400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

1. Ормандағы кедергілерден өту. 2. Орнынан ұзындыққа секіру.

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақшада дене шынықтыру пәпінің жетекшілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы



Жамбыл облысы Тараз қаласы
№13 балабақшаның
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
Махамбеталиев Қанат


Білім беру аймағы: «Денсаулық»
Бөлімі: Дене шынықтыру.
Тақырыбы: 1.
Ормандағы кедергілерден өту.
2.Орнынан ұзындыққа секіру.
Мақсаты: Балаларға доға астынан еңбектеп өту, орнынан ұзындыққа секіруді үйрету. Балалардың денсаулығын нығайтуға арналған хатка – йога элементерін қолдану арқылы балалардың бойын түзеп жүруін, икемділігін ой-
өрісін дамыту. Балаларды ептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Билингвалды сынары: К
өктем – весна, доға – дуга, ұзындық – длина, секіру – прыжок, орман – лес, Мыстан кемпір – Баба Яга
Кіріспе бөлім:
Балалар маршпен залға кіреді.
-Сәлеметсіңдер ме балалар, қараңдаршы бізде қонақтар бар, спортша қонақтармен амандасайықшы «
Сәлеметсіздер ме!»
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

- Көктем мезгілінің ерешеліктерін кім айтып береді?
Жарайсыңдар балалар.
-Балалалар біз бүгін сендермен бірге, орманға саяхатқа барамыз.
Дайынсыңдар ма?
-Олай болса алдымен орман ережесімен таныстырайын:
Орманды жалғыз аралауға болмайды,
Ол үшін бір – бірлеріңнен қалмауларың қажет.
Жарайды естеріңе сақтадыңдар ма? Ендеше сапқа тұрамыз! Алға адымда!
Біз бір – бірінің артынан жүреміз
.
Орман ішімен жүреміз
.
Күнге қол созамыз
Аяқ ұшына тұрамыз (аяқ ұшымен жүру)
Енді өкшемен жүреміз
Қаздар ұқсап жүреміз (аяқтың ішімен жүру)
Аюға ұқсап маймаңдаймыз (аяқтың сыртымен жүру)
Аяқты көтеріп жүреміз (зат аттап жүру)
Жолда мұқият боламыз!
Жүгіреміз, жәй жүреміз
Осы жерде біраз отырайық, орманды біз бірге бақылаймыз.

Негізгі бөлім: Жалпы дамыту жаттығулары: хатка –йога
(Әр жаттығу 3реттен қайталанады және 5сек.)
Осы кезде мыстан кемпір сөйлейді
Сәлеметсіңдер ме, «А
йгөлек» тобының балалары!
Мен Мыстан кемпірмін! Менің бүгін туған күнім. Мен сендерді қонаққа шақырғым келеді, бірақ менің үйшігім құлап қалды. Мен оны жинай алмаймын, көмекшілерім жоқ, не істерімді білмеймін, мүмкін сендер көмектесерсіңдер? Ой балалар біз қалай барамыз, біз жәй ормандамыз, ал Мыстан кемпір ертегі орманында.
Біз оған қалай көмектесеміз.
Мыстанға көмектесеміз бе? Олай болса, жолға шығайық.

Негізгі қимыл қозғалыс:
1. Доға астынан еңбектеп өту.
2. Орнынан ұзындыққа секіру.
- Алақай, Біз Мыстанның үйшігін таптық. Осы жерден тоқтайық.
- Біздің үйшігімізге бір нәрсе жетіспейтін секілді?
- Балалар бізге айналамызды көру үшін не керек? (көз)
-Дұрыс айтасыңдар. Мына үйшікте не жетіспейді? Балалар біз үйшікті сиқырлап орнына келтіру үшін көзімізбен сиқырлаймыз, үйшігімізді орнына келтірейік.
«Денсаулық» технологиясы
Көзге арналған жаттығу.
Жоғары, төмен, солға, оңға айналдырамыз, ашып – жұмамыз. Енді көзді жұмамыз, олар бізге сиқырласын. Санаймыз 1, 2, 3, 4, 5... көзімізді ашамыз.
Балалар көзін жұмып отырғанда, Мыстан кемпір келеді.
Мыстан кемпір:
- Ой балалар жарайсындар, менің үйшігімді жөндеп, орнына келтіріпсіңдер. Мені қуанттыңдар. Сол үшін сендерді орманда қалдырамын, маған осындай көмекшілер қажет.
-Балалар сендермен ойын ойнағым келеді, олай болса, шеңбер болып тұрып, «Бабка – Ёжка костяная ножка»-деп, менің сөзімді қайталаңдар.
Қимылды ойын: «Бабка - Ёжка»
Ойын шарты: Бабка –Ёжка костяная ножка,
С печки упала,ногу сломала.
А потом и говорит:
-«У меня нога болит!»
1, 2, 3 от Яги беги.

Қорытыңды:
Мыстан кемпір:
-Ой балалар мен шаршап қалдым, белімді ауырды. Ой сендермен әбден шаршатып жібердіңдер, жарайды, сендерді орманда қалдырмаймын. Қазір сиқырлап сендерді өз балабақшаларыңа алып барамын. Бірақ алдымен жатып, дем алып алайын, ал сендер неге тұрсыңдар? Қане менімен бірге жатыңдар! Жұлдыздарға қарайық, армандайық.

«Денсаулық» технологиясы
Релаксация
Қане жұлдыздарға жақындайық, әуе шар болайық. Шар ол сендердің іштерің болады. Қолдарыңды іштеріңе қойындар, сендердің шарларың дұрыс үрленіп жатқанын білу үшін, демді ішке тартып шар үрлейміз, демді шығарамыз, желін шығарамыз. Міне сендер биіктесіңдер, көздерінді жұмыңдар, жұлдыздарды елестетіңдер. Қараңғы түнгі аспан, жарық ай, көп-көп жұлдыздар. Олар жанады, жарқырайды, құлайды да, ғайып болады. Қандай тамаша! Әдемі! Құстарда ән салып тұрғандай, күн шықты, таң да атты. Сендер ояндыңдар, тұрдыңдар. Міне біз өзіміздің балабақшаға да келдік . Мыстанға көп рахмет, ол бізге ертерек келуімізге көмектесті. Сендерге саяхат ұнады ма? Біз саяхатта қандай жаңа жаттығу жасадық? Қандай кедергілерден өттік? Ой балалар мына себетте не бар екенін көрейікші, ой бұл Мыстаның бізге берген сиқырлы сыйлықтары
! Тез топқа барып сыйлықтарды бөлісейік. Балалар қане сапқа тұрып, тобымызға барамыз.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 мамыр
766
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі