1 Желтоқсан – Тұңғыш президент күні

Тақырып бойынша 11 материал табылды

1 Желтоқсан – Тұңғыш президент күні

Материал туралы қысқаша түсінік
1 Желтоқсан – Тұңғыш президент күні туралы балабақша тәрбиеленушілеріне арналған ұйымдастырылған ашық оқу қызметі
Материалдың қысқаша нұсқасы

ЖШС «Аю» балабақшасы















Тақырыбы:



1 Желтоқсан – Тұңғыш президент күні





























Дайындаған : «Ягодка» тобының тәрбиешісі Дүйсенова Т Қ



Тараз қ

2020 – 2021 оқу жылы



1 Желтоқсан – Тұңғыш президент күні

Мақсаты: Жас ұрпаққа президентіміздің сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенің таныту. Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.

Көрнектіліктер: Елбасы суреті.

Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы, біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр. Кәне балалар, қонақтармен амандасайық.

Балалар: Саламатсыздар ма!

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Кәне енді бәріміз шеңберге тұрайық.

Шаттық шеңбері: Әнұран орындалады.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Балалар бүгін біз сабағымызда Еліміздің тұңғыш президенті жайында айтамыз. Тақтаға қараңдаршы, мына суретте кім бейнеленген? Балалар: Нұрсұлтан Назарбаев!

Тәрбиеші: Дұрыс, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ал, балалар ол кім екенін білесіңдер ме?

Балалар: Ол біздің тұңғыш президентіміз!

Тәрбиеші: Дұрыс, балалар! Ол Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті. Біздің президентің жұмыс орны қайда, кім біледі?

Балалар: Астанада! Тәрбиеші: Дұрыс! Астанада Ақордада, кәзір ол бас қала Нұрсұлтан деп аталады. Балалар Астанада тағыда не бар?

Балалар: Астанада Бәйтерек бар! Тәрбиеші: Дұрыс! Бәйтерек бар, ол біздің елдің символы. Ал, балалар, сендер біздің елдің рәміздерін білесіңдер ме?

Балалар: Иә, білеміз. Олар: ту, әнұран және елтаңба.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Балалар «Туды құрастыр» ойынын ойнайық. Мен сендерге геометриялық пішіндерді беремін, сендер бұл пішіндерден туды  құрастыруларың керек. Кім бірінші болып құрастырады екен? Жарайсыңдар, балалар! Балалар, біздің туымызға қараңдаршы, не белгіленген?

Балалар: Күн, бүркіт, ою.

Тәрбиеші: Дұрыс! Ал бұл суреттер не білдіреді, білесіңдер ме? Балалар біздің туымыздың түсі қандай?

Балалар: Көк! Тәрбиеші: Дұрыс! Ол аспанымыз ашық болсын дегенді білдіреді. Күннің бейнесін  қараңдаршы – күннің сәулелері біздің еліміздегі ұлттар саны. Біздің елімізде жүз отыз ұлт бар екен. Осы күн – 100 ді білдіреді, ал сәулелері отыз екен. Қыранның бейнесі – еліміз әрқашан биікте самғасын, биіктен көрінсін  деген. Және туымыздың жанында оюлар бар. Бұл оюлар тудың қазақ елінің туы екенін білдіреді. Енді балалар Елтаңбамызға қараңдар. Елтаңбаның ортасында не тұр?

Балалар: Шаңырақ! Тәрбиеші: Дұрыс! Балалар шаңырақ біздің елтаңбамыздың жүрегі. Шаңырақ-үйдің,  отбасының бейнесін білдіреді. Тағы да не бар?

Балалар: Ат бар! Тәрбиеші: Дұрыс, қанатты ат бар. Атты біздің ата-әжелеріміз ер-азаматтың қанаты деген. Төбесінде жұлдыз бар. Ол – біздің еліміз әрқашанда биіктен көрінсін деген ойды білдіреді. Ал астындағы «Қазақстан» деген жазу Елтаңбаның біздің елдікі екенін білдіреді. Шаршадыңдар ма балалар? Балалар: Иә, шаршадық!

Тәрбиеші: Кәне келіңдер сергіту сәтіне.  

Біз бақытты баламыз,

Шырқап әнге саламыз.

Туыспыз біз бәріміз,

Бір Отанды сүйеміз  

Қорытынды: Балалар біз бүгін сабақта кім туралы айттық?

Балалар: Нұрсұлтан Назарбаев туралы.

Тәрбиеші: Ол кім?

Балалар: Ол біздің елдің тұңғыш президенті.

Тәрбиеші: Дұрыс! Біздің еліміз қалай аталады?

Балалар: Қазақстан!

Тәрбиеші: Дұрыс! Маған біздің елдің рәміздерін атап беріңдерші.

Олар нені білдіреді?

Жарайсыңдар, балалар! Осымен сабағымыз аяқталды. Орнымыздан  тұрып, келген қонақтарды шығарып салайық.




























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
06.12.2021
468
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі