1-Қыркүйек - Білім күні.

Тақырып бойынша 31 материал табылды

1-Қыркүйек - Білім күні.

Материал туралы қысқаша түсінік
1-қыркүйек Білім күніне арналған ертеңгілік.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы

«Адина» бөбекжай балабақшасы мекемесі
тәрбиешісі: Сағымбаева Гүлнұр Кенжалықызы.


Балабақша алаңы мерекеге сай әсем безендірілген. Алаң алды жүздері бал бұл жайнаған қыздар мен ұлдар, тәрбиеші апайлары мен қонақтарға толы.

1. Жүргізуші: Қымбатты балалар. Құрметті ата–аналар мен ұжымдастар. Бүгінгі күн бәрімізге өте ерекше күн, алғашқы қоңырау соғылып, білімнің жаңа оқу жылы басталды. Алғашқы білім күні құтты болсын!

2. Жүргізуші:Балалар жадыраған жаз да аяқталып, жомарт күз келді. Бүгін күздің алғашқы күні 1-қыркүйек. Бұл ата-аналар үшін де,балалар үшін де,тәрбиеші үшін өте қуанышты күндердің бірі.Жаз бойы демалған оқушылар үлкен сағынышпен мектептеріне оралып жатса, сендер де өз жастарыңа лайықты білім алып, тәрбие алып жүрсіңдер.Білімге талпынған балапандар қанаттарың қатая берсін! Білім күні құтты болсын!

1. Жүргізуші: Бүгінгі білім күні мерекесімен құттықтау сөзді «Адина» балабақшасының менгерушісі: Нұрымбетова Гулжан Кеңесбекқызына беріледі.

Жаңа білім күніңмен!
Білім күні – мереке,
Ән салсамда әдемі.
Туған тілім – береке,
Сөз арнасам кәделі!

Хор: «Жас дәуірдің түлегіміз»

Асылбек:
Кел балалар, оқылық!
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық,
Оқысаңыз балалар
Шамнан шырақ жағылар,
Тілегенін алдынан
Іздемей –ақ табылар.

Аяулым:
Шырылдаған тыным алмай,
Қоңыраудын үні қандай,
Мақсатына жетеме адам,
Оқу оқып білім алмай.

Қоныс:
Қиындықтан өтуге,
Армандарға жетуге,
Білім алам ерінбей
Еліме қызмет етуге.

Нұрайлым:
Білім менің ертеңім
Өсу үшін өркенім
Жүзем оқу айдынында
Жайып білім желкенін.

2. Жүргізуші:

Жаңа киім үстімде,
Мақтанғымда келеді.
Білім тойы үстінде,
Шаттанғымда келеді! Дегендей бүгінгі мектеп алды даярлық тобына келетін балалардың жүздері бал - бұл жайнап тұр.

Жас ұлан» тобының «Білімің бұлағым» әнін қарсы алыңыздар!

1. Жүргізуші:

Ұстаздар – ұлттың тірегі,
Ұстаздар – білім жүрегі,
Ұрпаққа жеттер ұстазбен,
Халықтың  ұлы тілегі.

«Бәйтерек» тобының орындауында Ән «Үйретеді» жарайсыңдар балалар!

Ортада білім туралы өлеңдерімен  «Жас ұлан»  тобының бүлдіршіндерін қарсы алыңыздар!

1. Балабақша есігін
Үшке тола ашқанбыз
Балапандай мәпелеп
Өсіруде бақшамыз.       
АМИНА

2. Қиындықтан өтуге
Армандарға жетуге
Білім алам ерінбей
Еліме қызмет етуге.     
ДИАС

3. Ғылымның көп тас қамалы
Ғылымдықта асқарлы
Бар білімнің нұр бастауы
Балабақшадан басталды. 
ОНДАСЫН

4. Білім алған өзіңмен
Дәрігер, ұшқыш, не ғалым
Саған ыстық сезіммен
Қарайды жұрт, мұғалім
.   ОСМАН

5. Қыркүйектің бірінде
Кеудем толы дірілге
Құлақ түйем елеңдеп
«Бақша» бір күнге.      
ЖАНЕЛЬ

6. Өсті міне бойымыз
Өсті міне ойымыз
Қуанышқа ортақпыз
Құтты болсын тойымыз. 
ЖӘНІБЕК

Ғажайып сәт:

2. Жүргізуші: Жалқаубек келеді! Жалқаубектің музыкасы

ЖАЛҚАУБЕК: Ой, балалар, мында не болып жатыр? Кеттік, балалар, ойнауға, менімен ойнағыларың келіп тұр-ау деймін.

ТӘРБИЕШІ: Жалқаубек мұның не? Мерекелік киіміңді киіп келмейсін бе?!

Бүгін бізде мереке,1-Қыркүйек - білім күні, барлық мектептерде, балабақшаларда осы мерекені тойлап жатыр.

ЖАЛҚАУБЕК: Әй балалар мектеп дей ме? Мектепте біздің апаларымыз, ағаларымыз окиды. Біз басымызды ауыртып қайтеміз, оданда жүріңдер ойнайық.

ТӘРБИЕШІ: Жалқаубек сіз бізбен бірге болып, бүгінгі мерекені тамашаланыз. Біздің балалар өнерлі, алғыр. Ал сіздің қандай өнеріңіз бар?

ЖАЛҚАУБЕК: Мен жалқау болсамда өнерлімін! Мен би билей аламын.

ТӘРБИЕШІ: Біздің өнерлі  балаларымыз сізбен бірге билегісі келеді екен. Қәнекей Жалқаубекпен балаларымыздың өнерін тамашалайық!

1.Жүргізуші: Биіктерге бастайтын асқаралы
Әр жүректің сүйікті,асқақ әні
Мерекеде бәріміз бір дауыспен
Ән шырқайықшы баршамыз дей келе.

Бәйшешек ортаңғы топтың бүлдіршіндері Сүгір Марғұлан мен Ахмет Іңкәрдің орындауында ән: Топ-топ балақан

«Гүлдер» тобының тақпақтарын қарсы алыңыздар.

Сәулемай:
Оттанның біз ұл- қызы
Халықтың біз- жұлдызы
Оқимыз ақын – жырларын
Оқимыз еңбек сырларын.

Зульфия:
Өсті міне бойымыз
Өсті міне ойымыз
Қуанышқа ортақпыз
Құтты болсын тойымыз.

Муслима:
Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді

2-Жүргізуші: Біздің өнерлі балапандарымыздың орындауында Қаражорға биі.

1-Жүргізуші: Білім- менің ертеңім
Өсу үшін өркенім
Жүзем оқу-айдында
Жайып білім желкенін.
\

Жас ұлан тобының орындауында «Балабақшам» әні                                                                

«Жасқанат» тобының тақпақтарын қарсы алыңыздар

Жоламан:
Отан ыстық ұямыз
Жүректе орын тұрады
Отан маған пәк ана
Мен Отанның ұланы.

Райымбек:
Қуат алған өзінен
Туған елдің ұлымын
Бақытты етіп өсірген
Отанымның ұлымын.

Жандәулет:
Бақытты боп жүргенім
Сенің арқаң Қазақстан
Елім менің тірегім
Құшағыңда гүл ашам.

2. Жүргізуші
Риза етіп баршаны
Әсем әнге саламыз
Таудан биік талабы
Біз- сүйікті баламыз.

ӘН «Бәйтерек» тобының әнін қарсы алыңыздар!

Ән. Балабақша бағымда

1. Жүргізуші

Біз - еліміздің жас өркеніміз
Желді керген желкеніміз
Желбіреткен көк туын
Біз - еліміздің ертеңіміз!

«Болашақ» тобының бүлдіршіндерін қарсы алыңыздар!БИ спорттық

2. Жүргізуші.

Корабльді басқарып
Көк жүзінде самғатар
Тауды бұзып, тас жарып
Мұхиттарды жалғатар
Сырлары көп ғылымның
Шешілмеген әліде
Тереңдігі білімнің
Керек екен бәріне дей 
отырып «Ақылшы мұғалім» әнін қарсы алыңыздар

«Бәйшешек» тобының тақпақтарын тыңдайық

Алихан:
Кел-кел досым бақшаға
Естимісің үнімді
Сауат ашып тіл дамытып
Үйренейік білімді.

Сейфуллах:
Балабақша базарлы үй
Ауылдағы ажарлы үй
Күлкісі бар шуақты
Өз үйіміз сияқты  
Үйреттеді мектепте.

1 Жүргізуші
Қандай ғажап қарашы жан – жағына
Күміс күлкі сыймай тұр, қара мұңға
Ата–анадай бақытты бар ма  жан
Қол жеткізген аңсаған арманына
Жақсы шәкірт азамат атанады
Халқынан ата-анадан бата алады
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін
Ортамызға шақырайық ата–ананы.

Мерекелік Құттықтау сөз кезегі ата – анаға беріледі.

2. Жүргізуші: Бүгінгі мерекелік ертеңгілігіміз осымен аяқталды. Ден қойып тамашалағандарыңыз үшін көп рахмет!

1.Жүргізуші:

Ал бірінші кыркүйек,
Күнсің гой сен ең тәуір,
Өйткені ол мереке,
Бірінші күн ерекше.

Мерекелеріңіз құтты болсын. Аспанымыз ашық, заманымыз тыныш болсын!- деп мерекелік ертеңгілігімізді аяқтаймыз!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.00.2023
262
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі