Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз

Түсінікті
2024-2025 оқу жылына арналған
қысқа мерзімді сабақ жоспарларын
Жүктеп алғыңыз келеді ме?
1 класс Цифровая грамотность ксп
Материал туралы қысқаша түсінік
1 класс Цифровая грамотность ксп
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
06 Мамыр 2024
246
1 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!

Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Р.А. Қадырқұлов, Н.К. Беристемова
ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ
Әдістемелік нұсқау
Бастауыш білім беру деңгейінің
1-сынып мұғалімдеріне арналған
2023
1
Алғы сөз
Бұл әдістемелік нұсқау 1-сыныптың «Цифрлық сауаттылық» электрондық
оқулығын оқытуда мұғалімдерге көмекші әдістемелік нұсқау ретінде ұсынылады.
Әдістемелік нұсқауда жаңартылған білім беру мазмұнының талаптарына сай дайындалған
оқулықты үйлесімді пайдалану үшін әрбір тақырыпты тиімді жоспарлау, оқыту және
қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру барысында мұғалімдер қауымына арналған
бағыт-бағдар берілген. Сонымен қатар, «Цифрлық сауаттылық» оқулығын оқытудың
мақсат-міндеттері, әдіс-тәсілдері, оқушы жетістігін бағалау, оқытудың әдістемелік
ерекшеліктері, оқулық мазмұнының құрылымына түсіндірме, ұзақмерзімді және
қысқамерзімді сабақ жоспарлары қамтылған.
Оқулықтың әрбір тақырыбының мазмұны мен құрылымы оқушы игеретін жаңа
білім мен тәжірибеге бағытталған ой қозғау, психологиялық жағымды көңіл-күй
туғызатын ширату тапсырмалары, қызығушылықты арттыруға арналған проблемалық
миға шабуыл сұрақтары, өз бетімен түсінуі үшін теориялық ақпарат, тәжірибелік дағдыны
дамытуға арналған практикалық тапсырмалар, қосымша ақпараттар, жаңа білімді бекіту
мен сыни тұрғыдан ойлауды дамытуға арналған сұрақтар, зерттеу жұмыстары
қарапайымнан күрделі әрекетке бейімделіп берілді.
Әдістемелік нұсқаулықта оқытудағы саралап оқыту тәсілдері барлық сабақ
жоспарында берілген. Саралаудың тәсілдері оқушы мен мұғалімге жұмыс істеу
барысында өз көмегін тигізеді. Атап айтар болсақ, қарқыны жылдам және қарқыны баяу
оқушыларға арнайы жетелеуші, қолдаушы, түрткі сұрақтар қою арқылы оқушыға қолдау
көрсетіледі. Диалог және қолдау көрсету тәсілінде оқушы өз ойын еркін айтуға мүмкіндік
туғызатын тапсырмалар құрастырылған. Оқушылардың ойлау дағдысын сыни тұрғыдан
дамыту мақсатында Блум таксономиясының деңгейлеріне сай тапсырмалар берілді.
Бұл әдістемелік нұсқаудың әрбір сабағының жоспары А және Б деп аталатын
екі бөлімнен тұрады. А бөлімінде сабақтың қысқамерзімді жоспары құрастырылды. Ал Б
бөлімінде оқулықтағы берілген материалдарға методикалық тұрғыдан түсініктеме берілді.
Нақтырақ айтар болсақ:
• Сабақ мақсаты қалай орындалады?
• Оқушылардың күнделікті өмірдегі іс-тәжірибесіне сүйеніп, негізгі оқу мақсаты ортақ
тақырып арқылы қалай ашылады?
• Жаңа білімде сабақ мақсатына жету үшін қандай материал қарастырылған? Жаңа
материалды қалай беру керек?
• Топтық жұмысты ұйымдастыруда оқушылардан не талап етіледі? Оларға өз жұмыстарын
қай формада берген тиімді?
• Жұптық жұмыс берудегі мақсат не? Оны ұйымдастыруда оқушылардан не талап етіледі?
• Оларға өз жұмыстарын қай формада берген тиімді?
• Оқушылардан бұл бөлімде не талап етіледі? Мұғалім неге мән беру керек?
Қазіргі электрондық оқулықтың заманауи компоненттерінің бірі – білім беру
үдерісінің барлық қатысушылары: мұғалім, оқушы, ата-аналар пайдаланатын интернетресурстар жүйелі ақпарат, тәжірибе алмасу алаңы болып саналады. Сіздерге ұсынылып
отырған оқу-әдістемелік кешен авторлардың жинақтаған тәжірибесі негізінде жасалды.
2
Бастауыш сыныпта « Цифрлық сауаттылық» бойынша оқытудың
мақсаты мен міндеттері
1. Бастауыш орта білім беру деңгейінің 1-сыныбына арналған «Цифрлық
сауаттылық» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі – бағдарлама) «Мектепке дейінгі
тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту
туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы
№ 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі
орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің
мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес әзірленген (Нормативтік құқықтық
актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №29031 болып тіркелген).
1. «Цифрлық сауаттылық» пәнін оқытудың мақсаты – білім алушылардың оқу
мен күнделікті өмірде есептей білу дағдылары, роботтехника, базалық білім,
заманауи ақпараттық технологиялармен жұмыс жасаудағы білік және дағдыларды
тиімді қолдануын қамтамасыз ету.
2. Негізгі міндеттері:
1) білім алушыларға компьютер туралы, қазіргі заманғы цифрлық
құрылғылар және олардың қоғамдағы рөлі туралы бастапқы ақпараттар беру;
2) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, білім
алушылардың есептей білу, роботтарды жинау және программалау, іздеу, жинақтау,
өңдеу, ақпараттарды сақтау және тарату дағдыларын қалыптастыру;
3) білім алушылардың әртүрлі қолданбалы программаларды қолдану арқылы
өз идеяларын ұсыну дағдыларын қалыптастыруға ықпал ету;
4) байланыс, ақпарат алмасу және ынтымақтастық үшін ақпараттықкоммуникациялық технологияларды пайдалануға ынталандыру;
5) білім алушыларды компьютермен қауіпсіз жұмыс істеу ережелері мен
авторлық құқықтарды құрметтеуді үйрету.
Оқу бағдарламасының ерекшелігіне оның пән бойынша білім мен білігінің
қалыптасуына бағдарлануы ғана емес, сонымен қатар, білімді функционалдық және
шығармашылық жағынан қолдану, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын
жүргізу,
ақпараттық және коммуникациялық технологияларды, әртүрлі
коммуникациялық әдістерді пайдалану, топта және жеке жұмыс істей білу,
проблемаларды шешу және шешім қабылдау сияқты кең ауқымды дағдылар жатады.
Жеке тұлғалық қасиеттердің кең спектрлі дағдылардың табиғи үйлесімде дамуы білім алушылардың бойында: «қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік»,
«құрмет», «ынтымақтастық», «еңбек және шығармашылық», «ашықтық», «өмір бойы
білім алу» сияқты базалық құндылықтарды қалыптастырудың негізі болып табылады. Бұл
құндылықтар білім алушылардың мінез-құлқына және күнделікті іс-әрекеттеріне
ынталандырушы болуға арналған оның тұрақты тұлғалық бағдары болуы тиіс.
2. «Цифрлық сауаттылық» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
1-параграф. «Цифрлық сауаттылық» пәнінің мазмұны «Цифрлық сауаттылық» пәні
бойынша білім жүктемесінің көлемі:
1-сынып, аптасына 1 сағаттан, ІІ жартыжылдықтан бастап 19 сағат.
1–4-сыныптарда «Цифрлық сауаттылық» пәнін тиімді өткізуге арналған қажетті
жабдықтардың тізімі:
1) Гарнитурамен жабдықталған дербес компьютерлер (микрофоны бар
құлаққаптар);
2) Интернетке кең жолақты қосылуымен мұғалімдер мен білім алушылар
арасындағы байланыс құралдарын деректермен алмасуды қамтамасыз ететін жоғары
сапалы ашық қатынас желісі;
3
3) Перифериялық құрылғылар: принтер,
интерактивті проектор/интерактивті тақта;
4) Роботтехникаға арналған жиынтықтар.
Пәннің негізгі мазмұны келесі бөлімдерді қамтиды:
1) Ақпараттық этикет;
2) Менің алғашқы суретім;
3) Біздің өміріміздегі алгоритм;
4) Программалар;
5) Компьютер;
6) Ақпаратты ұсыну және өңдеу;
7) Интернет желісінде жұмыс істеу;
8) Есептей білу;
9) Роботтехника.
«Компьютер» бөлімі келесі бөлімдерді қамтиды:
1) Компьютердің құрылғылары;
2) Программалық қамтамасыз ету;
сканер,
көшіру
техникасы,
3) Қауіпсіздік.
«Ақпаратты ұсыну және өңдеу» бөлімі келесі бөлімдерден тұрады:
1) Мәтіндер;
2) Графика;
3) Презентациялар;
4) Мультимедия.
«Интернеттегі жұмыс» бөлімі келесі бөлімдерді қамтиды:
1) Ақпаратты іздеу;
2) Ақпаратпен алмасу.
«Есептей білу» бөлімі төмендегі бөлімдерді қамтиды:
1) Алгоритмдер;
2) Программалау.
«Роботтехника» бөлімі келесі бөлімдерді қамтиды:
1) Жалпы роботтехника;
2) Роботтың қозғалысы.
3. «Цифрлық сауаттылық» оқу пәнінің 1-сыныпқа арналған базалық мазмұны:
І. Ақпараттық этикет: Өз денсаулығымызды сақтаймыз; Компьютермен
танысу; Біздің айналамыздағы ақпарат; Ақпарат және компьютер; Интернет
желісінде жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік.
ІІ. Менің алғашқы суретім: Tux Paint графикалық редакторымен танысу;
Фигуралар; Сурет салу және оны өңдеу; Фигуралармен орындалатын ісәрекет.
ІІІ. Біздің өміріміздегі алгоритм: Әрекеттердің реті. Оқиға; Алгоритм.
Сызықтық
алгоритм; Біздің өміріміздегі алгоритм.
ІV. Программалау: Scratch-пен танысу; Scratch-те спрайт және фон таңдау;
Менің алғашқы жобам; Scratch-те жоба құру.
«Цифрлық сауаттылық» пәнін оқытудың мақсаты – білім алушылардың оқу мен
күнделікті өмірде есептей білу дағдылары, роботтехника, базалық білім, заманауи
ақпараттық технологиялармен жұмыс істеудегі білік және дағдыларды тиімді қолдануын
қамтамасыз ету.
4
Негізгі міндеттері:
1) білім алушыларға компьютер туралы, қазіргі заманғы цифрлық құрылғылар
және олардың қоғамдағы рөлі туралы бастапқы ақпараттар беру;

алушылардың есептей білу, программалау, іздеу, жинақтау, өңдеу, ақпараттарды сақтау
және тарату дағдыларын қалыптастыру;
3) білім алушылардың әртүрлі қолданбалы программаларды қолдану арқылы өз
идеяларын ұсыну дағдыларын қалыптастыруға ықпал ету;
4) байланыс, ақпарат алмасу және ынтымақтастық үшін ақпараттықкоммуникациялық технологияларды пайдалануын ынталандыру;

4. Оқу программасының ерекшелігіне оның пән бойынша білім мен білігінің

шығармашылық жағынан қолдану, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу,
ақпараттық және коммуникациялық технологияларды, әртүрлі коммуникациялық
әдістерді пайдалану, топта және жеке жұмыс істей білу, проблемаларды шешу және
шешім қабылдау сияқты кең ауқымды дағдылар жатады.
5. Жеке тұлғалық қасиеттердің кең спектрлі дағдыларын табиғи үйлесімде
дамуы – білім алушылардың бойында: «қазақстандық отансүйгіштік, ұлтжандылық
және азаматтық жауапкершілік», «құрмет», «ынтымақтастық», «еңбек және
шығармашылық», «ашықтық», «өмір бойы білім алу» сияқты базалық құндылықтарды
қалыптастырудың негізі болады. Бұл құндылықтар білім алушылардың мінез-құлқына
және күнделікті іс-әрекеттеріне ынталандырушы болуға арналған оның тұрақты тұлғалық
бағдары болуы тиіс.
5
Бастауыш білім беру деңгейінің 1-сыныбына арналған
«Цифрлық сауаттылық» бойынша оқу бағдарламасында ұсынылған
ұзақмерзімді жоспар
№
І
Бөлім
І бөлім.
Ақпараттық
этикет (ортақ
тақырып:
«Саяхат»)
Тақырып
Денсаулық және
компьютер
Оқу мақсаты
3-тоқсан
Компьютермен танысу
Біздің айналамыздағы ақпарат
Ақпарат және
компьютер
Интернет желісінде
жұмыс істеу
кезіндегі
қауіпсіздік
ІІ
ІІ
бөлім.
Менің
алғашқы
суретім
(ортақ
тақырып:
«Дәстүр және
фольклор»)
Tux Paint
графикалық
редакторымен
танысу
Фигуралар
Сурет салу және
оны өңдеу
6
1.1.3.1 компьютермен жұмыс істеу
барысында тәртіп ережелерін ұстанып
өз денсаулығын сақтау;
1.1.1.1 компьютердің негізгі
құрылғыларын атау
1.3.2.1 Қабылдау тәсілдерін қолданып
ақпарат түрлерін анықтау
1.3.2.2 Ұсынуформасы бойынша
ақпарат түрлерін ажырату;
1.3.2.3 ақпаратты ұсыну кезіндегі
ақпарат көздері мен
қабылдағыштардың байланыс
арналарына мысалдар келтіру
1.3.2.4 адам өмірінде интернет
желісінің қолданылуына қарай
мысалдар келтіру;
1.1.3.3 желідегі барлық ақпарат сенімді
және пайдалы емес екенін талқылау;
1.1.3.2 интернет желісіне жеке
ақпаратты беру кезіндегі қауіптерді
талқылау
1.2.2.1 кескін салуда стандартты
фигураларды қолдану;
1.2.2.2 кескін салуда түстер
палитрасындағы негізгі түсті
таңдау;
1.2.2.3 кескін салуда палитрадағы
фон түсін таңдау;
1.2.2.4 контурын өзгерту арқылы
фигураны салу;
1.2.2.5 фигура түсін құйып бояу
арқылы өзгертіп салу
1.2.2.6 кескін бөлігін ерекшелеуде
форма мен параметрді қолдану;
1.2.2.7 кескін салуда көшіру, қиып алу
және қою құралдарын қолдану;
1.2.2.8 бұру немесе айналдыру
құралдарын қолданып кескін салу;
1.2.2.9 түспен толтыру құралын
қолданып кескін салу
1.2.2.6 кескін бөлігін ерекшелеуде
форма мен параметрді қолдану; 1.2.2.7
кескін салуда көшіру, қиып алу және
қою құралдарын қолдану; 1.2.2.8 бұру
немесе айналдыру құралдарын
қолданып кескін салу; 1.2.2.9 түспен
толтыру құралын қолданып кескін
салу
Сағат
саны
9
1
1
1
1
1
1
1
1
Фигуралармен
орындалатын ісәрекет
ІІІ
3-бөлім Біздің
өміріміздегі
алгоритм
(ортақ
тақырыптар:
«Демалыс және
хобби»
IV 4-бөлім
Программалау,
Біздің өміріміздегі алгоритм
(ортақ
тақырыптар:
«Дені сау
ұрпақ – ел
болашағы»
1.2.2.6 кескін бөлігін ерекшелеуде
форма мен параметрді қолдану;
1.2.2.7 кескін салуда көшіру, қиып алу
және қою құралдарын қолдану;
1.2.2.8 бұру немесе айналдыру
құралдарын қолданып кескін салу;
1.2.2.9 түспен толтыру құралын
қолданып кескін салу
4-тоқсан
Әрекеттердің реті.
Оқиға
Алгоритм. Сызықтық
алгоритм
1.4.1.1 алгоритм, әрекет және команда
ұғымдарын түсіндіру;
1.4.1.2 орындаушы және оның
командалар жүйесін анықтап алгоритм
құру;
1.4.1.3 алгоритм түрлерін өмірмен
байланыстырып мысалдар келтіру
Біздің өміріміздегі
алгоритм
Scratch-пен
танысу
Scratch-те спрайт
және фон таңдау
Менің алғашқы
жобам
1.4.2.1 Сахна кейіпкері үшін
кітапханадан спрайт таңдау
1.4.2.2 кітапханадан сахна фонын
таңдау;
1.4.1.4 Scratch (скретч)
программалау ортасында дайын
сценарийді алгоритм бойынша іске
асыру;
1.1.2.1 Scratch (скретч)
программалау ортасында жобаны
құру, сақтау және ашу
1.4.1.5 Scratch (скретч)
программалау ортасында есептің
шарты бойынша сызықтық
алгоритмді әзірлеу;
1.4.1.4 Scratch (скретч)
программалау ортасында дайын
сценарийді алгоритм бойынша іске
асыру;
1.4.1.5 Scratch (скретч)
программалау ортасында есептің
шарты бойынша сызықтық
алгоритмді әзірлеу;
1.1.2.1 Scratch (скретч) программалау
ортасында жобаны құру, сақтау және
ашу
1.4.1.4 Scratch (скретч)
программалау ортасында дайын
сценарийді алгоритм бойынша іске
асыру;
1.4.1.5 Scratch (скретч)
программалау ортасында есептің
шарты бойынша сызықтық
алгоритмді әзірлеу;
1.1.2.1 Scratch (скретч)
программалау ортасында жобаны
құру, сақтау және ашу
Scratch-те жоба
құру
Шығармашылық
тапсырмалар
Шығармашылық
тапсырмалар
Барлығы
7
1
10
1
1
1
1
1
1
1
1
2
19
«Цифрлық сауаттылық» пәнін оқытудың әдістемелік ерекшеліктері
Оқулықтың негізгі мазмұны оқушылардың информатика ғылымының базистік
негіздерін меңгеруге, ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға, тұлғалық дамуына ықпал
ете отырып, кәсіби бағдар алуға, функционалдық сауаттылығы мен зияткерлігін арттыруға
бағытталған. Ұсынылып отырған оқулық білім мазмұнын жаңарту аясында оқытудағы
әлемдік озық үлгідегі тәжірибелер мен әдістерді, заманауи оқыту технологияларын оқыту
процесіне қолданып, білім алушылардың информатика пәніне қызығушылығын
арттырады.
Оқушыларды логикалық, сыни және сындарлы ойлау тұрғысынан дамыту арқылы
оқытудың сапасын арттыру, алған білімдерін оқуда, күнделікті өмірде қолдана білуге
үйрету басшылыққа алынады.
Интерактивті және жобалау түріндегі оқыту технологияларын пайдаланып,
оқушылардың фронтальды білім алуынан жұптық және жеке білім алуға өтуі
қамтамасыз етіледі.
Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту мақсатында оқулықтың барлық кезеңдері Блум
таксономиясының танымдық сатыларына негізделіп құрылымдалған. Оқушылар
оқулықпен жұмыс жасау барысында берілген теориялық материалды білу, түсіну және
қолдану жолдарын меңгереді.
Талдау сатысында берілген оқу материалын терең түсініп, оларды зерделейді,
құрылымын анықтау үшін тұтас бөліктерді құрамдас бөліктерге бөледі, оларды
ажыратады, өзара байланыстарды айқындайды.
Жинақтау сатысында оқушылар өз ойларын тұжырымдап, оқу материалын
талдау нәтижесінде алған білімдерін жаңашыл сипатта қорытады, өз идеяларын немесе
үлгілерін, жобаларын ұсынуды үйренеді. Жаңа нәтиже ретінде оқу материалдарын өзгеше
ретпен хабарлау (баяндау, пікір таласу), жұмыс жоспары, схемалар, жобалар түрінде
ұсынуды қарастырады.
Бағалау сатысында берілген оқу материалының информатика саласында және
күнделікті өмірде пайдалануының маңызын анықтайды, ол туралы өзіндік пікір ұсынуды,
ойын білдіруді үйренеді.
Оқулықпен жұмыс жасау барысында оқушыларда төмендегі көрсетілген
дағдылар:
- оқулықта берілген теориялық материалдар мен практикалық жұмыстарды
талдау, жинақтау және бағалау негізінде берілген тапсырмаларға топта және жұпта
«жобалау» жұмыстарын жасау;
- ақпараттық үдерістердің қоғамдағы рөлін түсіну және оған сындарлы баға беру;
- ақпараттық технологияларды адам іс-әрекетінің әртүрлі салаларында пайдалану
мәселелерін түсініп, анықтау;
- ақпараттық технологияларды күнделікті өмірде, оқуда және келешек еңбек ісәрекетінде тиімді қолдану;
- талдау, модельдеу мен программалау тапсырмаларын шешу;
- ақпараттық мәдениетті қалыптастыру;
- технологиялық ғылыми тілді меңгеріп, пән бойынша тілдік дағдыларды дамыту
мақсат етіледі.
кезеңде оқушылар алдыңғы кезеңде алған практикалық білімдерді қолдана
отырып, өз бетінше орындауына тиімді болатындай жасалған.
8
Пәнді оқытудың әдіс-тәсілдері
Оқушылардың жеке пікірін тыңдай білу, бұған дейін алған білімдері мен
қалыптасқан түсініктерін одан әрі дамыту үшін оларды қолданудың
маңыздылығын құптау.
Жеке және саралай оқыту тәсілін қолдану.
Проблемаларды және оларды шешу стратегияларын құрастыру.
Оқушылардың жетістіктерін бағалау арқылы олардың оқуына қолдау жасау.
Оқушылардың зерттеу іс-әрекеттерінің негізінде белсенді оқуға ынталандыру.
Оқушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту.
Оқушылардың ойын әрекетін, шығармашылық және жобалық жұмыстарын
ұйымдастыру.
Түсіндіру, идеяларды таныстыру, диалогтерге қатысу, мәтінмен жұмыс,
алгоритмдер.
Тапсырмаларды орындау әдістерін сипаттау және түсіндіру барысында
оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту.
Мұқият таңдап алынған тапсырмалар мен іс-әрекет түрлері арқылы оқушыларды
ынталандыру және дамыта оқыту.
Оқушылардың өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыру, жеке және топтық жұмыс.
Бірін-бірі оқыту.
Оқушыларды өз жұмысын талдауға және түзетуге ынталандыру (рефлексия).
Практикалық жұмыстарды орындау
Практикалық жұмыстар бөлімінде оқушылар алған теориялық білімдерін
практикалық тұрғыдан қарастырып, компьютерде жұмыс жасау дағдысын
қалыптастырады. Оқушылардың қабылдауына оңай болуы үшін теориялық
материалды практикалық тапсырма арқылы түсіндіру әдісі қолданылған. Оқулықты
оқушылар мұғалімнің көмегінсіз де өздері оқып, түсінеді. Тапсырмаларды өз бетінше
орындау ыңғайлы болуы үшін практикалық бөлім екі кезеңге бөлінеді. Бірінші
кезеңде практикалық тапсырмалар толық түсіндіріледі, ал екінші
Оқушылардың жетістіктерін бағалау
Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру
стандартының «Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау» бөлімінде оқушының
оқу жетістігін бағалау түрі бойынша 1-сынып оқушысының оқу жетістігі бағасыз
жүйемен, 2-сыныптан оқу нәтижесін бағалау балдық жүйемен өткізіледі. Осы оқу
кезеңінде балалар «Жарайсың!», «Ақылды!», «Сен өте қабілеттісің!» деген сияқты
т.б. сөздермен ауызша мадақталады. Бұл оқушылардың оқуға деген қызығушылығын
арттырып, ынталандырады. Білім нәтижелерін бағалайтын негізгі көрсеткіш
стандарттың міндетті деңгейіне сәйкестік емес, жеке тұлғаның өсу деңгейі болып
саналады. Баға қоймай оқыту жағдайында әр оқушының жетістігін өзгелермен
салыстырмалы түрде емес, оның жеке тұлға ретінде өзін-өзі бағалауына мүмкіндік
жасау керек. Бағасыз оқыту оқушының өзін -өзі бағалауына, өзінің жіберген қатесін
өзі түзетуіне мүмкіндік береді.
9
Сабақ құрылымын тиімді жоспарлау
Сабақтың құрылымы
Басталуы
Негізгі бөлім
Аяқталуы
Басталуы
• Сергіту жаттығуы.
• Жаңа топ құрамын анықтау.
• Жұмыс ережесін келісу.
• Алдыңғы білімді еске түсіру, пысықтау (жеке, жұпта, топта, ұжымда).
• Оқу мақсатын таныстыру.
• Күтілетін нәтижені анықтау(оқушылар жаңа тақырып жөнінде не біледі, не білгісі
келеді).
Негізгі бөлім
• Ойқозғау тапсырмалары.
• Белсенді оқу тапсырмалары (саралау тәсілдері).
• Оқулықпен жұмыс (жеке, жұпта, ұжымда).
• Тапсырмалар орындау (жеке, жұпта, топта).
• Қызықты тапсырма айдарында логикалық қабілетін шыңдау.
Аяқталуы
• Жаңа білім мен тәжірибені қолдануын бағалай алу.
• Сабақта қол жеткізген нәтижені талдау.
• Рефлексия (жеке, топтық, ұжымдық).
• Үйге тапсырма.
Топтық, жұптық тапсырмалардың басым бөлігі Блум таксономиясының талдау және
жинақтау сатыларына берілген.
10
Оқулықта қолданылған графикалық программаға түсініктеме.
Оқулықта графикалық редакторды үйрету мақсатында Тux-paint программасы таңдалды.
Tux Paint – балаларға музыка және анимация әсерлерімен сурет салуға арналған түрлітүсті, пайдалануына оңай программа. Оның қарапайым қолданушыға ыңғайлы
интерфейсі, көптеген алдын ала орнатулар мен эффектілер, сондай-ақ дайын жұмыстардан
жеке мөрлер мен слайд-шоуларды жасау функциялары бар.
Бұл өте қарапайым программаның көмегімен бала сызбаларды ойын түрінде жасап қана
қоймай, компьютерде жұмыс істеу негіздерін де үйрене алады. Программаның анықтама
жүйесі, көңілді анимациялар мен дыбыс эффектілері және күлкілі Tux пингвин көмекшісі
кез келген оқушыны өзіне баурап алады.
Tux Paint графикалық редакторында сурет салуға қажетті құралдардың кең ауқымы,
жануарлар, гүлдер мен кейіпкерлер түріндегі штамптар, түстер палитрасы және сызбаға
қосуға арналған дайын нысандар бар. Қолданыстағы эффектілер мен штамптардан басқа,
бала өзінің қалаған суретін жасай алады.
Қорыта айтқанда Tux Paint программасы көмегімен:
-сурет салуға;
-дайын штамптарды пайдаланып суреттерді модельдеуге;
-слайд шоу жасауға;
-анимациялық қозғалыстар жасауға;
-дайын суреттерді бояуға (раскраска);
-дыбыстық және анимациялық эффектерді суретке кірістіруге болады.
Программа 1-сынып оқушылары үшін меңгеруге өте қарапайым, өте қызықты сурет салу
программасы.
Программаны тегін көшіріп пайдалануға болады. Оны мына сілтемеден көшіріп алуға
болады:
1. https://tuxpaint.org/download/
2. https://tux-paint.softonic.ru/
3. https://mirprogramm.ru/tux-paint
Программаны көшіріп орнатқан соң (төменгі суреттегі жасыл бағдарша), суреттер
штампын көшіріп орнату керек (төменгі суреттегі қызыл бағдарша).
11
Мұғалімдер назарына!!!
Оқулықта топтық, жұптық, жеке жұмыс түрлері берілген.
Бұл авторлардың тарапынан мұғалімдерге оқушылардың әлеуметтік
өзара қарым-қатынасын нығайту үшін берілген, әдістемелік көмегі.
Егер мұғалім сабақты басқаша ұйымастыратын болса, онда
топтық, жұптық тапсырмаларды оқушыларға жеке орындатуға да
болады. Сонымен бірге, топтық, жұптық тапсырмалардың оқулықта
болуы оқушылардың деңгейіне қарай саралап беруіне мүмкіндік
береді.
Мұғалім қысқамерзімді сабақты жоспарлауда ұсынылған құрылымды үлгі ретінде
пайдалана алады.
1-сабақ. А бөлімі.
Бөлімі:
Педагогтің аты-жөні:
Күні:
Сыныбы:
Сабақтың тақырыбы:
Оқу программасына сәйкес
оқу мақсаты
Сабақтың мақсаты:
Қысқамерзімді жоспар
1-бөлім. Ақпараттық этикет (ортақ тақырып: «Саяхат»)
Қатысушылар саны:
Қатыспағандар саны:
Денсаулық және компьютер
1.1.3.1 компьютермен жұмыс істеу барысында тәртіп ережелерін
ұстанып өз денсаулығын сақтау;
Барлық оқушы үшін: Компьютермен жұмыс істеу барысында
тәртіп және қауіпсіздік техника ережелерін сақтауды үйренеді.
Оқушылардың көбі үшін:
Компьютермен жұмыс
істеу барысында
техникалық
құралдарды пайдалануды біледі.
Кейбір оқушылар үшін:
***. Компьютермен жұмыс істеу барысында информатика
кабинетіндегі құралдардың қызметін біледі.
Сабақтың барысы:
Сабақтың
Педагогтің іскезеңі/Уақыты әрекеті
Сабақтың
1. Сәлемдесу.
басы
2. Оқушыларды
(Ұ)
түгендеу.
Ұйымдастыру
кезеңі:
3 мин.
Оқушының ісәрекеті
Ширату
тапсырмасы.
«Айна» ойыны.
Оқушылар
жұптасып, бірбіріне қарама-қарсы
тұрады (немесе
партада отырып та
болады). Олардың
біреуі қолдарымен,
аяқтарымен,
12
Бағалау
Ресурстар
Мұғалім
оқушыларды
«Мадақтау сөз»
әдісі арқылы
бағалайды:
«Жарайсың!
Жақсы! Өте
жақсы! Талпын!»
Сандықша,
қағаз
қиындылары.
4. Топтастыру
2 мин.
(МК, Ұ) Ой
қозғау. «Миға
шабуыл» әдісі
3 мин.
Оқушыларды
топтастыруға
нұсқау береді.
Алдыңғы білім
мен жаңа сабақты
байланыстыру
мақсатында
төменде берілген
сұрақтарға
мұғалімнің
көмегімен (бағытбағдары,
нұсқауымен)
жауап іздейді.
Интерактивті
денесімен, бетәлпетімен әртүрлі
қимылдар жасайды,
ал екінші оқушы
оларды айна секілді
қайталайды: оңды
солға, солды оңға
қарай жасайды. Бір
минуттан кейін
оқушылар
рөлдерімен
алмасады. /Бұл
ойын оқушыларға
психологиялық
жағымды ахуал
орнатады/.
«Құпия сандық»
әдісі
Оқушыларға құпия
сандықтан бір қағаз
қиындысынан алуға
нұсқау
беріледі.
Қағаз қиындысында
берілген
сөздер
бойынша
топқа
жинақталып,
бірігеді.
1-топ:
«Информатика»
2-топ:
«Компьютер»
Оқушылар сөздерді
таңдап, топқа
жиналған соң, ол
туралы өз ойларын
айтады.
Сабақтың
тақырыбы, мақсаты,
критерийлерімен
таныстыру.
Балалар суретке
саяхат жасап біткен
соң, келесі
сұрақтарға жауап
береді.
Қалаға
саяхаттан қандай
әсер алдың?
Бұл қалаға
қандай атау
бересің?
Суретте
13
Мұғалім
оқушыларды
«Мадақтау сөз»
әдісі арқылы
бағалайды:
«Жарайсың!
Жақсы! Өте
жақсы! Талпын!»
Мұғалім сұраққа
жауап беруде
белсенділік
танытқан
оқушыларды
«Мадақтау сөз»
әдісі арқылы
бағалайды:
«Жарайсың!
Жақсы! Өте
жақсы! Талпын!»
тақтадан төмендегі
сурет көрсетіліп,
суреттегі қалаға
саяхат жасау
тапсырмасы
беріледі.
Жаңа сабаққа
дайындық.
3 мин.
Сабақтың
ортасы
7 мин.
6 мин.
6 мин.
мектептің қай
кабинеті
бейнеленген?
Мұғалімнің кіріспе сөзі
Оқушыларға жаңа білім бойынша мұғалімнің түсіндіру кіріспе сөзі
жүргізіледі.
Мұғалімнің сөзі: Балалар, бұл суретте информатика кабинеті бейнеленген. Ол
жерде информатика сабағы өтеді. Кабинетте компьютерлер бар. Кабинетті
пайдаланудың өз ережесі бар. Мұғалім балаларды өздері оқып жатқан
информатика кабинетімен таныстырады.
Қабырғаларға
Оқулықтағы
ҚБ: Мұғалім
Интерактивті
алдын ала оқулықта суреттерге назар
сұраққа жауап
тақта
берілген кабинеттің аудар!
беруде
суреттері ілінеді.
Информатика
белсенділік
Сол суреттерді
кабинетінде не
танытқан
оқушылар аралап,
істеуге болмайды?
оқушыларды
тамашалап, өз
Себебін түсіндіріп
«Мадақтау сөз»
ойларымен
көр.
әдісі арқылы
бөліседі.
бағалайды:
«Жарайсың!
Жақсы! Өте
жақсы!
Талпын!».
(МК, Т).
Дескриптор:
ҚБ: Мұғалім
Интерактивті
- Компьютер
оқушыларды
Интерактивті
тақтадан
алдында жатуға
«Мадақтау сөз»
тақта
компьютер алдында
болмайтынын
әдісі арқылы
отырған
айтады.
бағалайды:
оқушыларды
- Компьютер
«Жарайсың!
бейнелейтін 4алдында
Жақсы! Өте
сурет көрсетіледі.
отырғанда
жақсы! Талпын!»
мониторға
1-тапсырма:
жақыннан қарауға
Компьютердің
болмайтынын
алдында отырудың
айтады.
ережесі бар. Кім
- Компьютер
компьютер алдында
алдында
дұрыс отыр? (4отырғанда
сурет)
құрылғыларды
дұрыс
пайдалануды
айтады.
- Компьютер
алдында
орындыққа тік,
түзу отыру
керектігін айтады.
(Ж) «Ойлан,
ҚБ:
Мұғалім
14
8 мин.
Сабақтың
соңы
7 мин.
Оқулықтағы
суретке назар аудар.
Компьютер алдында
дұрыс отырмаудың
қандай зияны бар?
Ойыңмен бөліс.
Дескриптор:
- Жұптасып
өз
ойларымен
бөліседі.
- Компьютер
алдында
дұрыс
отырмаудың
зиянын атайды.
- Зиян келтіретін
теріс әрекеттерді
болдырмаудың
алдын
алу
шараларын
айтады.
оқушыларды
«Мадақтау сөз»
әдісі
арқылы
бағалайды:
«Жарайсың!
Жақсы!
Өте
жақсы! Талпын!»
Дескриптор:
- Информатика
кабинетіндегі
қауіпсіздік
ережелерді есіне
түсіреді.
- Бала қандай
ережені бұзғанын
біледі.
- Балаға ток
***3- тапсырма:
Информатика
көзінен сымды
кабинетінде бала
қалай ажырату
қандай ережені
керектігін, қалай
бұзды? Балаға
дұрыс отыруға
қандай кеңес
болатынын,
бересің?
тамақтану
ережесі бойынша
өз кеңесін береді.
(Ж)
- Бүгінгі тақырып не
«Ұялы телефон» туралы болды?
әдісі
- Бүгінгі тақырыпта
Оқушылар
бір- не ұнамады?
ҚБ: Мұғалім
оқушыларды
«Мадақтау сөз»
әдісі арқылы
бағалайды:
«Жарайсың!
Жақсы! Өте
жақсы! Талпын!»
жұптас, бөліс»
әдісі.
Оқушыларға
қандай да болмасын
сұрақ,
тапсырма
берілгеннен кейін
оларды
тыңғылықты
орындауға
бағытталған
интерактивті тәсіл.
Интерактивті
тақтада
3-сурет
көрсетілгеннен
кейін әрбір оқушы
жеке өз ойлары мен
пікірін
берілген
уақыт ішінде (1-2
минут)
қағазға
түсіреді.
Содан
кейін
оқушы
жұбымен жазғанын
2-3
минут
талқылайды,
пікірлеседі.
Мұғалімнің екі-үш
жұпқа өз пікірлерін
бүкіл
сыныпқа
жариялауын
сұрауына болады.
(Д). Интерактивті
тақтадан
компьютер
алдындағы
балақайдың әртүрлі
іс-әрекеті
бейнеленген 3сурет көрсетіледі.
15
ҚБ: Мұғалімнің
қорытынды
бағалауы
«Мадақтау сөз»
Интерактивті
тақта
Интерактивті
тақта
Сабақты
бекіту.
Рефлексия.
біріне
СМС
(хабарлама)
жазу
арқылы төмендегі
сұрақтарға жауап
жазады.
- Бүгінгі тақырып
несімен ұнады?
Мені
қызықтырғаны ...
- Сабақта
қандай
сезімде болдың?
- Тақырыпқа
не
қосар едің?
- Тақырыптан
қандай үлгі алдың?
Менің қолымнан ...
келеді.
әдісі
арқылы
жүргізіледі:
«Жарайсың!
Жақсы!
Өте
жақсы! Талпын!»
1- сабақ. Б бөлімі (толық нұсқасы).
Бөлімі
«Ақпараттық этикет (ортақ тақырыбы: «Саяхат»)»
Денсаулық және компьютер
Сабақтың
тақырыбы:
Сабақ мақсаты қалай орындалады?
Сабақтың
мақсаты
Қысқамерзімді жоспар сабақтың бастапқы кезеңінен соңғы
кезеңіне дейін оқушылардың жас ерекшелігін, оқу
мақсатын ескере отырып, сараланып, Блум таксономиясы
негізге алынып жасалды. Оқу мақсатынан сыныптың
деңгейіне қарай сабақ мақсаты құрылды. Ал сабақтың
мақсатына жету үшін бағалау критерийлері нақты, өлшемді,
қолжетімді етіп ұсынылған. Мақсаттың орындалуына
сабақтың басынан соңына дейін әртүрлі тапсырмалар, ой
қозғау сұрақтары ойлау дағдыларының деңгейлеріне сәйкес
жоспарланған.
Тапсырмаларды орындау барысында өз бетінше, жұппен,
топпен жұмыс жасайды. Тапсырмаларды орындау сабақтың
ортаңғы кезеңіне жоспарланады. Осы кезеңде саралаудың
«Қорытынды», «Диалог және қолдау көрсету»,
«Бағалау», «Тапсырма», «Қарқын» тәсілдері көрінеді.
Бұл сабақтағы барлық тапсырмада оқушылар бірдей
тапсырма орындағанымен, нәтижелері оқушының деңгейіне
қарай әртүрлі болуы мүмкін. Сондықтан мұғалім дұрыс
жауапқа бағыттап, соңғы шешімін беріп отырады. Бұл
саралаудың «Қорытынды» тәсілі. Сонымен қатар
оқушылар әр тапсырманы орындау кезінде үнемі
қалыптастырушы
бағалаудың
әртүрлі
әдістерімен
бағаланып отырады. Бұл тапсырма нәтижесін жақсартуға
бағытталады. Тапсырманы қандай деңгейде орындағанын,
сабаққа қатысу белсенділігін көрсетеді. Іс-әрекетінің
бағалануы оқушының ынтасының жоғарылауына оң
ықпалын тигізеді. Бұл – саралаудың «Бағалау» тәсілі.
Сабақта оқушылар жаңа теориялық ақпаратпен танысып,
практикалық, талдау, жинақтау, бағалау тапсырмаларын
орындау арқылы өз білімдерін толықтыру жоспарланды.
Бұл – саралаудың «Тапсырма» тәсілі.
Топтастырудағы мақсат: Ынтымақтастық, топтық жұмыс
барысында бір-біріне деген жылы қарым-қатынастар
16
Ескерту
Жоспарланған
тапсырмаларды
орындау
барысында
оқушының білім
дағдысына,
деңгейіне қарай
қарқыны
жылдам және
қарқыны баяу
оқушылар
кездесуі әбден
мүмкін деген
болжаммен
оқулықтағы
қосымша
тапсырмалар
берілу
мүмкіндігі
жоспарланды.
Бұл –
саралаудың
«Қарқын»
тәсілі.
Ойлан
дамиды, ынтымақтастық, тыңдау дағдылары қалыптасады
және сындарлы көзқарас дамиды, қарым-қатынастарды
қалыптастыру кезінде сыни ойлау қабілеті шыңдалады.
Өзгелердің идеялары мен ойларын тыңдайды, құрметтейді,
яғни академиялық адалдық принциптерін сақтайды. Бұл
жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді.
Құндылықтарға баулудағы мақсат: «Мәңгілік ел»
жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек
қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда
шығармашылық
және
сын
тұрғысынан
ойлауы,
функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау
қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір
бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және
азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.
Психологиялық жағымды ахуал орнатудағы басты
мақсат: Оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы
жақындастыру, көңіл күйін көтеру, бауырмалдығын ояту.
Оқушылардың күнделікті өмірдегі іс-тәжірибесіне
сүйеніп, негізгі оқу мақсаты ортақ тақырып арқылы
қалай ашылады?
«Миға шабуыл» әдісін қолданудағы мақсат: Бұл әдіс
ұжымдық жұмыс түрінде, яғни оқушылардың барлығын
жұмылдыра қатыстыратын сабақтың бастапқы кезеңінде
қолданылады. Себебі оқушылардың сабаққа дайындығы
тексеріледі, өткен және жаңа тақырып бойынша алдыңғы
білімін тексеру мақсатында ой қозғау сұрақтары беріледі.
Мақсаты: Қандай да болмасын ақпарат (мәлімет,
проблема, сұрақ) туралы бар білгендерін жазбаша немесе
ауызша ой салады.
Тиімділігі: Оқушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеу
арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді.
Пікірлерінің еркін айтылуы, ешқандай сынға ұшырамауы
керек, ауызша немесе қағазға түсіріліп, талқылау жұмысы
болады.
Бұл кезеңде оқушылар суретке қарап немесе сұрақтарға
жауап беру арқылы өзінің өмірлік тәжірибесімен еркін ой
бөліседі. Суретте әртүрлі соңғы үлгідегі теникалық
құрылғылар бейнеленген қала көрсетіледі. Оқушылар ойша
қалаға саяхат жасайды.
Ой қозғау сұрақтарына жауап беру мақсатында ұжымдық
талқылау жүргізеді. Мұғалім оқушылардың талқылауынан
жауаптың дұрыстығына бағыттау негізінде оқушылар кез
келген жағдайда техникалық құрылғылардың пайдасымен
қатар зиянының бар екенін біледі. Яғни сынып ішіндегі
компьютердің, планшет, ноутбук, смартфонның адам
денсаулығына келтіретін

Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)