Материалдар / 1 маусым Балаларды қорғау

1 маусым Балаларды қорғау

Материал туралы қысқаша түсінік
Бала деген бір бақыт. Балалардың жек қасиеттерін дамыту, тақпақ, өлең, әндерді нақышына келтіре айтуды үйрету.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

«Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі



Бекітемін:

Мектеп директоры Г.Абылғазиева



Сценарий

Тақырыбы: 1 маусым-Балаларды қорғау күні!









2022-2023 оқу жылы

1 маусым-Балаларды қорғау күні!

Күні: 01.06.2023

Тақырыбы: « Бала деген бір бақыт »

Өткізілетін орын: мектеп алаңы

Мақсаты: балалардың жеке қасиеттерін дамыту, тақпақ, өлең, әндерді нақышына келтіре айтуды үйрету. Бір - бірін сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпай ұстауға жетелеу.
Көрнекілігі: нақыл сөздер, түрлі - түсті шарлар
Өтілу барысы: әдеби – музыкалық монтаж

Жүргізуші: Армысыңдар балалар, бармысыңдар,
Жаз да келді, жайнаған гүлді шыңдар
Алдыменен алайық амандасып,
Армысыңдар бәрің де, армысыңдар!

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, ата - аналар, балалар!

Балалар білесіңдерме, бүгін сендердің мерекелерің «Қандай күн?»
«1 – маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні»(хормен)
– Ия, дұрыс айтасыңдар балалар. Бүгін балаларды қорғау күні. Балаларды қорғау дегеніміз – әрбір сәбидің тыныштығын қорғау, тәтті ұйқысын бұзбау, алаңсыз күлкісін тоқтатпау деген сөз.

Жүргізуші:
Бұлтсыз күн, ашық аспандай, нұрын шашқан күн сәулесіндей біздің балаларымыз бейбіт өмір сүрсе екен, олардың жүректерін қайғы мұң шалмаса екен!
Қымбатты балалар! Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын! Балалық шақтарың тек қуаныш пен мейірімге толы болсын!
«Бала деген бір бақыт » атты мерекелік концертімізді бастамас бұрын құттықтау сөз кезегін мектеп директоры Абылғазиева Гүлдария Тынымбекқызына береміз.

Жүргізуші:

Ән көмейден төгілді
Қайғы бұлты шегінді
Балалармен дүние
Көрікті де көңілді – балалар мерекесіне арнап 2 «А» сынып оқушысы Ерленқызы Ұлдаулет орындауында «Күй » қабыл алыңыздар!

Жүргізуші: Өнерді жанымменен түйсінемін,

Қашанда өнерлі жас сүйсінерім.


«Гулдер биін» билесін мың бұралып,

Биіменен шашу шашып, бишілерім-деп, ортаға 1« Ә » сынып оқушыларының орындауда « Гулдер биін» қабыл алыңыздар!


Жүргізуші:

Келеді жыр сыйлағым, гүл сыйлағым,

Жанымның жайып салып, тылсымдарын.

Махаббат боп маздаған мына ғалам,

Бақытты мектебімнің білсін бәрін-дей келе, 2 «Ә»-сынып оқушылары Бахтияр Әсемай,Қуандық Асия орындауында «Біз бақытты баламыз» әнін қабыл алыңыздар.

Келесі кезекте 2 «Д» сынып оқушысыларын орындауында Қыздар биін қабыл алыңыздар!

Жүргізуші: Баршамызды бала тілмен баурайтын, Бала деген бір бақыт қой самғайтын Ата - ананың арманы мен тілегін, Бала емес пе бал бұлақтан жалғайтын – деп кезекті 2 «В» -сынып оқушыларын орындауында Бипыл биін қабыл алыныздар!

Келесі кезекте 4 «А» сынып оқушысыларын орындауында Флешмоб қабыл алыңыздар!

Жүргізуші:

Жүрек біткен желпінсін жүйрік аттай,

Сезім біткен серпілсін дамыл таппай.

Дәл бүгін өлең айтпай, ән шырқамай,

Қандай жүрек қалады қанат қақпай-дей отырып,

4 «Г»-сынып оқушысы Абашов Нұрислам орындауында «Ұстазым» әні.

Жүргізуші:

Келесі кезекте 2 «Б» сынып оқушысы Құралбай Жансая орындауында

Үнді биін қабыл алыңыздар!

Жүргізуші:

Талайлардың шырқалады жыр әні,
талайлардың жүрегі нұр құшады.
Бүгінгі күн туған жер аспанында,
Ән қалықтап күй мен жыр бірге ұшады,- дей отырып кезекті әнге береміз.
Ән: «Оқуда озат боламын» орындайтын

1 «Б» сынып оушысы Жолдасбай Жасмина.

Келесі кезекте 3 «А» сынып оқушысыларын орындауында Қарлығаш биін қабыл алыңыздар!



Жүргізуші: Тасқындаған табысымды айтамын,

Өнердің біз өшірмейміз май шамын.Әнші де бар жез таңдай, биші де бар,Әнші Көркем бұлбұлдайын сайрасын-деп, мектебіміздің жезтаңдай әншісі, .В» сынып оқушысы Ермекбаева Жансая орындауында


Жанбыр әні Қабыл алыңыздар!

Келесі кезекте 4 «Ә» сынып оқушысыларын орындауында Жанбыр биін қабыл алыңыздар!

Жүргізуші:

Бүгінгі еліміздің қырмызымыз,

Арайлы болашақтың ұл қызымыз.

Арасын жер мен көктің жалғайтұғын

Қанаты жарқыраған жұлдызымыз.

Балалар аман болсын әр үйдегі

Таусылмасын ананың әлдилері - деп бүгінгі «1 маусым- Балаларды қорғау күніне» арналған концертіміз осымен аяқталды! Енді балалар сіздерді әртүрлі бояулармен сурет салу байқауымызға шақырамыз!





















 



31 Наурыз 2025
173
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі