400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

1 маусым-Балаларды қорғау күні!

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешіліерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

1 маусым-Балаларды қорғау күні!

Мақсаты: балалардың жеке қасиеттерін дамыту, тақпақ, өлең, әндерді нақышына келтіре айтуды үйрету. Бір - бірін сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпай ұстауға жетелеу.


Көрнекілігі: нақыл сөздер, түрлі - түсті шарлар,
слайд «Бала деген бір бақыт»
түрлі фокустар

Өтілу барысы: әдеби – музыкалық монтаж

Жүргізуші: Армысыңдар балалар, бармысыңдар,
Жаз да келді, жайнаған гүлді шыңдар
Алдыменен алайық амандасып,
Армысыңдар бәрің де, армысыңдар!

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, мерекеге жиналған қонақтар,
ата - аналар, балалар!


Баршамызды бала тілмен баурайтын,
Бала деген бір бақыт қой самғайтын
Ата - ананың арманы мен тілегін,
Бала емес пе бал бұлақтан жалғайтын
Сүйкімді періштелер сендерсің
Қандай бейне өздеріңе тең келсін!
Данышпан да, ғарышкер де, ғалым да,
Ең алдымен балалықты меңгерсін.

Сайқымазақтың келуі
Бұл не мереке? Нені тойлап жатырсыңдар?
Маған неге айтпадыңдар, а? Менсіз ешқандай мереке болмайды?
Жүргізуші: Тоқта, тоқта, сен
кімсің өзі? Бүгін үлкен мереке, біз оны тойлаймыз, ешкім кедергі бола алмайды!

Сайқымазақ:Мен Сайқымазақпын мен өте-өте ақылды,өте сымбатты,өте тәрбиелімін! Қазір сендермен амандасып шығайын деп - балалардың барымен дұрыс амандаспай кұлақтарымен,аяқтарымен амандасып шығады.

Жүргізуші:Қане балалар сайқымазаққа қалай амандасу керектігін үйретейікші

Балалар: Салематсызба

Сайқымазақ :Солай амандасадыма,тіптен оп-оңайғой! Сәлематсыңдарма балалар!

Жүргізуші:Балалар, сайқымазақты қалдырамыз ба? Қалдырамыз!

Ендеше сен біздің балалардың өнерін тамашала

Жүргізуші: Ақылды балапан бүгінгі,
Көркейтер күніңді ертеңгі,
Үйренген өнерін көрсетсін
Бүлдіршін балалар белсенді.
Ендігі кезекті бүлдіршіндерге берейік.

Аяла

Балалар бақшасында бүгін той!
Балаларды қорғау күні біліп қой
Алақай - ау, алақай
Той тойлайық, балақай
Қызарғанша алақан
Кел, соғайық балақай.


Даяна

Бізбен бірге бар әлем
Қуанады балаша
Қуанышқа бөленген
Өмір қандай тамаша

Жандос

Басты қоссақ бәріміз
Біздер елдің сәніміз
Шаттық, бақыт, қуаныш
Елімізге сыйлаймыз.

Құндызай

Бейбітшілік әніміз
өнерліміз бәріміз
Қазақстан даласында
Жарасады сәніміз
Балабақша аясында
Жадырайды жанымыз

Нұрдәулет

Гүлмен келсін келер күн
Бала - бағы бар елдің
Балалардың күлкісі
Көркі, сәні әлемнің.

Сайқымазақ:Қандай керемет балаларсыңдар,енді сендер менімен ойын ойнайсыңдар ма?

Мен сендерге бір қап қуаныш алып келдім...

Қаптың ішінде шарлар болады.Шармен ойын

Жүргізуші:

Таза мінсіз, асыл сөз,
Ой түбіңде жатады.
Ой түбінде жатқан сөз,
Шер толқыса шығады, - деп келесі кезекті әнге берейік

Ән «Мен ауылға барамын»

Мейрамға сыйқыршы келеді.

Сыйқыршының келуі: Сәлеметсіңдер ма балалар мен Ұлы сыйқыршымын! Бүгін сендерде не болып жатыр?не өткізіп жатсыңдар,қандай мереке?

Балалар: Балаларды қорғау күні!

Сыйқыршы: Ал ендеше сендердің мерекелеріңе сыйқыр көрсетіп көңілдеріңді көтерейін –деп сайқымазаққа сыйқыр жасайды,жеңінен орамалдарды шығарады.

Фокус тиынмен,баклашкамен,ағашпен...

Мейрамға Кесірбек Робби кіріп келеді

Мұнда не істеп жүрсіңдер, шуылдап мазамды алдыңдарғой,кетіңдер бұл жерден мейрамды жеккөремін мен.Балалардың шаттанып күлгенін де жек көремін.

Жүргіуші:Кесірбек Робби ,сен бұлай тәртіпсіздік жасама.біздің балаларымыз өте өнерлі.оданда кел бізбен бірге мереке тойлайық.

Кесірбек Робби: жоқ,маған балалар ұнамайы.мен сендермен мереке тойлағым келмейді.

Жүргізуші:Балалар Кесірбек Робби бізге көнбей жатыр.енді не істейміз?

Балалар:сиқыршыдан көмек сұрайық.ол Кесірбек Робби сиқырлап тастсын.

Жүргіуші:сиқыршы,сен бізге көмектесіңба?

Сиқыршы:жарайды, мен сендерге көмектесем.Сиқыр жасайды.бірақ Кесірбек Робби бағынбайды.

Сайқымазақ:Балалар,сиқыршыға көмектесейік.

Кесірбек Робби құлап түседі.

-Ой балалар маған не болған, мен бұрын мұндай емес едім, кешіріңдерші мені балалар!

Мен енді ондай қылық жасамаймын, мен де сендермен бірге мерекені тойлағым келеді...

Жүргізуші: -Ал балалар Кесірбек Роббиді кешіреміз ба?

-Балалар: иа

Кесірбек Робби: Мен де сендермен би билеп,ән айтып мерекені тойлайыншы...

Ендеше біздің топтың балаларының « Көңілді балақайлар» биін бірге билеік

Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы

Келесі кезекте балалардың тақпақтарын қабыл алыңыздар!





1 Бала бала баламыз

Бақшамызға барамыз

Күні - бойы қызыққа

Батамыз да қаламыз



2 Біздер де бар қуыршақ

Бұзау қозы құлыншақ

Ойыншықтар тыңдайды

Емес олар ұрыншақ


3 Алақай – ау алақай

Той тойлайық балақай

Қызарғанша алақан

Кел соғайық балақай


4 Біз әдепті баламыз

Айтқан тілд аламыз

Үлкендерге жол беріп

Айтқан тлді аламыз


5гүлім, гүлім өсе бер

Әдемі боп асыл боп

Күндей жайнап кете бер

Қызыл,сары,жасыл боп


Би:Айст


Жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар

Әсем ән мен тәтті күй

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең менше сүй

Кезекте Балдырғандар әні

Туған елді көктететін, бейбіт күннің жаршысы бал-бөбектеріміз аман болсын.
Жүргізуші: Қымбатты аналар ата-аналар, балдырғандар! Мереке тағы да құтты болсын . Бұлтсыз күн, ашық аспандай , нұрын шашқан күн сәулесіндей біздің балдырғандарымыз бейбіт өмір сүрсін. Осымен балаларыңыздың сіздерге арнаған мерекелік концерті аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға көптен көп рахмет.
Концертке қатысушылар сахнаға шығады
Достық биін билейді.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 маусым
801
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі