Сабақтың
тақырыбы: «Ынтымағы жарасқан, туған
өлкем Қазақстан»
Сабақтың
мақсаты: Балаларды өз елін қадірлей
білуге, достыққа басқа ұлттардың тарихын, салт дәстүрлерін сыйлауға
адемгершілікке тәрбиелеу.
Елімізде өмір сүріп жатқан
ұлттармен таныстыру.Тәуелсіз Қазақстнады мекендеп отырған барлық
ұлттар арасындағы татулық пен достықты нығайтып, достық
қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Көрнекілік: Қазақстан картасы, әр ұлттың
суреттері, киімі, үнтаспа.
Сабақтың
барысы: 1.Балалар әр ұлттың киімін
киіп, бір ұл, бір қыздан орындарына
отырады.
Шаттық
шеңбері:
Ортақ мекен жер
шары,
Төбемізде бір
аспан.
Барлық ұлттың
баласы,
Достығымыз
жарасқан.
Қазақстан Республикасының
«Гимн» орындау.
Тәрбиеші: Балалар бүгін бізде ерекше
сабақ, себебі бүгін бізде мереке.1-мамыр Қазақстан халықтарының
достығы мерекесі.Осы мерекеде балалар ата- аналарымен бірге алаңға
шығады.Барлық тұрғындар мерекенің көңілді өтуі үшін өздері тұратын
қаланы, ауылды әдемілеп безендіреді.Мейрамда барлық адамдар көшеге
қолдарына түрлі – түсті ту, шар, гүлдер ұстап шығады.Сендермен
бүгін біз достық туралы әңгімелесеміз.
- Сендер достық туралы не
білесіңдер?
- Дос деген сөзді қалай
түсінесіңдер?
- Біз достық туралы мақал –
мәтелдер білеміз бе?
1.
Жүз теңген болғанша, жүз досың
болсын. Аделя
2.
Доссыз адам, тұзсыз тағам.
Нұрсұлтан
3.
Досы көппен
сыйлас
Досы азбен сырлас
Абильмансур
4.Шын дос қиын сәтте әрқашан да
қасында. Ернар
Біздің достығымыз топтағы
қарым – қатынастан басталады.Достықты сақтай,қадірлей білу
керек.Доссыз бала болмайды.Дос көп болу үшін әдепті,әдемі,
инабатты,тату,кешірімді,ақылды болу керек.Сонда сендерде дос көп
болады.
Біздің Ақмола облысында
жүздеген ұлттар мен ұлыстардың өкілдері бір- бірімен татулықта өмір
сүріп, әдет- ғұрпын, салт- дәстүрін дамытудың қолайлы жағдайлары
жасалған.
- Біз қандай елде тұрамыз?
(Қазақстан)
- Біздің Республикамыз қалай
аталады?
- Біздің топта қандай ұлттарды
білесіңдер?
- Біздің топта қандай ұлттар
бар?
- Ал сендер татусыңдар
ма?
- Міне, көрдіңдер ме, балалар
сендер сияқты бір отбасындай тату – тәтті өмір сүріп жатқан осында
қазақстанда да көп ұлттар мен ұлыстар бар.
Тәрбиеші балалардың назарын
тақтада ілінген әр ұлт өкілдері болып киінген суреттерге
аударады.
Біздің елімізде қазақ, орыс,
кәріс, украйн, татар, грузин, т.б ұлттар тату- тәтті тыныштықта
өмір сүреді.Қарандаршы, ұлттардың өздеріне тән киімдері де
бар.
1.
Сары, ақпыз,
қарамыз
Бәрімізде
баламыз
Бір қалада
тұрамыз
Бір балабақшаға барамыз
Нурислам
2.
Достығымыз
жарасқан
Ақпыз, қара
сарымыз
Қара жер мен көк
аспан,
Ортақ дала,
тауымыз
Ортақ жұтар
ауамыз,
Достық туған анамыз
Мерей
3.
Ақ, қара деп
бөлмейміз,
Бір жыл туған
төлдейміз
Туысқанбыз,
татумыз,
Биіктерге өрлейміз
Алан
4.
Дос дегенің асыл
зат
Мәңгілікке
таусылмас
Доссыз адам
болмайды,
Бәрінен де сол қымбат
Ажар
5.
Қыздырынып күнге
біз,
Ән саламыз күнде
біз
Балдай тәтті
достармыз,
Біз қашанда біргеміз.
Ясмина
Ойын: «Достар
алаңы»
Ойын
шарты:Тәрбиеші әр түрлі шығыршық
қояды.Балалар музыка әуенімен билейді.Әуен тоқтаған кезде балалар
шығыршықты тауып «Достар алаңына» төрт баладан алаңға
кіреді.
Ән:
«Достарым»
Тәрбиеші: Осындай кең байтақ елімізде
барлығымыз бір ананың баласындай өмір сүріп жатырмыз. Сол үшін де
барлығымыз тату тәтті болып көркейген елімізде жасай
берейік.Елімізде әрқашан береке – бірлік, ынтымақ,тыныштық болсын
деген ниетпен осымен сабағымызды
аяқтаймыз.