Тақырыбы:1
Желтоқсан – Тұңғыш президент күні
Мақсаты:Жас
ұрпаққа президентіміздің сан қырлы
талант иесі, құдіретті тұлға екенің
таныту. Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан
үлгі алуға тәрбиелеу.
Көрнектіліктер:Елбасы
суреті,слайд
Ұйымдастыру
кезеңі:
Тәрбиеші:Кәне
енді бәріміз шеңберге тұрайық.Әнұран
орындалады. Жарайсыңдар балалар! Балалар
бүгін біз сабағымызда Еліміздің айтамыз.
Тақтаға қараңдаршы, мына суретте кім
бейнеленген?
Балалар:Нұрсұлтан
Назарбаев!
Тәрбиеші:Дұрыс,
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ал, балалар
ол кім екенін білесіңдер ме?
Балалар:Ол
біздің президентіміз!
Тәрбиеші:Дұрыс,
балалар! Ол
Қазақстан Республикасының тұңғыш
президенті.
Балалар,
сендердің мамаларың, папаларың жұмыс
істегендей, Нұрсұлтан Назарбаевтың
жұмысы президент болу. Біздің президентің
жұмыс орны қайда, кім біледі?
Балалар:Астанада!
Тәрбиеші:Дұрыс!
Астанада Ақордада. Балалар Астанада
тағыда не бар?
Балалар:Астанада
Бәйтерек бар!
Тәрбиеші:Дұрыс!
Бәйтерек бар, ол біздің елдің символы.
Ал, балалар, сендер біздің елдің рәміздерін
білесіңдер ме?
Балалар:Иә,
білеміз. Олар: ту, әнұран және елтаңба.
Тәрбиеші:Жарайсыңдар,
балалар! Балалар «Туды құрастыр» ойынын
ойнайық.
Мен
сендерге геометриялық пішіндерді
беремін, сендер бұл пішіндерден
туды құрастыруларың
керек. Кім бірінші болып құрастырады
екен?
Жарайсыңдар,
балалар! Балалар, біздің туымызға
қараңдаршы, не белгіленген?
Балалар:Күн,
бүркіт, ою.
Тәрбиеші:Дұрыс!
Ал бұл суреттер не білдіреді, білесіңдер
ме? Балалар біздің туымыздың түсі қандай?
Балалар:Көк!
Тәрбиеші:Дұрыс!
Ол аспанымыз ашық болсын дегенді
білдіреді. Күннің бейнесін қараңдаршы
– күннің сәулелері біздің еліміздегі
ұлттар саны. Біздің елімізде жүз отыз
ұлт бар екен. Осы күн – 100 ді білдіреді,
ал сәулелері отыз екен. Қыранның бейнесі
– еліміз әрқашан биікте самғасын,
биіктен көрінсін деген. Және туымыздың
жанында оюлар бар. Бұл оюлар тудың қазақ
елінің туы екенін білдіреді. Енді балалар
Елтаңбамызға қараңдар. Елтаңбаның
ортасында не тұр?
Балалар:
Шаңырақ!
Тәрбиеші:Дұрыс!
Балалар шаңырақ біздің елтаңбамыздың
жүрегі. Шаңырақ-үйдің, отбасының бейнесін
білдіреді. Тағы
да не бар?
Балалар:Ат
бар!
Тәрбиеші:Дұрыс,
қанатты ат бар. Атты біздің ата-әжелеріміз
ер-азаматтың қанаты деген. Төбесінде
жұлдыз бар. Ол – біздің еліміз әрқашанда
биіктен көрінсін деген ойды білдіреді.
Ал астындағы «Қазақстан» деген жазу
Елтаңбаның біздің елдікі екенін
білдіреді.
Шаршадыңдар
ма балалар?
Балалар:Иә,
шаршадық!
Тәрбиеші:Кәне
келіңдер сергіту сәтіне.
Біз
бақытты баламыз,
Шырқап
әнге саламыз.
Туыспыз
біз бәріміз,
Бір
Отанды сүйеміз
Қорытынды:
Балалар
біз бүгін сабақта кім туралы айттық?
Балалар:Нұрсұлтан
Назарбаев туралы.
Тәрбиеші:Ол
кім?
Балалар:Ол
біздің елдің тұңғыш президенті.
Тәрбиеші:Дұрыс!
Біздің еліміз қалай аталады?
Балалар:Қазақстан!
Тәрбиеші:Дұрыс!
Маған біздің елдің рәміздерін атап
беріңдерші. Олар нені
білдіреді?Жарайсыңдар,
балалар! Осымен сабағымыз аяқталды.