1-маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні.

Тақырып бойынша 31 материал табылды

1-маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні.

Материал туралы қысқаша түсінік
1-маусым. Балаларды қорғау күні концертке сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Д.Қонаев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Өтілетін орны: мектеп алаңы

Өтілетін уақыт: 2024жылы 1 маусым

Қатысушылар: оқушылар ,мұғалімдер,шақырылған қонақтар

1-маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні.
Балаларды қорғау дегеніміз - әрбір сәбидің тыныштығын қорғау,тәтті ұйқысын бұзбау,алаңсыз күлкісін тоқтатпау деген сөз.

Арманы бір, үні бір
Аға ардақты, іні гүл
Бақыт туын көтерген
Балалардың күні бұл

Мақсаты:

«Балаларды қорғау күні» туралы түсініктерін бекіту. Ойын - сауықта өлең айтып, би билеу арқылы белсенділіктерін арттыру. Балаларды өзін құрметтеуге, әлеуметтік мәнділік сезімін, жеке тұлға ретінде көрсете білуге тәрбиелеу.

Жүргізуші:

Құрметті қонақтар, ата - аналар, қымбатты бүлдіршіндер мен сәбилер! 1 - маусым балаларды қорғау күні құтты болсын! Барлығыңызға ашық аспан, бейбіт өмір, сәбилерге бақытты балалық шақ, әрқашанда сыңғырлаған күлкі тілейміз.
Баршамызды бала тілімен баурайтын,
Бала деген бір бақыт қой самғайтын.
Ата - ананың арманы мен тілегін,
Бала емес пе?, бал бұлақтан жалғайтын.
Сүп - сүйкімді періштелер сендерсіңдер,
Қандай бейне өздеріңе тең келетін.
Данышпан да, ғарышкер де, ғалым да,
Ең алдымен балалықты меңгерген.
Балалар, 1 - маусым 1950 жылдан бастап, Халықаралық балаларды қорғау күні болып келеді. Біздің Қазақстан Республикасында балалар құқығы заңмен бекітілген. Әр бала мектепте мемлекет тарапынан тегін тәрбие мен білім алуға құқылы. Міне, біздің балаларды қорғау күніне арналған «Балалық шақ әлемі қандай ғажап!» атты мерекелік шара өткелі отыр.
Жүргізуші:
Балалар күніне арналған мерекелік шарамызды ашып беру және мерекелік лебізін білдіру үшін мектебіміздің директоры Суирбаева Нұржамал Қаршығақызына сөз кезегін береміз.

Жүргізуші:

Жүздерінен мейірім мен нұр тамар
Алдарыңда жауқазындай құлпырған
Алаңсызда балғын шақты балалар
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді

Би билеп, әнде бүгін шырқалар – дей отыра, «Ашық аспан»әнімен оқушыларымызды ортаға шақырымыз.

Жүргізуші:
Өнері де өрілген,
Биіктерден көрінген
Бишілерді шақырсақ
Үнді биін билеген

Жүргізуші:

Іздесек сендей жанды табамыз ба,

Қартайсақ сәбидей ғып бағамызда

Серік боп өмір бойы анамызға

Күлімдеп жүрші әкешім арамызда

Монолог «АНА» оқитын Мадина, «ӘКЕ» оқитын Лашын
Жүргізуші:

Құрметті қонақтар, келесі кезек тағы әсем әнге беріледі. Ортамызға мектебіміздің әнші балапаны Жансейітті шақырыамыз.Ән «Біз бақытты баламыз»

Жүргізуші:
Тамашалар кештерде
Талшыбықтай бұралып,
Биші боламыз өскенде.
Өзбек би бір топ бишілер

Жүргізуші:
Ән көмейден құйылды.
Қайғы бұлты шегінді.
Балалар мен дүние
Көрікті де, көңілді.
Құрметті қонақтар, қымбатты балалар! Бүгін естен кетпес керемет мерекелік шарамызды өткізіп отырмыз. Аспанымыз ашық, болашағымыз жарқын болсын. Осымен, «Балалық шақ әлемі қандай ғажап» атты мерекелік іс - шарамыз аяқталды. Балалардың бәрін бірге «Биле» биіне шақырамыз.
Жаз да келді көңілді.
Келді гүл мен өрнекпен.
Ел бақыты мерейлі,
Балалары әндетті.
Гүлмен келсін келер күн.
Бала бағы бар елдің
Балалардың күлкісі
Көркі, сәні әлемнің











































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.02.2024
269
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі