Тақырыбы:
«1
Желтоқсан – Тұңғыш президент күні»
Мақсаты:
Жас ұрпаққа президентіміздің сан қырлы
талант иесі, құдіретті тұлға екенің
таныту. Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан
үлгі алуға тәрбиелеу.
Көрнектіліктер:
Елбасы суреті,Ту,Елтаңба,Ақорда,Байтерек,Ханшатыр.
Тәрбиеші:
Балалар, қараңдаршы, біздің ұйымдастырылған
оқу қызметімізге қонақтар келіп отыр.
Кәне балалар, қонақтармен амандасайық.
Балалар:
Сәлеметсіздер ме!
Тәрбиеші:
Жарайсыңдар, балалар! Кәне енді бәріміз
шеңберге тұрайық.
Шаттық
шеңбері: Әнұран орындалады.
Тәрбиеші:
Жарайсыңдар балалар! Балалар бүгін біз
ұйымдастырылған оқу қызметінде Еліміздің
тұңғыш президенті жайында айтамыз.
Тақтаға қараңдаршы, мына суретте кім
бейнеленген?
Балалар:
Нұрсұлтан Назарбаев!
Тәрбиеші:
Дұрыс, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ал,
балалар ол кім екенін білесіңдер ме?
Балалар:
Ол біздің тұңғыш
президентіміз!
Тәрбиеші:
Дұрыс, балалар! Біздің
еліміз қалай аталады?
Балалар:Қазақстан
Тәрбиеші:Біздің
бас қаламыз қай қала?
Балалар:
Нұр-сұлтан
қаласы!
Тәрбиеші:
Дұрыс! Нұр-сұлтан қаласында қандай
әдемі ғимараттар бар екенін білесіңдер
ме?
Балалар:
Ақорда,Ханшатыр,Бәйтерек бар!
Тәрбиеші:
Дұрыс! Бәйтерек бар, ол біздің елдің
символы. Ал, балалар, сендер біздің елдің
рәміздерін білесіңдер ме?
Балалар:
Иә, білеміз. Олар: ту, әнұран және елтаңба.
Тәрбиеші:
Жарайсыңдар, балалар! Балалар «Туды
құрастыр» ойынын ойнайық. Мен сендерге
геометриялық пішіндерді беремін, сендер
бұл пішіндерден туды құрастыруларың
керек. (әр үстелге берем)
Жарайсыңдар,
балалар! Балалар, біздің туымызға
қараңдаршы, не бейнеленген? Балалар:
Күн, бүркіт, ою.
Тәрбиеші:
Дұрыс! Ал бұл суреттер не білдіреді,
білесіңдер ме?
Балалар
біздің туымыздың түсі қандай?
Балалар:
Көк!
Тәрбиеші:
Дұрыс! Ол аспанымыз ашық болсын дегенді
білдіреді.
Күннің
бейнесін қараңдаршы – күннің
сәулелері біздің еліміздегі ұлттар
саны. Біздің елімізде жүз отыз ұлт бар
екен. Осы күн – 100 ді білдіреді, ал
сәулелері отыз екен. Қыранның бейнесі
– еліміз әрқашан биікте самғасын,
биіктен көрінсін деген. Және туымыздың
жанында оюлар бар. Бұл оюлар тудың қазақ
елінің туы екенін білдіреді.
Енді
балалар Елтаңбамызға қараңдар. Елтаңбаның
ортасында не тұр?
Балалар:
Шаңырақ!
Тәрбиеші:
Дұрыс! Балалар шаңырақ біздің елтаңбамыздың
жүрегі. Шаңырақ-үйдің, отбасының
бейнесін білдіреді.
Тағы
да не бар?
Балалар:
Ат бар!
Тәрбиеші:
Дұрыс, қанатты ат бар. Атты біздің
ата-әжелеріміз ер-азаматтың қанаты
деген. Төбесінде жұлдыз бар. Ол – біздің
еліміз әрқашанда биіктен көрінсін деген
ойды білдіреді. Ал астындағы «Қазақстан»
деген жазу Елтаңбаның біздің елдікі
екенін білдіреді.
Ал,балалар
сендер Отан туралы тақпақ білесіңдер
ме?
Жалғас:
Отан
деген-Атамекен,
Отан
деген-туған жер.
Отан-ана,Отан-пана,
Қазақстан
туған ел.
Жанайым:
Әнұраны
елімнің,
Шақырады
бірлікке.
Егеменді
халқымның,
Болашағы
бірлікте.
Айым:
Отан
туы желбіреп,
Көз
тартады құбыла.
Біз
қараймыз елжіреп,
Туған
жердің туына.
Амир:
Сәулеңді
шаш еліңе,
Нұрыңды
төк жеріңе.
Киелі
менің Елордам,
Бақ
болып қонған төріме.
Шаршадыңдар
ма балалар?
Балалар:
Иә, шаршадық!
Тәрбиеші:
Кәне келіңдер сергіту сәтіне.
Біз
бақытты баламыз,
Шырқап
әнге саламыз.
Туыспыз
біз бәріміз,
Бір
Отанды сүйеміз
Тосын
сый: (қонаққа пошташы келеді)
Сурет
салу. Есік
қағылып, пошташы келеді. Ол өзімен
сиқырлы суреттер алып келгенін
айтады.Суреттерді бір түспен бояу қажет.
(Алдын
ала майшаммен ақ қағазға салынған
бәйтеректің суреттерін таратып беремін.
Балалар субояумен бір тегіс етіп бояйды.
Майшаммен салынған сурет субояу жұқпай
көрінеді.) Қане балалар іске кірісіп
суреттерді бояйық.
Қорытынды:
Балалар біз бүгін ұйымдастырылған оқу
қызметінде кім туралы айттық?
Балалар:
Нұрсұлтан Назарбаев туралы.
Тәрбиеші:
Ол кім?
Балалар:
Ол біздің елдің тұңғыш президенті.
Тәрбиеші:
Дұрыс! Біздің еліміз қалай аталады?
Балалар:
Қазақстан!
Тәрбиеші:
Дұрыс! Маған біздің елдің рәміздерін
атап беріңдерші.
Олар
нені білдіреді?
Жарайсыңдар,
балалар! Осымен біздің ұйымдастырылған
оқу қызметіміз аяқталды. Орнымыздан
тұрып, келген қонақтарды шығарып
салайық.