жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
1 қыркүйек - Білім күні
«Саналы ұрпақ-жарқын болашақ»
( Ертеңгілік)
Мақсаты:1қыркүйек
- Білім күні мерекесінің маңызын
түсіндіру,сезіндіру.Ата Заң күні
мерекесін атап өту.Сахна мәдениетіне
баулу.Көңілді орта қалыптастыру.
Жүргізуші:
Балалар,сендерді қайта көргеніме өте
қуаныштымын.Сендер күнге күйіп, бойларың
өскен.Қараңдаршы,біздің балабақшада
жаңадан келген балалар бар.Сендер жақсы
дос боласыңдар деп ойлаймын.Қане,бір-бірімізге
қол бұлғап «Сәлем» деп аманадасайық.
Бүгін қандай мейрам екенін білесіңдер
ме? Иә, Білім күні.Бұл күні балалар
мектепке ағылады.Бұл күні балабақша да
жаз мезгілінен соң өз балаларын қарсы
алады.Ал сендер балабақшаны,мерекелерді
сағындыңдар ма? Сіздерді мерекелеріңізбен
құттықтап,осы күнді есте қалатындай
етіп өткізейік. Бұл күні жаңа оқу жылы
басталады.
Осы жыл ең қызықты болсын және
сендердің білімдерің толысып,жаңа
нәрселерді танып білулеріңе тілектеспіз.Осы
кезде поровоз әнімен ішке Дымбылмес
келеді. Балалармен амандасып өзінің
сиқырлы пойызбен саяхатқа шақырады.
Дымбілмес:салем
балалар!бугін үлкен мереке екен
Ендеше
бүгін Білім күні мерекесін сиқырлы
пойызда атап өтеміз бе?Әр станцияда
пойыз тоқтап сендер түрлі тапсырмаларды
орындайсыңдар.Тапсырманы дұрыс
орындасаңдар пойыз әрі қарай
жүреді.Ал,дайынсыңдар ма? Ендеше кеттік!
(Балалар пойызбен жүреді)
1-
станция «Әндер» деп
аталады.
Ән «Әрқашан күн
сөнбесін!»
Жүргізуші:Жарайсыңдар,балалар!Әрі
қарай кеттік. 2-
станция «Тақпақтар»деп аталады.
Алтынай:
Қуанышты
бүгін мереке.
Шуағын шашып
тұр әлем
Бақшаға келген
алғашқы
Жан досым, саған мың
сәлем!
К Медина:
Өмірдің
бейбіт бағы бұл,
Асудан асып асқарлы
Мінекей биыл тағы бір
Жаңа оқу басталды.
Заңғар:
Балабақша
есігін
Үшке тола ашқанбыз.
Балапандай
мәпелеп,
Өсіруде бақшамыз.
Азамат:
Бұл – екінші үйіміз,
Бір туғанбыз
бәріміз.
Біз – осы үйдің гүліміз
Біз
– осы үйдің сәніміз.
Риза:
Егемен елдің төсінде,
Шуағын шашқан
арай күн
Азамат болып өсеміз
Қызыға
әлем қарайтын.
Айназ:
Биіктерге
бастайтын асқаралы
Әр жүректің
сүйікті, асқақ әні
Мерекеде бәріміз
бір дауыспен
Шырқайық еліміздің
әнұранын!
ҚР Мемлекеттік әнұраны -айтылады.
Гүлім:
Бүкіл елде басталып бүгін жыры,
Бақ
қоңырау шақырар ұғымдыны.
Білім –
ғылым бастауы, мерекелі
Құтты болсын
бүгінгі Білім күні!
Т.Айзере:
Шайдай ашық бейбіт күннің аспаны
Ауламыздың
келісіп тұр бар сәні
1 – қыркүйек –
салтанатты мерекемен
Құттықтайды
меңгеруші баршаны!
Балабақша
меңгерушісі -…Турлыбекова
А.Б
сөз кезегін ұсынамыз!
Құттықтау сөз
Жүргізуші:Мерекемізді
жалғастырып ары қарай аттанайық.
3-Станция
«Ойын» деп аталады.
Кейіпкер:Балалабақшада
мектептегі сияқты сабақтар бар.Балалар
көп нәрсені үйренеді: санауды,ән
салуды,достасуды.Қазір біз “Ал
мектепте…” деген
ойын ойнаймыз. Мен балабақшада балалардың
не істейтінін айтамын,ал сендер мектепте
не істейтіні туралы жауап бересіңдер.
Балалар хормен
жауап береді:
— Балалабақшада
— тәрбиеші, ал мектепте кім? (Мұғалім)
— Балалабақшада
сендерді балалар дейді, ал мектепте
?(оқушылар) —
Балалабақшада — үстел, ал мектепте ?
(парта)
— Балалабақшада — меңгеруші, ал
мектепте ? (директор)
— Балалабақшада сендер
ойнайсыңдар,
ал мектепте не істейді? (оқиды)
жарайсындар ары қарай кеттік онда .
Баура:
Корабльді
басқарып
Көк жүзіне самғатар
Тауды
бұзып, тас жарып
Мұхиттарды
жалғатар
Алижан:
Сырлары
көп ғылымның
Шешілмеген әлі де
Тереңдігі
білімнің
Керек екен бәріне!
М.Медина:
Білім –
менің ертеңім
Өсу үшін өркенім
Жүзем
оқу – айдында
Жайып білім желкенін
Тоғжан:
Қиындықтан
өтуге
Армандарға жетуге
Білім
алам ерінбей
Еліме қызмет етуге!
Арнұр:
Балабақша-кеме
Білім- теңіз!
Барар жерге
Тез жетеміз.
Келесі
станция «Би» деп аталады.
Би
«Чунга-чанга биі»
Жургізуші: 30
тамыз – Ата Заң күнін кеше ғана бүкіл
ел тойлады. Ата Заң –
елдегі бақыт
пен бірліктің, бостандық пен теңдіктің
кепілі.
Ата Заң күні мерекесіне де
балалар тақпақтар жаттапты, тыңдап
көрейікші: Ақжан:
Ата заңым
– тірегім
Арман, үміт, тілегім
Өрлеп,
өскен бүгінгі –
Өз Отаным, ұлы
елім!
Зиннұр:
Ата
заңым – бірлігім
Берекелі іс,
тірлігім
Елдің ырыс, бақыты
Бейбітшілік,
нұрлы күн!
Нурбек:
Ата заңым – қуатым
Сенім, мақсат,
мұратым
Мақтанышым, көк туым
Көкте
шалқып тұратын!
Қазақстан – ұлы
елім
Әнге қосам өр атын!
Жүргізуші:
– Қос
мереке құтты болсын!
– Еліміз өркендей
берсін!
– Білімділер көп болсын!
–
Бейбітшілік күні жарқырай берсін!
–
Тәуелсіздігіміз баянды болсын!
–
Мәңгілік ел болайық! т. б.
Ерасыл:
Біз – еліміздің жас өркеніміз,
Желді
керген желкеніміз,
Желбіретер көкте
туын
Біз – еліміздің ертеңіміз!
Алғашқы
қоңырау соғу салтанаты
Ұлпан:
Шырылдаған тыным
алмай
Қоңыраудың үні қандай!
Мақсатына
жете ме адам
Оқу оқып, білім алмай?!
Балайым:
Ғылымның
көп тас қамалы
Ғалымдық та асқаралы
Бар
білімнің нұр бастауы –
Балабақшадан
басталады!
Аяла: Қоңырау үні сыңғырлап, Естілді жылы жаныма Күлкідегі әсем сылдырлап Бөбекті жиды маңына.
Нұрзат: Соқ-соқ қоңырау Сыңғырлайды қоңырау Сылдырлайды қоңырау Сыңғырлайды,сылдырлайды алғашқы біздің қоңырау.
Жүргізуші:
Қоңырау үнімен жаңа оқу жылының
алғашқы
оқу іс – әрекетін бастау үшін тобымызға
асығайық.
Шаршамай – талмай білім
теңізіне сүңгиік!
Биіктерді бағындырудан
жалықпайық!
Жүргізуші:Мерекемізді
апайларға арнап әсем әнмен жалғайық.
Әмір:
Риза етіп баршаны
Әсем әнге
саламыз
Таудан биік талабы
Біз –
сүйкімді баламыз!
Ән «Үйретеді балабақшада»
Жүргізуші: бугінгі бір тамаша мереке болған сияқты ,қонақтарымызға мың алғыс айтамыз саяхатымыз тамаша болды.Осымен ертеңгілігіміз аяқталды Сау болыңыздар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген