400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

1 қыркүйек - Білім күні!

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне арналған ертеңгіліктің сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: 1 қыркүйек - Білім күні!
1. "Айгөлек" биі орындалады.
Ортаға тәрбиеші мен топтың бүлдіршіндері шығады.
Назерке:
Балабақша есігін,
Үшке тола ашқанбыз.
Балапандай мәпелеп,
Өсірді бізді бақшамыз.

Бұл екінші үйіміз,
Бір тұғанбыз бәріміз.
Біз осы үйдің сәніміз,
Біз осы үйдің гүліміз.

Жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті ата- аналар, балалар, барша қонақтар!
Бүгін 1 қыркүйек -Білім күні!
Мерекелеріңіз құтты болсын!

Жүргізуші:
Биіктерге бастайтын асқаралы,
Әр жүректің сүйікті, асқақ әні.
Мерекеде бәрііміз бір дауыспен,
Шырқайық балабақша әнұранын.

2. Балабақша әнұраны

Бүгінгі білім күні мерекесімен құттықтау сөзін балабақша директоры Б.Е.Турсынбаевқа береміз.
Жүргізуші:
Білімнің бастауы - балабақшада, ендеше бүгінгі мерекеде тағы бір әнімізді әдемі қызымыз Аяжанның орындауында "Әдемі" атты ән қабыл алыңыздар.

3. Ән "Әдемі"

Жүргізуші:
Назарларыңызға балалардың орындауында

4. Би "Жалқаубек"
Жүргізуші:
Енді бізідің балаларымыздың білім алудың маңызына байланысты айтарларын тыңдап корейік.

Нұрали:
Кемелерді басқарып,
Көк жүзіне самғасам,
Тауды бұзып, тас жарып
Мұхиттарды жалғасам.

Томирис
Таңдандырар бар елді

Жасартатын әжемді
Дәріде ойлап таба алсам

Оразбек
Бала, бала, баламыз
Бақшамызға барамыз
Күні бойы қызыққа
Батамызда , қаламыз
Сабақ оқып үйреніп
Ілім алып шығамыз.

Жүргізуші:
Жарайсыңдар балалар өнерлерің өрге жүзсін. Енді назарларыңызға Назеркенің орындауында әнді қабыл алыңыздар.

5. Ән "Гүл бағушы қыз"

Екі күлдіргіш ортаға су атысып кіреді.
1- ші күлдіргіш: О,о! Мұнда балалар көп екен. Жақсы болды.
2- ші күлдіргіш: Келіңдер балалар, ойнайық.
1-ші күлдіргіш: Неге сонша киініп алғансыңдар?
2-ші күлдіргіш: Бүгін қандай күн?
Балалар: Бүгін білім күні.
Балалар: Біз енді ойынды азайтып, көбірек оқитын боламыз.
1-ші күлдіргіш: Ондай болса тыңдап тамашалайық сендерді балалар.

Бағжан:
Таудай үлкен талабым
Мен бармақтай баламын
Көктің жүзін барлаймын
Үлкен ғалым боламын

Ернұр:
Аралап елді біз
Жаз бойы демалдық
Күлімдеп келді күз

Бақшаға оралдық

Арслан:
Біздің топта балалар
Тату- тәтті ойнайды
Дос көңілі әрқашан
Тек жақсылық ойнайды

Өркен:
Білім менің ертеңім
Өсу үшін өркенім
Жүзем оқу айдында
Жайып білім желкенін

Ой жарайсыңдар балалар. Көрдіңіздер ме күлдіргіштер біздің балалар қандай өнерлі.
Жүргізуші:
Ғыылымның көп тас қамалы
Ғылымдықта асқаралы
Бар ғылымның нұр бастауы
балабақшадан басталады.

Ұлдарымыздың орындауында ән
6. Ән "Біз бақытты баламыз"

Жүргізуші:
Барлық әндерде айтылғандай, бөбектеріміздің тілі де әдемі, күлгені де әдемі, барлық мейіріміміз де, бар білімімізді де, осы бүлдіршіндерімізге арнаймыз.
Бүгінгі мерекелік ертеңгілігіміз осымен аяқталды. Ден қойып тамашалағандарыңыз үшін көп рахмет. Баршаңызды балабақшамыздың білім ұсына шақырамыз.









Тақырыбы: Айналайын анашым !
Мақсаты: балаларға 8 наурыз аналар мейрамы туралы түсінік беру. Аналарды құрметтеп, оларды сыйлап өтуге баулу.
Музыка әуеніне кіріп келеді.
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар! Қымбатты қонақтар, сүйікті аналар, әжелер, тәрбиешілер бүгін көктемнің алғашқы мерекесі
8 Наурыз мереексі құтты болсын! Мерекелік ертеңгілімізді тамашалауға шақырамыз.
Балалар ортаға шығып тақпақтарын айтады.
Алинұр:
Бәрімізге анасын,
Біз үшін көп жанасын.
Құтты болсын мейрамың,
Құттықтаймын анашым.

Оразбек:
Анаң болса қасыңда
Басқа бақыт не керек?
Аналардың жүрегі
Мейірімді ғой керемет!



Арслан:
Тосып тәтті дәмдерін,
Ол бар жерде бал жедім.
Мен ұйықтарда айтады,
Ертегісін, әндерін.

Ән:"Ақ мамам "

Айдос:
Жарқын жүзді жан анам
Сендей болсын бар адам.
Сендей болса бар адам,
Шаттық кетпес баладан.

Сезім:
Айналайын анашым,
Аялайсың, бағасың.
Сен үшін балалармен,
Ән шырқайық бәріміз.

Хор: "Бақытты баламыз!"

Нұрай:
Анам, анам, анамғой,
Балам десең барам ғой.
Көп қатемді кешірген,
Ақ сүтімен өсірген.

Ажар:
Жақсылықтан жаралған,
Құшағы оның таң мекен.
Менің айдай анамнан
Асқан сұлу бар ма екен
?

Назерке:
Әр сөзімді жаттаған,
Жүрегімде сақтаған.
Анашым деп мақтанам,
Айналайын ақ мамам!

Іңкәр:
Мен анамды сүйемін,
Құшағына енемін.
Мәпелеген анамды,
Қуантам деп келемін.

Диана:
Анам менің сүйікті,
Тек өзіңе табынам.
Қасымда жүрсең биікпін,
Алыстасаң сағынам.
Ойын: "Баласын тап"

Алдарыңызда, тек сіздерге арнап біздің ұлдарымыздың орындауында би
Би: "Батырлар "

Айерке:
Әжем менің әліде,
Ұқсамайды кәріге.
Шай қайнатып береді,
Қажет болса бәріңе.

Ақжан:
Мәпелейді, әлдилейді, бағады,
Құлыным деп құшағына алады.
Өзгеге де, өзіне де жауапты,
Барлығына қалай уақыт табады.

Енді назарларыңызға Назерке мен Тұрсынай апайымыздың орындауында ән
Ән: "Гүл көбелек"

Бақжан:
Ақ анашым, аппағым,
Өзің жайлы тақпағым.0
Өзің жайлы әнімде,
Арнадым саған бәрінде.


Сырым:
Жақсы көрем әжемді,
Ойыншықтарда әперді.
Балабақшаға акелді,
Жақсы қандай әжелер.

Дарын:
Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймын мейраммен,
Құрметті біздің аналар.

Көрініс: «Үш ана»
Ортаға стол және үш орындық қояды. Бір орындықтың шетін ала стол астында қуыршақ жатыр.
Жүргізуші:
Ойыннан келген Іңкәр
Қуыршағын іздейді.
Столдың астынан тапты да,
Хал сұрауды көздеді.

Ажар:
Қызым, менің қалайсың
Томсырайып қарайсың.
Қарның ашып отырмай,
Тамақ ішсең жарайсың.



Егер тамақ ішпесең
Қу сүйек боп қаласың.
Отыр қане қасыма,
Тамақтанып аласың
(Қуыршағын алдына алып отырады)
Жүргізуші:
Әйгерімнің осы сәт,
Анасы үйге кіреді.
Тағат таппай қызының
Қалын сұрап біледі

Анасы:
Ажар жаным , бүгін сен,
Тамақ ішіп көрдің бе?
Қызықтап әлде ойынды,
Кешке дейін жүрдің бе?

Күнде саған ұмытпай,
Тамағыңды іш деймін.
Тіл алмайсың қырсығып,
Осы сені не істеймін (отырады)
Жүргізуші:
Анасының артынан,
Аптығып әже кіреді.
Ол – дағы өз қызының
Қалын сұрап біледі.
Әжесі:
Айналайын, алтыным
Шаршадың ба, жарқыным.
Ішпедің – ау тамақ та,
Жайын ойлап жалпының.

Қарашығым, қарағым,
Түсіңкі ғой қабағың.
Сөткемен тұрып жұмыста
Болмай қалды – ау тамағын (отырады)
Жүргізуші:
Аналардың елжіреп,
Ет бауыры барады.
Әрқайсысы сұқтанып,
Өз қызына қарады.
Бәрі – үш ана:
Қандай қиын, қараңдаршы,
Қырсық мінез бала болу.
Бәрінен де оңай емес,
Білсеңіздер ана болу!


Би: "Вальс"

Балалардың өнерлерін тамашалағандарыңызға рахмет!





















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
12 ақпан
425
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі