Тақырып бойынша 11 материал табылды

№1 жұмыс. Өлшеуіш цилиндр (мензурка) бөліктерінің құнын анықтау. Дененің көлемін өлшеу.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға арналған материал
Материалдың қысқаша нұсқасы

7 КЛАСС.

1 жұмыс. Өлшеуіш цилиндр (мензурка) бөліктерінің құнын анықтау. Дененің көлемін өлшеу.

Жұмыстың мақсаты: Өлшеуіш цилиндрді мысалға ала отырып, аспаптар шкалалары бөліктерінің құнын анықтау; оларды қолдануды үйрену және өлшеуіш цилиндрді пайдаланып, дененлердің көлемін өлшеу.

Құрал – жабдықтар: Өлшеуіш цилиндр (мензурка), су құйылған тос-таған, жіңішке жіп, әр түрлі ыдыстар мен денелер (гайка, өшіргіш,т.б.)

1 - тапсырма: Өлшеуіш цилиндр бөліктерінің құнын анықтау.

Жұмыстың барысы:

  1. Өлшеуіш цилиндрді мұқият көріп шығыңдар, оның шкаласына зер салыңдар. Қолдарыңдағы өлшеуіш цилиндрдің шкаласындағы жазуға қарап, ол арқылы көлемді қандай бірліктермен анықтауға болатынын дәптерлеріңе жазып алыңдар.

  2. Оқулықтағы 10-параграфты қайталап, қолдарыңдағы өлшеуіш цилиндрдің бөлік құнын анықтаңдар.

  3. Сұйық көлемін см3 өлшем бірлікпен аламыз.

  4. Өлшеуіш цилиндрдің бір бөлік құны 1 см3. Аспап қателігі бөлік құнының жартысына тең, яғни 0,5 см3.

  5. Қолдарыңдағы өлшеуіш цилиндрді пайдаланып, жүргізілген өлшеулердің қателігін анықтаңдар. Ол үшін цилиндрге су құйып, құйылған судың көлемін өлшеу қателігін ескере отырып анықтаңдар.

  6. Анықталған шамаларды дәптерге жазып алыңдар.

  7. Өлшеуіш цилиндрдің сипаттамаларын және өлшеген сұйық көлемін мына кестеге жазыңдар:

Мензурканың ең үлкен өлшеу көлемі, оның бірлігі

Мензурка бөлігінің құны

Өлшеу қателігі

Қателігі көрсетілген өлшеу нәтижесі (сұйық көлемі)

100 см3

1 см3

0,5 см3

54-0,5 54+0,5

Ескерту: Сұйықтық көлемін есептегенде көздің шкаланы көру деңгейіне көңіл аударыңдар. Көзді су бетінің жазықтығымен дәл келетін горизонталь деңгейде бағыттау керек.

2- тапсырма. Әр түрлі пішіндегі қатты денелердің көлемін анықтау.

Жұмыстың барысы:

  1. Өлшеуіш цилиндрге қатты дене толық болатындай етіп су құйып, денені сұйыққа толық батырыңдар. Сонда мензуркадағы судың соңғы және алғашқы деңгейлерінің айырмасы қатты дененің көлеміне тең болады.

  2. Пішіні мен көлемі әр түрлі 2 – 3 қатты денені таңдап алып, оны жіңішке жіппенбайлап, суы бар өлшеуіш цилиндрге салыңдар да,

көлемін анықтаңдар. Өлшеу нәтижелерін кестеге жазыңдар.







Өлшейтін дене

Сұйықтың бас-тапқы көлемі

( V1, см3 )

Дене мен сұйықтық-тың көлемі (V2, см3 )

Қатты дененің көлемі

(V = V1- V2) см3

цилиндр

Тас

60

38

72

45

12

7

3 .Өлшеуіш цилиндрге сыймайтын дененің көлемін шүмегі бар ыдыстың көмегімен анықтауға болады. Өлшеу алдында ыдысқа шүмектің жоғары деңгейіне жеткенше су құйылады. Денені

ыдыстағы суға батырғанда оның көлеміне тең су асып

төгіледі.төгілген судың көлемін мензуркамен өлшеп,

батырылған ірі дененің көлемін анықтайды.

Егер зертханада шүмегі бар ыдыс жоқ болса, онда бірінің ішіне бірі сиятын кез келген ыдысты пайдалануға болады. Бұл жағдайда ішкі ыдысқа суды кемеріне дейін толтырып құю керек. Денені суға батырғанда оның көлеміндей су сыртқы ыдысқа құйылады. Құйылған судың көлемін мензуркамен өлшейді.

Қорытынды. Оқушылар аспаптың бөлік құнын таба білуге, аспап қателігі, әр түрлі пішіндегі дененің көлемін анықтау туралы білімі толығады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.06.2018
24561
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12