400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

1 мамыр

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: «Татулық бірлікте» Мақсаты: Білімділік: 1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні екендігін айтып түсіндіру. Дамытушылық: Балаларға бірлік, ынтымақ, достық туралы айта отырып, ойлау, есте сақтау және сөйлеу қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: Көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу. Көрнекіліктер: ұлттық костюмдер, қима көгершіндер, шарлар, интеракті тақта, даналық сөздер. «Ырыс алды-ынтымақ», «Ынтымақ-достықтың бірлігі», «Ер бірлігі-ел теңдігі». Жүргізуші 1: 1-мамыр-Қазақстан халықтарының бірлігі күні. 1995 жылдың наурызында Дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені-Қазақстан халықтары ассамблеясы құрылды. Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:

«Успех- GOLD-8» ЖШС

«Асыл бесік» балабақшасының

меңгерушісі

_________А. Т. Мамырбаева

«___» _____2023 жыл













Тақырыбы: «Татулық бірлікте»

«Балапан» орта тобы






Тәрбиеші: Тилейхан Катила

Мұхатова Ж.С.








Өскемен қаласы

2022-2023 оқу жылы

Тақырыбы: «Татулық бірлікте»

Мақсаты:

Білімділік: 1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні екендігін айтып түсіндіру.

Дамытушылық: Балаларға бірлік, ынтымақ, достық туралы айта отырып, ойлау, есте сақтау және сөйлеу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: ұлттық костюмдер, қима көгершіндер, шарлар, интеракті тақта, даналық сөздер. «Ырыс алды-ынтымақ», «Ынтымақ-достықтың бірлігі», «Ер бірлігі-ел теңдігі».

Жүргізуші 1:

1-мамыр-Қазақстан халықтарының бірлігі күні. 1995 жылдың наурызында Дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені-Қазақстан халықтары ассамблеясы құрылды. Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым.

Жүргізуші 2:

Қазақстан мемлекеті көп ұлтты. Біздің елімізде жүз отыздан астам ұлттар тұрады: орыс, ұйғыр, кәріс, дүнген, өзбек, қырғыз, түркімен, тәжік, армян, әзербайжан, украин, белорус, түрік, шешен тағы басқа шет елден келген ұлттар біздің елімізде тіршілік етуде. Олардың өз ұлтына сай арнайы киімдері, салт-дәстүрлері болады. Біз олармен доспыз, татумыз және бір-бірімізбен аралас өмір сүріп жатырмыз. Олай болса «Достық» әнін орындайық.

Ән: «Достық»

Жүргізуші 1:

Достығымыз жарасқан,

Ақпыз, қара, сарымыз,

Қара жер мен көк аспан,

Ортақ дала тауымыз.

Жүргізуші 2:

Қырғыз, қазақ, өзбектер,

Монғол, ұйғыр, дүнгендер,

Армян, тәжік, грузин,

Терезесі тең жатыр.


Мақалдар:

Адеш Али: Жаман жолдастан, жақсы дұшпан артық.

Мұратханов Дамир: Сыйласу екі кісіге бірдей.

Манарбек Батырхан: Бала – бауыр,

Дос – тамыр.

Бақытбек Ясмин: Айырылмастай досыңа, қайырылмастай сөз атпа.

Саматов Амир: Сырласуға дос жақсы,

Сыйласуға жат жақсы.

Оразова Томирис: Досын сатқан – қасын сатқанмен бірдей.

Тілеуқабыл Нариман: Досы көпті – жау алмайды,

Ақылы көпті – дау алмайды.

Манарбек Сафия: Дос жылатып айтады…


Тақпақтар:

Қанатұлы Ермек: Күнде бірге жүреміз,

Бірге ойнап күлеміз.

Бірімізге біріміз,

Көмектесіп жүреміз.

Бердіқожа Сұлтан: Достықты біз қолдаймыз,

Қиын шақта қорғаймыз,

Біздің топта ұл-қыздар,

Тату -тәтті ойнаймыз.


Жүргізуші 1:

Ойын: «Шаңырақ»

Ойын шарты: Ортаға әр түрлі ұлт өкілдерінің киімін киген балалар ортаға шығады. Ойынға қатысушы бала көрсетілген әр ұлт өкілдерінің бас киімдерін тауып кигізуі керек.

Жүргізуші 2:

-Балалар, әлемде барлығымыз не болғанын тілейміз, қалай ойлайсыңдар?

-Әрине, халқымыз ең әуелі тыныштықты қалайды.

-Ал, «тыныштық» деген сөздің мәнін білеміз бе?

-Дүниежүзінде соғыс болмаса, тыныштық деген сол. Елдегі тыныштықты халық «береке- бейбітшілік» дейді. Олай болса елімізде ән де, сән де, би де болады. Балаларымыздың орындауында «Түрік биі»


Би «Түрік» ұлтының биі

Қорытынды:

  • Қиын кездерде бір-біріне көмек көрсетіңдер.
    • Досыңды алдамай, оған адал бол.
    • Досыңды қорлама.
    • Досыңмен қызықты шақтарды бөлісе біл.
    • Досыңды барда да сына, жоқта да сына.
    • Досыңның кемшілігін кешіре біл.

Тәрбиеші: Сонымен балалар,бүгін қандай мерекені тойладық?

Балалар: «1-Мамыр – Қазақстан халықтарының достық мерекесі».

Тәрбиеші:-Қазақстан қандай мемлекет?

Балалар:-Көп ұлтты.

Тәрбиеші:-Қандай халықтармен доспыз,татумыз?

Балалар:-Өзбек,қырғыз,украин т.т.

Тәрбиеші:-Ұлттық киімдері қандай?

Балалар:-Әр түрлі ұлтына байланысты.

Тәрбиеші:-Жарайсыңдар, өте тамаша!

-Осымен бүгінгі ашық оқу қызметіміз аяқталды, сау болыңыздар!



Келісілді:

«Успех- GOLD-8» ЖШС

«Асыл бесік»

балабақшасының әдіскері:

Рашова А.М. _______

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
28 сәуір
454
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі