400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

1 қыркүйек – Білім күні.

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

1 қыркүйек – Білім күні.

Мақсаты: Балаларға Білім күні-мерекесінің қоғамда алатын орнын көрсету; Мерекелік көңіл-күй орнату; балалардың мектеп туралы түсініктерін кеңейту; мектеп оқу құралдарымен таныстыру;

 Білімділік:Балаларға 1-қыркүйек күні – білім күні жайында түсінік беру. Өз туған елдеріне, жерлеріне, балабақшасына сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Елімізде тек қана бейбітшілік, тыныштық үшін, әр адам оған ат салысу керектігін түсіндіру.Байланыстырып сөйлеуге, сөйлем құрап білуге үйрету

Дамытушылық:  Балалардың жеке қасиеттерін дамыту, тақпақ, өлең, әндерді нақышына келтіріп айтуға үйрету.

Балалардың бойында ұлтық мақтаныш, өз ана тіліне деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру.

Тәрбиелік: Бір-бірін сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпай ұстауға жетелеу.

Алдын ала жұмыс:Білім күні тақырыбына арналған әңгіме өткізу, оның маңыздылығын балалара жеткізу. Отан туралы,білім туралы- тақпақтар, мақал-мәтелдер, өлендер, жаттау,суреттер қарау,музыкалық ойындар,сайыстар өткізу. Өз еліне, жеріне, достарына   сүйіспеншілік  қасиеттерін  жеткізу жұмысын жасау.                                        

Көрнекі құралдар:  Қазақстан  Республикасының  рәміздері,суреттер, оқу құралдары, ойыншықтар. 

                                   «Шаттық шеңбері» 

 Біздің топта балалар
 Тату - тәтті ойнайды.
 Дос көңілі әрқашан
 Тек жақсылық ойлайды

Тәрбиеші:Бүгіннен бастап біз доспыз, арамыз ешқашан осы шеңбердей бұзылмасын.
                             

                             Мемлекеттік әнұранды орындау.

Тәрбиеші: Балалар, бүгін бізде ерекше күн, бүгінгі кездесуіміз біздің білім күніне, бірінші қыркүйек күніне арналған. 1-ші қыркүйек күні барлық балалбақшаларда, мектептерде басқа да білім беру мекемелерде сабақтар басталады. Бұл күн сендер үшін, яғни оқушылар үшін және біздер үшін, ұстаздар үшін үлкен мереке күні болып саналады. Әр бір мектептерде, балабақшаларда тұңғыш қоңырау соғылады.

                            Қоңырау соққан бала шығады.

Тәрбиеші: Осы тұңғыш қоңыраудан бастап күнделікті оқу басталады. Балалар, жақсы, білімді, тәрбиелі азамат болу үшін, ерінбей оқу оқып, білім алу керек. Ол үшін сендер балабақшаға күнде келіп, сабақ оқып, тәрбие алу керексіңдер.

  Айым:

  Елтаңбасы елімнің,

  Неткен әйбат, әдемі!

 Тұнығындай көңідің

 Ортада аспан әлемі.

Ахмедияр:

 Көк аспандай көкпеңбек

 Қазақстан жалауы

 Көк емес ол тектен тек

 Елдің ашық қабағы. 

Мақал-мәтел

 Отан оттан да ыстық.

 Туған жерге ту тік.
 Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.

Туған жердей жер болмас,туған елдей ел болмас.

 Тәрбиеші:Кәне,кім Отан,ел, халық туралы тақпақ жаттап келді?                                               

Алима:

 Отанды біз атамекен деп аялап атаймыз. 

 Өйткені оны мекен еткен,бабамыз бен атамыз.

Айназ:

Отанды әркім анасындай, қастерлейді бағала

 Өйткені Отан анасындай, бізді өсірер аялап.

Тәрбиеші: Міне балалар біздер Елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын - қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Қазақстан Тәуелсіз Республика болды.

                                  Ортаға қоңырау соғылады.
Тәрбиеші:

Мінекей  2023 - 2024 оқу жылының да алғашқы қоңырау үнін естідік. Жаңа оқу жылы құтты болсын!

                              




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
27 наурыз
99
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі