиелеу, қандай
жетістіктерге жеткені туралы мәлімет беру. Оқушылар сабаққа белсене
қатысып, өз ойларын ашық айтты. Слайд жасалып «Мектеп-мейірімді
мекен» туралы жетістіктері бойынша видео
көрсетілді.
Қыркүйек айында жолда жүру ережелерімен таныстыру жұмыстары жүргізілді. «Жолда жүру ережесімен таныстыру» Жол ережесін, есте сақтау қабілетін, қызығушылығын арттыру. Барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу, осы тақырыпқа байланысты плакаттар шығарды. “Тіл -ең қымбат қазына” мерекесіне байланысты өткізілген шараларға белсене араласты. Бағдат Інжу мен Бақытнұр Аяла кеште жүргізуші болып, сынып белсенділік танытты. Атақты ақын-жазушылардың шығармаларын жатқа айтып, неше түрлі әңгімелер оқыды.
Қазан айында «Қариясы бар ел - қазынасы бар” атты тәрбие сағаты өткізілді. Сынып сағатында қарттар күніне орай мектебімізде мерекелік кеш өткізілді, оқушылар қарттарымызды құттықтап батасын алды. Әр балаға өз ата-әжесін құттықтау тапсырылды.
Қазан айында «Ұстазым менің, ұстазым!» атты тәрбие сағаты өткізілді. Ұстаздар күніне оқушылар өлеңдер оқып, көрініс қойып, өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен мерекелік концертін тамашаладық. Тәрбие сағатында «Ұстаз еңбегінің жемісі», «Білім - өмір шырағы», «Оқу - инемен құдық қазғандай» деген ұғымдардың мағынасын оқушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қазан айында оқушыларға «Республика күні» мерекесінің мән-мағынасын түсіндіру, шәкірттерді елін, жерін, салт-дәстүрін сүюге тәрбиелеу туралы түсіндірме жұмыстар жүргізілді. Тәрбие сағатының жалпы мақсаты: Оқушыларды өз елінің патриоты болуға және рәміздерді қадірлеп, қастерлеуге тәрбиелеу. жылда қандай жетістіктерге жеткені туралы мәлімет беру. Оқушылар сабаққа белсене қатысып, өз ойларын ашық айтты. Оқушылырмен болашақта қандай мамандық таңдайтыны туралы пікірлесу жүргізілді.
15 қараша – Ұлттық валюта – теңге күні. Өз елінің тарихынан ойып орын алған төл теңгеміздің күнін атап өттік.
«Өнегелі 15 минут» – ата-аналардың баласымен мінез-құлық және адамгершілік туралы күнделікті жеке әңгімелесуі
«Қауіпсіздік сабағы» – жол қозғалысы ережелерін, өмір қауіпсіздігі негіздерін зерделеу, білім алушылардың жеке қауіпсіздігін, қауіпсіз мінез-құлқын және т.б. сақтауы туралы сынып сағаты шеңберінде 10 минут ақпарат беріліп, әңгіме өткізілді.
«Жаңа жылдық тарту» Жасыл шырша «Қауіпсіздік және жол қозғалысын ұйымдастыру» Қауіпсіздік сабағы (10 минут) Біздің сынып табиғатты қорғау тақырыбына ерекше көңіл бөледі. Соның ішінде жасыл шырша — ормандардың сәні әрі табиғаттың маңызды бөлігі. Жасыл шырша қысы-жазы жап-жасыл болып тұрады, ауаны тазартады және көптеген жануарларға мекен болады. Сынып оқушылары шыршаның пайдасы туралы мәліметтер жинады. Шырша оттегін бөліп шығарады, ауаны шаңнан тазартады және климаттың тұрақты болуына көмектеседі. Сонымен қатар, шырша Жаңа жыл мерекесінің символы болып саналады.
2 тоқсанды жақсы көңіл-күймен қортындылап, Жаңа жылға бір-бірімізге жақсы тілектер айтып, қысқы каникулға тарадық.

Түрлі костюмдер киіп, бастауыш сыныптарының мерекесіне белсене атсалысты.

26 желтоқсан күні бәріміз жиналып, бір үйдің баласындай Жаңа жылдық шырша тойымызды өткізіп, тарастық.
«М.Маметова атындағы орта мектеп-мектепке дейінші шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
9 «А» сынып
І жартыжылдық бойынша тәрбие жұмысының есебі

2025-2026 оқу жылы
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жартыжылдық бойынша тәрбие есебі

шағым қалдыра аласыз