жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
1 қыркүйек - Білім күніне арналған балабақшаға сценарий
Сценарий
аты: 1 қыркүйек - Білім күніне арналған
балабақшаға сценарий Мақсаты: 1.
бүлдіршіндерге Білім күні мерекесінің
мән - мағынасын ұғындыру; 2. сахналық
мәдениетін қалыптастыру; 3. мерекелік
көңіл - күй сыйлау. І.«Көңілді балалар»биі
орындалады. ІІ. Ән «Күмбірле, қоңырау»
Ортаға тәрбиеші мен кіші топтың бүлдіршіні
шығады. Бала: Балабақша есігін Үшке тола
ашқанбыз. Балапандай мәпелеп, Өсірді
бізді бақшамыз. Бұл - екінші үйіміз, Бір
туғанбыз бәріміз. Біз осы үйдің сәніміз,
Біз осы үйдің гүліміз. Тәрбиеші: Қош
келдіңіздер, құрметті ата - аналар,
балалар, барша қонақтар! Бүгін - 1 қыркүйек
- білім күні. Мерекелеріңіз құтты болсын!
Тәрбиеші: Биіктерге бастайтын асқаралы
Әр жүректің сүйікті, асқақ әні Мерекеде
бәріміз бір дауыспен Шырқайық бақшамыздың
әнұранын! Балабақша әнұраны Тәрбиеші:
Бүгінгі білім күні мерекесімен құттықтау
құрметі «Ақбота» шағын орталығының
әдіскері _______________ұсынылады. Құттықтау
сөз Тәрбиеші: Білім бастауы - балабақшада.
Ендеше бүгінгі мерекеде тағы бір әнімізді
балабақшамызға арнайық! Ән «Бақытты
баламыз» Жеке ән «Мен әдепті баламын»
Тәрбиеші: Енді біздің балалардың білім
алудың маңызына байланысты айтарларын
тыңдап көріңіздер.. Білім керек бәріне!
Ф. Оңғарсынова Корабльді басқарып Көк
жүзіне самғасам Тауды бұзып, тас жарып
Мұхиттарды жалғасам Таңдандырар бар
елді Ғажап үйлер сала алсам Жасартатын
әжемді Дәрі де ойлап таба алсам.... Сырлары
көп ғылымның Шешілмеген әлі де Тереңдігі
білімнің Керек екен бәріне! Білім М.
Ибраемова Білім - менің ертеңім Өсу үшін
өркенім Жүзем оқу - айдында Жайып білім
желкенін Қиындықтан өтуге Армандарға
жетуге Білім алам ерінбей Еліме қызмет
етуге! Ән «Тәй - тәй» Тәрбиеші: Жарайсыңдар.
Өнерлерің өрге жүзсін! Бүлдіршіндеріміздің
өнер, білім үйреткен, сүйікті балабақшаға
арнаған кезекті бір әніне кезек берейік.
Ән «Балабақшам - бақұям» Тәрбиеші: Жаңа
оқу жылын қоңыраудың сыңғырымен бастау
- жылдар бойы жалғасын тауып келе жатқан
қалыптасқан дәстүр. Ендеше биылғы 201* -
201* оқу жылының қоңырауын қағуды кішкентай
бүлдіршініміз............... ұсынамыз! Алғашқы
қоңырау соғу салтанаты Тәрбиеші:
Шырылдаған тыным алмай Қоңыраудың үні
қандай! Мақсатына жете ме адам Оқу оқып,
білім алмай?! Ғылымның көп тас қамалы
Ғалымдық та асқаралы Бар білімнің нұр
бастауы - Балабақшадан басталады! Бүгінгі
мерекелік ертеңгілігіміз осымен тамам.
Ден қойып тамашалағандарыңыз үшін көп
рахмет! Баршаңызды балабақшамыздың
білім бағына шақырамыз! Ән «Күмбірле
қоңырау»
Еліне
арналатын тілегі шын, Ей, ұлым – Отанымның
түлегісің! Іргесін туған елдің тіреп
тұрған Қадірін Ата Заңның білемісің?!
Ешкім де мін таға алмас елдігіме! Дауласып
жармаспайды белдігіме. Бойында Ата
Заңның өріліп тұр Даламның кеңдігі де,
теңдігі де! Бағынған өз заңына жұмыр
ғалам, Сондықтан Күннен Жерім суынбаған.
Қоғамның сан саласын реттейтін Әрбір
заң Ата Заңнан туындаған. Бастайтын
болашаққа бақ кемені, Осы жол халықтың
да нақ сенері! «Халқыма адалмын!» деп
Ата Заңға Елбасы қолын қойып Ант береді.
Болғанмен бұл Өмірде айлаң күшті, Ел
үшін кім тындырар қайран істі?! Еліңнің
дамуы мен дағдарысы Ол-дағы Ата Заңға
байланысты! Нұр шашқан жас ұрпақтың
ұғымына, Тікелей өсер еткен ғұмырына
Айналды Ата Заңым мызғымайтын Тәуелсіз
мемлекеттің тұғырына! Әр бабы, әр тармағы
жойылмайды, Шектеу де және тегін
қойылмайды! Келісім-шарт жасасқан барлық
шет ел Қазақтың Ата Заңын мойындайды!
Өмірден әділдік пен бақ табатын, Құқығым
қорғалды деп шаттанатын, Өзіңдей жас
өркендер келеді өсіп «Бұл біздің – Ата
Заң» деп мақтанатын! Өркендеп өз қолына
алған ісі, Биікке қазағымның самға,
құсы! Халық боп қадір тұтып, қастерлеген
Ата Заң – Азат елдің Ар-намысы
Балабақша ойындары
Балабақша
ойындары казакша Балабақша ойындары
на казахском языке Арқан тарту Ойынға
қажетті құрал: екі тұзақталып байланған
ұзындығы 7-8 метр жіп немесе арқан. Ойынның
тәртібі:ойыншылар қарама-қарсы жаққа
қарап жүрелеп отырады да, арқанның
байланған ұшын мойнына салып, екі
қолтықтың астынан өткізеді. Төрешінің
белгісі бойынша әр ойыншы қарсыласын
өз жағына қарай тартуға тырысады. Белгілі
межеге қарсыласын кім бұрын тартып
жеткізсе, сол ұтқан болады. Жай жүріп
өт. Тәрбиеші залдың шыға берісінде көзін
жұмып тұр. Балалар колоннамен бірінен
кейін бірі аяқтарының ұшымен жайлап
өтіп бара жатады. Егер балалардың біреуі
онша тыныш жүрмей бара жатса, тәрбиеші
оған қолын тигізеді. Бала кейінірек
барып тұрады да, бері өтіп болғаннан
соң барып, тағы жүріп өтеді. Колоннаның
соңындағы бала тәрбиешіге жайлап: «Бәрі
кетіп-қалды»,-дейді. Тәрбиеші көзін
ашады. Нұсқау. Тәрбиешінің қасынан тек
ақырын жүріп өтпей, жайлап жүгіріп өте
шығуға да болады. Шеңберге түсір. Балалар
ортада жатқан диаметрі 1-1,5 м үлкен
шеңберден немесе дөңгелектен (жіптен
немесе еденге сызылған) 2-3адам жерде
дөңгелектеніп тұрады. Балалардың қолында
құм салынған қап бар. Тәрбиешінің
«Лақтыр!» деген сигналы бойынша балалардың
бәрі қаптарын шеңбрге лақтырады. Одан
кейін тәрбиеші: «Қаптарды көтеріндер!»
— дейді. Балалар қаптарын көтереді де,
орындарына барып тұрады. Ойын 4-6 рет
қайталанады. Нұсқау.Қапты екі қолмен
лақтырулары керек. Пойыз. Балалар
колоннаға бір-бірден тұрады (бір-бірімен
қол ұстаспай). Біріншісі – паровоз да,
қалғандары – вагондар. Тәрбиеші гудок
береді де, поезд алға жылжи бастайды,
ең әуелі баяу, кейін жылдам, жылдамырақ
және ең соңында балалар жүгіруге
айналады. «Поезд станцияға жақындап
келеді»,-дейді тәрбиеші. Балалар жүрісті
бірте – бірте баяулатады да, поезд
тоқтайды. Балалар серуендеуге шығады;
олар жан-жаққа тарап, гүлдер, жеміс,
саңырауқұлақ, бүршік тереді. Гудокты
ести сала олар қайтадан колоннаға тұрады
да поездың қозғалысы жаңадан басталады.
Ойын 4-5 рет қайталанады. Нұсқау. Алғашында
балалар колоннаға кез келген ретпен
тұрады, ал жылдың аяғында өз орындарын
есте сақтауды-өз вагонын табуды үйретеді.
Ойынның сюжетін өзгертуге де болады,
мысалы, поезд көлдің жанына тоқтай
алады, онда балалар қайықта серуендеуді,
балық аулауды және т.б. бейнелейді. Допты
қуып жет. Балалар алаңда өзді-өзі ойнап
жүреді. Тәрбиеші біршеше балаларды атап
шақырып, допты қуып жетуді және онымен
ойнауды ұсынады. Балалардың аттарын
атай отырып, тәрбиеші кезекпе- кезек әр
түрлі бағыттарға допты домалатады.
Әрбір бала доптың артынан жүгіріп, оны
ұстап алып, тәрбиешіге келеді. Тәрбиеші
бұл жолы допты басқа бағытқа қарай
лақтырады. Нұсқау.Үш жасқа аяқ басқан
балалар тәрбиешінің бірнеше рет лақтырған
добын қуып, қызыға жүгіруге қабілетті.
Содан кейін ойынға балалардың келесі
тобын тарту керек. Ойынға бір мезгілде
8-10 бала қатыса алады. Балалар бір мезгілде
доптардың артынан жүгіру үшін, барлық
допты бірден төгіп (домалатып) жіберуге
болады. Доптың орнына резеңкеден жасалған
дөңгелекті, жұмсақ қапшықты пайдалануға
болады. Жалғыз аяқ жолмен. Тәрбиеші
еденге ұзындығы – 2,5-3 м бір – бірінен
қашықтығы – 25-30 см екі параллель сызық
сызады (немесе екі жіпті салады). Ол
балалардың орман ішінде қыдыруға
баратыны жөнінде әңгімелеп береді.
Жалғыз аяқ ұзын тар жолмен еппен жүру
керек. Сызылған екі сызықтың бойымен
балалар бірінен соң бірі жайлап жүріп
келеді. Сосын кері қарай қайтады.
Нұсқау.Балалардың сызықты басып кетпеуін,
бір – біріне кедергі жасамауын, алдында
келе жатқан балаға соқтықпауын тәрбиеші
қадағалайды. Кім бояу? Балалар тәрбиешімен
бірге жүріп келе жатыр. Күтпеген жерден
ол: «Ал енді көрелік, сендердің іштеріңнен
кім өте баяу, аяқтың ұшымен жүре алады.
Міне былай», — дейді (көрсетеді). Балалар
аяқтарының ұшын көтеріп, мүмкіндігінше
жай жүруге тырысады. Олар сол жүріп келе
жатқан бағытта жүруді жалғастыра береді.
Содан кейін тәрбиеші білдірмей бір
жаққа қарай шегініп: «Ал енді бәрің де
маған қарай жүгіріңдер»,-дейді. Балалар
тәрбиешіге қарай жүгіреді, оны қоршап
алады, ал ол балалармен әңгімелеседі,
олардың жаттығуды жақсы да тырысып
орындағанын атап айтады. Нұсқау.Үш
жастағы кейбір балалар аяқтарының
ұшымен жүрген кезде басын жасанды төмен
салбыратып, иығын ішіне тартып жүреді.
Оларға өздері сондай жай жүріп келе
жатқан болып көрінеді. Балалардың
қатесін көрсетіп, оларды жөндеуге тырысу
керек. Таяқшадан аттап өт. Бөлменің
ортасына таман еденге параллель екі
таяқша қою, ара қашықтықтары – 1 м.
Бөлменің бір жағында балалар тұрады,
екінші жағында орындықтың үстінде
жалауша жатады. Бала таяқшаларға бетін
қаратып, 2-3 қадам алыс тұрады. Тәрбиешінің
айтуымен ол бірінші таяқшаға жүріп
барады, онан аттап өтеді, содан кейін
екінші таяқшадан аттайды. Орындыққа
барады, жалаушаны алады, оны жоғары
көтеріп бұлғайды. Содан кейін жалаушаны
орындыққа қояды, бір жаққа қарай шегініп
жүріп, өзінің орнына келеді. Тапсырманы
келесі бала орындайды. Нұсқау.Егер
бірнеше рет қайталанғаннан кейін бұл
тапсырма балаларға өте жеңіл болып
көрінсе, олар оны тез де сенімен орындайды,
сондықтан жаттығуды күрделірек етіп
өткізген жөн: еденге параллель етіп 4-6
таяқша немесе бірнеше құрсау тастап,
балаларға олардан аттап өту ұсынылады.
Мені қуып жетіңдер. Балаларбөлменің
бір жағында немесе алаңда орындықтарда
немесе скамейкаларда отырады. «Мені
қуып жетіңдер»,-дейді тәрбиеші және
алаңның қарама-қарсы жағына қарай
жүгіреді. Балалар тәрбиешіні ұстап
алғысы келіп, оның артынан жүгіреді.
Балалар тәрбиешіні қуып жеткенде, ол
тоқтап қалады да, «Жүгіріңдер, жүгіріңдер,
қуып жетемін»,-дейді. Балалар өз орындарына
жүгіріп барады. Нұсқау.Ойынды басында
балалардың өз тобымен өткізген тиімді,
содан кейін ойнайтындардың санын
10-12-ге дейін көбейтуге болады. Тәрбиеші
балалардың жанынан жылдам жүгіріп
кетпеуі тиіс. Балалар тәрбиешіні Балалар
тәрбиешіні қуып жеткенде, жақсы
жүгіретінің айтып оларды мадақтап
қойған жөн. Торғайлар мен автомобиль.
Балалар бөлменің немесе аланның бір
жағында тұрған орындықтарға не
скамеикаларға отырады. Бұлар – ұяларында
отырған торғайлар. Аланның қарама –қарсы
жағында тәрбиеші автомобильді бейнелер
тұрады. Тәрбиешінің: «Жол жүріп ұшып
кеттік, торғайлар», - деген сөзіне балалар
аланның бойымен жүгіреді. Қолдарын,
құстардың қанаттарын қақаны сияқты екі
жағынан бұлғайды. Тәрбиеші біраз уақыт
өтккенен кейін: «Байқаңдар, автомабиль
келе жатыр, ұшыңдар, торғайлар өз
ұяларына» дейді. Автомабиль гараждан
шығып торғайлр жаққа бара жатады.
Торғайлар ұяларына ұшып барып қонады.
(орындықтарға отырады). Автомабиль
гаражға қайтадан қайтып келеді. Нұсқаулар.
Басында ойынға балалардың шағын тобы
(10 -12 ), содан кейін бүкіл топ қатыстырылады.
Тәрбиеші торғайлардың қалай ұшатынын
олардың дәндерді қалай шоқитынын алдын
–ала көрмсетеді. Балалар торғайларға
еліктеп отырып, бұл әрекеттің бәрін
орындайды. Содан кейін ойынға автомабиль
рольін көрсетуге болады. Мұны тәрбиешінің
өзі орындайды. Тек біраз қайталаулардан
соң, ол оны белсенді балаға тапсырады.
Автомабиль өте қатты жүрмейді. Сөйтіп
ол бүкіл құстарға өз ұяларына жетуге
мүмкіндік береді. Маған қарай жүгіріңдер
Балалар аланның бір жағына қойылған
орындықтарға отырады. Тәрбиеші қарама
–қарсы жағында тұр. Ол: «маған қарай
жүгіріңдер.Бәрі – бәрін де маған қарай
жүгіріңдер!» — дейді. Балалар барлығында
құшақтағысы келгендей құшағын кең жайып
өздерін жылы ұшырай қарсы алып тұрұған
тәрбиешіге қарай жүгіреді. Балалар
тәрбиешінің жанына жиналып болған соң,
ол аланның басқа жағына барып, тағы да:
«Маған қарай жүгіріңдер!» — дейді. Ойын
4 – 5 рет қайталанады. «Үйге қарай
жүгіріңдер!»- деген сөзіне балалар
орындықтарға қарай жүгіреді, отырады
және дем алады. Ойынның ережесі бойыша
тәрбиешіге қарай « маған қарай жүгіріңдер!»
— деген сөзден кейін ғана жүгіруге
болады. Итеріспеуге, бір –біріне бөгет
жасауға болады. Нұсқау: Ойнағысы
келгендерді шағын 2 топқа бөлуге болады.
Әзірше бір топ ойнайды. Басқасы қарап
отырады. Сосын олар рөлдерін ауыстыралды.
Алғашында балалар кез –келген орындықты
иемденуіне болады. Бірте – бірте олар
өз орындарын табуға үйренеді. Ойынды
қайталағанда орындықтарды бөлменің әр
шетіне орналастыруға болады. Белбеу
тастау Көбіне ер балалар ойнайтын ойын.
Далада, ашық алаңқайда немесе кең бөлмеде
ойнауға болады. Қатысушылар саны
шектелмейді. Ойынныңшарты: ойын ойнаушылар
шеңбер құрай дөңгелене отырады. Ойын
бастаушы ортаға біреуді шақырады. Ойынға
алдын-ала белбеу не есілген сүлгі
даярланады. Артына қолын жасырған
ойыншылар белбеуді бірінен соң біріне
өткізе бастайды. Сөйтіп, белбеу әр
бағытта қолдан қолға өтеді. Мұның өзі
ортада тұрған кісінің зейінін басқаға
аудару мақсатында жасалады. Ыңғайы
келген сәтте ойнаушылардың бірі ортадағы
кісінің арқасынан ұрып қалып, белбеуді
көрсетпей басқа біреуге бере қоюы тиіс.
Егер ортадағы ойыншы белбеуді қағып
қалса, екі ойыншы алмасады, ал ұстай
алмай қалса ойын әрі қарай жалғаса
береді. Кетті-кетті Ойынға қатысушылар
санына шек қойылмайды. Ойын қыста үйде.
жазда таза ауада ойналады. Ойын қажетіне
орамал, қолғап, басқа да ұсақ бұйымдар
жарай береді. Ойын шарты: Ойыншылар
тізесін сәл көтеріп бір-біріне жақын
айнала отырады. Бастаушының белгісі
бойынша ойнаушының бірі орамалды
көрсетпей екінші біреуіне береді. Ойын
осылай жалғаса береді. Ойнаушылардың
сырт жағында ескен сүлгі не жіп ұстап
тұрған кісіге орамал көрінбеуі тиіс.
Оның зейінін басқа нәрсеге аударып,
жаңылдыру үшін ойыншылар «әне кетті,
міне кетті» деп шуылдап отырады. Егер
ойын жүргізуші орамалды ұстаған адамды
дер кезінде байқап, оны ұрып қалса, екеуі
орын алмасады. Ал, егер қателессе ойыннан
шығып қалады немесе бастаушының яки
кез келген ойын мүшесінің тілегін
орындайтын болады. Орамал тастау Ойын
шарты: ойынға қатысушылар екі топқа
бөлініп, арақашықтығы 5-15 метрдей жерге
барып, бір-біріне қарама-қарсы қатарға
тұрады. Ойынның әділ қазысы кез-келген
жақтың ойыншысының біріне орамал (әлде
сүлгі) ұсынады, Ол өз кезегінде екінші
топтағы ойыншылар жаққа барып, орамалды
елеусіздеу етіп, бір ойыншының аяғына
тастауға тырысады. Сөйтеді де өзі дереу
орнына жетуге асығады. Аяқ астына орамал
(сүлгі) тасталған кісі, сол бойда ананы
қуып жетіп, орамалмен ұруға тырысады.
Сүлгі тастаған ойыншыны ұрып үлгерсе,
оны өз тобына әкеліп қосады. Үлгіре
алмаса өзі сол жақта қалып қояды. Доп
кімде? Ойнаушылар шеңбер жасап тұрады.
Ойын бастаушы тағайындалады. Ол шеңбердің
ортасында тұрады, қолдарын арқасына
ұстап бір-бірімен тығыздалып тұрады.
Тәрбиеші допты (диаметрі 15 см-ден
аспайтын) кімге болса да біреуіне береді,
балалар оны арттарымен шеңбер жасай
бір-біріне береді. Бастаушы доптың кімде
екенін табуға тырысады. Ол: «Қолыңды»
деп кімге айтса, сол екі қолын алға
шығарып, алақанын жайып, жоғары көтеруге
тиіс, онда ол оның қолында доптың жоқ
екенін көрсетеді, Егер басқарушы добы
бар екенін тапса, ол допты алады да
шеңберге тұрады, ал доп табылған бала
ойынды басқара бастайды. Ойынға балалардың
ықыласы болмағанға дейін ойын қайталана
береді. Тракторшылар Ойынға әр уақытта
5 адам қатысады. Төртеуі екі-екіден,
бірінен соң бірі тұрады. Бірінші екеу
бір-бірінің қолын ұстап тұрады да, бос
қолын артында тұрған екеуге созады,
екінші екеу де қолдарын сондай етіп
ұстасады, ал бос қолдарын бірінші екеудің
созған қолдарымен ұштастырылады. Бесінші
қатысушы — тракторшы. Ол екі-екіден
тұрғандар арасындағы қолына картоннан
жасалған руль ұстап тұрады. Бесеудің
бәрі алаңда араласып, жайлап жүре
бастайды. Әрбір жолға 8 қадымнан келеді.
Тара-тара-тара-ра, Біздің бұл қораға.
Кіріп келді трактор: «Бұл бос келді
демеңіз, Егінді жерге егеміз, Нанға
толып қырат-қыр, Тойғызып біз балаларды
Береміз қалаш нандарды!» Балалар ырғақпен
басуды үйренген кезде, өте күшті дауыспен
«жер», «егін», «балалар» деген сөздерді
ерекше айта алатындай болуы керек. Кім
заттарды көбірек жинайды? Еденге немесе
тегіс алаңға көлемі шағын заттарды
шашып тастайды: бүршіктер, текшелер,
кішкентай шарлар және басқалар.
Ойнаушылардың ішінен екі-үш бала таңдап
алынады оларға кәрзеңке немесе кішкене
шелек беріледі. «Бір, екі, үш» деген
белгі бойынша олар бүршіктерді (кішкентай
шарларды, текшелерді) жинай бастайды.
Мұнда қолдарына тек бір ғана заттан
ғана алуға рұқсат етіледі. «Тоқта!»
деген белгі бойынша заттарды жинау
тоқтатылады да, кім көбірек жинағанын
санайды. Содан соң қалған жұп балалар
жарысады. Ойынға қатысқысы келгендердің
саны қанша болса, сонша рет ойын қайталана
беруіне болады. Ойын бастаушылар (тура
шын ойлану) Балалар шеңберде тұрады.
Тәрбиеші ойыншылардың біреуін ойын
бастаушы етіп белгілейді. Ол шеңбердің
ортасында тұрады. Балалар тәрбиешінің
көрсетуі бойынша мына мәтін сөзін айтып,
оңға немесе солға жүреді. Әдемі шеңберде,
Билейік кең жерде. Қолдармен ұстасып,
Бәріміз жұптасып. Бірігіп достасып, Бір
орында ұстасып, Осылай етіп істейік.
Мәтінді айтып бітер кезде балаларқол
созым қашықтықта тұрады. Ойын бастаушы
қандай да болмасын бір қимыл көрсетеді,
шеңбер жасап тұрғандардың бәрі оны
қайталайды. Содан соң тәрбиеші ойын
бастаушыны ауыстырады немесе ойын
бастаушы өзінің орнына біреуді таңдайды
және ойынды жалғастыра береді. Әрбір
ойын бастаушы өз қимылдарын ойлауға
тиіс және өзіне дейін көрсетілген
қимылдарды қайталамауы керек. Қалпақ
және кішкене таяқша Ойнаушылар шеңбер
жасай тұрады. Ойын бастаушы белгіленеді,
ол кішкене таяқшаны алады да шеңбердің
ортасында тұрады. Тәрбиеші оның басына
ашық түсті шашағы бар қалпақ кигізеді.
Қалпақ баланың мұрнына дейін кигізіледі,
көздеріне тимей-ақ, оның көзін жабады.
Балалар қолдарын ұстасып, шеңбер бойымен
жүгіреді де: «Бір, екі, үш, төрт бес —
кішкене таяқша тықылдайтын болады»
-дейді. Бұл уақытта ойын басқарушы
жүресінен отырып кішкене таяқшамен
еденді тақылдатады. Балалар соңғы сөзбен
тоқталады, ал ойын басқарушы кішкене
таяқшасын балалар жаққа сілтейді.
Кішкене таяқша кімді нұсқаса, сол кішкене
таяқшаның ұшынан ұстайды да, ойын
басқарушының атын атайды, ал ойын
басқарушы кім оны атады, соны табуы
керек. Жаңа ойын бастаушымен ойын
қайталанады. Айгөлек ойыны Ойынға
қатысушылардың саны 10-15 балаға дейін.
Ойынды көгалда, аулада, алаңқайда ойнай
беруге болады. Ойын шарты:Қатысушылар
саны бірдей екі топқа (А және Ә) бөлініп,
бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Екі
топтың арақашықтығы — 15-20 метрдей жер.
Ойынның мақсаты — қарсы жақтың құрсауын
үзіп, өз жағына көбірек ойыншы алып
қайту. Жеребе салудың нәтижесінде ойынды
бірінші болып бастауға тиісті жақ
(айталық А тобы) екінші (Ә тобына) жақтағы
қарсыластарына қарап, хормен қосыла ән
айтады: Айгөлек-ау, айгөлек, Айдың жүзі
дөңгелек. Теміршіден дем шығар, Үзеңгіден
тер шығар. Ақ терек пен көк терек, Мұнда
сізге кім керек? Қарсы,,топ (Ә) жауап
қатады: Айгөлек-ау, айгөлек, Айдың жүзі
дөңгелек. Теміршіден дем шығар, Үзеңгіден
тер шығар. Ақ терек пен көк терек, Бізге
тек Қамбар керек. Немесе: А тобы: —
Құрсауды үзіңдер! Ә тобы: — Кім керек?
А тобы қарсы жақтағы керек ойыншының
атын атайды, Есімі аталған ойыншы қарсы
жақтың тобына қарай екпіндей жүгіріп
келіп, қарсыластардың құрсауын үзуге
тиіс. Егер ол құрсауды үзсе, бір ойыншы
алып өз тобына қайтады, Ал, егер үзе
алмаса, сол жақта қалады. Ойын соңында
кісіні көп жинаған топ жеңіске ие болады.
Ормандағы ақ тиіндер Ойын гимнастикалық
қабырғасы бар алаңда немесе бөлмеде
өткізіледі. Оған өрмелеу үшін қосымша
тасымалданатын аспаптар қойылады: қос
саты, тіркемелі тақтай мен кішкене
сатысы бар пирамида, скамейкалар, үлкен
текшелер етіп қойылған тақтайлар және
басқалар. Басқарушы — аңшы таңдап
алынады. Ол адамның немесе бөлменің
қарама-қарсы бөлігінде сызылған
дөңгелекте — үйде тұрады. Қалған
ойнаушылар — ақ тиіндер, ағаштар —
аспаптарға орналастырылады. «Сақтан!»
деген тәрбиешінің белгісі бойынша дабыл
қағылғанда , барлық ақ тиіндер орындарын
ауыстырады: орындарынан тездетіп түседі,
аспаптардан ырғиды басқаларға барып
орналасады. Аңшы осы кезде оларды ұстайды
— оларға қолын тигізед. Ақ тиіндер
еденде жүргенде басқарушы қолымен
сипаған олар ұсталған болып есептеледі,
сондай-ақ бұрынғы орнында қалғандар да
ұсталған болып есептеледі. Олар аңшының
үйіне қарай кетеді де, бір ойынға
қатыспайды. Ойын 5-6 рет жүргізіледі.
Жаңа аңшы 1-2 ойыннан кейін таңдалып
алынады. Тәрбиеші ойын қорытындысында
батыл да епті ақ тиіндерді атап көрсетеді.
Тәрбиеші ойын барысында балалардың
әртүрлі аспаптармен пайдалануын және
олардың рұқсат етілмейтін биіктіктен
секірмеулерін қадағалайды. Табан балық
және шортан ойыны Бір баланы шортан
етіп белгілейді. Ойнаушылардың қалғаны
екіге бөлінеді: олардың бір тобы — ұсақ
тастар, олардан шеңбер жасалады, екінші
тобы — табан балық олар шеңбердің ішінде
жүзеді. Шортан шеңбердің сыртында
жүреді. Тәрбиешінің «Шортан!» деген
белгісі бойынша ол тездетіп, табан
балықты ұстау үшін шеңберге жүгіреді.
Ал, табан балық орын алуға, ойнаушылардың
біреуінің артынан тұруға және отыруға
асығады (табан, балық шортаннан қашып,
ұсақ тастарға барып тығылады). Шортан
әлі тығылып үлгермеген табан балықтарды
ұстайды. Ұсталғандар шеңбердің сыртына
кетеді. Ойын 3-4 рет жүргізіледі де, содан
кейін ұсталғандардың саны есептеледі
Кейін шортанды жаңадан белгілейді.
Шеңбер жасап тұрған және шеңбердің
ішінде жүрген балалар орындарын
ауыстырады да, ойын қайталанады.
Дереккөзі: erketai.kz Санат: Қазақша портал
Раскрыта тайна браслета Power Balance! Эта
новость удивила всех ... Немецкие Часы
Kronen & Soehne. Всего за 16990 тнг. Гарантия.
Немецкие Часы Kronen & Soehne 124. Всего за
16990 тнг. Гарантия. Құрметті қолданушы,
Сіз ЖАРАР сайтына тіркелмеген қолданушы
ретінде кірдіңіз. Біз сізге тіркелуді
немесе өз атыңызбен сайтқа кіруді
ұсынамыз. 5 1 2 3 4 5 2 1 Пікір қалдыру: кіріңіз
Жаңа RSS Жазылу бөлісу Никто ещё не оставил
комментариев, станьте первым. .
Қазақ
Ұлттық ойындар жинағы: Жылдырт - жылдырт
«Жылдырт-жылдырт» — бұл ойынды орындыққа
алқа-қотан отырып ойнайды. Қатынасушылар
10—15, кейде одан да көп болады. Ойын
бастаушы шеңбердің ортасына отырып
алып,
Қазақ
Ұлттық ойындар жинағы: Монданақ «Монданақ»
— үлкен кең бөлмеде немесе жазық көгалды
алаңда ойналатын ойын, қатынасушылардың
саны 15—20 адамнан аспауы керек. Бұл
ойынды қыз-келіншектер араласып ойнай
Қазақ
Ұлттық ойындар жинағы: Шертпек «Шертпек»
— айнала отырып ойнайтын ойын. Ойынға
екі қабатталып есілген орамал керек.
Ойыншыларды отырғызып болғаннан кейін
жүргізуші енді орамалды иығына салып
алып,
Қазақ
Ұлттық ойындар жинағы: Сиқырлы таяқ
Қазақ халқының ұлт ойындарының жастар
арасында көп тараған және өте ертеден
келе жатқан, аса сүйіп ойнайтын түрлерінің
бірі — «Сиқырлы таяқ». Бұнда ойнаушылар
санына шек
Қазақ
Ұлттық ойындар жинағы: Дауыста, атыңды
айтам Қазақтың ұлттық ойындарының бірі
— «Дауыста, атыңды айтам» ойыны. Бұл
ойын жастар кешінде ойналатын ойындардың
қызықтыларының бірі. Ойынға көз байлайтын
орамал, ұзындығы Мерекелер Жаңа жыл
Халықаралық әйелдер күні (8 наурыз)
Наурыз мейрамы (22 наурыз) Ғарыш күні (12
сәуір) Махаббат күні (15 сәуір) Бірлік
күні (1 мамыр) Отан қорғаушылар күні (7
мамыр) Жеңіс күні (9 мамыр) Соңғы қоңырау
(25 мамыр) Балалар күні (1 маусым) Рәміздер
күні (4 маусым) Астана күні (6 шілде)
Конституция күні (30 тамыз) Білім күні
(1 қыркүйек) Отбасы күні (қыркүйек) Тіл
мерекесі (қыркүйек) Қарттар күні (1 қазан)
Ұстаздар күні (5 қазан) Рухани келісім
күні (18 қазан) Республика күні (25 қазан)
Қаржыгерлер күні (15 караша) Тұңғыш
президент күні (1 желтоқсан) Тәуелсіздік
күні (16 желтоқсан) Рамазан, Ораза айт
Құрбан айт . Жарнама Өлеңдер жинағы Абай
Құнанбаев Ахмет Байтұрсынов Әбіш
Кекілбайұлы Біржан сал Қожағұлұлы
Жамбыл Жабаев Жүсіпбек Аймауытов
Қалқаман Сарин Махамбет Өтемісұлы
Мағжан Жұмабаев Мұқағали Мақатаев
Міржақып Дулатұлы Мұхтар Шаханов
Майлықожа Сұлтанқожаұлы Сүйінбай
Аронұлы Төлеген Айбергенов Шәкәрім
Құдайбердіұлы Фариза Оңғарсынова Ыбырай
Алтынсарин Ілияс Жансүгіров . МӘЗIP Ашық
сабақтар жинағы Анекдоттар жинағы Әндер
жинағы Баталар жинағы Бейне Клиптер
жинағы Ғылыми жобалар жинағы Дұғалар
жинағы Жұмбақтар жинағы Құттықтау -
тілектер жинағы Мақал - Мәтелдер жинағы
Махаббат хикаялары жинағы Мультфильмдер
жинағы Нақыл сөздер жинағы Презентациялар
жинағы Өмірбаяндар жинағы Өлеңдер
жинағы Рефераттар жинағы Сценарийлер
жинағы Сынып сағаттар жинағы Тақпақтар
жинағы Тәрбие сағаттар жинағы Фильмдер
жинағы Концерттер жинағы Шығармалар
жинағы . Жаңалықтар Оқытудың кембридж
тәсілі Ұлттық спорт түрлерінен ел
чемпионаты басталды Нұрсұлтан Назарбаевтың
ауызашарда айтқан тілегі жарияланды
(видео) Австрияда «Маккаби» ойыншыларын
алаңда соққыға жықты (ВИДЕО) Мөлдір
Әуелбекова "КешYou" тобына қайтып
келді . Жаңа клиптер Қазақша Бейне Клип:
Қыдырәлі Болманов & Қарақат Әбілдина
- Бағым сен (2014) Қазақша Бейне Клип: Айбат
тобы - Кім білсін? (2014) Қазақша Бейне
Клип: Динара Сұлтан - Көп күттім (2014)
Қазақша Бейне Клип: Жақау & Бақытжан
Урахаев - АСТАНА (2014) Қазақша Бейне Клип:
Шахаризат Сейдахмет - Мақпалжан (2014) .
Наверх . . AddThis Sharing
VKontakteFacebookMail.ruИзбранногоЕще...

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген