1 қыркүйек – Білім күніне арналған «Сыңғырла, алғашқы қоңырау!» салтанатты жиынының бағдарламасы.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

1 қыркүйек – Білім күніне арналған «Сыңғырла, алғашқы қоңырау!» салтанатты жиынының бағдарламасы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие ісі-жөніндегі орынбасарларға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:

Мектеп директоры:

С.Сатбаев



1 қыркүйек – Білім күніне арналған 

«Сыңғырла, алғашқы қоңырау!» салтанатты жиынының бағдарламасы.

Өтетін күні: 1 қыркүйек Өтетін уақыты: 09:00

Өтетін жылы:2018ж Өтетін жері: Ә.Сағынтаев

атындағы орта мектеп


Мақсаты: Білім күні үлкен мереке екенін балаларға жеткізе білу, сезіндіру, білімге деген құштарлығын арттыру, Отанды сүюге, өз елін, тарихын білуге, жалпыадамзаттық құндылықтар мен терең көзқарасты сіңіру арқылы таным белсенділіктерін арттыруға бағыттау.


Көрнекілігі: Шарлар, гүлдер, ұлағатты қанатты сөздер


Алғашқы қоңырау мерекесіне арналып, безендірілген мектеп ауласы, қолында шарлар мен туды желбірете ұстаған оқушылар тізіле сапқа тұрғызылған.

Мектеп АӘД мұғалімі оқушыларды сапқа тұрғызып, директорға рапорт береді.



Қатысушылар: 1-11 сынып оқушылары, ата-аналар, ұстаздар, шақырылған қонақтар
1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар!

2-жүргізуші: Ұлағатты ұстаздар!

1-жүргізуші: Ардақты ата-аналар!
2-жүргізуші: және алғашқы қоңырау үнін сағына, асыға жеткен оқушылар!
1-жүргізуші: Аралап көрікті жерлерді,
Жаз бойы тынығып демалдық.
Білімге шақырып келді күз,
Мектепке көңілді оралдық. 

2-жүргізуші:

Әнұраным көгімде шарықтасын,

Көгілдір ту қиялда қалықтасын.

Әлем танып білетін елтаңбамды,

Шәкірттер тек жырлаудан жалықпасын.

Мектеп түзел тік тұр.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны орындалсын!

2-жүргізуші: Дәстүрлі 1 қыркүйек – Білім күніне арналған «Сыңғырла, алғашқы қоңырау!» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз! 

1-жүргізуші: 

1 қыркүйек-«Білім күнін» «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Адам капиталын дамыту факторындағы тәрбие жүйесінің рөлі» және «Талас ауданына-90жыл!», «Қаратау қаласына-55жыл!», «Астана қаласына-20 жыл!» толуына орай өткізгелі отырмыз.

Осы айтулы мерекелермен қатар келіп жеткен жаңа 2018-2019 оқу жылы баршамызға құтты болсын, ағайын!

2-жүргізуші: Еліміз дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға қадам басқан күндерек беттерінде ел сыйлаған ағалар мен апаларымыз бүгінгі жиынымыздың қадірлі қонақтары.

1-жүргізуші: Шарықтасын шат көңілдің алабы,

Шат жүрекке ақ тілектер қонады.

Дархандай кең біз қонақжай халықпыз

Әрқашанда төрде отырар қонағы

2-жүргізуші: Салтанатты жиынымыздың құрметті қонақтарымен таныстырып өтейік.

/Қонақтар таныстырылады/

1.



2. Айтуов Рақымжан Орынбасарұлы – Үшарал ауылдық округінің әкімі

3. Жүсіпов Қыдырәлі Жүсіпұлы – Үшарал ауылының ардагерлер кеңесінің төрағасы

4. Ардагер ұстаздарымыз бен ата-аналарымыз

1-жүргізуші: Бүгінгі мерекемен құттықтау үшін алғашқы сөз кезегі мектеп- директоры Сатбаев Сакен Балабекұлына беріледі.

1-жүргізуші: 

Дәм жазса жақсылыққа кез келерміз,
Күн сайын өркендерміз, өсерміз.
Бүгінгі салтанатты жиналыста
Құрметпен өзіңізге сөз береміз.

2-жүргізуші: Ендеше, сөз кезегі ардагерлар және ата-аналар атынан ардагерлер кеңесінің төрағасы – Жүсіпов Қыдырәлі атаға құттықтау сөз беріледі.


1-жүргізуші: Еліміздің келешегі бүгінгі ұрпақ екені баршамызға мәлім. Алтын ордамыздың табалдырығын алғаш рет аттағалы тұрған 1-сынып оқушылары сынып жетекшілерімен ортаға шақырамыз.
1-жүргізуші: 

Мектеп ана күліп тұр тағы,

Шақырады қыркүйектің нұр таңы.

Асығуда әліппені алуға

Еліміздің тағы бір жас ұрпағы!

2-жүргізуші: Сөз кезегі мектеп табалдырығын алғаш рет аттағалы тұрған 1-сынып оқушыларына беріледі.

1-оқушы: Абзал жандар, биік тұлға байсалды,

Құшақ жая төл мерекең қарсы алды.

Қуанышпен жарқын тілек білдіріп,

Құттықтайды бірінші сынып баршаңды.
2-оқушы  Алты жасқа келгенім

Еркеліктен кеткенім

Кітабымды қолтықтап,

Мектебіме жеткенім.

3-оқушы: 

4-оқушы: 


5-оқушы: 

6-оқушы: 

7-оқушы: 

8-оқушы: 

/1-сынып оқушыларының құттықтауы/

1-жүргізуші: 

Құтты болсын қарағым,
Білімге қадам басқаның.
Сөмке артып арқаңа
Мектеп есігін ашқаның.

2-жүргізуші: Айналайын, дарын бол,

Жақсы оқып, ер жетіп.

Оқу оқып, ғалым бол,

Жанған оттай жалын бол!

1-жүргізуші:Бүлдіршіндер, білім майданына алғаш аттаған қадамдарың құтты болсын!

2-жүргізуші: Еліміздің көк байрағын аспандататын, келешекке нық қадам баса алатын білімді де саналы азаматтары бола біліңдер.

1-жүргізуші: 5сынып оқушылары Гүлсаяның орындауында «Мектебім» әнін қабыл алыңыздар!


1-жүргізуші: Қоңырау сыңғырла, асыға,

Үн қосқан қиядан асуға.

Білім ал, еңбек ет, жас ұлан,

Өрле сен, биік шың басына!

Биылғы жақа оқу жылындағы алғашқы қоңырау соғу құрметі «Алтын белгіге» үміткер 11 сынып оқушысы Жұматай Ұлдана мен 1сынып оқушысы Әбілқалық Бибарыс және 11 сынып оқушысы Әлшора Дархан мен 1 сынып оқушысы Қасым Жансаяға беріледі.

/Қоңырау соғылады./ (қоңырау соғылып жатқанда).

I Жүргізуші:
Аялар бейбіт күн нұры,
Мектебім, бізге жөргексің.
Алғашқы қоңырау сыңғыры
Ән болып сені тербетсін.

Сыңғырла қоңырау, сыңғыр қақ,
Жаңа оқу жылын ашқасын
Бал үнің сенің сырлы ырғақ
Сыныпқа бізді бастасын


Қоңырау үні шарықта,
Өзіңнің сиқыр тіліңде
Қызмет көрсет халыққа
Шақырып өнер – білімге

Жаңа оқу жылы жемісті
Мерейі үстем жыл болсын
Шәкірттеріміз өрісті
Елім дер қыз бен ұл болсын.

1 жүргізуші: Қағылды алғашқы қоңырау, күмбірледі,

Аралап айлық жерді, күндік жерді.

Ілесіп жез қоңырау үніменен

Қазақтың даласына жаңа леп – 



1,2-жүргізушілер: Білімді ұрпақтар тобы келді!

1-жүргізуші: Жаңа 2018-2019 оқу жылы баршаңызға құтты болсын!

2-жүргізуші: Жаңа оқу жылы толағай табыс, жетістіктер әкелсін!

1-жүргізуші:  Осымен 1 - қыркүйек білім күніне арналған «Сыңғырла, алғашқы қоңырау!» мерекесі өз мәресіне жетті. Салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз. Білім күні құтты болсын. Еліміз аман, еліміздің беделі асқақ болсын!

2-жүргізуші: Жаңа оқу жылы баршаңызға құтты болсын! “Алғашқы қоңырау!” мерекесі 2018 - 2019 оқу жылының білім күніне арналған «Адам капиталын дамыту факторындағы тәрбие жүйесінің ролі!» тақырыбы аясында өтетін тәрбие сағаттарына қатысып ,атсалысуға шақырамыз.









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.11.2018
1707
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі