400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

1-мамыр мерекесіне арналған "Достықтың тұғыры бейбітшілікте" атты тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбие сағат
Материалдың қысқаша нұсқасы

Достықтың тұғыры -бейбітшілікте!


Жүргізуші: Көктем келді май келді,

Шақырады тойға елді.

Бізбенен қол ұстасып,

Кел бірге жүр жақсы май деп, «Достықтың тұғыры бейбітшілікте!» атты ертеңгілігімізге қош келіпсіздер!

Қазақстан Республикасының әнұраны: Менің Қазақстаным!

Жүргізуші: Қазақстан халқының бірлігі мен жеңіс күні мерекесімен құттықтаймыз! Бұл мейрам біздің көп ұлтты халқымыздың тамаша дәстүріне, бейбітшілік пен өзара түсіністіктің символына айналды.

Ән: Достық!

Бейбіт: Нәсілдерге нәсіп болсын нұрлы күн,

Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын.

Татулығын жырға қосам ұлттардың,

Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.

Еркежан: Достық тапса діндер менен дінімді,

Салт-дәстүрлер сыйға ұласты бүгінгі.

Бір туғандай ұлтаралық келісім,

Бір көтерген басқа түскен жүгімді.

С.Аружан: Серт берісіп туыс болып қалуға,

Нәубеттерден аман жеттік дамуға.

Байтақ елдің биік ұстап байрағын,

Біздің достық мәңгі олып қалуда.

Алдияр: Тілі бөлек болғаныман тілек бір,

Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.

Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,

Шайқалтпастан шаттығымыз тіреп тұр.

Жансая: Қуаныштан желпілдейді түндігім,

Бар халықтың бірлік тойы күн бүгін.

Халқым мәңгі ғұмыр кешсін бақытты,

Бір тамырмен байлап қойған кіндігін.

Жүргізуші:Мың бұралған арулар билей басып,

Келеді міне ортаға толқып тасып.

Аруларын сыйлаған халқым менің,

Көңілді қошаметпен қарсы алайық.

Би: Достық!

Жүргізуші:Қалыптасқан достығымыз,

Татулық пен бірлігіміз.

Көк туымыз асқақтап,

Жарқырайды әрқашан.

Ән: Туған өлкем!

Жүргізуші:Жалауымда нұрлы күн,

Нұрын шашып тұр бүгін.

Паш етеді ол халқымның,

Ынтымағын бірлігін.

Асылжан: Бірлік біздің күшіміз,

Бірлікпен бітер ісіміз.

Жеңіске жеткен үлкеннен,

Үлгі алған кішіміз.

Өркен: Достық қымбат алтыннан,

Сүрінбей өткен сан сыннан.

Мейірімді кең пейіліміз,

Әлемді таң қалдырған.

А.Аружан: Тойлауға әбден лайық,

Бірлікті мақтан қылайық.

Мамыражай мамырға,

Сән салтанат құрайық.

Ермұрат: Бір дастархан басында,

Отырамыз жарасып.

Беріліп жөнсіз ашуға,

Жатпаймыз жатша таласып.

Таңатбек: Бірлікпен не келер тең,

Гүлденткен Қазақстанды.

Татулығымыз сүйсінткен,

Дос түгіл тіпті дұшпанды да.

Жүргізуші:Үйретіп әркез әлемнің ғажап сырларын,

Тәрбиелеп өсірер ұл менен қыздарын.

Дамытып әркез баланың сана сезімін,

Кезекте келді ойнайтын ұлттар ойынын.

Ойын: Қай команда жылдам?

Жүргізуші:Тәуелсіз елдің көгінде,

Алаулаған күн қандай.

Біздің байтақ өңірге,

Алтын сеуіп тұрғандай.

Ән: Солдат болам мен ертең!

Жүргізуші:Қуаныш пен салтанат, аза мен мұң астасып жатқан бұл күн шын мәніндегі халықтық мереке. Қаншама уақыт өтседе Ұлы жеңіс күні ұрпаққа ұран болып қала береді.

Аяулым: Қан майданның жүректе жарасы бар,

Қайғысы мен зілі бар, наласы бар.

Арамызда жүретін алшаң басып,

Ардагерлер азайып барасыңдар.

Ажар: Қастерлейді халқымыз қаһарманын,

Жүр есінде сан жорық сапарларың.

Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер,

Қалды-ау сиреп бұл күнде қатарларың.

Бағдат: Елің сүйген еліңе салтын ұнар,

Жүздеріңде жанған от жарқылы бар.

Соғыс деген салмаған жалғыз сөздің,

Бүгінгі ұрпақ өздерің арқылы ұғар.

Ақнұр: Жасқанбағын жауыннан жарақты ер,

Ерлігіңді аңыз ғып таратты ел.

Қаһармандық дегенді кейінгі ұрпақ,

Жүздеріңе сендердің қарап білер.

Бекбай: Дархан мінез, дария ой, дара шыңдар,

Жарқын жүзді, жүрегі ақ, жаны асылдар.

Арамызда жүретін алшаң басып,

Ардагерлер азайып барасыңдар.

Жүргізуші:Болашақ атты бақшада,

Бұлбұл болып сайраған.

Болашақ атты бақшаның балаларына,

Кімдер таңдай қақапаған.

Ән:Катюша!

Би: Өзбек биі!

Жүргізуші: Жеңіс келді қалама,

Жеңіс келді далама.

Жеңіс келді әке боп,

Елдегі бар балаға.

С.Нұрдаулет: Жауыз, фашист тұтқиылдан бас салып,

Кетті содан қанды қырғын басталып.

Ер азамат атқа қонды намысшыл,

Отан сөзі әр жүректе жатталып.

Е.Аружан: Қорғау үшін туған елін Отанын,

Қаншама жан қыршыннан қиылды.

Қалың қолын қайтаруға дұшпанның,

Халқымыздың батырлары жиылды.

С.Нұрдаулет: Отан үшін от кешті, олар су кешті,

Біз жеңуге тиіспіз деп шешті.

Бар ғұмырын отанына арнады,

Кейінгінің өмірін алға жалғады.

Е.Аружан: Құрбан болды отанының жолында,

Жеңді ақыры жеңіп шықты соңында.

Биыл міне алпыс бес жыл жеңіске,

Тағзым етің мәңгі алау барында.

С.Нұрдаулет:Отан! Отан! Деп соғатын жүрегі,

Майдаргерлер арамызда жүр әлі.

Жетті бұған кейбіреуі жетпеді,

Ұрпақтары бақытты өмір сүреді.

Ойын: Соқыр бүркіт!

Жүргізуші: Біз әртүрлі баламыз,

Қол ұстасып барамыз.

Біз бақытты балдырған,

Деп шырқап әнге саламыз.

Ән: Біз бақытты балдырған!

Жүргізуші:Ұлы жеңіс-біздің дәуіріміздегі бейбітшілік пен тыныштықтың ең негізгі кепілі.Бұл күн төрт жылға созылған қорқынышты үміттің жеңген күні.

Натали: Почему дедуля, у тебя слезы?

Почему дедуля, прячешь глаза?

Кто тебя обидел, можешь рассказат,

За тебя я буду драться, боевать!

З.Нұрдаулет:Внучек ты мой милый, нет не плачу я,

Просто вспоминаю о белых боях.

Когда был я молод, Родину любил,

И врагов проклятых под Москвою биль!

Гүлназ: Блогодарим солдаты вас,

За жизнь, за детство и весну.

За тишину, за мирный дом,

За мир в котором мы живем.

Айханша: Праздниак Победы-это праздник весны,

День пороженья жестокой войны.

День ....... насилья и зла,

День воскрещенья любви и добра.

Саят: Еще тогда нас не было на свете,

Когде грешел салют из края в край.

Солдаты, подарили вы планете,

Великий май, Победный май!

Жүргізуші:Бейбітшілік құсы деп қай құсты айтамыз?

Балалар: Ақ көгершін!

Жүргізуші: Қараңдаршы балалар! Бейбітшілік құсы Ақ көгершіннің өзі ұшып келген секілді!

(Ақ көгершін ұшып келеді)

Ақ көгершін:Көк аспанда қалықтаған,

Көгершінмін, көгершінмін!

Бақыт құсы боп самғаған,

Көгершінмін, көгершінмін!

Бейбітшілік, аманшылық болсын деп,

Шарықтаған, көгершінмін!

Жүргізуші: Ендеше балалар Ақ көгершінге арнап, ән айтып берсек қайтеді?

Ән: Ақ көгершін!

Жүргізуші: Жеңіс туы желбіресін мәңгілік!

Жеңіс жыры асқақтасын жаңғырып!

Ән:Атамекен!

Жүргізуші: Отан үшін отқа түсіп, қан майданнан аман оралған қандастарымыздың алдында бас иеміз! Құрметті ағайын Тәуелсіздіктің, бейбітшіліктің нұрлы шуағына бөлене берейік.Осымен «Достықтың тұғыры-бейбітшілікте!» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Әрбір жанұяға ырыс, табыс, қуаныш пен бақыт ұяласын! Еліміздің бірлігі нығая берсін, мерекелеріңіз құтты болсын!




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
16 ұстаз жүктеп алған
20 желтоқсан
3199
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі