Материалдар / 1 наурыз алғыс айту күні
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

1 наурыз алғыс айту күні

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Қараша 2020
772
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітемін:


Күні: 27.02.2020жыл

Мектебі: № 17 орта мектеп

Сабақ:

Мұғалімнің аты-жөні: Лесбаева Мереке

Сыныбы: 5

Оқушы саны:

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Тақырыбы: 1 наурыз алғыс айту күні

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

Балалардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту 

Сабақ мақсаттары:

Ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру; 
- үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамыту; 
- әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу 
Әдістері: сыни тұрғыдан ойлау технологиясының стратегиялары, ойын, түсіндіру, әңгімелесу. 

Оқыту нәтижесі:

Топтық жұмыста белсенділік таныта алады.Сыни тұрғыдан өз ойларын еркін жеткізе біледі. Таным әрекеті процесінде қарым-қатынас шеберлігін орната алады.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар



Басы:



Ұйымдастыру 
 Мұғалімнің сөзі

  Ризашылық ұғымымен тағы қандай ұғымдар байланысты?Адамдар арасындағы ынтымақты қарым - қатынастың орнауы әр адамның өзіне және қоршаған ортасына тікелей байланысты. Сондықтан «Ризашылық» атты Қазақстан елінің барлық оқушылары мен отбасылары қатысатын акциясы өткізіледі. Осы акция төңірегінде көмекті қажет ететін балалар мен ересек адамдарға ақшалай, тұрмысқа қажет құралдар мен киім - кешек түрінде көмек көрсетіледі. Осы акцияның негізін салушы Сара Алпысқызы.

Қаламдар

Түрлі түсті қағаздар, маркерлер






Ортасы:

Бүгін Рақмет айту (Thanksgiving Day) күні. Күннің халықаралық дәрежесі жоқ, мұны АҚШ және Канада халықтары қараша айының әрбір төртінші бейсенбісінде атап өтеді. Көз алдыңызға америкалық бақытты отбасылардың дастарқан басына жиналып, дәмді бәліштер мен күрке тауық етін жеп отырған сәті келді ме? Алайда, бұл мереке дастарқанмен ғана шектелмейді. Мерекенің ешбір дінмен байланысы жоқ, адамдар тек қана әрбір күн сайын не үшін рақмет айту керек екендігін ойланады.

Атаулы күн алғаш рет 1621 жылы ағылшындық колонистердің бастамасымен тойланған. Қыс мезгілі өте ауыр болып, адамдар аштыққа ұшырағандықтан губернатор Уильям Брэдфорд қол астындағылардың көңіл-күйін көтеру үшін Алғыс айту күнін белгілейді. Айналадағы басқа да көршілер бұл дәстүрді жылы қабылдап, қаһарлы қысты аман-есен өткереді. Рақмет айту күнінің басты нышандарының бірі түйе тауық. Себебі, ағылшындық колонистер мерекені алғаш тойлағанда орманда атылған төрт түйе тауықты жеген екен.

Кейіннен, яғни, 1789 жылы Джордж Вашингтон Рақмет айту күнін "Ұлттық мереке" деп жариялайды
Бұл күні барлық отбасы міндетті түрде дастарқан басына жиналып, туыстарына жақсылық жасауға асығады, жақындарын қуанту үшін түрлі тосын сыйлар ойлап табады. Қаладағы метроларда ерекше үстелдер орнатылып, адамдар ақша, азық-түліктерін қайырымдылыққа әкеліп қояды. ХVІІ ғасырдан келе жатқан әр түрлі киімдерді киген тұрғындар шеруге шығып, думанды кештер ұйымдастырады.

Әрине, мереке біздің менталитетке сай емес деушілер табылар. Дегенмен, жылдың бір күнінде не үшін рақмет айту керек екенімізді ойлана жүрсек артық етпейтін секілді. Көптеген адамдар материалдық жағынан толық қамтамасыз етілген болса да, алғыс айта білмегені үшін рухани кедей болып қалып жатады.

Қазақстан халқы Ассамблеясының "Мәңгілік Ел: бір ел - бір тағдыр" тақырыбымен басталған ХХІІ сессиясының ашылу салтанатында сөз сөйлей отырып, Назарбаев халықтардың түгелдей жер аударылғанын еске алды.

"Сталин режимінде әр жылдары, өздеріңіз білетіндей, халықтар түгелдей жер аударылды. Оларды вагондардан ауылдарға тастап кете берді, олардың еш дүниесі болған жоқ. Сол уақытта бұл далада өздері мұқтаж бола отырып, оларды саман үйлеріне қабылдаған қазақтар, қазақ отбасылары ғана өмір сүрді", - деді Президент.

Назарбаев отбасының жер аударылғандарды қабылдап алғанын еске алды. "Саманнан жасалған екі бөлмелі там үйде тұрған біздің отбасы үш баласы бар жанұяны қабылдап алды. Көз алдымда әрқашан, әрқашан олардың бөлменің бір бұрышына жиналғанын елестете беремін, олар қорқып тұрды - киімдері жыртылған, аш, тозып кеткен. Олар біздің отбасыда өмір сұрді, жұмыс істей бастады, өмір бойы алғыс айтып өтті. Мен оның балаларымен дос болдым", - деді ол.   
"Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнінде - 1 наурызда, басқа уақытты қойса да болады - барлық ұлттың бір-біріне және осы адамдарды қабылдаған, аяушылық білдірген  қазақтарға алғыс айту күні деп белгіленсе  әділетті болар еді", - деді Қазақстан Президенті. 
 Сонымен, рақметке лайықты кімдер? Тізімді бірге құрайық! Бастысы – алғыс айта білу...

Анаға – өмір сыйлағаны үшін, 
Әкеге – қорған болғаны үшін, 
Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін, 
Сөзге – жанды жылытатыны үшін, 
Күнге – шуағы мен назары үшін, 
Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы үшін, 
Досқа – құшағы мен иығы үшін, 
Әжеге – ыстық алақаны үшін, 
Суға – тіршілік көзі болғаны үшін, 
Жерге – махаббаты мен бар болғаны үшін, 
Отқа – жылулығы үшін..



Дайын сұрақтар






Викториналық сұрақтар


Соңы:

Қорытындылау 
- Балалар, жылы сөз, қайырымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңыздар. «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын есте сақтаңдар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңдер және Табиғат – Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар. 
«Автограф» ойынын ойнату. Әр оқушыға артына қағаз бекітіледі. Осы қағазға басқа оқушылар тілектерін жазуы қажет. 
Пікірлер себетін толтыру. 
Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? 
Осы сабақта өздерің үшін қандай жаңалық аштыңдар? 
Осы сабақтан кейін қоршаған ортаға деген көзқарастарын өзгерді ме? Өзгерсе қалай



А3 парақтары, түрлі-тісті қаламдар мен маркерлер

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түсіндіресіз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай бағалайсыз?

Пәнаралық байланыс: Дене шынықтыру,

өзін-өзі тану

Рефлексия

Оқушы үшін: Менің ойымша...

Мұғалім үшін: Сұрақ-жауап Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? /тапсырмалар сәйкес болды ма?/

Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?


Оқушылар стикерге бүгінгі сабақтың қандай деңгейде өткенін, ұнаған немесе ұнамаған тұстарын жазып, өз ойларын білдіреді.

Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Жоспарланған сабақ мақсаты мен оқу міндеттері орындалды деп ойлаймын

  2. Өз ойларын жеткізіп үйренді, көптеген жаңа мәліметтер алды, топпен жұмыс жасады.

  3. Сабақ жақсы деңгейде өтті.

  4. Жоспарланған саралау өз деңгейінде іске асты, тапсырмалар да оқушының жасына сай алынды.

  5. Уақытты жоспарға сай тиімді пайдаландым.

  6. Тапсырмалар белгіленген ақытқа сай уақытында орындалғанына байланысты, жоспарыма ешқандай өзгеріс енгізудің қажеттілігі туындамады.

Қорытынды:

Қорытынды бөлімде 3 топтың білімдері бағаланып, озаттары марапатталады.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!