400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

1 желтоқсан

Материал туралы қысқаша түсінік
тәжірибе алмасу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Елбасы- кемеңгер көшбасшы

Сабақтың мақсаты: Бүгінгі жас ұрпаққа Елбасының ерекше қадір-қасиетін,

тұғырын түсіндіру. Қазақстан Республикасының

президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың

өмір жолдары туралы түсінік беру, ерен еңбегін

мақтаныш сезіммен оқушы бойына сіңіру.

Еліне, Отанына деген сүйіспеншіліктерін ояту.

Тұлғалы адамдарды құрметтеуге, қадір тұтуға

тәрбиелеу.


Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайдтар, суреттер.


Сабақтың барысы.

І Ұйымдастыру бөлімі

Кіріспе сөз

Ән ұран орындалады.

"Балалық шағымның аспаны" фильмінен үзінді

Тақырыпты ашу

Бүгін бізде ерекше сабақ, Өйткені біз бүгін өзіміздің Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы кең мағлұмат аламыз. Қазақстанның егеменді ел атануына Елбасымыздың қосқан үлесі зор. Қазақстанды мекендеген барлық халықтардың ұлттық мәдениетін көркейтіп, бірлігі мен ынтымақтығын жарастырып отырған ұлы тұлға. Тәуелсіздік жемістерін, бүгінгі қол жеткізген табыстарын біліп жүру – біздің басты міндетіміз.

Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық.

Топтық жұмыс

1 топ "Үшқоңыр"

1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында көптен күткен ұл өмірге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды.Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын».

Балалық шағы таршылық жағдайда өткен. Үлкендердің мал бағуына, бау - бақша өсіруіне көмек көрсетіп, шөпшек теріп, отын жарған. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алады.

Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті.

2 топ "Теміртау"

Орта мектепті бітіргеннен кейін еңбек жолын 1960 жылы Қараған

ды облысының Теміртау қаласындағы «Казметаллург» тресінде жұмысшы бо

лып бастады.1969 жылы партиялық қызметке ауысып,Теміртау қалалық ком- сомол қызметінде бөлім меңгерушісі,екінші хатшы болып істеді.1973-1977 ж

Қарағанды металлургия комбинатында партком хатшысы ,облыстық партия кабинетінде екінші хатшы қызметтерін атқарды.1979-1984 жылдары Қазақ- стан Компартиясы Орталық комитетінің хатшысы,1984-1989 жылғы маусым- ға дейін Қазақ КСР-ң Министрлер Кеңесінің Төрағасы болып қызмет етті.

5-оқушы: -1990 жылғы сәуірде республика Жоғарғы Кеңесінде Қазақ КСР-ң

Президенті болып сайланды.Қазақ елі бағынып тұрған КСРО мемлекеті құл- дырап,күйрей бастады.1991 жылы 1 желтоқсанда Н.Ә.Назарбаев бүкіл халық- тың дауыс беру нәтижесінде Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды.Еліміздің ауыр да қиын кезеңдерінде Елбасы әлеуметтік,экономика лық және саяси реформалар жүргізіп,қоғамды қиындықтан алып шықты.

Н.Ә.Назарбаевтың өмір және еңбек жолын атап өту:

1960—69 жж. — Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.

1969—73 жж. — Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.

1973—77 жж. — Қарметкомбинаттың партком хатшысы.

1977—79 жж. — Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-ші хатшысы.

1979—84 жж. — Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы.

1984—89 жж. — Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы.

1989—91 жж. — Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы,

1990 ж. ақпан—сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы болды.

1990 ж. сәуірінен — Қазақ КСР президенті.

1991 ж. желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7 %) жеңіске жетті.

1995 ж. сәуірдің 29-ында жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000 ж. дейін ұзартылды.

1999 ж. қаңтардың 10-ында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесiнде Н. Назарбаев 79,78 % дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды.

2005 ж. желтоқсанның 4-інде сайлаушылардың 91,5 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.

Президент болып сайланғаннан кейін ол ұлтаралық татулық үшін бар жігерін жұмсады.Ұлтаралық жарастықты жетілдіру мақсатында Қазақстан Халықтар Ассамблеясын құрғаны өзін-өзі ақтаған бастама бол- ды.Бұл қоғамдық мнститут ел тағдырының ең шешуші сәттерде оң баста- маларымен көзге түсіп,орнықтылық ахуалды одан әрі нығайтуға өз үлесін

Қосып келеді.Беделді халықаралық ұйымдардың жоғары бағасына ие бол- ды.Сол сияқты қазақ халқының тілі,діні,мәдениетінің дамуына зор көңіл бөлуде.

3 топ "Астана"

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайы Елбасының 2004 жылғы 28 тамызы күнгі Жарлығымен құрылған. Алғашқы келушілерін мұражай 2005 жылдың наурыз айында қабылдаған. Ол Президенттің Резиденциясы ғимаратында орналасқан. Мемлекет Басшысы жұмыс атқарған кезеңдегі жұмыс кабинеттері мен залдардың интерьері мен жабдықтары сол күйі өзгертілмей сақталған.
Мұражай экспозициясында мұрағаттық құжаттар, ғылыми еңбектер, кітаптар, сыйлықтар жиынтығы, марапаттаулар мен егеменді Қазақстан тарихына жататын және еліміздің Тұңғыш Президентінің өмір сатылары, мемлекеттік және қоғамдық қызметтерінен хабар беретін басқа да материалдар сақталуда. Бүгінгі таңда мұражай қоры 124.000 сақтау бірліктерін қамтиды. Мұражайлық топтама 8 мыңнан астам көрме қойылымдарына ие. Елбасының жеке кітапханасында кітаптар мен баспа басылымдарының 16.000 данасы ұсынылған.
«Атамекен» залында Тұңғыш Президенттің жас кезең өмірімен таныстыратын экспозициялар ұсынылған. Бұл залда сәндік – көркемдік өнер туындылары, үй тұрмыстық заттары, фотосуреттер мен мұрағаттық құжаттар Н.Ә.Назарбаевтың туған жері, жанұясы, балалық шағы, мектеп жылдарынан сыр шертеді. Экспозицияны Іле Алатауы баурайындағы көркем Үшқоңыр шатқалының диорамасы аяқтайды. Президент биографиясына арналған келесі зал – «Н.Ә.Назарбаевтың еңбек жолы» деп аталады, онда Президенттің Теміртау қаласындағы металлург зауытындағы жұмысы, Днепродзерджинск техникалық училищесіндегі оқуымен байланысты экспонаттар, фотоқұжаттары, күнделігі, құттықтау телеграммалары, КОКП XXVI съезіне Қарағанды облысынан делегация болғандығы туралы куәлігі тұр.

Қазақстан Республикасының қалыптасу мәселелеріне арналған экспозиция бұрынғы Резиденцияның отырыс залында орналасқан. Бүгінгі таңда бұл залда көрсетілген мұражайлық экспонаттар жүйелі түрде тәуелсіз Қазақстанның конституция – құқықтық, территориялық, стратегиялық, экономикалық, әлеуметтік және саяси реформалардың тарихин ашып көрсетеді. Мұрағаттық құжаттар, фотографиялар, карталар, эскиздер – бұл үдерістердің ел үшін маңыздылығын көрсетеді.

Көркем залдардың бірі – Күміс залында шетел елдерінің жоғары марапаттауларының бірегей көрмесі «Президентке марапат – халыққа құрмет» көрсетілген. Экспозиция Н.Ә.Назарбаевқа 1972 жылы берілген «Құрмет белгісімен» басталады. Залда әртүрлі мемлекеттерден алынған жоғары марапаттаулардың сирек кездесетін үлгілерін көруге болады: Әулие апостол Андрей Первозванный ордені (Ресей Федерациясы), Үлкен Құрмет Жұлдызы (Австрия), Әулие Михаилдің Үлкен Крест ордені мен Бірінші дәрежелі Әулие Георгийдің ордені (Ұлыбритания), Ұлы Бадр алқасы (Сауд Арабия Әмірлігі), т.б. Салтанатты күмбез залында сыйлықтар– Мемлекет басшысына іскери кездесулер мен келісімдер, ресми сапарларында берілген өнер, мүсін, сәндік – қолданбалы өнер туындылары орналастырылған. Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өткізілген залда Елбасымызға сый ретінде ұсынылған қару – жарақтың әр түрімен ерекшеленеді. Олардың ішінде саптық, аңшылыққа арналған, қорғау және оқ ататын қарулардың бірегей үлгілері бар.

Келушілердің назарын өзінің бастапқы қалпын сақтап қалған Мемлекет басшысының кабинеті ерекше алады. Үстел үстіндегі жазба құралдары, жазба және белгілері бар блокнот, сөз сөйлеу тезистері мен құжаттар Президенттің күнделікті жұмыс күнінің атмосферасын тудырады.

Елдің спорттық жетістіктері көрсетілетін залда спорттық бұйымдар мен олимпиада чемпиондары, әлем чемпиондары мен VII Қысқы Азия ойындарының жеңімпаздарының олжалары халық назарына ұсынылады: Бахтияр Артаевтың веногы, Василий Жиров пен Марат Әзімбаевтың белбеулері, Серік Сапиевтің боксер қолғаптары, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Александр Винокуров, Андрей Кашечкин, асан Базаевпен сыйға тартылған «алтын» велосипед, VII Қысқы Азия ойындарындағы марапаттаулар топтамалары. Экспозицияда ұзындығы 200 мыңдық жолды жүріп өтіп, әлемнің 80 еліне саяхат жасаған байк Дмитрий петрухиннің атақты «темір тұлпары» көрсетілген. Мұражайдщың кітаптық жиынтықтарында мемлекеттік және саяси қайраткерлердің қолтаңбаларымен бірге көптеген авторлық кітаптар, XVIII – ХІХ ғасырлардың басылымдары, Құран басылымының топтамасы, әлем елдерінің мәдениеті мен фольклоры бойынша кітаптар ұсынылады.

Мұражай көлемді жобалар аясында ірі көрмелік жұмыстарды ұйымдастырады. Олардың бірі төл дәстүрлеріміз, елдің әртүрлі аудандарының материалды және рухани мәдениетінің заттары көрсетілген «Болашаққа ұмтылған Қазақстан» жобасы болды. Барлық облыстардың мұражайлары ең белгілі және қызықты экспонаттарын алып келген. Басқа халықаралық «Мәдениет арқылы диалог» жобасы көрермендерге әлем халықтарының мәдениетін көрсетті. Тұңғыш Президент мұражайы ағартушылық қызмет аясында өзінің көрме қойылымдарын Қазақстанның облыстық мұражайларына шығарады, білім беру бағдарламаларын, мұражайлық сабақтарды ұйымдастырады. Ғылыми қызмет аясында мұражай тәуелсіз елдің қалыптасу және нығаю тарихы зерттеулерімен айналысады.


"Экспоға саяхат" көрініс


"Рухани жаңғыру "бұрышына презентация

Тәуелсіздік –әдеби монтаж


Әр сөздің астарында осы арада,

Ағайын, ой жіберіп жете қара.

Тәуелсіз Қазақстан тарихында

Тұлғасы Елбасының жеке дара

Өмірдің судай ағып өзегімен,

Келеді Президенттер кезегімен.

«Елбасы – Назарбаев» - егіз ұғым,

Жасайды мәңгі бірге өз елімен!



Елбасымыз саған мәңгі разымыз,

Үлкен-кіші ағайындар, бәріміз.

Ұлтым, елім деп қайғырған ұлы жан,

Сіз біздердің піріміз де әніміз.

Ән: «ЖАСҰЛАН»

КЕРІ бАЙЛАНЫС "Аялы алақан"

Қорытындылау.

« Біз бүгінгі бейбіт тірлігіміз үшін Қазақстан деп аталатын республикасының жер бетінде барлығы үшін тарихтың әр тұсында осы елді,осы жерді қорғаған қайсар жандарды аруағының алдында қашанда қарыздармыз».

Балалар ,біздің дүниеде бір ғана Отанымыз бар-ол-«Тәуелсіз Қазақстан»

Елбасымыз айтқандай кең байтақ Қазақстан - туған өлкеміз,оны сүйіп,құрметтеу-барлығымыздың парызымыз.

Елбасымыз-Қазақстан елін дамытып,одан әрі өркендеуіне басшылық етіп отырған ерекше тұлға.

Біз әрқашан Елбасымызды мақтан тұтамыз.!









































№41 жалпы білім беретін орта мектебі














Елбасы- кемеңгер көшбасшы


5"А" класс



Өткізген : Ақжанова Г.С




























2017-2018 оқу жылы


№41 жалпы білім беретін орта мектебі














Қош келдің, жаңа жыл!


5"А" класс



Өткізген : Ақжанова Г.С



























2017-2018 оқу жылы

№41 жалпы білім беретін орта мектебі














"Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру"



5"А" класс



Өткізген : Ақжанова Г.С

























2017-2018 оқу жылы


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 қараша
504
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі