Материалдар / «1 наурыз - Алғыс айту» күніне арналған тәрбиелік іс-шара
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«1 наурыз - Алғыс айту» күніне арналған тәрбиелік іс-шара

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Сәуір 2019
555
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1

Шығыс Қазақстан Облысы
Күршім ауданы
Қайыңды негізгі орта мектебі
«Ақбота» шағын орталығы









«1 наурыз - Алғыс айту»
күніне арналған тәрбиелік іс-шара







Ақбота шағын орталығынының тәрбиешісі:
Мұхаметқанова Ә.Т





2019 ж


Page 2

Тақырыбы: «Алғысым шексіз...»
Мақсаты: балалардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту
Міндеттері: - ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру;
- үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамыту;
- әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу.
-"алғыс күні" ұғымының мағынасын ашу, балалардың түсіну, бұл ұғымдар
маңызды болып табылады олардың әрқайсысы дамыту үшін мәдени
құндылықтар мен адами қарым -қатынасын қалыптастыру;
- шығармашылық қабілеттерін, мәдени және этникалық төзімділік пен
іскерліктерін дамыту;
Әдістері: сыни тұрғыдан ойлау технологиясының стратегиялары, ойын,
түсіндіру, әңгімелесу.
Көрнекіліктері: ватман, түрлі – түсті қарындаштар, ребустар.
Барысы:
І. Ұйымдастыру
Армысыздар құрметті қонақтар! Балалар!
Ризашылық өлеңін оқу
Ризамын бүгінге,
Ризамын бүгінге,
Ризамын бүгінге,
Ризамын қазірге!
Ризамын, ризамын, ризамын бүгінге,
Ризамын, ризамын, ризамын қазірге.
Талайлы тағдырлардың басын өз шаңырағының астына біріктіріп,
қанатымен су сепкен қарлығаштай, қамқорлығына алған Қазақстанда адамның
адамға құрмет көрсететін күні белгіленбек. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан
Назарбаев барлық ұлттың бір - біріне және қазақтарға алғыс айту күнін бекітуді
ұсынды. Құттықтау сөзін мектеп директорының тәрбие ісінің орынбасары
Айболат Тауекеловичке берілді.
ІІ. Кіріспе.
Тақырыптың мақсатын түсіндіру.
Әңгімелесу
Ризашылық дегеніміз не?
Алғыс дегенді қалай түсінесіңдер?
- Адам өзінің ризашылығын, алғысын қандай сөздермен білдіреді?
- Сендерге кім қандай жағдайда алғыс айтты?
- Өздерің қандай жағдайда алғыс айтып көрдіңдер?
Балалардың жауаптары тыңдалады.
ІІІ. Негізгі бөлім.
Ризашылық - адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін
қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезімі.
- Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық
білдіруі, сондай - ақ оның ойы мен іс - әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға
беруі.
Ризашылық ұғымымен тағы қандай ұғымдар байланысты? Адамдар арасындағы
ынтымақты қарым - қатынастың орнауы әр адамның өзіне және қоршаған


Page 3

ортасына тікелей байланысты. Сондықтан «Ризашылық» атты Қазақстан елінің
барлық оқушылары мен отбасылары қатысатын акциясы өткізіледі. Осы акция
төңірегінде көмекті қажет ететін балалар мен ересек адамдарға ақшалай,
тұрмысқа қажет құралдар мен киім - кешек түрінде көмек көрсетіледі. Осы
акцияның негізін салушы Сара Алпысқызы.
1 конкурс "Ризашылығымызды білдіре ала мыз ба ?"
1. Рахмет айту туған жерге...( ол береді маған нан, үй, азық-түлік және т. б.)
2.Рахмет айту еліміздің Президентіне, өйткені... (осындай елбасымыздың
арқасында дамушы мемлекетте өмір сүріп жатқанымызға және тату-тәтті
бейбітшілік өмі р сүріп жатқанымызға)
3. Біз алғысымызды ата -аналарға айтқымыз келеді...
4.Рахмет айту біздің ата -ана мен балабақшаға...
5.Рахмет айту адамдарға достарыңызға...
2 Конкурс «Жұмбақтарды шеш»
1.Шаңырақ – күн,
Уықтары - нұр, шашқан.
Екі пырақ, көк аспанға ұласқан.
Жарқырайды темірқазық жұлдызы,
Жол көрсетіп, алға бас - деп, Қазақстан! (Елтаңба)
2.Ыстық дейді оны оттан,
Патриот оны ұнатқан.
Оңбайды бұл өмірде,
Адам оны жоғалтқан. (Отан)
3.Баспана көшпендіге өте ыңғайлы,
Әдемі мекен екен, жанға жайлы.
Тентектік істеп қойсаң, әке - шешең,
Сені тағы бұрышқа қоя алмайды. (Киіз үй)
4.Егіз қайың,
Бой - бастары тең өскен.
Іске дайын,
Бұтақтары бес - бестен. (Қол)
5.Бір малға екі бала мінгеседі,
Айлап - жылдап түспестен күн кешеді. (Түйе)
6.Тұмсығымен ояды,
Ағаш құртын жояды. (Тоқылдақ)
7.Қиналмай тауларды, орманды,
Теңізді, дария, жондарды,
Ауылды, қаланы, халықты...,
Ойлап тап, көтерген алыпты. (Жер)
3Конкурс «Ребустарды шеш»
4 конкурс. «Шығармашылық»
Біз бейбіт аспан астында көпұлтты мемлекетте түрлі ұлт өкілдері бар жерде
өмір сүреміз. Сол үшін біздің ақылды да дана билеуші Президентімізге алғыс
білдірейік.
Сіздің міндеттеріңіз: Сіздерді қоршаған ортаға яғни бахытты өмір, ашық
аспан астында өмір сүргенімізге, біздің көпұлтты мемлекетте, өз Отанымызға
және адамдарға, Президентімізге алғыс білдіруді , ұсынып отырмын. Кейін,


Page 4

сіздің жұмыстарыңыз дайын болағанда, бірнеше адам команда болып өз
жобасын көрсетеді.
ІҮ. Қорытындылау
- Балалар, жылы сөз, қайырымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен
ешқашан аямаңыздар. «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар. Адам алғыс
пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын есте
сақтаңдар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңдер және Табиғат – Анаға
мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ақ ұлпа бұлты
үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс
айтуды ұмытпаңдар.
«Күншуақ» ойынын ойнату. Әр балаға күннің шуақтарын береді. Балалар
жақсы тілектерін айтып күнге жапсырады.
Анаға – өмір сыйлағаны үшін,
Әкеге – қорған болғаны үшін,
Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін,
Сөзге – жанды жылытатыны үшін,
Күнге – шуағы мен назары үшін,
Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы үшін,
Досқа – құшағы мен иығы үшін,
Әжеге – ыстық алақаны үшін,
Суға – тіршілік көзі болғаны үшін,
Жерге – махаббаты мен бар болғаны үшін,
Отқа – жылулығы үшін мың алғыс!!!
Бүгінгі іс-шара сендерге ұнады ма?
Осы іс- шарадан өздерің үшін қандай жаңалық аштыңдар?
Осы іс-шарадан кейін қоршаған ортаға деген көзқарастарын өзгерді ме? Өзгерсе
қалай?








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!