Материалдар / 1. «Оқушы – ұстаз – ата-ана» — үштік одақ ынтымақтастығы» (ата-аналарға арналған тренинг)
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

1. «Оқушы – ұстаз – ата-ана» — үштік одақ ынтымақтастығы» (ата-аналарға арналған тренинг)

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал сынып жетекшілерге және де мектеп психологтарына қажет болады. Сынып жетекші мектеп пен ата-ана ұзтаз арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында ата-аналармен өткізуге болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Желтоқсан 2019
7748
22 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ата ана жиналысы

Күн тәрібі:

  1. «Оқушы – ұстаз – ата-ана» — үштік  одақ  ынтымақтастығы»

(ата-аналарға арналған тренинг)

  1. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру «Қуаныш»

  2. «Аққу, шортан , hәм шаян» ертегісі

  3. Тренинг «Еркін микрафон» әдісі арқылы

  4. Сөйлемді аяқта” әдістемесі.

  5. Сергіту сәті: «Өтінемін» ойыны

  6. Әр-түрлі мәселелер

  7. Кері байланыс:  «Тілек шамы».


Тақырыбы: «Оқушы – ұстаз – ата-ана» — үштік  одақ  ынтымақтастығы»

(ата-аналарға арналған тренинг)

Мақсаты:

  • қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату;

  • ата-ананың бала өміріндегі орны мен рөлі туралы ой түрткі салу, өз баласын жақсы тануға, көмек және кеңес беру мақсатында ата-аналардың педагогикалық-психологиялық білімін көтеру;

  • ата-ананың бала тәрбиесіндегі негізгі тұлға екеніне көз жеткізу;

  • баланың бойындағы жағымды қасиеттерді дамытып, жағымсыз қасиеттерден арылуға, ата-анамен қарым-қатынасын жақсартуға көмектесу;

  • әдепті, байсалды бала ата-ананың қуанышы екеніне көз жеткізу;

  • ата-ананың жауапкершілігін күшейтуге көмектесу;

Қолданылатын дереккөздер: АКТ, презентациялық материалдар, плакат, маркер, құмсағат, тілек шамы.

Әдіс-тәсілдер: пікір алмасу, сұрақ-жауап,  топтастыру стратегиясы, психологиялық жаттығулар, постер қорғау, талдау, салыстыру, ой жинақтау, кері байланыс.

   Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру «Қуаныш»

Мақсаты: қатысушыларды  бір- біріне  қуаныш  сыйлауға  үйрету.

Мұғалім әуен  ырғағымен   қатысушыларды көргеніне қуанышты екенін   айтады. Содан соң, оң  қолын жүрегінің  тұсына  қойып, қуаныш сыйлайды. Дәл осылай  сол қолымен,  одан кейін  екі  қолын  кеудсіне  қойып тілегін  жалғастырады.

Құрметті ата-аналар, сынып ата-аналарының жиналысына келгендеріңізге көп рахмет! Мен сіздердің өзіңіздің балаңызды менен мың есе жақсы білетіндіктеріңізді мойындаймын. Сондықтан да мен бүгін сіздерді ақылдасу үшін шақырдым...

Осындай қимыл  барысында қатысушылар ішкі  тебіреністерді  байқайды. Барлығы  осы  қимылды  қайталайды. Олар  бір- бірімен  мейірімді  қарым – қатынаста болып, айналасын  қуанышқа  бөлейді.


Топқа бөлу (суреттердің түріне қарай).


    «Аққу, шортан , hәм шаян» ертегісін көріп, қатысушылардың ойын, пікірін тыңдау.

Ой жинақтау 3 топ 3 түрлі тақырыпта постер құрайды және қорғайды.

1-топ: Оқушылар

2-топ: Ата-аналар

3-топ: Ұстаздар

1- оқушы “Бала көзімен”(ата-анамен мұғалімге деген өздерінің көзқарастарын білдіреді).

2 – ата-ана    “Ата-ана көзімен”(оқушы мен мұғалімге деген өздерінің көзқарастарын білдіреді).

3 — ұстаз “Ұстаздар көзімен”(ата-анамен оқушыға деген өздерінің көзқарастарын білдіреді).

(Постер қорғалады) 

Тренинг «Еркін микрафон» әдісі арқылы

Сөйлемді аяқта” әдістемесі. Үш топқа беріледі.

1-топ Оқушылар:
— Мен өз отбасымды жақсы көрем, себебі…
— Отбасы бұл…
— Отбасым бақытты болу үшін…
— Отбасымда зорлық — зомбылыққа жол жоқ, себебі…
— Мен қалар едім отбасымның…

2-топ: Ата-анлар:
— Біз өз ұстазымызды жақсы көреміз, себебі…
— Ұстаз деген …
— Ұстазымыз бақытты болу үшін…
— Мен қалар едім ұстазымның…

3-топ: Ұстаздар:

Мен өз оқушыларымды жақсы көрем, себебі…
— Оқушы деген …
— Оқушыларым алғыр,білімді, тәртіпті болу үшін…
— Мен қалар едім оқушыларымның…

Сергіту сәті: «Өтінемін» ойыны
Мақсаты: Үштік одақ арасындағы қарым-қатынасты жақсарту, бір-біріне көңіл бөлу, бірін- бірі тыңдай білуге үйрету.
Қатысушылар ортаға жартылау шеңбер жасап тұрады.
— Құрметті ата-аналар! Сіздер, қандай сиқырлы күші бар сөздерді білесіздер?
— Рахмет, өтінемін, кешіріңіз, ризамын т.б.
— Мен әр түрлі өтініштер жасаймын, егер мен «өтінемін» деген сөзді айтсам сіздер оны орындауларыңыз қажет, «өтінемін»- деген сөзді айтпасам, сіздер сол өтінішті орындамайсыздар.
— Секіріңдер
— Оң аяқтарыңды көтеріндер
— Өтінемін, алақанмен қол шапалақтаңыздар
— Өтінемін, бір-біріңді құшақтаңыздар
— Оң қолдарыңмен сол құлақтарыңды уқалаңыздар

-Өтінемін, бір-бірлеріңізге қарап жымиыңыздар

-Өтінемін, бір-бірлеріңізге көтрмелеу сөздерін айтыңыздар.
Егер біз жанымыздағы адамға қуаныш сыйласақ, біз өзіміз қуаныш сыйлаған адамнан да бетер бақытты күй кешеді екенбіз. Сіздердің жүздеріңізден мен сол бір бақыттың ұшқындарын байқап тұрмын. Ендеше бір-бірлерімізге қуаныш сыйлаудан еш шаршамайық.


Әр-түрлі мәселелер:


Кері байланыс:  «Тілек шамы».
Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз.

Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болу үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір-бірімізге мына шамды бере отырып, бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса, айтып кетулеріңізге болады.

Қорытынды.

Құрметті ата-аналар! Бүгін біз сіздермен бірге отырып, бала мен ата-ана , ұстаз арасындағы қарым –қатынасты жақсартуға күш салдық. Олардың денсаулығы мықты, көңіл-күйлері көтеріңкі ақылды, мейірімді, еңбекқор болғанын тілейміз.

Ж.Ж. Руссо: «Бала туылғанда ақ қағаздай болып таза туады, оның үстіне шимақты қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі де солай сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді» — деген екен.
Ендеше, ата-аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біздер оларға үлгі болар бейне екендігімізді ұмытпайық. Олай болса балаға әрдайым жылы сөздер айтып, дұрыс тәрбие беруге сіз болып, біз болып бірге атсалысайық дей келе бүгінгі  «Оқушы – ұстаз – ата-ана – үштік одақ ынтымақтастығы» атты ата-ана жиналысымыз аяқталды.

 


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!