1-наурыз Алғыс айту күні

Тақырып бойынша 31 материал табылды

1-наурыз Алғыс айту күні

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы:Алғыс айту парыз Мақсаты: Көктемгі табиғат туралы түсініктерін кеңейте отырып, көктем мезгіліндегі табиғат өзгерістерін сезіне білуге, балалардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру. Дамытушылық: үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы:Алғыс айту парыз

Күні:

Уақыты:

Мақсаты: Көктемгі табиғат туралы түсініктерін кеңейте отырып, көктем мезгіліндегі табиғат өзгерістерін сезіне білуге, балалардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру.
Дамытушылық: үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамыту.

Барысы:

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны

Шаттық шеңбері:

Ризамын мен бүгінге,
Ризамын мен бүгінге,
Ризамын мен бүгінге,
Ризамын мен қазірге!

Тәрбиеші: Өте жақсы балалар. Бүгінгі оқу қызметіміз ерекше болмақ.

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем мезгілінде неше ай бар?

-Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?

Бүгін көктемнің алғашқы күні, ал сіздер білесіздер ме? Бүгін қандай мереке екенің?
- Алғыс айту күні
- Дұрыс балалар бүгін «Алғыс айту» күні бүгін біз достарымызға, тумаластарымызға, таныс жақындарымызға жанымызда болғандары үшін, жақсылық жасағандары үшін алғыс айтуымыз керек. Сонымен қатар балалар біз бүгін көктемнің ерекше мерекесі ақ жаулықты әжеміз бен аяулы анамызды, сүйкімді апа - қарындастарымыздың құрметіне орай «Алғыс айту парызымыз» тақырыбында ашық ұйымдастырылған оқу қызметімізді өткіземіз.

- Балалар, сендер кімдерді жақсы көресіңдер?
- Оларды неліктен жақсы көресіңдер?
- Ал өздеріңді кімдер жақсы көреді? Қалай жақсы көреді?
Ризашылық дегеніміз не?
Алғыс дегенді қалай түсінесіңдер?
- Адам өзінің ризашылығын, алғысын қандай сөздермен білдіреді?

Сонымен, рақметке лайықты кімдер? Тізімді бірге құрайық! Бастысы алғыс айта білу...
Анаға – өмір сыйлағаны үшін,
Әкеге – қорған болғаны үшін,
Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін,
Сөзге – жанды жылытатыны үшін,
Күнге – шуағы мен назары үшін,
Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы үшін,
Досқа – құшағы мен иығы үшін,
Әжеге – ыстық алақаны үшін,
Суға – тіршілік көзі болғаны үшін,
Жерге – махаббаты мен бар болғаны үшін,
Отқа – жылулығы үшін...
Ризашылық - адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезімі.

Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай - ақ оның ойы мен іс - әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.

Жұмбақ: Адамдардың бәрі қызығады,
Су құймасаң сәні бұзылады. (Гүл)

Әнуарбек Дүйсенбиевтің «Не деу керек?» өлеңін оқып беру.
Апаң сенің базардан
Алма сатып әкелді.
Ең үлкенін жақсысын
Саған таңдап әперді.
Не деп барып жеу керек?
«Рахмет» деу керек.

- Балалар жүр көшеде
Естіледі айқай - шу.
Сен де шықтың көршіңді
Қағып кеттің байқамай.
Мұндайда не деу керек?
«Кешіріңіз» деу керек.

- Әжең сенің түскі асқа
Қант - кәмпит салды мол.
Жұрттан бұрын ыдысқа
Өз бетіңмен салдың қол.
Жөн еді не айтқаның?
«Рұқсат па» деу керек.

- Добын апар Назардың
Деді ағаң, бармадың.
Тапжылмадың, сазардың,
Аға тілін алмадың.
Сен қай сөзді айтпадың?
«жарайды» деу керек.

Шығармашылық жұмыс

Алғыс айтамыз.

Шарты:Жүрекшелер арқылы аналарына ашық хат жасайды.

Сергіту сәті:

Бір үйде біз нешеуміз?

Кел санайық,екеуміз.

Бас бармағым-папам,

Балан үйрек-апам

Ортан терек-ағам

Шылдыр шүмек-мен

Титтей бөбек-сен

Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде біз бесеуміз.

Ән:Көктем келді

Қорытынды
- Балалар, жылы сөз, қайырымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңыздар. «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын есте сақтаңдар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңдер және Табиғат – Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар.















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.06.2024
252
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі