Ашық
оқу
қызметінің
тақырыбы: 1 мамыр - Қазақстан халқының
бірлігі күні.
Мақсаты:
Балалардың бірлік, ынтымақтастық туралы
түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты
халқымыздың тыныштығы мен бірлігін
нығайтуға ат салысатын азамат болуға
тәрбиелеу.
Ресурстар:
Суреттер, ұрандар, жер шарының макеті,
қима көгершіндер, гүлдер.
Барысы:
Тәрбиеші:
Бірлік пен ынтымағы халықтың,
Көгімізде
жарқыраған жарық күн.
Ырыс, дәулет
бақыты үшін халқымның,
Жайнай берсін,
жайнай берсін алтын күн! – дей келе
Қазақстан халқының бірлігіне арналған
ашық оқу қызметімізді бастаймыз.
«Менің
отаным» әні үнтаспадан ойнап тұрады.
Балалар әр ұлттың киімдерін киіп,
қолдарына гүл ұстайды.
Медина:
Жан
біткендей жас тауға,
Шуақ ойнап
арайлы.
Күн күлімдеп аспанда,
Мамыр
әні тарайды.
Мансұр:
Мамыр
қандай, шіркін - ай, мамыр қандай!
Айнала
жасыл кілем жамылғандай.
Алатауым
басына ақ шәлі орап,
Мойнына гүлден
алқа тағынғандай.
Бейбарыс:
Мамыр
қандай, шіркін - ай, құлпырады,
Күй
толқып көңіліңе жыр тұнады.
Жыл еркесі
гүл мамыр, сұлу мамыр,
Секілді
адамзаттың ынтымағы.
Мейіржан:
Мамыр
келсе халқымыз,
Мерекені тойлайды.
Хормен.
Бейбітшілік,
Еңбек,
Мамыр жасасын!
Би:
«Домбыра».
Ақжігіт:
Болсын
жер мен су да ортақ,
Болсын біздің ту
да ортақ.
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз
бәріміз.
Тәрбиеші:
Бұл мереке бұрын бүкіл әлемдік «Еңбекшілер
күні» болып тойланды. Қазір
ол «дүниежүзілік ынтымақтастық күні»
болып есептеледі.
Айназ:
Сары,
ақпыз, қарамыз,
Бәріміз де баламыз.
Бір
Отанда тұрамыз,
Бір мектепке барамыз.
Айзада:
Алтай,
Кавказ ұласып,
Баурайы бұйрат кең
жатыр.
Бақыттың
әні асқақтап,
Құлаққа даусы кеп
жатыр.
Бибінұр:
Қырғыз,
қазақ, өзбектер,
Монғол, ұйғыр,
дүнгендер.
Армян,
тәжік, грузин,
Орыс пенен украин,
Терезесі
тең жатыр.
Ән:
«Дос болайық бәріміз».
Тәрбиеші:
Бірлік – халық салты. Халқымыздың
бірлік салты отбасынан басталып, бүкіл
елдің, барлық адам баласының бірлігімен
ұласады.
Көрініс:
«Бірлік».
Әуелбек:
Балалар, мен сендерге бір сұрақ қойғым
келеді. Бұл әлемде адамзат баласына ең
қажетті нәрсе не?
Айғаным:
Дүниежүзінде бәріміз жақсы көретін
нәрсе – тыныштық, бірлік.
Сабина:
Ал, енді «тыныштық» деген сөздің мәнін
білесіңдер ме?
Нұрислам:
Дүниежүзінде соғыс болмаса, тыныштық
деген сол.
Инабат:
Бейбіт
күн тыныштық,
Біз үшін тым ыстық.
Ырыс
құт тұтқасы,
Ынтымақ, туыстық
Мұхаммедәли:
Бейбітшілік
құсы, ақ көгершін,
Биік ұшып,
самғасын.
Тілегімді
жерге жайсын,
Қанаттары талмасын.
Ән:
«Ақ көгершін».
Зере:
Сәбилер
зәресін бұлт алмасын,
Гүл бәйшешек
еш уақытта солмасын.
Ақ көгершін
аспанымда қалықтап,
Барлық халық
бейбіт күнді қолдасын.
Бейбарыс:
Барлық елдердің балаларын ынтымақтасуға
шақырамыз.
Әл
Азиз:
Әй, әлемнің әділ жанды балалары, Әкелер
мен атайларға айтайық!
Хормен:
Ажал оғын атпасын,
Тыныштықты
сақтасын!
Хор:
«Әрқашан күн сөнбесін!»