Материалдар / "1 Қыркүйек - білім күні!"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"1 Қыркүйек - білім күні!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға 1-қыркүйек күні – білім күні жайында түсінік беру. Өз туған елдеріне, жерлеріне, балабақшасына сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Байланыстырып сөйлеуге, сөйлем құра білуге үйрету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Тамыз 2023
235
2 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Барлық балалар «Балдәурен» әнінің әуенімен түрлі - түсті шарлар ұстай көңілді би бимен ортаға шығады
Жүргізуші:Балалар,жадыраған жазда аяқталып, жомарт күз келді.Жаз бойы демалған оқушылар үлкен сағынышпен мектептеріне оралып жатса,сендерде өз жастарыңа лайықты білім алып тәрбие алып жүрсіңдер.Бұл күн сендер үшін яғни оқушылар үшін және біздер үшін,ұстаздар үшін үлкен мереке күні болып саналады.Балалар жақсы білімді,тәрбиелі азамат болу үшін,ерінбей оқу оқып білім алу керек.Білімге талпынған балапан қанаттарың қатая берсін!Білім күні мерекесі құтты болсын!

Ортада жүргізуші 1,2 бала қалады:
1 - бала: Қандай керемет! Бүгін көңіл - күйім шарықтап тұр!
2 - бала: Себебі бүгін мереке ғой!....
1 - бала: Иә, иә! Бүгін - 1 қыркүйек, білім күні!
2 - бала: Бәсе, бүгін оң көзім қайта - қайта тартқан еді.........
1 - бала: Осылай әңгімелесіп тұра береміз бе?
Балаларды шақырып, мерекені бірге тойламаймыз ба?
1 - бала: әрине

2 - бала: Биіктерге бастайтын асқаралы
Әр жүректің сүйікті, асқақ әні
Мерекеде бәріміз бір дауыспен
Шырқайық еліміздің әнұранын!


Жүргізуші:
бала: Өмірдің бейбіт бағы бұл,
Асудан асып асқарлы
Мінекей биыл тағы бір
Жаңа оқу жылы басталды.


бала: Балабақша есігін
Үшке тола ашқанбыз.
Балапандай мәпелеп,
Өсіруде бақшамыз.


бала: Бұл - екінші үйіміз,
Бір туғанбыз бәріміз.
Біз - осы үйдің гүліміз
Біз - осы үйдің сәніміз.


бала: Егемен елдің төсінде,
Шуағын шашқан арай күн
Азамат болып өсеміз
Қызыға әлем қарайтын.


бала: Биіктерге бастайтын асқаралы
Әр жүректің сүйікті, асқақ әні
Мерекеде бәріміз бір дауыспен
Шырқайық еліміздің әнұранын!



11 - бала: Бүкіл елде басталып бүгін жыры,
Бақ қоңырау шақырар ұғымдыны.
Білім - ғылым бастауы, мерекелі
Құтты болсын бүгінгі Білім күні!

Жүргізуші: Риза етіп баршаны
Әсем әнге саламыз
Таудан биік талабы
Біз - сүйкімді баламыз!

Мерекемізді әсем әнмен жалғастырамыз
ән: хор «алғашқы қоңырау»

(Көңілді музыкамен Күлдіргіштер бір - бірімен сумен атылатын пистолетпен атысып (немесе майда түрлі - түсті доптармен) ойнап келеді)
1 - Күлдіргіш: О! Мұнда балалар көп екен! Жақсы болды!
2 - жалқаубек: Келіңдер балалар, қызы - ы - ық ойын ойнайық!
1 - Күлдіргіш: Неге сонша сықиып киініп алғансыңдар?......
бала: Бүгін – білім күні ғой! Үлкен мереке!
бала: Біз енді ойынды азайтамыз, көбірек оқитын боламыз.
2 - жалқаубек: Солай деңдер?! Ал көп оқып миды ашытып керегі не?
бала: Корабльді басқарып
Көк жүзіне самғатар
Тауды бұзып, тас жарып
Мұхиттарды жалғатар
Сырлары көп ғылымның
Шешілмеген әлі де
Тереңдігі білімнің
Керек екен бәріне!


бала: Білім - менің ертеңім
Өсу үшін өркенім
Жүзем оқу - айдында
Жайып білім желкенін
Қиындықтан өтуге
Армандарға жетуге
Білім алам ерінбей
Еліме қызмет етуге!
1 - Күлдіргіш: Керемет! Онда біз биші қыздарымызды
шақырып сендерге мереке құрметіне би билеп берсін,
шашуымыз болсын!

Би «көбелектер биі»

Жалқаубек:Мені апам сендерге жіберді,сендерді ақылды білімді балалар дейді ғой,ал менің білім алғым келмейді,осылай доп қуып жүре бергім келеді.

Тәрбиеші:Ай Жалқаубай-ай,Жалқаубай-ай саған не дейін,біздің орталықтың балалары өте білімді,әрі ақылды.

Жалқаубек:Не сонда мына балалар бірдеме білеме?

Тәрбиеші:Көз жеткізгің келсе төрге шығып қонақ болыңдаар

Жалқаубек:күлдіргіш мына балаларды тексеріп көрсек қайтеді. Балаларға жұмбақ жасырып көрейік шешімін таба алармекен.

Бүгін сендерге келген жалқаубек пен күлдіргіте құр қол келмеген екен, сендерге өзінің жұмбақтарын ала келіпті. Ал жасырып көріңдер шешімін біздің балалар тауып көрсін
Жұмбақтар
Бiлiмнен мол сый - асы,
Балғындардың ұясы. (Мектеп)

Бiлiмнiң жол басшысы,
Шәкiрттiң қолбасшысы. (Мұғалiм)

Шәкiртке жанашыр,
Мейiрман кiм, жаны асыл? (Ұстаз)

Ұшымен қазық
Тор көздi жазық.
Үстiне өттiм,
Асыл сөз жазып. (Дәптер)

Кiшкене құдықтан,
Найза ұшты шыбығым,
Су iшiп құныққан. (Сиясауыт)

Қысқа таяқ дiңi бар,
Шиырлаған iзiнде
Сайрап тұрар тiлi бар. (Қарындаш)

Тiл жоқ өзiнде,
Сөзi бар iзiнде. (Қаламсап)


Жалқаубек:Ой керемет өздері өздері менен кіші болсада құлшынып тұр ғой тегі.Әттең босқа уақытымды күлдіргішпен өткізіп алғаным-ай?Эх ерінбей жалқауланбай білім алсам ғой менде көп нәрсені үйреніп білмек екенмін (реніші кейіп білдіреді)

Тәрбиеші:Олай деп өкінбе Жалқаубек әлі кеш емес тек жалқаулықты тастасаң болды.Білім жалғыз мектепте емес,білім үйде,көшеде,білім сені аялаған әлпештеген шешеде-емеспе?

Жалқаубек:Распа онда келістік апай балалардың алдында уәдемді беремін бүгіннен бастап жалқаулықты тастап мектепке барамын.Күлдіргіш сен ренжиме мен енді сенімен ойнай алмаймын

Күлдіргіш:жарайды Жалқаубек мен еш ренжімеймін дұрыс сенің мектепке барып, білім алуың керек онда менде қайтайын қош сау болыңдар балалар!

Тәрбиеші:Міне керемет біз енді сенді Жалқаубек емес Азамат деп атайтын боламыз.Талабыңа нұр жаусын,Жалқаубек біздің керемет ойынымыз бар кел бірге ойнайық

Ойын: «Оқу құралдарын тап»

Азамат:Ал балалар бәріде керемет болды.Ал мен енді мектептен кешігіп қалмау үшін рұқсат болса кетейін.Мына бауырсақпен балалар мереке соңында шәй ішсін.Қолыма портфель алып ішіне оқу құралдарын салып мектепке барайын.

Ән:(жеке)

Тәрбиеші:Балалар бүгінгі 1- қыркүйек білім күніне арналған «Сыңғырла қоңырау!»атты ертеңгілігіміз аяқталды,қош сау болыңыздар!


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!