400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"1-наурыз Алғыс айту күні"

Материал туралы қысқаша түсінік
алғыс туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «1-наурыз» Алғыс айту күніне орай ұйымдастырлыған мерекелік шара

Мақсаты:Оқушылардың «алғыс», «сыйластық» құндылықтары туралы

түсініктерін кеңейту,үлкен-кішіге деген сүйіспеншілігін,сыпайылық қарым-қатынасын дамыту,әдептілікке,кішіпейілділікке,ізеттілікке тәрбиелеу

Көрнекілігі:интербелсенді тақта,слайд,оқушылардың сурет көрмесі


1-жүргізуші:Армысыздар құрметті оқушылар,ұстаздар,осы мерекелік шараға жиналған барша қауым!Бүгін 1-наурыз -Алғыс айту күніне арналған мерекелік шарамызға қош келдіңіздер!

Анаға-өмір сыйлағаны үшін,

Әкеге-қорған болғаны үшін,

Далаға-гүлдер мен көк шалғыны үшін,

Сөзге –жанды жылытатыны үшін,

Күнге-шуағы мен назары үшін,

Жұлдызға-қараңғы түндегі жарығы үшін,

Досқа-құшағы мен жақсылығы үшін,

Әжеге-ыстық алақаны үшін,

Суға-тіршілік көзі болғаны үшін,

Жерге-махаббаты мен бар болғаны үшін,

Отқа-жылулығы үшін,

Ұстазға-білім бергені үшін...

Р А Х М Е Т!!!

2-жүргізуші:Алғыс айту,ризашылық білдіру жайында мына мәліметке назар

аударайықшы.

Бүгін-Алғыс айту күні (Thanksgiving Day).Күннің халықаралық дәрежесі жоқ,мұны АҚШ және Канада халықтары қараша айының әрбәр төртінші бейснбісінде атап өтеді.Көз алдыңызға америкалық бақытты отбасылардың дастархан басында жиналып,дәмді бәліштерімен күрке тауық етін жеп отырған сәті келді ме?Алайда, бұл мереке дастарханмен ғана шектелмейді.Мерекенің ешбір дінмен байланысы жоқ,адамдар тек қана әрбір күн сайын не үшін рахмет айту керек екендігін ойланады.Атаулы күн алғаш рет 1621 жылы ағылшындық колонистердің бастамасымен тойланған.Қыс мезгілі өте ауыр болып,адамдар аштыққа ұшырағандықтан губернатор Уильям Бредфорд қол астындағылардың көңіл –күйін көтеру үшін Алғыс айту күнін белгілейді.Айналадағы басқа да көршілер бұл дәстүрді жылы қабылдап,қаһарлы қысты аман-есен өткереді.Рахмет айту күнінің басты нышандарының бірі-түйеқұс.Себебі,ағылшындық колонистер мерекені алғаш тойлағанда орманда атылған 4 түйеқұсты жеген екен.

1-жүргізуші:Кейіннен, яғни, 1789 жылы Джордж Вашингтон Алғыс айту күнін «Ұлттық мереке» деп жариялайды.Бұл күні барлық отабсы міндетті түрде дастархан басына жиналып,туыстарына жақсылық жасауға асығады,

жақындарын қуанту үшін түрлі тосын сыйлар ойлап табады.Қаладағы метроларда ерекше үстелдер орнатылып,адамдар ақша,азық-түліктерін қайырымдылыққа әкеліп қояды.XVII ғасырдан келе жтқан әр түрлі киімдерді киген тұрғындар шеруге шығып,думанды кештер ұйымдастырады.

Әрине,мереке біздің менталитетке сай емес деушілер табылар.Дегенмен, жылдың бір күнінде не үшін рахмет айту керек екенімізді ойлана жүрсек артық етпейтін секілді.Көптеген адамдар материалдық жағынан толық қамтамасыз етілген болса да, алғыс айта білмегені үшін рухани кедей болып қалып жатады.

2-жүргізуші:Ал бұл мейрам бізге қалай жетті?

1-жүргізуші:Бұл мейрамды ең алғаш «Бөбек» қорының президенті Сара Алпысқызының қолдауымен Қазақстанның айтулы мерекелерінің біріне айналды. Міне,осы сәттен бастап 1 наурыз-Алғыс айту мерекесі болып қабылданды.

2-жүргізуші:Алғыс дегенді қалай түсінесіңдер?

-Алғыс-адамның адамға жасаған жақсылығы,көмегі,көңілі үшін ризашылық білдіруі,сондай-ақ оның ойы мен іс-әрекетіне,жасаған істеріне жоғары баға беруі.

1-жүргізуші: Адам өзінің ризашылығын,алғысын қандай сөздермен білдіреді?

Ризамын,рахмет,көп жаса,бата беру, т.б.

2-жүргізуші:Сендерге кім қандай жағдайда алғыс айтты?

Үлкенге құрмет,кішіге ізет,қайырымды істерде,жетім-жесірге қамқорлық жасағанда т.б.

1-жүргізуші: Өздерің қандай жағдайда алғыс айтып көрдіңдер?

Дүние жүзінде алғыс айту сөзін басқа тілдерде айтып көрейікші.

2-жүргізуші:Көп рахмет!Ендігі кезекті осы мерекелік шарамызға арналған шағын көрінісімізді қабыл алыңыздар!

1-жүргізуші:Көрініс қазақтың ұлттық ертегісінен алынған «Қаталдықпен білдірген алғыс»

Баяғы заманда бір байдың мыңғырған малы болыпты.Малдарын әдеттегідей малшыларға бақтырып жүрген екен.Бірақ малдың ішінде бір өгіз өте дөрекі болған екен.Көзіне көрінген малдың барлығын мүйізімен сүзіп жүрген екен.Әдеттегідей бадаға кеткен сәтте сол дөрекі өгіз байқаусызда бір шұңқырға түсіп кетеді.Қанша шұңқырдан шығаға әрекеттеніп еді,бәрібір шыға алмады.Амалсыз шаға алмаған соң,көмекке шақырудың амалын істеп айқай басты.Оны естіген малшы қойлармен бірге көмекке келеді.Қуанғанна өгіз:

-Маған көмек берсеңіздерші,сіздерге шексіз алғысымды білдіремін,бұдан былай ешбір малға залалымды тигізбеймін,-дейді.

- Бұл өгіз қанша иілсе де,біз оған көмек бере алмаймыз,себебі ертең-ақ әлә залалды әрекеттеріне басады,-деп қойлар сенімсіздік танытады.

Бірақ малшы өгізді жалғыз тастап кетуге қорқады,себебі өгіз байдың малы болғандықтан,өгіздің құнын төлеуге шамасы жоқ.Сонда малшы:

-Қойлар, бұл өгізді жалғыз қалдырмайық,себебі мұндай ауыр күн кез-келгеннің басына түсуі мүмкін,-дейді.

Осы сөзді жадына ұстап,қойлар малшының сөзіне келісім береді.

-Жарайды,дегеніңіз болсын,-дейді қойлар.

Сол сәтте «жұмыла көтерген жүк ауыр» дегендей,малшы мен қойлар бірігіп,өгізді ары тартқылап,бері тартқылап,әрең дегенде шұңқырдан шығарып алады.

Бір кезде өгіз шұңқырдан шыққан соң:

-Біраз тұра тұрыңдар,мен кішкне әл жинап алайын,-дейді.

Малшы мен қойлар үн-түнсіз қарап қалады.

-Ал енді менің алғыс айтуымды күтіп отырсыңдар,міне сендерге....,-дейді де қатыгез өгіз сол баяғы әрекетіне қайта басып,қоларды тым-тырақай қуалап жүгіріп кетеді.

1-жүргізуші:Балалар,осы ертегіден не ұқтыңдар?

2-жүргізуші:Өгіздің істеген әрекеті дұрыс па?

1-жүргізуші:Осы ертегіде кімнің әрекеті сендерге ұнады?

2-жүргізуші:Өгіз не үшін өзінің дөрекі әрекетіне басты?

1-жүргізуші:Оқушылар өздерінің алғыс,ризашылық туралы өз өлеңдерін оқиды.Үлкендерден бата алу.Ортаға Қыдыр атаны шақырамыз.

Рахмет! Рахмет! Балаларым

Жасың ұзақ болсын!

Таудай болып өс!

Ешкімнен кем болма!

Бақытты бол!

Білімді бол!

Өнерлі бол!

Арманыңа же!

Жасың жүзге толсын!

Еліңнің қорғаны бол!

Еліңнің таудай азаматы бол!

Ал балалар,алғыс айту,ризашылық білдіру жайында бір-бірлеріңе алғыс айтыңдар.

Бүгінгі мерамға қатысқандарыңыз үшін үлкен алғыс білдіреміз!!!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
30 қаңтар
832
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі