Материалдар / 1-маусым балалар күні! Тақырып: "Бар мейіріміміз балаларға"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

1-маусым балалар күні! Тақырып: "Бар мейіріміміз балаларға"

Материал туралы қысқаша түсінік
Лагердің ашылуы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Маусым 2020
9409
15 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Бар мейіріміміз балаларға»

Мақсаты: балалардың жеке қасиеттерін дамыту, тақпақ, өлең, әндерді нақышына келтіре айтуды үйрету. Бір - бірін сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпай ұстауға жетелеу.

Көрнекілігі: нақыл сөздер, түрлі - түсті шарлар,

слайд «Бала деген бір бақыт»

Өтілу барысы: әдеби – музыкалық монтаж

1 маусым балаларды қорғау күні

1 Маусым - Халықаралық балалар күні (Бар мейіріміміз балалар)

«Бар мейіріміміз балаларға» лагерьдің ашылу салтанаты

Бақшаға біз гүл ексек,

Балдырғаным, сен үшін,

бақытыңды жыр етсек,

Балдырғаным, сен үшін

Жігіт болар, күні ертең

Балдырғаным, гүл еркем

Бақытты бол, өсе бер,

Құтты болсын мерекең!

Құрметті, ұлағатты ұстаздар мен ата - аналар және оқушылар!

1 - маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Бар мейіріміміз балаларға» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

Әнұран:

Арманы бір, үні бір

Аға ардақты, іні гүл

Бақыт туын көтерген

Балалардың күні бұл


Балалар бүгін сендердің мерекелерің «Қандай күн?»

«1 - маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні»(хормен)

- Балаларды қорғау дегеніміз - әрбір сәбидің тыныштығын қорғау, тәтті ұйқысын бұзбау, алаңсыз күлкісін тоқтатпау деген сөз.

Бұлтсыз күн, ашық аспандай, нұрын шашқан күн сәулесіндей біздің балаларымыз бейбіт өмір сүрсе екен, олардың жүректерін қайғы мұң шалмаса екен!

Қымбатты балалар! Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын! Отбасынан басталған бақытты балалық шақтарың Отанның ортан қолдай азаматы болуға жетелеуін тілейміз.

«Бар мейіріміміз балаларға!» атты ертеңгілігімізді бастамас бұрын құттықтау сөз кезегін мектеп директоры ___________________береміз.

Келесі сөз «Бөбек» тынығу жетекшісі _________________береміз.


Қабыл алшы өнерлерін баланың,

Тілектері орындалсын ананың.

Кешегі өткен арамыздан жыр төгіп,

Өздеріңсің жалғастырар бабамның.

Біз өнерсіз баламыз ба?!

Көрсін аға апалар

Көрсін папа, мамамызда

Ырза болсын балалар



Хор: «Лагерь жыры»

Әдеби – музыкалық монтаж

Ән көмейден төгілді

Қайғы бұлты шегінді

Балалармен дүние

Көрікті де көңілді – балалар мерекесіне арнап _______________орындауында «Бал бала» қабыл алыңыздар!


Әдеби музыкалық монтаж


Ән айтайық қосылып,

Сәбилердің бұл күні

Мақтап кетсін осы жұрты

Балалар деп үлгілі


«Анашым» әні орындайтын______ ___________

Жан иірімі біле білсең би деген

Кімдерің бар биді ұнатып сүймеген

Қазағымның би өнерін паш етіп

Алдымызда аруымыз билеген


Баршамызды бала тілмен баурайтын,

Бала деген бір бақыт қой самғайтын

Ата - ананың арманы мен тілегін,

Бала емес пе бал бұлақтан жалғайтын

Сүйкімді періштелер сендерсің

Қандай бейне өздеріңе тең келсін!

Данышпан да, ғарышкер де, ғалым да,

Ең алдымен балалықты меңгерсін.


1 - Маусым 1950 жылдан бастап Халықаралық балаларды қорғау күні болып келеді. Бүгін біз осы мерекені атап өтпекшіміз. Аталған мерекемен бізді құттықтай келген қонақтарымызбен таныстырып өтейін.

Құттықтау сөз кезегін бөбекжай директорына Адилова Г.К. береміз.

Ән: «Қошақаным»


Фиксиктардың келуі.

Бұл не мереке? Нені тойлап жатырсыңдар? Бізге неге айтпадыңдар, а? Бізсіз ешқандай мереке болмайды?

Жүргізуші: Тоқта, тоқта, сендер кімсіңдер өзі біздің мерекені бұзатын? Бүгін үлкен мереке, біз оны тойлаймыз, ешкім кедергі бола алмайды! Бізбен бірге тойлаймыз десеңдер, онда тәртіп сақта!

Балалар, Фиксиктарды қалдырамыз ба? Қалдырамыз.


Би «Ай будет круто»


Ойын «Тәтті тағамдар»


Жүргізуші: Ақылды балапан бүгінгі,


Көркейтер күніңді ертеңгі,

Үйренген өнерін көрсетсін

Бүлдіршін балалар белсенді.

Ендігі кезекті тақпаққа берейік.


Бала, бала, баламыз

Бақшамызға барамыз

Күні – бойы қызыққа

Батамыз да қаламыз.


Жүргізуші: Иә, рас, бала болған бәрі де,

Салған олар балалықтың әнін де.

Бала кезін еске алып отырсақ,

Сол емес пе тіршіліктің мәні де! - дей келе құрметті ата – аналар балалық шағымызды еске ала отырып, сайқымазақтардың бізге ала келген ойынын ойнайық.


Ойын: «Кім жылдам» Шарты: Ата-аналар өз баласына бір әріптен еркелету айтып бірінші жету керек.


Жүргізуші: Көк жиектен күлімдеп,

Маусымның таңы атты

Тұра қойшы күнім – деп,

Анаң сені оятты –

Даналардың тілегі,

Балалардың тілегі

Ауырмасын ешқашан

Аналардың жүрегі


Ән «Жас дәуірдің түлегіміз»


Жүргізуші: Ендігі кезекті тақпақтарға береміз!


Балалар бақшасында бүгін той!

Балаларды қорғау күні біліп қой

Алақай-ау,алақай

Той тойлайық,балақай

Қызырғанша алақан

Кел,соғайық балақай.


Бейбітшілік әніміз

өнерліміз бәріміз

Қазақстан даласында

Жарасады сәніміз

Балабақша аясында

Жадырайды жанымыз


Бізбен бірге бар әлем

Қуанады балаша

Қуанышқа бөленген

өмір қандай тамаша


Гүлмен келсін келер күн

Бала-бағы бар елдің

Балалардың күлкісі

Көркі, сәні әлемнің.


Басты қоссақ бәріміз

Біздер елдің сәніміз

Шаттық, бақыт, қуаныш

Елімізге сыйлаймыз.


Біз бақытты баламыз,

Ақылдымыз, данамыз

Ертеңгі күн еліміздің

Батырлары боламыз.


Я люблю свой детский сад,

В нем полным полно ребят

1,2,3,4,5 жаль ,что всех не сосчитать

Может 100,а может 200

Хорошо что мы вместе.


Би «Веселый паровозик»


Фиксик: Жарайсыңдар балалар сендер өте жақсы өнер көрсеттіңдер,менің сендерге әкелген сыйлығым бар, міне қабыл алыңдар.Осы ойыншықтармен топтарыңда тату-тәтті бірге ойнасын деп,сендерге алып келдім


«Қара жорға» биі бір топ бишілер:


Құшағымыз қызыл гүл

Гүлмен келсін келер күн

Балалардың күлкісі

Көркі сәні әлемнің


«Қызыл гүлім - ай» орындайтын____________!


Өнерлі өрге жүзер талаптанып,

Қыран биік самғайды қанат қағып.

Адам үшін парызымыз ғой өнер іздеу

Жүрген соң адам деген атақты алып

Өзбек биі: топ қыздары

Талайлардың шырқалады жыр әні,

талайлардың жүрегі нұр құшады.

Бүгінгі күн туған жер аспанында,

Ән қалықтап күй мен жыр бірге ұшады,- дей отырып кезекті әнге береміз.

«Сыныптастар құрдастар» топ балаларының орындауында!

Ән: «Жаса Қазақстан» орындайтын____________!

Денсаулық ол – күлуің,

Көңіл күйің жадырай.

Денсаулық ол жүруің,

Ешбір жерің ауырмай.


«Спорттық би» бір топ бишілер

Әнші болғым келеді бұлбұлдайын

Әміредей болуды армандаймын

Қанатымды қондырып ұшқан кезде

Арманыма жақындап қалғандаймын.


«Ақ мамам» орындайтын :топ қыздары

Достарымыз бар қуанып,

Тамашалар кештерде

Талшыбықтай бұралып,

Биші боламыз өскенде.

Би «Ламбада» бір топ бишілер

«Бар мейіріміміз балаларға» атты ертеңгілігімізді қорытындылау үшін сөз кезегін мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары______________ апайға береміз.


Тәрбиеленушілердің әжесі балаларға арнап ақ батасын берді.

Жүздеріңнен көрем шаттық арайын

Осылай болсын, әрбір күнің әр айың

Қадамдарың сәтті болсын, балалар

Тілектерің қабыл болсын ағайын!






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!