"1-наурыз – Алғыс айту күні" 9-сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"1-наурыз – Алғыс айту күні" 9-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сынып жетекшілерге керек.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: 1-наурыз – Алғыс айту күні
Мақсаты: 
- рахмет пен алғыс туралы түсінік беру;
- үлкен – кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасын дамыту;
- әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу;

Кіріспе сөз. Жақсы сөз айту, жақсылық жасау – әрбір адамның міндеті. Әрине, жылдың әр күні сыпайы болуға тырысуымыз керек. Алайда, көп жағдайда алғыс айтуды ұмытып, немесе оған ерекше көңіл бөлмейміз. Алғыс сөздерінде бір сиқырлық бар - олар арқылы біздер бір-бірімізге ризашылығымызды көрсетеміз, көңілімізді білдіреміз, жақсы эмоциялар сыйлаймыз. Ғалымдардың айтуы бойынша, рахмет сөзін айту - адамдар арасында жақсы қатынас орнатады. алғыс сөздері - адамды тыныштандыру, жүрегін жылытудың бірден-бір амалы. Бастысы, алғысыңыз жүректен шығуы шарт. Рахмет айтуға қорыққан, үлгермеген, ұялған жандарыңыз болса, бүгін айтасыздар деп үміттенемін. Мен де алғыс айтуға асығайын...Айтпақшы, РАХМЕТ!!!

Барысы: 
1. «Шаттық шеңбер» қатысушылардың бәрін шеңберге шақырамыз. 
2. «Амандасу»тренингі 
Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… арқамен. 

3. «Апликация»жаттығуы:
Бұл бөлім бойынша әр оқушы өзі таңдап алған түсінен сыйлық жасап оқушылар бір-біріне рахмет және алғыс айта отырып сыйлау. 

4. Эссе жазу:
«Рахмет, Анашым! Маған өмір сыйлағаныңыз үшін, мені шексіз сүйіспеншілікке баулығаныңыз үшін!» хат жазу. 
Оқушылар А4 қағазына аналарына рахмет және алғыс айта отырып хат жолдау және баланың аты-жөні айтылмай бірнешеуін оқып шығу. 
5. Миға шабуыл:
Ал сіз тағы кімге, не үшін рахмет айтар едіңіз? 
Оқушылар тағы кімнің рахметке лайықты екені туралы пікір алмасып талдау жасау. Әрине әрбір адам баласы Алланың жаратқаны үшін ішкі жан-дүниесі мен сүйіспеншілігін, ризашылығын айтып жүреді. Адамның парызың жан-жағына жақсылық сыйлау. Ал бүгінгі тақырып – алғыс айта білу.
Мысалы: 
Анаға – өмір сыйлағаны үшін,
Әкеге – қорған болғаны үшін,
Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін,
Сөзге – жанды жылытатыны үшін,
Күнге – шуағы мен назары үшін,
Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы үшін,
Досқа – құшағы мен иығы үшін,
Әжеге – ыстық алақаны үшін,
Суға – тіршілік көзі болғаны үшін,
Жерге – махаббаты мен бар болғаны үшін,
Отқа – жылулығы үшін... т.б.

Қортындылау:
– Балалар, жылы сөз, қайрымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңдар, «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын естеріңде сақтаңдар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңдер және Табиғат –Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар.


Тексерілді





































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
14.10.2018
3420
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі