400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

1 маусым балалар мерекесі

Материал туралы қысқаша түсінік
«Бақытты балалық шақ» Мақсаты: «Балаларды қорғау күні» туралы түсініктерін бекіту. Ойын - сауықта өлең айтып, би билеу арқылы белсенділіктерін арттыру. Балаларды өзін құрметтеуге, әлеуметтік мәнділік сезімін, жеке тұлға ретінде көрсете білуге тәрбиелеу. Жүргізуші: Арманы бір, үні бір Аға ардақты, іні гүл Бақыт туын көтерген Балалардың күні бұл Құрметті қонақтар, қымбатты бүлдіршіндер мен сәбилер! Жаз маусымы және өткен балаларды қорғау күні құтты болсын! Барлығыңызға ашық аспан, бейбіт өмір, сәбилерге бақытты балалық шақ, әрқашанда сыңғырлаған күлкі тілейміз. Бүгін біздің «Асыл бесік» балабақшасында да, осы балаларды қорғау күніне арналған «Бақытты балалық шақ» атты мерекелік шара өткелі отыр. Олай болса мерекемізді кішкентайй сәбилеріміздің биімен бастасақ. Алдарыңызда «Қошақан» тобы сәбилерінің орындауында
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бақытты балалық шақ»
Мақсаты: «Балаларды қорғау күні» туралы түсініктерін бекіту. Ойын - сауықта өлең айтып, би билеу арқылы белсенділіктерін арттыру. Балаларды өзін құрметтеуге, әлеуметтік мәнділік сезімін, жеке тұлға ретінде көрсете білуге тәрбиелеу.
Жүргізуші:

Арманы бір, үні бір
Аға ардақты, іні гүл
Бақыт туын көтерген
Балалардың күні бұл
Құрметті қонақтар, қымбатты бүлдіршіндер мен сәбилер! Жаз маусымы және өткен балаларды қорғау күні құтты болсын! Барлығыңызға ашық аспан, бейбіт өмір, сәбилерге бақытты балалық шақ, әрқашанда сыңғырлаған күлкі тілейміз. Бүгін біздің «Асыл бесік» балабақшасында да, осы балаларды қорғау күніне арналған «Бақытты балалық шақ» атты мерекелік шара өткелі отыр. Олай болса мерекемізді кішкентайй сәбилеріміздің биімен бастасақ. Алдарыңызда «Қошақан» тобы сәбилерінің орындауында

БИ
Баршамызды бала тілімен баурайтын,
Бала деген бір бақыт қой самғайтын.
Ата - ананың арманы мен тілегін,
Бала емес пе?, бал бұлақтан жалғайтын.
Сүп - сүйкімді періштелер сендерсіңдер,
Қандай бейне өздеріңе тең келетін.
Данышпан да, ғарышкер де, ғалым да,
Ең алдымен балалықты меңгерген.

Балалық демекші, «Ботақан» тобы сәбилерінің орындауында «Бала, бала балақан» әні

Орындаушы сәбилер: Айдынқызы Айлин, Бақытжан Хадиша, Марат Жанель, Қабиев Усман.
Жүргізуші:

Ән айтайық қосылып

Сәбилердің бұл күні

Мақтап кетсін осы жұрт   

Балалар деп үлгілі

«Балбөбек» тобы балаларының орындауында «Қошақаным» әніне береміз.


Жүргізуші: Тамаша! Қандай көңілді ән десеңші! Сәбидің көкейінде бәрін білсем деген сұрақ әсте таусылған ба?!

Көкжиектен күлімдеп,

Маусымның таңы атты,

Тұра қошы күнім деп,

Әжең сені оятты.

ӘН: «Балауса» тобынан Құрманбек Салима өз өнерін көрсетіп, «Әже» туралы әнін шырқамақшы.

Жүргізуші:

Даналардың тірегі,

Балалардың тілегі

Ауырмасын ешқашан,

Аналардың жүрегі

ӘН: Келесі кезекте «Құлыншақ» тобының әнші қызы Қадылбекова Адина Азаматқызы «Ана» туралы әнін орындайды.

Жүргізуші:

Бейбітшілік әніміз,

Өнерліміз бәріміз,

Қазақстан даласында,

Жарасады әніміз

«Балапан» тобының әнші қызы Абихан Айназдың орындауында

«Мен қазақтың қызымен» әні



Жүргізуші: Ортақ мекен жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы
Достығымыз жарасқан,-деп ортамызға «Күншуақ» тобының балалары «Достық» әнін шырқауға келіп қалыпты.

Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар. Бәріңіз де епті екенсіңдер.
Өнері де өрілген,
Биіктерден көрінген
«Бәйтеректі» шақырсақ
«Флешмоб»ты көрсеткен. Биылғы балабақшамыздың түлектерін қарсы алайық.

Жүргізуші:

Жаз да келді көңілді.
Келді гүл мен өрнекпен.
Ел бақыты мерейлі,
Балалары әндетті.
Гүлмен келсін келер күн.
Бала бағы бар елдің
Балалардың күлкісі
Көркі, сәні әлемнің

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 сәуір
111
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі