1 қыркүйек -Білім күні. «Мектебім-мейірім мекені!»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

1 қыркүйек -Білім күні. «Мектебім-мейірім мекені!»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектептің – мейірім мен білім ордасы екенін түсіндіру; Конституциядағы балалардың құқықтары мен міндеттері туралы қарапайым түсінік беру; Мектеп пен Конституцияны байланыстыра отырып, құқықтар мен мейірімділікті қадірлеуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сынып сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Күні

02.09.2025ж

Сынып жетекші:

З.Бөкенова

Сынып:

6 А


Сынып сағатының тақырыбы:

1 қыркүйек -Білім күні.

«Мектебім-мейірім мекені!» Конституцияға 30 жыл

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

1-САБАҚ:

«Жедел жәрдем нөмерлері және сенім телефондары»

Сынып сағатының мақсаты:

Мектептің – мейірім мен білім ордасы екенін түсіндіру;

Конституциядағы балалардың құқықтары мен міндеттері туралы қарапайым түсінік беру;

Мектеп пен Конституцияны байланыстыра отырып, құқықтар мен мейірімділікті қадірлеуге тәрбиелеу.

Қауіпсіздік сабағының мақсаты:

Төтенше жағдай кезінде көмекке келетін жедел қызметтердің нөмірлерін ажырату.

Құндылықтарды дарыту:

Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы: бірлескен іс-әрекет пен өзара ісәрекет кезінде басқалардың пікірлері мен сезімдерін құрметтей

білу;

Апта дәйексөзі:

«Білім –баға жетпес байлық, іздегенге таптырмас қазына»

Сынып сағатының барысы:


Сынып сағатының кезеңі/ уақыт

Сынып жетекшінің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар/ сабақтың технологиялық құрал-жабдықтары

Ұйымдастырукезеңі (3мин)


Ұйымдастыру кезеңі

-Оқушылармен сәлемдесу.

-Мемлекеттік әнұран орындалады.

- Оқушыларды түгендеу.

- Психологиялық ахуал қалыптастыру.

- Сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижелерді түсіндіру.

-Жаңа оқу жылынан күтетін үміттер мен жазғы демалыс туралы ашық диалог ұйымдастыру.

- Мұғаліммен амандасады.

- Сабаққа дайындалады.



-оқушылар диалогқа қатысады.

Компьютер





Сабақбасы (10 мин)












- ЖИ жасанды интеллектпен құттықтау сөз. Бүгінгі күн – баршамыз үшін ерекше күн. Себебі, 1 қыркүйек – Білім күні, жаңа оқу жылының басталуы! Бұл күн – үміт пен арманға, ізденіс пен еңбектің бастауына айналған мерейлі мереке.

Жаңа оқу жылы сендерге қуаныш пен жаңашылдық әкелсін. Әр күндерің жаңа білімге толы болып, алға қойған мақсаттарыңа жетуге жетелесін. Білім – адамды биікке шығаратын, өмірдің ең үлкен қазынасы.

Мен сендерге әрқашан сенемін! Алдағы оқу жылында белсенді, алғыр, тәрбиелі, ізденімпаз болып, ата-ана мен ұстаз сенімін ақтайды деп ойлаймын.

Алғашқы қоңырау құтты болсын, шәкірттерім!

Жаңа оқу жылында әрбіріңе зор табыс, мықты денсаулық, білімге деген құштарлық тілеймін.

- «Балалар кітапханасы» жобасы аясында оқылған кітаптарды талдап, ұнаған кейіпкерлері мен оқиғалары туралы және өзге де маңызды тұстары жөнінде пікір білдіру.

Неліктен мектепті «мейірім мекені» деп атаймыз Мектепте саған кімдер мейірім көрсетеді? (мұғалім, дос, сынып жетекші)

Сен соңғы рет мектепте досыңа қандай көмек көрсеттің?

Мектепті жақсы көрудің қандай себептері бар?

Қазақстанның ең басты заңы қалай аталады?

Әр баланың қандай құқығы бар?

(оқу, білімалу, ойнау, бақытты өмір сүру)

Сен мектептегі ережелерді орындайсыңба?

















-оқушылар пікір білдіреді.





- Тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.





презентация










Ортасы (30мин)


«Отаным десем ойыма...» дегенде ойларыңа не келеді? – Жамбыл атамыздың мына бір өлең жолдары есіме түсіп отыр.

Отаным десем ойыма...

Шалқыған байтақ жер келер,

Отаным десем ойыма...

Көгілдір тартқан көл келер.

Баурайы байлық, қойны құт

Отаныма ешқашан мекен де болмас тең келер.

- Ал, сен Отан жайлы не айтасыңдар? Отан туралы жаттаған өлеңдерің болса ортаға салсаңдар.

Конституция және мектеп.

Балалар, биыл Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл толды. Конституция – еліміздіңең басты Заңы. Онда барлық адамның құқығы мен міндеті жазылған.

Конституция бізге оқу, білім алу құқығын береді.

Біз мектепке келіп осы құқықты орындаймыз.

Мектепте біз тек білімалып қана қоймай, өзіміздің міндетімізді орындаймыз: тәртіп сақтаймыз, ұстазды сыйлаймыз, бір-бірімізге көмектесеміз.

Мектеп – достық ордасы.Мектеп – тәрбие ордасы.Мектепте біз ДОС табамыз. Досымызбен бірге ойнаймыз, бір-бірімізге көмектесеміз. Достық – мейірімнің белгісі. Нағыз достар ешқашан жалғыз қалдырмайды.

Мейірімді іс-әрекеттер мысалы:

Досыңа кітап оқуға көмектесу;

Құлап қалған досыңды тұрғызу;

Үлкендерді сыйлау, амандасу;

Сыныптастарға жылы сөз айту;

Үленкісілерге орын беру;

Қоршаған ортаны таза ұстау.

-«Құқық және мейірім» тапсырмасы:

Құқық: «Білім алу» → Мектепке бару, оқу.

Құқық: «Демалу» → Үзілісте ойнау, спортпен шұғылдану.

Міндет: Үлкендерді сыйлау, мектеп ережесін сақтау.

Топтық жұмыс:

1-топ: «Мектебім – мейірім мекені» сурет салады.

2-топ: «Мектептегі мейірім» тақырыбына шағын әңгіме (2–3 сөйлем) құрайды.

ҚАУІПСІЗДІК САБАҒЫ

Мұғалім «Телефон» әңгімесінен үзінді оқиды.

- Сіздер қалай ойлайсыз, біздер бүгін сабақта не туралы айтамыз?

- Адамдарға телефон не үшін керек?

- Әлемде ең маңызды қандай телефондарды білесіз?

Мұғалім балаларды мақсат қоюға бағыттайды: егер бүгінгі сабақтың тақырыбы «Телефон» болса және ең маңызды нөмірлер әртүрлі деңгейдегі құтқарушылардың нөмірлері болса, онда біз бүгінгі сабаққа қандай мақсат қоямыз? (адамдардың өмірін құтқару бойынша жедел қызметтердің нөмірлерін есте сақтау).

Тақырыпқа кіріспе: жедел қызметтердің бірыңғай телефоны бар, оған қоңырау шалу арқылы сіз кез келген жағдайда көмек сұрай аласыз. Бұл телефон – 112. Төтенше жағдайларда ең бастысы – сабырлы болу және операторға мәселені, не болғанын түсіндіре білу.  

Қауіпсіз болу үшін жедел жәрдем нөмірлерін есте сақтаңыз: 

Өрт кезінде 101- қоңырау шалыңыз. 

Егер сізге шабуыл жасалса немесе тоналсаң-102 нөмірін теріңіз.

Өзің немесе  жақындарыңыздың аурып қалса 103 – жедел жәрдем нөміріне қоңырау соғыңыз. 

112-кез келген төтенше жағдай үшін.

 Егер сізді біреу  ренжітсе, 111- нөмірін теруден тартынбаңыз.


Бастапқы білімді игеру және түсінгендігін тексеру:

«Әр түрлі жағдайлар» ойыны: балалар қандай қызметке қоңырау шалу керектігін және ондай жағдайда балалар өзін қалай дұрыс ұстау керектігін түсіндіруі керек.

  1. Есікті бейтаныс адам қақты(102).

  2. Әжем ауырып қалды(103).

  3. Көрші үйдің терезесінен түтін шығып жатыр(101).

«Есте сақта!»

Өрт күзеті

101

Полиция

102

Жедел жәрдем

103

Авариялық газ қызметі

104

Бірыңғай құтқару қызметі

112

«111 байланыс орталығы» балалар мен ересектер  көмекке жүгінуі үшін және өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасы туралы, балалардың құқықтарының бұзылуы, баланың көшеде, үйде, көлікте жалғыз қалғаны туралы, өміріне және денсаулығына қауіп төнгенде хабарлау үшін ашылды.


«111» нөмірі – 24/7 байланыста

«111» нөмірі – құпиялылықты сақтайды


111


Бекіту.Өзіндік жұмыс:

Тапсырманы орындаңыз. Суреттің астына  қызмет нөмірін жазыңыз.

Қорытынды. Рефлексия:

Менде смайликтер бар: көңілді және көңілсіз. Тапсырмалары қиын емес болған балалар көңілді смайликті таңдайды, ал тапсырмаларды орындау қиынға соққан балалар көңілсіз смайликті алады.



Оқушылар өз ойларын айтады,

Жаттаған өлеңдерін айтады.

1.Қазақстан – атамекен, құт қонған жер,

Кең дала, суы мөлдір, нұр тұнған жер.

Көкорай белестері мақпал кілем,

Қырлары қызғалдағы құлпырған жер.

2.Отаным – сенсің тірегім

Кең жазық Отан мекенім,

Сен де өсіп көктедім.

Сені қорғау парызым,

Мұны біліп өтемін.

Тб.


Оқушылар тыңдайды








Тапсырманы орындайды.







Топтық жұмысқа қатысады.



презентация



























































Пайдалы сілтемелер:

https://drive.google.com/file/d/1jkpeLHHFUz1EZx2MTWECGzMlgo3Gao5Y/view?usp=sharing













Соңы


(2 мин)




1. Бала тынығуға және мәдени демалуға құқылы.

Әрбір баланың ой-пікір, ар-ождан және дін еркіндігіне құқығы бар.

Сабақта талқыланған негізгі ойларды

қорытындылайды.

Оқушыларды осы құндылықтарды

күнделікті өмірде қалай қолдануға

болатыны туралы пікірлерін сұрайды

Оқушылар өз

ойларын және

пікірлерін

айтады

Стикер







ДТЖЖО: С.Садибеков

Г.Тойгулова

















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.02.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі