1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
1-Мамырға байланысты "Ұлттар достығы" атты тәрбие сағаты
Ұзақ Ұзақ мерзімді жоспар тарауы: VIII бөлім. Әлемдегі қақтығыстар және бейбітшілік. Мектеп: Қаражал қаласы, Жайрем кенті №30 жалпы білім беретін орта мектебі Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Абильдина Дана Кызыметовна Сынып: 9 Қатысқандар: Қатыспағандар: |
|
|||||||||||||
Сабақ тақырыбы |
Қазақстан Бейбітшілік пен ынтымақтастық жаршысы |
|
||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес) |
9.2.3.1 мақала, аннотация ,презентация, тұжырымдамалар, тезистердің құрылымы мен рәсімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырата білу; 9.3.4.1 эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, көтерілген мәселе бойынша екі жақты пікірді немесе жағдаятты талқылап, біреуіне таңдау жасап, өз ойын дәлелдеп жазу (аргументативті эссе)
|
|
||||||||||||
Сабақ мақсаты |
1. Оқылым бойынша мақала, аннотация , презентация, тұжырымдамалар құрылымы мен рәсімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату; 2. 2. Көтерілген мәселе бойынша пікірлерді талқылау, 3. Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, ойын дәлелдеп жазу; |
|
||||||||||||
Бағалау критерийі |
- оқылым бойынша мақала,аннотация,презентация,тұжырымдамалар құрылымы мен рәсімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату; - көтерілген мәселе бойынша пікірлерді талқылау; - эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, ойын дәлелдеп жазу;
|
|
||||||||||||
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар орындай алады: оқылым бойынша жанрлық ерекшеліктерін ажырата алады; эссе құрылымын сақтайды,ойын дәлелдеп жаза алады; Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: қазақстан, бейбітшілік, мәселелерін, біріккен ұлттар ұйымы, тарихи, халықаралық, күн, әдемдегі абыройы; Диалог құруға шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: қазақстан елі, халықаралық бейбітшілік, мәселелерін шешуге, біріккен ұлттар ұйымы, тарихи оқиға, бүгінгі күн. Талқылауға арналған сұрақтар: - БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Әлемдік саясатта атқаратын рөлі туралы не білесіңдер? - Бұл Кеңеске мүше болу Қазақстан үшін қаншалықты қажет деп ойлайсыңдар?
|
|
||||||||||||
Құндылықтарға баулу |
«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтары: индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу - шағармашылық және сын тұрғысынан ойлау; - еңбек және шығармашылық; - өмір бойы білім алуға баулиды. - қазақстандық патриотизм; - азаматтық жауапкершілік; - құрмет, ынтымақтастық;
|
|
||||||||||||
Пәнаралық байланыс |
Сабақта графикалық органайзерлерді қолдану арқылы бейнелеу өнерімен, АКТ-ны пайдалану арқылы информатика пәнімен байланысады |
|
||||||||||||
Алдыңғы білім |
Оқушылар бұған дейінгі Сирия еліндегі ушыққан қақтығыстар туралы ақпаратпен таныс. Сөйлемнің түрлері туралы түсініктері бар. |
|
||||||||||||
Сабақ барысы |
|
|||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
||||||||||||
Сабақтың басы 5 минут
5 минут |
Сәлемдесу, түгендеу «Ыстық алақан» әдісі Мақсаты: оқушылар арасында жағымды, серіктестік қарым-қатынас орнату. Топқа бөлу «Асыл тастар» Оқушылар түрлі-түсті асыл тастар арқылы шағын топтарға бөлінеді. Ширату жаттығуы. «Серпілген сауал» әдісі Мақсаты: алдыңғы білім мен жаңа білімді байланыстыру, кері байланыс жасау; - Әлем елінде болып жатқан қақтығыстар туралы не айтасыздар? - Бейбітшілік-ел тірегі деген сөзді қалай түсінесіздер? - «Қара алтын бақ емес, сор болды» деген сөйлемнің мағынасын қалай түсінесіңдер? Ойларыңмен бөлісіңдер. ҚБ. «Жақсы!», «Жарайсың!», «Тамаша!» сөздерін қолданып,ауызша бағалау арқылы жүзеге асырылады. Олай болса балалар, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Қазақстан бейбітшілік пен ынтымақтастық жаршысы». Сабағымыздың мақсаты: оқылым бойынша белгілі бір мақала,аннотация,презентация,тұжырымдама құрылымы мен рәсімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату; көтерілген мәселе бойынша пікірлерді талқылау; эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, ойын дәлелдеп жазу. |
«Сәлемдеме хат» әдісі
|
||||||||||||
Сабақтың ортасы 5 минут |
Оқылым алды тапсырмасы СЖ. 1-тапсырма. «Суреттер сөйлейді» әдісі арқылы оқушылардың таным деңгейлерін анықтау;
1.Оқушылар, біз қандай елде тұрып жатырмыз? 2. Бейбітшілікке бейбіт тыныш өмірге ұмтылу дегенді қалай түсінесіңдер? Оқылым кезі тапсырмасы СЖ. 1-тапсырма: 1. «5 сөзді тап» әдісі Орындалуы: оқушылар мәтінде кездестіреміз деген 5 сөзді жазып шығады. Оқушылардың ықтимал жауаптары (бейбітшілік, Қазақстан Республикасы, халықаралық, дүние жүзі, әлем) 2. Сөздердің мағынасын ашып, көрсету үшін сөздікпен жұмыс жүргізу
ҚБ. «Қосу, алу, қызықты» әдісі 2-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, тұжырымдамалардың жанрлық ерекшеліктерін ажырату жаттығуы жүзеге асады:
Тұжырымдамалардың рәсімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату.
Мәтіннің
жанры қандай?
Мәтін
қалай рәсімделген?
Басқа
қандай жанрлық ерекшеліктер
байқалады?
Бағалау критерийі: -мәтінді оқиды; -мәтіннің рәсімделуі арқылы,оның жанрлық ерекшелігін ажыратады; Дескриптор: - мәтінді оқып, түсінеді; -мәтіндегі тұжырымдамалардың рәсімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырата біледі; ҚБ: «Егер 5 минутым болса» әдісі арқылы әр топ өз ойларын ортаға салады идеяларымен бөліседі, түзету жұмыстарын жүргізеді. Қалыптастырылатын дағдылар: - өзін-өзі дамыту; - өз ойын сынып алдында қорғай білу; - топ жұмысының нәтижесін көру; - белгілеген мақсатқа қол жеткізу; Оқылымнан кейінгі тапсырма ЖЖ. «Жанды микрафон» әдісі Оқылым мәтінін пайдаланып, «Әлемдегі бейбітшіліктің Қазақстан үшін орны қандай?» деген сұрақ төңірегінде сұхбаттасу; Бағалау критерийі: - Көтерілген мәселе бойынша жағдаятты талқылайды; Дескриптор: -БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің әлемдік саясатта атқаратын ролі туралы біледі; -бұл кеңеске мүше болу қаншалықты маңызды екенін түсінеді; ҚБ. «Серпілген сауал» әдісі арқылы әр жұп бір-біріне кері байланыс жасайды (жауабын қалай толықтыруға болады? пікіріне қосыласыздар ма?) Тапсырманы орындау арқылы оқушылардың нәтижеге жетуін қолдау; Жазылым тапсырмасы 2-тапсырма. Жағдаят негізінде аргументативті эссе жазады. «Сендер әлеуметтік сарапшысыңдар делік. Қазақстанның қауіпсіздік кеңесінің мүшесі ретінде атқаратын істері туралы аргументативті эссе жазыңдар. Сөз саны-150 Бағалау критерийі: -эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, ойын дәлелдеп жазу;
Дескриптор: -ойын дәлелді жеткізеді; -эссенің құрылымын сақтайды; -2-3 дәлелдеме келтіреді;
|
4үлестірме «Графикалық органейзер» (2) |
||||||||||||
Сабақтың соңы |
|
|
||||||||||||
|
Оқушылар рефлексиясы: «5-5-1»әдісі Орындалуы: оқушылар сабақ соңында нені меңгергендігі жайлы 5 сөйлем жазады. Одан кейін сол 5 сөйлемді 5 сөзге дейін қысқартады. Оқушылар өздерінің түйінді сөзін бүкіл сыныппен бөліседі. Мұғалімнің рефлексиясы: оқушылардың сабақ барысында жасаған жұмыстарына қысқаша талдау жасайды, қорытынды шығарады. Үйге тапсырма: Бейбітшілік тақырыбында өлеңдер жаттау; |
|
||||||||||||
|
|
|||||||||||||
Саралау: |
Бағалау: Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау: |
|
|||||||||||
-сабақ барысында саралаудың топтау тәсілі бойынша оқушылар шағын топтарға біріктіріледі. оқылым бойынша мақала,аннотация,презентация,тұжырымдамалар құрылымы мен рәсімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату; -көтерілген мәселе бойынша пікірлерді талқылау; -эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, ойын дәлелдеп жазу; көтерілген мәселе бойынша пікірлерді талқылайды; эссе құрылымы мен даму желісін сақтайды, ойын дәлелдеп жазады.Оқушылардың қажеттіліктеріне орай тапсырмалар арқылы сараланған.
|
Оқушыларды ынталандыру үшін мұғалімінің ауызша қолпаштау, мадақтаулары жүргізіледі. «Бәрекелді!», «Тамаша!», «Жарайсыңдар!» бағалаулары айтылады. Қалыптастырушы бағалау дескрипторға негізделген кері байланыс арқылы жүзеге асады. «Ыстық алақан» әдісі, «Серпілген сауал» әдісі, «Екі жұлдыз, бір тілек» әдістері,суреттер сөйлейді әдісі қолданылады. |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау сабақ барысында оқушылардың көңіл-күйін көтеру үшін шаттық шеңберін орындату. АКТ пайдалануда қауіпсіздік техникасын сақтайды. Топтың жұмыс кезінде балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігі басты назарда болады. Психологиялық ахуал «Ыстық алақан» өткізіледі. |
|
|||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия |
Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Төменде өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз |
|
||||||||||||
Сабақ мақсаты қолжетімді болды ма?
Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?
Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?
Сабақ жоспарынан ауытқу болды ма және неліктен?
|
|
|||||||||||||
Жалпы бағалау Сабақта ең жақсы өткен 2 нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1. 2. Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1. 2. Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым,келесі сабақта не нәрсеге назар аудару керек?
|
|
|||||||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген