Материалдар / 1 Наурыз-Алғыс айту күніне арналған мерекелік іс-шара сценарийі

1 Наурыз-Алғыс айту күніне арналған мерекелік іс-шара сценарийі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мерекелік іс-шараның сценарийі
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады



(2-сынып оқушыларының орындауында музыкалық шығарма)

(фанфар)

Жүргізуші :

Армысыздар, Құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар, қадірлі ата-аналар мен оқушылар! Бүгінгі «Ризашылықтың шуағы» атты мерекелік шарамызға қош келдіңіздер!

Жүргізуші:

Алғыс айту күні – еліміздегі ынтымақтың, бірліктің, жалпыұлттық татулықтың нышанына айналған ерекше мереке.

Жүргізуші :

Ендеше, баршамызды бірлік пен татулыққа шақыратын Алғыс айту күні құтты болсын!

(музыка)

Жүргізуші:

Тарихқа үңілсек, елімізге түрлі ұлт өкілдері еріксіз көшірілді, қазақ халқы оларды кең құшағын жайып қарсы алды. Сол қиын кезеңдерде бір үзім нанын бөліскен халқымыздың кеңпейілдігі мен мейірімі мәңгі есте!

Жүргізуші:

Бүгінгі мерекеде біз өзімізге қамқор болған ата-анамызға, ұстаздарымызға, достарымызға, туған жерімізге,үнемі жандары жақсылыққа толы ел ағалары мен барша қонақтарға алғысымызды білдіреміз!

(Би)

Алдарыңызда өнер көрсеткен мектебіміздің биші ұстаздары

Жүргізуші:

Ортамызда жандары жақсылыққа толы,мектеппен үнемі тығыз байланыста бола білген арнайы қонақтарымызға алғыс пен ризашылығын білдіріп,мерекемен құттықтау үшін алғашқы құттықтау сөз кезегін мектеп директоры Курантаева Жұлдыз Талғатовнаға сөз кезегін береміз!

Сонымен қатар, мектебімізге үнемі демеушілік танытып отыратын көршілес компанияларды ерекше атап өтуге болады.Үрихтау Оперейтинг ЖШС компаниясы 4 млн теңге тұратын 3*4 өлшемдегі LED экранын, СНПС Ақтөбемұнайгаз АҚ -2 млн теңге көлемінде мектеп дәлізіне теледидар, жұмсақ диван және А3 түрлі түсті принтер сыйға тартса, ҚазақОйл –Ақтөбе ЖШС 1 маусым Балалар күні мерекесінде,Мектепке жол акциясында,және Жаңа жылдық мерекелерде үнемі мектебіміздің барлық оқушыларын сыйлықсыз қалдырған емес. Осы орайда барша ұжым атынан шын жүректен алғысымызды білдіреміз!,(((

(Марапаттау рәсімі)

Жүргізуші:

Арнайы шақырылған қонақтарымыздың құрметіне мектеп ұстаздарының әсем әнін қабыл алыңыздар!

(Ән: Попури)

Келесі құттықтау сөз кезегі Батпақкөл ауылдық округінің әкімі Бокашев Мирамбек Маратұлына беріледі.

Жүргізуші:

Ризашылық – адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезім. Отбасындағы ризашылық сезім ата-анадан,бақыты болған баладан бастау алады. Осынау керемет күні алғысымызды өлең жолдарымен толықтырған ұстаздарымыз бен оқушыларымызды ортаға шақырамыз!

(сразу 5-сынып оқушылары ортаға шығып «Бақыт деген» әнін орындайды)

Алдарыңызда өнер көрсеткен 5 –Ә сынып оқушылары

Жүргізуші:

Мың алғыс, миллион алғыс аналарға!

Аты да, өзі де ұлы тұрар алда.

Әке менен аналарға мың рахмет

Нәр алған тап олардан даналар да.

Ән: «Менің әкем» Орындайтын 5-сынып оқушысы Қазиев Илхам

Жүргізуші:

Қазақ қызы күлімдер күн көзіндей,

Дөңгеленіп билейді ай жүзіндей.

Жұлдыздардай өрнекті аспандағы,

Биші қыздар бұрала билейді би.

Сіздердің ду қол шапалақтарыңызбен 8- сыныптың биші қыздарын «Арғымақ» биімен ортаға шақырамыз!

1 Наурыз- Алғыс айту күні мерекесінде өз ризашылықтарын білдіру үшін ардагер ұстаз Жақсыбаева Гүлзия Насраддинқызына сөз кезегі беріледі

Жүргізуші:

Өнерпаздар жарысып сан — салалы,

Жиын десе, той десе ән салады.

Қадірменді қонақтардың құрметіне,

Әуелеген әсем ән жолданады — дей келе ортаға 3-сынып оқушыларын «Рахмет,Әке-Ана!» әнімен ортаға шақырамыз!

Жүргізуші:

Бірлігі мен ынтымағы халықтың,

Көгімізде жарқырайды жарық күн,

Ырыс, дәулет, бақыт үшін халықтың,

Жайнай берсін, жайнай берсін жарық күн!

Хор: «Алғыс» орындайтын Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебінің хор ұжымы

Жүргізуші:

Құрметті қонақтар,ұстаздар,оқушылар, жылы сөз, қайрымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңізді ешкімнен ешқашан аямаңыздар,

Жүргізуші:

Сіздерге деген ризашылығымызды білдіретін «Ризашылықтың шуағы» атты мерекелік концертімізді аяқтаймыз, келіп тамашалағандарыңыз үшін көп — көп рахмет!

12 Мамыр 2025
99
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі