Сынып: 9-11 сыныптар
Құндылық:
ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ
-Қазақстан мүддесіне қызмет етуге ұмтылу;
-Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға атсалысу;
АР-ҰЯТ
-Өзін отбасының, сыныптың, мектептің, қоғамның, Отанның бірмүшесі екенін сезіну;
-Халқына адал қызмет ету;
ТАЛАП
-Жеке және командамен жұмыс істей білу;
-Дұрыс қарым-қатынас орната білу;
|
Сынып сағатының тақырыбы |
Мақсатты аудитория |
Сынып сағатын жүргізу барысы
|
|
1 мамыр - Қазақстан Республикасының бірлігі күні "Өркендей бер, Қазақстаным" |
Сынып: 9-11 сыныптар |
|
|
Стратегиялар |
«Сәйкестендіру» әдісі, «Шебер қолдар» әдісі, «Досыма хат» |
|
|
Дәйексөз: |
Алтау ала болса, ауыздағы кетеді; Төртеу түгел болса, төбедегі келеді. Ынтымақ түбі —игілік, Тірлік, тірлік түбі — бірлік. Ынтымақ түбі –игілік. |
|
|
Кіріспе: |
Қайырлы күн, құрметті оқушылар! Психологиялық ахуал (Жүрекшемен бір-біріне жылы лебіздерін айту)
|
|
|
Сынып сағатының барысы: |
Мұғалім сөзі: Қазақстандықтар жыл сайын 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтеді. Бұл мереке 1995 жылдың 18 қазанында белгіленіп, мейрам 1996 жылдан бастап кеңінен тойланып келеді. "Мерекелер туралы" ҚР Заңында ол мемлекеттік мәртебеге ие, сол себепті бұл күн елде ресми түрде демалыс күні деп бекітілген. Биыл 1 мамыр жексенбімен тұспа-тұс келгендіктен, заңға сәйкес (5-бап) келесі дүйсенбі күні, яғни 2 мамыр қазақстандықтар үшін демалыс күні деп жарияланды. Жалпы елімізде бұл мерекенің пайда болуына ел халқының ұлттық құрамының ерекшеліктері мен өзгерістері бірден-бір себеп болды. ХХ ғасырға дейін республика көлемінде титулды ұлт – қазақтар басым болса, соңғы он жылдықта ел аумағына түрлі себептермен өзге ұлт өкілдері келіп қоныстанып, тұрақтап қалды. 1 мамыр – Қазақстан Халықтарының Бірлігі күні туралы бейнеролик арқылы ақпарат беру; 1-тапсырма: Бейнематериалға назар аударып, тыңдалған мәтінге талдау жасау Төменде басқа ұлттардың Қазақстанға көшуінің басты себептерін ұсынбақпын: -ХХ ғасырдың басында қазақтың бос жатқан жерлеріне Орталық Ресей губерниялары шаруаларының қоныс аударуы. -КСРО-дағы ұжымдастыру саясаты және 1930 жылдардағы ашаршылық қазақ халықтың санын едәуір азайтты. - Содан бастап жылдар бойы Қазақстан аумағына өзге мемлекеттерден миллиондаған азаматтар қоныс аударды: поляктар, украиндықтар, литвалықтар, Поволжье немістері, Кавказ халықтары және т.б. ұлт өкілдері. -1950 жылдары бүкіл -КСРО-дан қоныс аударушылардың тағы бір толқыны тың игеру үшін қазақ еліне табан тіреді. 2-тапсырма: «Шебер қолдар» оқушыларға түрлі-түсті қағаздарды беріп, өз алақандарын бастырып, тақтағы жер шары маңына жабыстырады. «Досыма хат» берілген қағаздарға досына шағын хат жазып, жасырын қорапшадағы сыйлыққа алмастырады. Балалар, достарыңа көңіл күйлеріңді немесе бүгінгі мерекеде не білгендерің туралы жазыңдар. |
|
|
Қорытынды: |
Қазақстан халқы бірлігі күні - еліміздегі барлық ұлттардың ынтымағы мен бірлігін нығайтатын, достастық қарым-қатынасты нығайтатын айтулы мереке болып қала бермек. Бұл ретте ұлтаралық татулықты сақтаудағы ел саясатының рөлі де басым болды. Оған дәлел, бүгінгі күнге дейін Қазақстанда ұлтаралық қақтығыстардың болмауы, керісінше олардың арасындағы конструктивті этникааралық қарым-қатынастың дамуы болып отыр. |
|
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 мамыр – Қазақстан Халықтарының Бірлігі күні
1 мамыр – Қазақстан Халықтарының Бірлігі күні
Сынып: 9-11 сыныптар
Құндылық:
ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ
-Қазақстан мүддесіне қызмет етуге ұмтылу;
-Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға атсалысу;
АР-ҰЯТ
-Өзін отбасының, сыныптың, мектептің, қоғамның, Отанның бірмүшесі екенін сезіну;
-Халқына адал қызмет ету;
ТАЛАП
-Жеке және командамен жұмыс істей білу;
-Дұрыс қарым-қатынас орната білу;
|
Сынып сағатының тақырыбы |
Мақсатты аудитория |
Сынып сағатын жүргізу барысы
|
|
1 мамыр - Қазақстан Республикасының бірлігі күні "Өркендей бер, Қазақстаным" |
Сынып: 9-11 сыныптар |
|
|
Стратегиялар |
«Сәйкестендіру» әдісі, «Шебер қолдар» әдісі, «Досыма хат» |
|
|
Дәйексөз: |
Алтау ала болса, ауыздағы кетеді; Төртеу түгел болса, төбедегі келеді. Ынтымақ түбі —игілік, Тірлік, тірлік түбі — бірлік. Ынтымақ түбі –игілік. |
|
|
Кіріспе: |
Қайырлы күн, құрметті оқушылар! Психологиялық ахуал (Жүрекшемен бір-біріне жылы лебіздерін айту)
|
|
|
Сынып сағатының барысы: |
Мұғалім сөзі: Қазақстандықтар жыл сайын 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтеді. Бұл мереке 1995 жылдың 18 қазанында белгіленіп, мейрам 1996 жылдан бастап кеңінен тойланып келеді. "Мерекелер туралы" ҚР Заңында ол мемлекеттік мәртебеге ие, сол себепті бұл күн елде ресми түрде демалыс күні деп бекітілген. Биыл 1 мамыр жексенбімен тұспа-тұс келгендіктен, заңға сәйкес (5-бап) келесі дүйсенбі күні, яғни 2 мамыр қазақстандықтар үшін демалыс күні деп жарияланды. Жалпы елімізде бұл мерекенің пайда болуына ел халқының ұлттық құрамының ерекшеліктері мен өзгерістері бірден-бір себеп болды. ХХ ғасырға дейін республика көлемінде титулды ұлт – қазақтар басым болса, соңғы он жылдықта ел аумағына түрлі себептермен өзге ұлт өкілдері келіп қоныстанып, тұрақтап қалды. 1 мамыр – Қазақстан Халықтарының Бірлігі күні туралы бейнеролик арқылы ақпарат беру; 1-тапсырма: Бейнематериалға назар аударып, тыңдалған мәтінге талдау жасау Төменде басқа ұлттардың Қазақстанға көшуінің басты себептерін ұсынбақпын: -ХХ ғасырдың басында қазақтың бос жатқан жерлеріне Орталық Ресей губерниялары шаруаларының қоныс аударуы. -КСРО-дағы ұжымдастыру саясаты және 1930 жылдардағы ашаршылық қазақ халықтың санын едәуір азайтты. - Содан бастап жылдар бойы Қазақстан аумағына өзге мемлекеттерден миллиондаған азаматтар қоныс аударды: поляктар, украиндықтар, литвалықтар, Поволжье немістері, Кавказ халықтары және т.б. ұлт өкілдері. -1950 жылдары бүкіл -КСРО-дан қоныс аударушылардың тағы бір толқыны тың игеру үшін қазақ еліне табан тіреді. 2-тапсырма: «Шебер қолдар» оқушыларға түрлі-түсті қағаздарды беріп, өз алақандарын бастырып, тақтағы жер шары маңына жабыстырады. «Досыма хат» берілген қағаздарға досына шағын хат жазып, жасырын қорапшадағы сыйлыққа алмастырады. Балалар, достарыңа көңіл күйлеріңді немесе бүгінгі мерекеде не білгендерің туралы жазыңдар. |
|
|
Қорытынды: |
Қазақстан халқы бірлігі күні - еліміздегі барлық ұлттардың ынтымағы мен бірлігін нығайтатын, достастық қарым-қатынасты нығайтатын айтулы мереке болып қала бермек. Бұл ретте ұлтаралық татулықты сақтаудағы ел саясатының рөлі де басым болды. Оған дәлел, бүгінгі күнге дейін Қазақстанда ұлтаралық қақтығыстардың болмауы, керісінше олардың арасындағы конструктивті этникааралық қарым-қатынастың дамуы болып отыр. |
|
шағым қалдыра аласыз














