« 1-желтоқсан-Қазақстан
Республикасының тұңғыш президент
күні»
Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Іле
Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан
Назарбаевтардың шаңырағында көптен күткен ұл өмірге келді. Оған
әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды.Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан
бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді
тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі
Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі
бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан
болсын».
Отбасы Зайыбы, Сара Алпысқызы
Назарбаева, 1992 жылғы ақпаннан – Халықаралық «Бөбек» балалар
қайырымдылық қорының негізін салушы және президенті. Бүгінде
«Бөбек» – республиканың тек Қазақстанда ғана емес, сонымен бірге,
шет елдерде де мойындалған ең белсенді қайырымдылық
қоры.
Қор жүздеген және мыңдаған қайырымдылық шараларын өткізіп,
жетім балалар мен мүгедектерге көмек, аналарға қолдау көрсетіп
келеді.
С.Назарбаева – 1994 жылғы шілдеден бастап «SOS –
Қазақстанның балалар қалашықтары» қорының президенті.
1999 жылғы наурыздан бастап «Демография» қайырымдылық
қоры қамқоршылар кеңесінің төрайымы.
Назарбаева
Дариға Нұрсұлтанқызы (1963 ж.т.), үлкен қызы. Екі ұлы
және қызы бар. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік
университетін тәмамдаған.
Саяси ғылымдар докторы. Қазақ, орыс, ағылшын, итальян және
неміс тілдерін меңгерген.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоғамдық
Қорының директоры. ҚР Парламенті Мәжілісінің 5-шақырылымдағы
депутаты. Әлеуметтік-мәдени даму комитетін
басқарады.
Құлыбаева Динара Нұрсұлтанқызы (1967 ж.т.), ортаншы қызы. Ұлы мен қызы бар. 1989 жылы
А.В.Луначарский атындағы Мәскеу мемлекеттік театр өнері институтын
бітірді. Қазақ, орыс,
ағылшын және итальян тілдерін меңгерген.
1998 жылы
Қазақстандық менеджмент, экономика және болжау институтында
іскерлік әкімшіліктендіру магистрі дәрежесін алды. 2007 жылы
докторлық диссертация қорғады. 2004 жылдан бері Қазақстан-Британ
техникалық университеті директорлар кеңесінің төрайымы.
Нұрсұлтан Назарбаевтың Білім беру қорын басқарады.
Назарбаева Әлия
Нұрсұлтанқызы (1980 ж.т.), кіші қызы. Қазақстандағы және
шетелдердегі мектептер мен университеттерде оқыды. ҚазМЗУ-ді
бітірген. Қазақ, орыс, ағылшын және неміс тілдерін меңгерген. Екі
қыз тәрбиелеп отыр.
«Европа плюс»
радиосында директордың көмекшісі, «ТұранӘлемБанкте» заң
департаментінің стажері, Нұрсұлтан Назарбаевтың хатшысы
болып жұмыс істеді. «Элитстрой» құрылыс компаниясының
басшысы.
Нақыл
сөздер
Отан туралы;
1.Отан оттан да ыстық.
2.Отансыз адам-ормансыз бұлбұл.
3.Отан-елдің анасы,
Ел-ердің анасы.
Адам,халық туралы;
1.Адам-ардақты ат.
2.Адам адамға,жан кеудеге мейман.
3.Адамның күні адаммен.
Батылдық,қайраттылық туралы;
1.Нар тәуекел-ер ісі.
2.Күш атасын танымас.
3.Күшін білмеген күшенер.
Тәрбие,өсиет туралы;
1.Бала тәрбиесі бесіктен.
2.Ағадан-ақыл,атадан-нақыл.
3.Тәрбиелі адам тағаланған атпен
тең.
Ақыл туралы;
1.Ақыл-Алланың сыйы.
2.Ақыл-сөзде,мерей-көзде.
3.Ақыл алтау,ой жетеу.