400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

1-қыркүйек – Білім күніне арналған «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиынының сценарийі

Материал туралы қысқаша түсінік
Алғашқы қоңырау білім күніне арналған мектепішілік салтанатты жиынының сцерарийі
Материалдың қысқаша нұсқасы


5 Ғ. Мүсірепов атындағы жалпы орта мектеп











«Алғашқы қоңырау» салтанатты жиынының сценарийі
















Дайындаған:

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:

А.И.Бигалиева








2023-2024 оқу жылы



1-қыркүйек – Білім күніне арналған

«Алғашқы қоңырау» салтанатты жиынының сценарийі


Өткізілетін орны: Мектеп алаңы

Өткізілетін күні: 01.09.2023ж

Басталуы: 10.00

Көрнекілігі:  Қазақстан туы, шарлар

Фанфар ойнайды:

1- жүргізуші:       

Өмір бойы мектебімді жыр етем,

Бір өзіңде бақыт, білім, берекем.

Шәкірттерің өрістесін, өрлесін,

Құтты болсын «Білім күні»- мерекең!

Армысыздар, құрметті қонақтар, ұстаздар, ата-аналар және оқушылар! «Алғашқы қоңырау» мерекесі құтты болсын!

2-ведущий:

Уважаемые учителя, дорогие ученики и родители! Сегодня такой замечательный день – Праздник Знаний! В этот день люди желают друг другу мира, счастья, добра. Первое сентября ждут с нетерпением и волнуются, конечно же, все, но больше всех те, кто идет в школу первый раз – это наши первоклассники.


1-жүргізуші:

Қасиет тұнған, құт қонған мекен – аймағым,

Қастерлеп дәйім ұйытқан бірлік қаймағын.

Терезесі тең төрт құбыламды сайладым,

Астанам – айбын, айдыным менен айбарым!

Ерлігім, есіл өрлігім бойды қуаттап,

Тік ұстап келем Тәуелсіздіктің байрағын!

1-қыркүйек - Білім күні мерекесі «Мектебім-мейірім мекені!» атты салтанатты жиынға қош келдіңіздер!



2- ведущий::

Торжественная линейка, посвященная Празднику знаний, объявляется открытой!


1-жүргізуші:

Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,

Болсын солай әрбір күнің, әр айың.

Мерекеңіз құтты болсын ата-ана,

Мерекеңіз құтты болсын ағайын!

Біреулер енші ап өмірден,
Аттанбақ болса асып қыр
Біреулер балғын көңілмен
Алғашқы қадам басып тұр
Сондықтан да назарды,
Солар жаққа бұрайық
Балдырғандарды базарлы
Қарсы алып, қол ұрайық - дей келе ортамызға алғаш рет шәкірттеріне әріп үйретіп, білімнің асқар шыңына жетелейтін ұлағатты ұстаздарымыз бен бүлдіршіндерімізді таныстырайық.

1 «А» сыныбы, сынып жетекшісі Тулешова Гүлназия Көктесінқызы

1 «Ә» сыныбы, сынып жетекшісі Миняжева Бибігүл Егізбаевна

2-жүргізуші:

1 «Б» классный руковадитель Замир Раушан Кикбаева

1-жүргізуші:

Атқанда азат мөлдіреп таңы,
Уілдер сәби, елжіреп кәрі.
Қастерлі кием, намысы елдің,
Көк туым тұрсын желбіреп мәңгі.


Мектеп шәкірттері! Түзеліңдер! Тік тұрыңдар! Ел туына сап түзеңдер!

ҚР мемлекеттік туы әкелінсін!

1-жүргізуші:

Көгінде қалықтайды тау қыраны,

Сол қырдан болашағың танылады,

Тік тұрып қарсы алайық қалың қауым.

Шырқалады Қазақстан әнұраны!

(Әнұраны орындалады)


Би: Аманбай Айару



1 - жүргізуші:

Бүгінгі жиынымызды салтанатты түрде ашу үшін алғашқы сөз кезегі мектеп директорының міндетін атқарушы Актананова Ұлжан Базаргалиевнаға беріледі.

1-жүргізуші
Шаттықпен шалқып толғана
Ой толқытқан жүрегін
Өмірге алмақ жолдама
Сыр шертсін енді түлегің! -Бүгінгі мерекемізге 5 «ә» сынып оқушысы Жалғас Алтынайдың орындауында «Алғашқы қоңырау» әнін қабыл алыңыздар!

1-жүргізуші:

Абзал жандар, биік тұлға байсалды,

Құшақ жайып төл мерекең қарсы алды.

Қуанышты жарқын тілек білдіріп,

Құттықтайды бүлдіршіндер баршаңды.

1 сынып оқушыларының жүрек жарды тілектеріне кезек береміз.


2- ведущий: Стихи первоклассников


(1 сынып оқушыларының тақпақтары)


Ән: ___________________________________________________________


1-жүргізуші:

-Мектеп шәкірттері! Түзеліңдер! Тік тұрыңдар! Ел туына сап түзеңдер! ҚР мемлекеттік туы шығарылсын!

2-Жүргізуші.

Алғашқы қоңырауды соғу салтанатына 1а сынып оқушысы Бақдаулет Айжұлдыз бен 11ә сынып оқушысы Бағдаулет Әселге

ұсынамыз.

Сыңғырла қоңырау, сыңғыр қақ,

Жаңа оқу жылы басталсын

Бал үнің сенің сырлы ырғақ

Сыныпқа бізді бастасын!

Қоңырау үні шарықта,

Өзіңнің сиқыр тіліңде.

Қызмет көрсет халыққа,

Шақырып өнер – білімге

2-ведущий:

И вот наступает торжественный миг.
Минуту внимания! Замри, ученик!
Сейчас он раздастся, ваш первый звонок.
И пригласит вас на первый урок!
По традиции на первый урок первоклассников провожают будущие выпускники, добрый путь первоклассники.

1 - Жүргізуші:

Бүгінгі мектеп табалдырығын аттағалы отырған бүлдіршіндерді салтанатты түрде мектепке кіргізу рәсімі жалғасады.

1 «А» сыныбы Тулешова Гүлназия Көктесінқызы

1 «Ә» сыныбы Миняжева Бибігүл Егізбаевна


2- ведущий:

По сложившейся традиции нашей школы мы приглашаем первоклассников пройти в свой класс на первы й урок.

1 «Б» класса Замир Раушан Кикбаева


1-Жүргізуші:

Қадірменді ұстаздар, ата- аналар,оқушылар, ! Жаңа 2023 - 2024 оқу жылына арналған «Мектебім – мейірім мекені!» атты салтанатты жиынын жабық деп жариялаймыз.


2- ведущий:

Уважаемые учителя, родители, ученики, обьявляем о закрытии торжественного собрания о о новому 2023-2024 учебному году.


1-жүргізуші:

Ата – аналар қазір оқушылар мектепке кіреді. Жарты сағат сыныптарында тәрбие сағаты өтіледі. Сіздер балаларыңызды мектептің сыртында күтулеріңізді сұраймыз. Ата – аналар мектепте кірмеулеріңізді өтінеміз.

2- ведущий: Всех родителей просят ждать снаружи детей.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
12.02.2025
268
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі