400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

1 мамыр күніне арналған сценарий, тақырыбы: "Ынтымақ достық- кепілі"

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепалды даярлық тобының тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Ынтымақ - достық кепілі.

Мақсаты: 1 мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні екенін балаларға жеткізу; Орыс халқының салт-дәстүрі, киімі, тамағымен таныстыру. Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: плакат, шаңырақ, еліміздің рәміздері, әр ұлттың киімі, тағамы

Шаттық шеңбер :

Достығымыз жарасқан

Ақпыз, қара, сарымыз.

Қара жер мен көк аспан.

Ортақ дала тауымыз.

Болсын жер мен су ортақ.

Болсын біздің ту ортақ.

Ақпыз, қара, сарымыз

Ағайынбыз бәріміз.

. Мұғалім: «Бірлік бар жерде бақыт бар» «Ынтымақ-достық кепілі» Отан - әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз.Адам жүрексіз өмір сүре алмайды.Отан- біздің туған жеріміз, өзіміздің туған- туысқанымыз, дос- жаранымыз бен тұратын еліміз. Біздің Отанымыз- Қазақстан. Бүгінгі Қазақстан дүние жүзіндегі көптеген мемлекетер таныған ел. Оның өз Елтаңбасы, Туы, Әнұраны бар.Еліміз өз егемендігін, тәуелсіздігін 1991 жылы 16 – желтоқсанда алды. Тәуелсіздік кіндігін Кескен халық бірлігі. Ынтымағы барша ұлттың Нұрын шашқан күн бүгін. Әнұраным- біздің Отанымыздың салтанатты үні. Өр үні. Өміршең үні. Оның қалықтай көтерілген әуеніне туған жердің рухы мен сазы шымырлай шалқиды.Кеудені мейірлі мақтанышқа бөлейді, арманыңды аялай самғады. Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады. Елтаңбам қандай тамаша! Елтаңбамызға көз салсақ ортада қазақтың қарашаңырағы, күн сәулесіндей уықтар шашырай шапағын шашқандай, екі жақтағы қанатты пырақтар арынды да қарымды, жоғарыда бес бұрышты жұлдыз жарқырайды. Жарығымен «Қазақстан» жазуы жарқырай түскендей.

Қазақстан Республикасын мекен еткен 130 дан астам ұлт өкілі күні бүгінге дейін ынтымақтастыққа, бір үйдің баласындай тату-тәтті жарасымды тіршілік кешіп келеді. Жүзі басқа болғаны мен жүрегі бір, тілі басқа болғанымен тілегі бір, мақсат-мүддесі ортақ, бірлігі мықты, достығы берік ұлттар қазақ елінің салт-дәстүріне, ұлттық құндылықтарына құрметпен қарайды, сондай-ақ қазақ халқының қарапайымдылығы, қонақжайлылығы, бауырмалдылығы үшін ерекше бағалайды, бастысы-өздері қоныс тепкен Қазақстан жерінің барлық ұланымен ауыз бірлікте, туыс болуды көздейді.


Жүргізуші: «Қазақта бірлік болмай,тірлік болмайды»-деген ұлағатты ұғым бар.Ендеше елімізде бейбіт өмір сүріп жатқан ұлттармен ұлыстар өкілдерінің татулығы артып,Қазақ елінің нығайып,өркендеуіне өз үлесімізді қоса берейік.

Айзада - Ұлт өкілі: Мына бір аңызға тоқталайық

«Бір кісі бармақтай құсты ұстап алып торға қамап қояды.Тұтқын құс күні-түні дамыл көрмей «Отан»,Отан,Отан.... » деп шырылдай береді.Құстың иесі: «Мұның да Отаны болғаны ма,ал Отаны болса қайда екен?» құсты ұшырып жеберейін де,ұшқан жағына қарап,ғажайып елге апаратын жолды біліп алайын» деп ойлайды.Сөйтіп торды ашып,құсты босатып жібереді.Құс ұшып шығып бар болғаны 10 қадам жердегі тастақты тақырдың арасында өскен жалғыз түп тікенге барып қонады.Сөйтсе,әлгі бұтада ұясы бар екен «Демек құстың Отаны -ұя салған жері болды ғой» деп ойлайды жаңағы адам.Шынында да адам түгілі құстарда ұя салып, мекендеген жеріне бауыр басып кетеді екен!

Киім-кешек

Орыс халқының дәстүрлі киім-кешектері алуан түрлілігімен және аймақтарға байланысты бөлінуімен ерекшеленеді. Ресейдің кіші халықтарының әсері білінеді. Сонымен қатар кейбір жалпы стиль болды. Ерлер туника түріндегі және қисық жағалы жейделерді, шалбардың сыртына шығарып, белбеу тағып киген. Сыртқы киімі сол жағына қаусырылатын үшкіл шекпен болған. Көпестер мен бай шаруалар шекпен тәрізді белі бүрмелі бешпентше киген. Қисық жағалы жейде, етіктің ішіне салынған шалбармен бірге киілген поддевка 19 ғасырдың аяғындағы интеллигенция арасында сәнді болып саналған. Деревняларда шаруалар көбінесе шұғадан жасалған ұзын етек шапан армяк киіп жүретін болған. Қыста қойдың терісінен жасалған қысқа тондар мен тұлыптарды ашық түсті мата белбеумен орап буып киген. Киім-кешектердің солтүстік және оңтүстік болып бөлінуі әйелдердің киіміне ерекше тән болған. Ақ кенептен жасалған иығына ендірме салып, жағасы жинақталып келген ұзын жейделер жалпы орыстардың дәстүрлі киім үлгісіне жатады. Солтүстік аймақтарда түсі мен тігуі жағынан әр түрлі ұзын сарафандар (ұзын, жеңсіз көйлек) киген. Тұрмысқа шыққан әйелдер бастарына кестемен, маржандармен әшекейленген биік төбелі бас киім кокошник киіп жүрген. Күнделікті бастарына орамал – байлаған кішірек бөрік болған. Түсі, түрі және матасы жағынан әр түрлі байламдарды міндетті түрде байлаған. Оңтүстік аймақтардағы орыстардың киімдері кенептен, ұзын жейде мен торлы жүннен жасалған матаның тілімі поневадан тұрған. Оның сыртынан алжапқыштың бір түрі – запан киген. Кейде тұрмыс құрған әйелдер мүйіз формалы күрделі бас киім киіп жүретін болған. Нақышты жапсырмалар, інжу, маржандарыдан тұратын өрнектер, алтын, күміс бұйымдар сияқты әшекейлер ерекше алуан түрлі болған.



Ас, тағамдар

Орыс халқының дәстүрлі азық-түліктері негізінен ұннан жасалған тағамдары болған. Қара бидай ұнынан, қышқыл қамырдан жасалған үлкен домалақ нандар пісірген. Құймақ, жұқа құймақтардың жұқа нандардың алуан түрі пісірілген. Дәнді дақылдар жармаларынан сұйық ботқалар дайындалатын болған. Орал маңында тары жармасынан жасалған щи, оңтүстікте – бидайдан жасалған быламық ерекше cүйіп жейтін тағам болған. 19 ғасырдың аяғында күріш пайда болды. Бал немесе балы бар су қосылған үгітілмеген бидай, тары жармасынан жасалған ботқа - кутья кеңінен таралған. Бақша өсімдіктері ішінен ас үйде орамжапырақ жас күйінде де, тұздалған ашытылған күйінде де көп пайдаланған. Сонымен қатар картоп та кеңінен танымал болған, оны қуырып, пісіріп тағам жасаған. Картоп пен тұздалған қияр орыс халқының негізгі тағамдары болған. Оған қоса қара нан, ботқа және щи қосып желінетін болған. Орыс халқы сонымен бірге еттен дайындалатын тағамдар да жасаған. Негізінен олар шошқа, сиыр, қой етін сирек пайдаланған. Жылқы етін жемеген, ал, балықты тамаққа жиі пайдаланған. Сусындар қара наннан жасалған квас және сыра болған. Кейбір кездері бал мен кептірілген жидектерден сусындар дайындаған. Кисель мен компот та кеңінен таралған сусын түрлері болған. Шай 19 ғасырда пайда болды. Шайды арнайы ыдыстан (әйгілі тула самаурындары сол кезде пайда болған) қант тістеп ішкен. Ресейде күнтізбелік әдет-ғұрыптар 20 ғасырдың басына дейін сақталып қалған. Оларда халық серуендеп, сауық-сайран құратын болған. Бірінші кезекте олар қасиетті – рождестволық, жаңа жылдық мейрамдар болған. Оларды әзіл-ысқақты, көңілді ғұрыптармен өткізетін болған. Бұлардың ішінде амандық-саулық тілеп жарапазан өлең айту кеңінен мәлім болған. Жарапазаншыларға тәтті, дәмді тағамдар сыйлаған. Бұл кезде сонымен қатар бал ашу да кеңінен таралған, қыздар болашақ жұбайларының есімдерін білу үшін бал ашқан. Көшелерде күлдіргіштер, сиқыршыларшынжырға байлаған аюмен жүретін болған. Бұл цикл шоқындырумен (қасиетті сумен бүрку, кейбіреулер мұзды суда шомылған) және крест жорықтарымен аяқталаған.


Мерекелер

Үлкен крест жорықтары тарихи оқиғаларға байланысты маңызды даталар бойынша жүргізілген. Қысты шығарып салу және көктем мерекесі масленица болған бұл мерекеде көбіне пұтқа табынушылық іздері сақталып қалған. Келесі үлкен мереке – Пасха. Бұл мерекеде орыс халқы кулич пісіріп, жұмыртқаны бояп пісірген және сауық-сайран құрған. Көктемнен жазға өту Тройца мерекесімен белгілі болған. Қыздар ағаш бұтақтарын және гүлден жасалған тәждер әкеліп, алау жағып, өлең айтып, су шашып жастар сауық құрған. Көптеген мерекелерге байланысты жәрмеңкелер ұйымдастырылған. Рухани мәдениеттің қайнар көзі ауызша поэтикалық шығармашылықта жатыр. Осы мәдениеттің ежелгі, көпшілікке мәлім жанры – ән болып табылады. Олар стилі, тақырыбы бойынша алуан түрлі болған: колядка, овесенъ немесе таусень, виноградь, веснянки және т.б. Сонымен қатар орыс халық ертегілері де ежелгі жанрлардың бірі болып табылады.



Басқа мемлекетке келгенде сол елдің тағамдарын татып көруге тура келеді. Бұл бетте сіздерге орыс асханалық дәстүрлері мен тағамдары жайлы қысқаша мәлімет береміз.
Сонымен бастайық.
Ресейде дәстүр бойынша негізгі үш тамақтану уақыты бар, яғни 
таңертеңгілік ас, түскі және кешкі тамақтану.
Таңертеңгілік ас - бірінші тамақтану. Таңертеңгілік ас уақыты өзіңіздің қай уақытта оянуыңызға байланысты. Таңертеңгілік ас тойымды болады, егер оның құрамына ботқа немесе омлет, құймақ құймақ, шай немес кофе және бутерброд кіретін болса. Немесе таңертеңгілік ас жеңіл болуы мүмкін, яғни тек шай немес кофе ғана ішетін болса. Әдетте Ресейде таңертеңгілік асты үйде жұмысқа немесе сабаққа кетер алдында ішеді. Жеңіл таңертеңгілік асты жақсы көретіндер екінші рет таңертеңгілік ас ішуді талап етеді.
Ресейде ең тойып тамақтанатын кез ол 
түсті тамақтану. Әдетте түскі тамақтану уақыты 12 мен 15 уақыт аралығында болады. Оның құрамына үш-бес түрлі тамақ кіреді: біріншіге сорпа, екіншіге ет немесе балықтан жасалған тамақтар гарнирмен, салат, десерт және шырын. Ресейде сорпа тамақ ұлттық дәстүрлік тамақ болып есептеледі.

Сорпаның жылдың әр мезгіліне байланысты ыстық, салқын, етті немесе балықтан жасалған, саңырауқұлақты, сүттен жасалған, тіпті тәтті түрлері бар. Салқын сорпалар мәселен окрошка, свекольник, щавелді сорпа, жылдың ыстық мезгілінде өте пайдалы және олар аштықты жойып бойды сергітеді. Орыстың ыстық сорпаларының ішінде ең әйгілілері щи және борщ, бірақ негізінен борщ украиндықтардың ұлттық тағамы.

Тойымды салаттар - "оливье", "селедка под шубой" секілді бөлек тағам ретінде, ал жеңіл салаттарды, этикетке сай болмаса да, орыстар негізінен екінші тағаммен береді. Десертке тәтті бір нәрсе жеуге болады. Бұл балмұздақ, бәліш, құймақ, ірімшік печеные алма немесе шоколад та бола алады.

Сусындарды да өз талғамына қарай таңдауға болады (шай, кофе, 
компот, кисель, ал жазда квас пенморс.

Түстен кейінгі астықабылдасақ кешкі асқа дейін әбден шыдауға болады. Түстен кейінгі ас дегеніміз түскі мен кешкі астың арасындағы жеңіл ас. Ол ағылшындардың "five o'clock" - на ұқсас. Түскі және түстен кейінгі асты өзіңіз жұмыс істейтін немесе оқитын жерде қабылдайсыз.


Әдетте орыстар кешкі тамақты үйде ішеді. Жанұя мүшелері үйде жиналып күні бойғы оқиғаларды әңгімелеп, туғандарымен бірге ішеді. Бірақ мұндай дәстүрді Ресейден де басқа кез келген мемлекеттерде де кездестіре аласыз.

Сіз оқығандай, орыстар күніне үш рет тамақтанады. Дегенмен, шын мәнісінде, астардың аралығында тәтті бір нәрсе жеуге (мәселен конфеттер, шоколад, печенье) құмар жан кемде кем.


Орыстар әрдайым тамақ ішуге уақыттарын көп жұмсайды екен деп ойламаңыздар. Барлық ресейліктер "қалыпты" тамақтана алмайды, олар күніне бір-екі рет ғана тамақтанады, олар үшін ол қалыптасқан өмір.
Орыс асханасының кейбір тамақтары арнайы мейрам, дәстүрлермен және ырымдармен байланысты. Мәселен, Масленица күнінде үй иесі сізді құймақпен сыйлайды. Пасха мейрамында орыстар 
куличпісіреді және тауық жұмыртқасын бояйды. Жаңа жыл мейрамында "оливье" салатын дайында дәстүрге айналған. Орыстардың құрметті қонақтарын нан мен тұз беріп қарсы алу дәстүрін бүкіл дүние жүзі біледі. Ежелгі орыст халқында нан мен тұз қонақ күтудегі ең қымбаты болған.
Нан әрдайым орыс асханасында өте маңызды ас болып табылады. Сондықтан да "Нан бүкіл өмір азығы" мақалы бекер шықпаған.

Ресейде болғанда сізге міндетті түрде орыстардың пісірген нан өнімдерін жеу керек (расстеган, кулебяки, ватрушки, капустника және т.с.с), сонымен қатар кесек нан, куличтер, баранки, кептірілген нан, тоқаш, крендель, қалаш, пряник, пышка, кітірлек нан тәрізді де нан өнімдерінің дәмін көре аласыз.

Орыс өмірінің тағы бір ерекшелігін айта кету керек. Орыстар орманға барғанды және тек қана серуенге ғана емес саңырауқұлақ пен жидек тергенді өте ұнатады. Бұл орманның сыйы - орыс асханасының ажырамас бөлігі. Жидектерден жасалған тосап (варенье) сізді қыстың суық кештерінде орманның иісімен қуантады және бүлдіргеннен жасалған тосап тұмаудан қорғайды.

Саңырауқұлақ теруді орыстар "тыныш аңшылық" деп атайды. Арыш, маслята, түлкішек, ақ саңырауқұлақ, терекқұлақ, қайың саңырауқұлақ, томарқұлақ, грузди, құрғақ 
саңырауқұлақтар сияқты ең әйгілі олжалардың бәрін орманнан әкеледі. Орман саңырауқұлақтарын қуыруға, асуға, кептіруге, мұздатуға, тұздауға болады.


Бірақ орманға - саңырауқұлақпен жидекті жақсы білетін және орманда адаспайтын тәжірибелі серікпен ғана барғандарыңыз жөн екенін ескертеміз!
Орыстар үйінде көп ас дайындайды. Егер сіз орыс үйіне күтпеген кезде келсеңіз де сізге тамақтанатын нәрсе әрдайым табылады. Ал егер отырыс алдын -ала ұйымдастырылса, онда үстел үсті жайнайды. Басқалардың арасында сіз негізінен 
"оливье", "селедка под шубой", салаттарын, фарш қосылған тауық, жұмыртқасын, қызыл уылдырықты (қазір Ресейде қара уылдырық сатуға тыйым салынған), тұздалған және маринадталған (маринованный) көкөністер мен саңырауқұлақтарды кездестіре аласыз. Мереке күндерінде және жай күндерде де орыс үстелінде қыш құмырада жасалған тағамдарды көруге болады. Бұл өте дәмді! Қыш құмырадағы астың дәмі мен хош иісі сөзбен жеткіліксіз және ауыщда еріп кетеді. Реті келсе міндетті түрде пісірілген картоп (жаркое) пен көжені жеп көріңіз. Егер сәті түсіп, сіз орыс ауылына барсаңыз орыс пешіне пісірілген астың дәмін татыңыз. Дәмі керемет!


Сонымен қатар, орыстар қысқа дайындалған көкөніспен жемістің жидектен, саңырауқұлақтан консервіжасайды. Көкөністі тұдауға, маринадтауға болады. Тәжірибелі орыс әйелдері көкөніс салатын да консервілейді. Жеміс –

жидектен компот пен варенье әзірлейді. Кейбір жеміс-жидекті кептіруге де болады. Көптеген орыстар қала тұрғындары да көкөніс пен жеміс-жидекті саяжайларында өздері өсіреді.

Ежелгі кезден орыс асханасында бал (мед) қолданды. Арамен айналысу Русьте өте дамыған. Бал - ең тәтті өнім және де бал тұрмыста салқын тигенде дәрі ретінде пайдаланады. Бал негізінен, медовухо және балдар (меды) жеңіл алкагольді сусындар дайындалатын.

Егерде орыс халық ертегілерін оқысаңыз "бал жедім - сыра іштім" деген сөзді кездестіресіз, онда бал шарабы туралы айтылған. Бірақ, қазіргі кезде дәстүрлі орыс алкогольдік сусындарының ішінен арақты бірінші айтар еді.

Дәмдеуіштер жайлы айтар болсақ, орыс үстелінде қыша (хрен) мен горчица көп пайдаланады. Дәстүрлі орыс ет тамағына жататын холодецке негізінен жасалған соус береді. Дәстүрлі орыс ет тамағына жататын холодецке негізінен жасалған соус береді. Егер қышаның өзінің дәмін көргіңіз келсе, онда байқаңыз: дәмі жас шығарарлықтай ащы. Қышаның да дәмі өте ащы.

Қышадан әзірленген соустан басқа құймақ, майонез, томат соустары да орыстардың сүйіктісіне айналды. Көптеген шет елдіктер орыстардың қаймақ (сметана) пен майонездің сұйық тамаққа (суп) араластырғанын жат көреді. Бірақ бұл тағамдардың дәмін көрген адамның оның дәмді екендігіне көзі жетеді. Ал қаймақты құймаққа, сүзбеден жасалған тағамдарға, қайнатылған картопқа, жаңа піскен жидектерден жасалған салаттарға щиге, борщқа және де басқа көптеген тамақтарға қосқан жөн.

Егер де сіз біздің порталдың 
"Ресей жайлы" бөлімімен таңыссаңыз, онда сіз біздің елде көптеген ұлт өкілдері тату тәтті өмір сүріп жатқандығы туралы білесіз. Әр елдің ұлттық тағамдары - палау, долма, лаваш, форшмак, тұшпара, брынза, манты, чечил, кәуап және басқалары орыс үстелінде өз орнын тапты.



«Сергіту сәті»

-Дөңгелене тұрайық

Керегені құрайық

Уық болып иіліп,

Шаңырақ болып киіліп

Достық үйін құрайық


Көрініс: «Бірлік»
Автор: Ертеде бір қария балаларын бірлікке былай үйреткен екен. Қарт бір бума шыбықты сындыруды ұсынады. Ұлдары олай әуреленіп, былай бір бума шыбықты сындыра алмайды. Қарт буманы шешіп, шыбықты бір талдап сындырып көруді ұсынады. Шыбықтар оп - оңай сынады. 
Қария: бірігіп өмір сүрсеңдер, сендерге ешкімнің де әлі келмейді. Ал жеке - жеке тұрсаңдар, әрқайсыңды біртіндеп құртады.
1 - жүргізуші
Халқымыздың қанға сіңген осы берік бірлігі, ұйымшылдығы, басқа халықтармен одақтасып, достаса білу жеңістен жеңіске жеткізеді. Оған халық куә, тарих куә! Балалар, мен сендерге бір сұрақ қойғым келеді. Бұл әлемде адамзат баласына ең қажетті нәрсе не?
Балалар: Дүниежүзінде бәріміз жақсы көретін нәрсе тыныштық, бірлік.
Балалар: Әрине, халқымыз ең әуелі тыныштықты қалайды.

«Дәйек сөз» «Ынтымақ бар жерде бақыт бар» деген мақал сөз бар. Ынтымақ деген таулық, достық, бірілік Жер бетіндегі халық бір-бірімен дос, туыс, бауыр Біздің елімізде 1- мамыр ынтымақ, достық, бірлік мерекесі болып тойланады.

«Шығармашылық жұмыс» «Туған еліме тілегім» Қазақстан картасының суретін тақтаға іледі. Балалар алдына гүл,күн,көгершін суреттерін үлестірмелі түрде тастайды. Өздері таңдаған суретті Қазақстан картасының бетіне жапсырып не себепті сол суретті таңдағанын тілегі арқылы білдіреді. Рефлекциялық «Тыныштық сәті» -Балалар денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып терең тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап бақытқа, махаббатқа толы таза ауаның бойларыңа толғанын сезінесіңдер. Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады. «Жүректен-жүрекке» «Мен өз Отанымды мақтан тұтамын» Тәрбиешімен бірге орындайды «Мен өз Отанымды мақтан тұтамын» сөзін қолдарын жүрек тұсына қойып бірнеше рет қайталайды.

Ән: «Әрқашан күн сөнбесін»

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
4 мамыр
2980
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі