Тақырып бойынша 17 материал табылды

1 наурыз-Алғыс айту күніне орай тәрбиелік іс-шара

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағат Алғыс айту күніне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 26.02.2022ж

1 наурыз-Алғыс айту күніне орай тәрбиелік іс-шара

8 «Ә» сыныбы

Тәрбие сағатының тақырыбы: Ризашылық

Мақсаты: балалардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту

Міндеттері: - ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру;

- үлкен – кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым – қатынасын дамыту;

- әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу

Әдістері: сыни тұрғыдан ойлау технологиясының стратегиялары, ойын, түсіндіру, әңгімелесу.

Көрнекіліктері:Интереактивті тақта,түрлі сүсті қалам,4 парақтар,әуен,түрлі –түсті шарлар.


Барысы:

Шаттық шеңберіне шақырамын.
Оқушыларды шеңберге тұрғызып ,ризамын деген сөзді алып мен өмірге ризамын деген сөзбен бастау керек.

Ризамын, ризамын, ризамын бүгінге,

Ризамын, ризамын, ризамын қазірге.


Әріптер арқылы ізгі сөздерді айтып,тақырыпты ашу.


Алғыс айту күні!

І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлеметсіздер ме оқушылар, бүгін ерекше күн! Бүгін қандай күн оқушылар? Қалай ойлайсыңдар? 1-наурыз Алғыс айту күні болып белгіленді. 1-наурызда бір-бірімізге алғыс айтуымыз керек. Сонымен, рақметке лайықты кімдер? Бастысы – алғыс айта білу.
Оқушылар бір-біріне алғыс айтады.


Алғыс айту өлеңдері:


Шəкірттерім, болашағым, арманым,
Қанат қағып биіктерге самғағың.
Сендерсіңдер болашағы елімнің,
Шексіз алғыс айтамын мен, жандарым.


Алғыс күні аталыпты 1-наурыз,
Парыз екен бəріне айту алғыс.
Өмір берген, жан берген, қуат берген,
Аллахыма айтамын мен шексіз алғыс!


Күндіз-түні еркелеткен күнім деп,
Əрқашанда мейірім төккен күлімдеп.
Ақ жаулығы желбіреген апатай,
1000 алғысын айтады күнің кеп!


Немере ыстық екен баласынан,
Аташым, артықсың сен бар асылдан.
Алғысты бір өзіңе жаудырамын,
Көзіңнің санадың артық қарасынан!


Көз ілмей түн ұйқысын төрт бөлген,
Өзіңдей асыл жанды кім көрген.
Алғысымшексізсаған, жаныманам,
Əрқашантілеуімдітілепжүрген!


Қашанда қарыздармын, əке, саған,
Əрқашан мейіріміңді төктің маған.
Жүректің арнап ыстық махаббатын,
Əкетай, шексіз алғыс айттым саған!


Ұстазым - сөзің асыл баға жетпес,
Əр сөзің мың жыл жүрсе дəмі кетпес.
Шəкіртін баласындай қадірлеген,
Ұстазым, 1000 алғыс та саған жетпес!


Дос дегенің- бауырың, ол сырласың,
Қиналғанда сырыңды айтар мұңдасың.
Шын достыққа тең келмейді ештеңе,
Алғыс айтып, достық жыры жырлансын!


Әріптестер, жұмыста бірге жүрген,
Ебін тауып арасында ойнап-күлген.
"Ұстаз" деген ұлық атқа лайық жандар,
Алғысымды жаудырдым сіздерге мен. 


Тақырыптың мақсатын түсіндіру.

Әңгімелесу

Ризашылық дегеніміз не?

Алғыс дегенді қалай түсінесіңдер?

Адам өзінің ризашылығын, алғысын қандай сөздермен білдіреді?

Сендерге кім қандай жағдайда алғыс айтты?

Өздерің қандай жағдайда алғыс айтып көрдіңдер?

Балалардың жауаптарытың да алады.

«Жалғасын тап»ойыны.Көрермендерге мақал оқытылады, сол мақалдың жауабын табу қажет.


1.Адамгершілік болмай,

...............................(Әділдік болмас.)

2.Адамның ұяты бетінде,

.................................. (Адамгершілігі ниетінде.

3.Әке тұрып, ұл сөйлегеннен без,

...................................................(Ана тұрып, қыз сөйлегеннен без.)

4.Көкшіл болма,

...........................(епшіл бол.)

5.Әдептілік белгісі –

..................................(иіліп сәлем бергені.)

6.Қолыңмен істегенді,

...................................(мойныңмен көтер.)

7.Сыйласаң,

..........................(сыйлы боласың.)

8.Көпті сыйлағаның, өзіңді сыйлағаның.

9.Ары таза,

...............................(нар жүгін көтереді.)

10.«Кел» демек бар,

...................................( «кет» демек жоқ.)

 

Ризашылық - адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезімі.

- Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай – ақ оның ойы мен іс - әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.


Топпенжұмыс

І - топ: Мұғалімнің және сыныптастарының қызбаланы туған күнімен құттықтау сәтін сахналау


ІІ - топ: Ағалы - қарындас туыстардың үйге келген қонақтарды күтіп алу сәтін сахналау


ІІІ - топ: Сендер қандай жағдайда риза боласыңдар?



Видео ролик. «Слайд.Презентация»


Қорытындылау

- Балалар, жылысөз, қайырымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдерің ді ешкімнен ешқашан аямаңыздар. «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын есте сақтаңдар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңдер және Табиғат – Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен аққары үшін, жұмсақ ақұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар.


«Автограф» ойынын ойнату. Әр оқушыға артына қағаз бекітіледі. Осы қағазға басқа оқушылар тілектерін жазуы қажет.

Пікірлер себетін толтыру.


Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

Осы сабақта өздерің үшін қандай жаңалық аштыңдар?

Осы сабақтан кейін қоршаған ортаға деген көзқарастарын өзгердіме? Өзгерсе қалай?

















«№15 Мақтажан» жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.



Тәрбие сағаты

Алғыс айту күні!

Күні: 26.02.2022.

Сыныбы:8 «Ә»

Сынып жетекшісі: Абдраманова А





2021-2022 оқу жылы.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.05.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12